Сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына 69 жыл (2)
2017 жылдың 14 мамыр күні жалған Израиль режимінің басып алынған Палестина жерінде құрылғанына 69 жыл толды. Бірінші бағдарламада жалпы осы режимнің қалай құралғаны және ондағы Батыстың рөлі туралы сөз қозғадық. Екінші бағдарламада Израильдің палестиналықтарға қарсы ең үлкен қылмысы, яғни этникалық тазарту тақырыбын қысқаша талдаймыз.
Этникалық тазарту – Израиль режимінің тіпті 1948 жылдың 14 мамырына дейін бастаған ауыр қылмыстарының бірі. Бұл қылмыс әртүрлі қалыпта, соның ішінде қырып‑жою, босқынға айналдыру, мәжбүрлі түрде жер аудару және террор түрінде жүзеге асырылды.
Көптеген халықаралық конвенциялар, соның ішінде Халықаралық қылмыстық соттың жарғысы бойынша, геноцид қатарындағы қырып‑жою адамзатқа қарсы және соғыс қылмысы саналады.
Халықаралық қылмыстық сот жарғысының 6‑бабында қырып‑жою (killing) геноцидтің қатарына жатқызылған. Алайда осы жарғының 7-бабында қасақана өлтіру (murder) немесе жою (extermination) адамзатқа қарсы қылмыстың дәлелі деп аталды. 8-бапта да қасақана өлтіру соғыс қылмысы ретінде аталған. Израильдің ісі нәрсе қасақана өлтірудің дәлелі болып табылады. Өйткені Израильдің ең маңызды стратегияларының бірі басып алынған Палестина жеріндегі тұрғындардың құрамын әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде палестиналықтарды өлтіру арқылы сионистердің мүддесіне қарай өзгерту болып отыр.
1948 жылдан осы күнге дейін Израиль тарапынан құрбан болған немесе жараланған палестиналықтардың нақты статистикасы жоқ. Алайда бұл қылмыс тіпті «Некбат» күнінен («Бақытсыздық» күні) бұрын басталды. «Дейр‑Ясин» қылмысы – Израильдің 1948 жылы «Некбат» күніне бір күн қалғанда жасаған қылмысы. Дейр‑Ясин – Құдсқа жақын жердегі кішкентай ауыл. 1948 жылы оның тұрғындар саны шамамен 700 адам болған. Израильдің «Аргон», «Эштерн» және «Хагана» деп аталатын үш қарулы тобы 1948 жылы 9 сәуірде осы ауылға шабуыл жасап, соның салдарынан 250-360 дейін адам шәһид болды. Олардың көбін әйелдер мен балалар құрады. «Некбат» күнінен бір ай өткен соң, яғни 1948 жылдың маусым айында да Израильдің әскерилері «әл-Ләд» және «әр‑Рамала» атты екі ауылға шабуыл жасап, 176 палестиналықты шәһид етті.
Палестиналықтардың Израиль тарапынан өлтірілуі ешқашан тыйылмады, керісінше тіпті одан да ауырырақ қырып‑жоюшылық орын алды. Солардың ішінде 1956 жылы қараша айында орын алған Хан‑Юнес қылмысын атауға болады. Қараша айының 3 күні 500 палестиналық, 12 қарашада 300 палестиналық израильдік әскерилер тарапынан өлтірілді. Мұнымен қоса, қырып‑жоюлар «Санг», «әл‑Ақса» және «Құдс» атты үш интифаза түрінде де жалғасын тапты. Осы үш интифаза барысында шамамен 6300 палестиналық шәһид болды. Израильдің палестиналықтарға қарсы көптеген соғыстарында да мыңдаған адам шәһид болды. 2014 жылы орын алған соғыста 2200‑ден астам палестиналық Газа секторында шәһид болды. Бұл қырып‑жоюшылы геноцидтің, адамзатқа қарсы қылмыс пен соғыс қылмысының, соның ішінде жаппай қырып‑жою, қасақана өлтіру мен жоюдың ең айқын үлгісі болып табылады.
Израиль режимі басып алынған Палестина жерін палестиналықтардан тазартуды оларды босқынға айналдыру және мәжбүрлі түрде қоныс аудару арқылы жүзеге асырып жатыр. Палестина халқының босқынға айналуы олардың Израильдің шабуылдары мен соғыстарынан қорқу салдарынан орын алумен қоса, Израиль тарапынан мәжбүрлі түрде шығару және қоныс аудару сияқты саясаттар арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Халықаралық қылмыстық сот жарғысының 7‑бабында тұрғындарды мәжбүрлі түрде шығару және қоныс аудару адамзат баласына қарсы қылмыстың дәлелдерінің бірі деп жазылған. Жарғының 7‑бабында заңсыз қоныс аударту немесе көшіру соғыс қылмысының дәлелі ретінде аталған. Мұнымен қоса, аталмыш жарғының 6,7 және 8‑баптарында геноцид, сонымен қатар адамзатқа қарсы қылмыс пен соғыс қылмысының қатарына жататын жайттар жайлы айтылған. Израиль осы қылмыстарды палестиналықтарға қарсы ашық түрде жасап жатыр. 6-бапта «Бір топты қасақана түрде физикалық күшінің толық немесе жартылай жойылуына жеткізетін қолайсыз өмір жағдайына түсіру» геноцидтың дәлелі деп аталды. Израиль бұл жағдайды соңғы он жылда Газа секторын қоршауға алу арқылы орындап, көптеген азаматтарды Газа секторынан шығуға мәжбүрледі.
7‑бапта та «Ерекше өмір сүру жағдайын қасақана таңу, соның ішінде бір ұлттың бір бөлігін жою мақсатында азық‑түлік пен дәрі‑дәрмекке қолжетімділіктен жоспарлы түрде мақұрым қалдыру» жоюдың дәлелі деп сипатталған. Бұл жағдай да соңғы онжылдықта Газаны жан‑жақты қоршау салдарынан орнады. Газаның 1.5 млн‑нан астам тұрғыны азық‑түлік, дәрі‑дәрмек және су сияқты алашқы қажеттіліктен қатты тапшылық көріп отыр. Бұл Израильдің Газа секторында адамзатқа қарсы қылмыс жасап отырғанын дәлелдейді. 7‑бапта «шығару немесе мәжбүрлі түрде көшіру, яғни адамдарды қуу арқылы мәжбүрлі түрде көшіру немесе заңды түрде өмір сүріп жатқан аймағынан күштеп көшіру» де адамзатқа қарсы қылмыс деп аталған. 8-бапта да «қоныс аударту мен заңсыз тасымалдау» соғыс қылмысының дәлелдерінің бірі ретінде аталған. Израиль тарапынан басып алынған Палестина жерінің әртүрлі аудандарында қалашықтар салып, палестиналықтардың үйлерін бұзудың салдары палестиналықтарды өз жерінен шығару мен заңсыз қоныс аударту болды. Бұл да Израильдің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын, әсіресе палестиналықтарға қарсы соғыс қылмысын жасағанын дәлелдейді.
Мұнымен қоса, 8-бапта «жалпы бейбіт тұрғындарға немесе жауластыққа тікелей қатыспаған бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды, әскери емес нысандарға қарсы шабуылдарды қасақана басқару, бейбіт тұрғындар, бейбіт нысандар мен қоршаған ортаға ұзақ мерзімді ауыр зиян тиетінін біле тұра қасақана шабуыл жасау, қорғансыз қалалар, ауылдар, тұрғын аудандар мен әскери емес ғимараттарға кез‑келген құралмен шабуыл жасау немесе бомбалау, басқыншы үкіметтің тікелей немесе жанама түрде бейбіт тұрғындардың бір бөлігін басып алған жерлерге көшіруі немесе басып алған жерлерде тұрып жатқан тұрғындардың барлығын немесе бір бөлігін сол жердің ішіне немесе сыртына көшіруі, тарихи ескерткіштермен ауруханаларға, сондай-ақ науқастар мен жаралылар жиналған әскери емес жерлерге шабуыл жасау, у немесе улы қаруларды қолдану, тұншықтыратын, улы немесе басқа да газдарды қолдану» сияқты амалдар да соғыс қылмыстарының қатарына жатады. Израиль осының барлығын әртүрлі кезеңдерде Палестина халқына қарсы қолданды.
Мұндай қылмыстар жасаудың салдарынан ондаған мың палестиналық шәһид болып, жараланып қана қойған жоқ, 5 млн‑нан астам палестиналық әлемнің түкпір‑түкпіріне босып кетті. Босқынға айналдыру Израиль тарапынан жүзеге асырылып жатқан этникалық тазарту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Террор да Израиль режимінің палестиналықтардан тазартуда қолданатын тәсілдерінің бірі. Негізі террор мемлекеттік емес ұйымдар немесе топтар тарапынан жүзеге асырылады. Ал Израиль тарапынан көзделген террор «мемлекеттік терроризмнің» дәлелі болып отыр. Өйткені, Израильдің тыңшылық ұйымы (Моссад) өзі бас болып террор жасайды. Халил әл‑Вазир, Фатхи әш‑Шақаеқи, Махмұд әл‑Мабхух, Ахмад Ясин, Абдулазиз Рентиси, Ахмад әл‑Джабари, Саид Сиам Израиль, Салах Шахаде, Яхия Айаш пен Мұхамммад Бархум Моссадтың қызметкерлері мен Израильдің басқа да күштері тарапынан террорға ұшыраған Палестинаның көрнекті тұлғалары болып табылады. Шын мәнінде, шабуыл мен террорды Израильдің этникалық тазарту үшін қолданатын ең көне тәсілдерінің бірі деп айтуға болады.