Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (17)
(last modified Tue, 20 Jun 2017 03:22:29 GMT )
Маусым 20, 2017 09:22 Asia/Almaty
  • Парсы әдебиетіндегі Рамазан айы (17)

Бағдарламамыздың жалғасында Моулави поэзиясындағы Рамазан айы тақырыбын басқа тұрғыдан қарастырамыз.

Моулана Джалал ад-Дин Мохаммад Балхи – «Моулави» деген лақап атпен белгілі болған х.қ.ж.с.б. жетінші ғасырда өмір сүрген ирандық танымал ақын, сопы.. Моулананың назарынан қасиетті Рамазан айының тіпті ең кішкентай және ең нәзік қасиеттерінің ешқайсысы да тыс қалмаған. Ол Рамазан айының пәлсапасын сипаттау үшін осы тақырыпқа байланысты салтанатты өлеңдерін жазды. Моулана Рамазан жайлы өлеңдерінде айтқан Рамазан айының ішкі рухынан суырып алған сырлар мен құпиялар өте маңызды саналады.

Моулананаың көзқарасы бойынша, ораза тұту әрбір адамның өзінің көзқарасы мен ой-санасына байланысты белгілі бір мағынаға ие болады. Ол адамдарға тек сыртқы келбетке назар аудармай, сонымен қатар кез келген ғамал мен ойдың тереңдігі, мән-мағынасы мен пәлсапасын ұғынып, оның рухани берекелерін пайдалануға кеңес береді.

Егер ораза от болса, сен мөлдір судай құмыраны толтырасың.

Мұрның отты лаулатқан шарап секілді ылғалға толар.

Жылап жүрген баянсыз дүниеде ораза күлкі сыйлайды,

Жүрек нұрға толып, толық дене арып, келбеттене түседі.

Моулави

Моулави оразаны Құдайдың құтты қонағы болу деп санайды. Мұндай мәртебеге, яғни ақиқат дастарханының басына отыруға адам жылына бір рет қана ие бола алады. Моулананың басынан өткен Рамазан айы басқа Рамазан айларымен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Ол оразаның шарабына шөлін қандырып, аспандық тағамға тойған:

Ораза кезінде жүректеріміз Құдайдың қонағы болады.

Аспандық тағамға толы

Бұл айда тозақ есігін жауып,

Жаннаттың мыңдаған  есігін ашарсың өзіңе.

Моулави төмедегі өлең үзіндісінде Рамазан айының шынайы мәні мен мағынасын түсіндіреді. Ол аштық пен шөлдеудің артынан ешкім назар аудармайтын, байқамайтын ақиқатты көрді. Ораза тұту Алла Тағалаға жақындап, қалықтау үшін берілген қанат секілді. Рамазан айы тәттінің орнына оны танып біліп, оған жол ашу дегенді білдіреді.

Рамзан айы келіп жетті, ей айдың серігі!

Дастарханның басына ұлы жолды көрсет,

Кез келген жерде қайта қайтуға уақыт бар.

Тәтті сұрайтындай халваға көз жүгірт.

Тегтер