Сауд Арабиясының Иранды айыптауының мақсаттарына шолу 2
Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман «Әл-Арабие» арнасына берген сұхбатындағы өрескел сөзінде Иранды аймақтың тұрақсыздығының себебі деп атап: «Тұрақсыздық пен соғысты Иранның шекараларының ішіне енгізу керек» деді.
АҚШ пен кейбір араб үкіметтері мен сионистік режимнің Иранға қарсы коалиция құру әрекеттері бұл күндері ақпарат құралдары пікірталастарының тақырыбына айналды. Кейбір саяси сарапшылар Сауд Арабиясы шапқыншы саясат ұстанып, аймақтағы өзінің ықпалын арттыруды көздейтінін айтуда. Стратегиялық топтардың көзқарасы бойынша Сауд Арабиясы бұл мақсатына жету үшін үш мәселеге басты назар аударуда: аймақ мелекеттерінің қауіпсіздік жобаларына араласу, АҚШ пен Ұлыбританияның Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызды базаларын қажет қаржымен қамтамасыз ету және кейбір араб үкіметтерімен қосылып, әскери коалиция құру мәселелері кіреді. Бұл стратегияның негізгі бөлімін Сауд Арабиясының рөлін АҚШ пен Ұлыбританияның тікелей қатысуымен қауіпсіздікті қорғау деп жариялау құрайды. Аталмыш стратегияның келесі бөлімі Ираннан үркіту және Иранның әскери күш-қуатын қоқан-лоққы ретінде таныстыру арқылы аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қорғау саласындағы Иранның рөлін шектеулі әрі маңызды емес деп көрсету саналады. Саудиялықтар бұл стратегияны ұстанып, аймақтағы күш-қуат теңгерімін Сауд Арабиясының мүддесіне өзгертуді мақсат етуде. Басқаша айтқанда, Сауд Арабиясы аймақтан тыс алпауыт мемлекеттерге сүйеніп, әскери келісімдер жасап, аймақты әскери полюске айналдырмақ. Бұл стратегия негізінде АҚШ-тың аймақтағы негізгі мақсатын алға ілгерілетеді. Сонымен бірге АҚШ бұл жағдайда қауіпсіздік факторын сауда тақырыбы ретінде пайдаланып, миллиардтаған долларларға қару сатып, аймақтан пайда көреді. Дәл осы мақсатына орай АҚШ Президенті Трамп Сауд әулетінің Иранды айыптау үдерісін қолдады. Трамп өзіне дейінгілер сынды бұл мәселені сылтауратып, бір жақтан АҚШ экономикасын араб шейхтерінің долларларымен көтеріп, басқа жақтан аймақтағы қауіпсіздікке қатысты жаңа жобалар арқылы аймақтың араб елдеріне қысым көрсетпек. Трамп сайлау бағдарламаларында сан рет «Егер араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы қауіпсіздікті қалайтын болса, ол үшін құнын төлеуі керек» деп айтқан болатын. Бұл мәселе Трамптың мақсатының тіпті аймақтың қауіпсіздігіне қатысты болса да өзгерістер үдерісін коммерциялау екені анық байқалады. Бұл стратегия бүгінде Иранға қарсы тікелей қоқан-лоққы ретінде баяндалмағанымен, ұзақ мерзімде Иранның бақылауындағы қауіпсіздік кеңістікті түрткілеп, Сауд Арабиясының аймаққа іріткі салу рөлі салдарынан ұжымдық қауіпсіздік қоқан-лоққысы факторына айналуы мүмкін. Мұхаммад бен Салман шектен шығып, қоқан-лоққы сөздерімен АҚШ-тың шапқыншы саясаттарын қолдайтынын көрсетті. Саудиялықтар Иранға қарсы әрекеттерін бірнеше мақсатпен іске асыруда. Иранды аймақтағы өзгерістерден оқшаулау, Иран мен шекаралас елдердің қарым-қатынастарына қайшылық тудыру және трансаймақтық елдердің әскерилерінің орналасуына жағдай жасау Сауд Арабиясының сыртқы саясатының басты мақсаттары саналады. Соған қарамастан, Сауд Арабиясы Иранды аймақта билікқұмар және іріткі салу саясат жүргізуде деп айыптауда. Алайда бұл шындыққ ажанаспайды. Аймақ елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін әлсірету мақсатында Сауд Арабиясының бүлік ұйымдастыру және лаңкестік ұйымдарды қолдауы мен уаһабшыл әрі такфиршіл ой-пікірлерді таратудағы рөлі –бүгін әбден әшкере болған әрекеттер. Дәл осы шындықтарға назар аударып, БҰҰ-дағы Иранның өкілі Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салманның жуырдағы сөздерін БҰҰ Жарғысының екінші бабының төртінші тармағы мен бұл режимнің Иранның ішіндегі лаңкестік әрекеттерге қатысты болуын мойындауы бойынша ИИР-на қарсы қоқан-лоққы деп атады. БҰҰ Иранның тұрақты өкілі Ғоламали Хошру ұйымның Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған хаттарында әлемдік қауымдастықтан Сауд Арабиясын аймақ пен әлемдегі лаңкестік пен экстремизмді қолдауды доғаруға және Йемен халқына қарсы соғысын тоқтатуға мәжбүрлейтін шара қолдануды сұрады. Қазір Сауд Арабиясы Йеменге қарсы өзі бастаған соғысқа шырмалды. Сауд Арабиясының Бахрейндегі әскери араласуы да Бахрейн мен Сауд Арабиясы үшін басып-жаншу мен адам құқығын бұзудан басқа нәтиже берген жоқ. Сауд Арабиясының басшылары геополитикалық мәселелерге араласып, қауіпсіздік теңгеріміне әсер ету туралы ойлады. Саудиялықтар мазхабтық жеккөрініш ағымын таратқанымен, өздері де тұрақсыздыққа шырмалды. Сауд Арабиясының басшылары бейбітшілік орнатып, лаңкестікпен күресу коалициясы түрінде өзінің қисынсыз әрекеттерімен көрсетілім жасамақ болды, бірақ, іс жүзінде соғыс пен қирату және жазықсыз адамдардың қырылуына себеп болды. Рияд басшылары елдінің ішінде де азаматтық наразылықтарды басып-жаншып, темір жұдырық саясатын ұстанып отыр. Сауд әулетінің саясаты бұл елдің мұсылмандарының әйгілі діндары шейх Нимр ән-Нимрге өлім жазасын іске асырып, қарсыластарын басып-жаншуды жалғастырып, қажылық рәсімдерін басқаруда біліксіздік танытып, жеті мыңнан астам қажының қаза болуына себеп болды. Мұндай жағдайда Сауд әулетінің билік басындағылары Иран халқын айыптау арқылы аймақта бейберекеттік тудырып, өздерінің қисынсыз саясаттарын заңдастыруды ойлайды. Cаудиялықтар өздері кінәлі әрбір жайтты Иранмен байланыстырғысы келеді. Сондықтан олар әртүрлі әрекеттерді жобалағанымен, әрекеттері Сауд Арабиясы мен бұл елдің қолдаушылары үшін зиянмен аяқталды. Аймақтағы араб елдерінің халықтары талан-тараж бен тұрақсыздықтың құрбаны болды. Аймақтағы өзгерістер Сауд үкіметінің белгілі мақсаттарына жетуді көздеп отырғанын дәлелдеді. Сауд Арабиясы аймақты полюстерге бөлу идеясын Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесін құру жобасы ретінде баяндады. Риядтың қазіргі басшыларының пікірінше, егер Трамп үкіметі экстремистік ұстанымдарымен қалса, Сауд Арабиясы соғыс пен дағдарысты арттырып, тайпалық саясаттарын жалғастыратын мұрсатқа ие болады. Алайда бұл мұрсаттар Сауд Арабиясы үшін көпке бармайды. Сауд Арабиясы басшыларының Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқанның Ливанның «Әл-Минар» арнасына берген сұхбатында: «Сауд Арабиясы басшыларының тәкаппарлығы өздері түсінбейтін сөздерді айтуына себеп болды. Олардың қолдарынан бар келетіні – сионистік режимді Иранға қарсы арандату. Егер Сауд Арабиясы Иранға қарсы әрекет жасайтын болса, бұл елдің Мекке мен Мединеден басқа барлық аймағы қауіпсіз қалмайды»,- деген ескертулерінен хабардар болғаны жөн. Сол себепті, егер Сауд Арабиясы Иранға қарсы ақылсыз әрекет жасайтын болса, жауапсыз қалмайды. Иран өзінің сыртқы саясатының негіздері бойынша Сауд Арабиясына дұшпандық білдірмейді, бұл елге қарсы сындарсыз бәсеке жүргізбейді. Бірақ, Сауд Арабиясының әсіресе бұл елдің бұрынғы королі Абдолла қайтыс болғаннан кейінгі Иранға қатысты саясаты қайшылыққа толы болып, қайшылықтары тіпті ұжымдық қауіпсіздік саласына да жетті. Сауд Арабиясы биліктегі тұрақтылық, яғни саяси даму, қауіпсіздік саласындағы күш-қуат және сындарлы экономикаға ие болу сынды негізгі үш мәселе бойынша дағдарысқа тіреліп отыр. Қорыта айтқанда. Рияд жолайырықта тұр. Бірінші жолы – Сауд Арабиясының жойылуына соқтыратын қазіргі жолды жалғастыру, екінші жолы – бұрынғы саясаттарын қайтадан қарастырып, қате істерін өзгерту. Тек осы жол арқылы ғана Рияд аймақтағы сындарлы рөліне қайтадан ие болады.