Мұхаррам және Ашураның әртүрлі халықтар арасындағы көріністері 3
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i31429-Мұхаррам_және_Ашураның_әртүрлі_халықтар_арасындағы_көріністері_3
Билік басына Сафави династиясы келген соң Иранда имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдері бұрын-соңды болмаған түрде өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2017 14:35 Asia/Almaty

Билік басына Сафави династиясы келген соң Иранда имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдері бұрын-соңды болмаған түрде өтті.

Сафави патшалары шиіт болғандықтан,  Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне сүйіспеншілік танытумен бірге Алла елшісінің мектебі мен шиіт мазхабын таратуға өздерін міндетті санады. Шиіттердің маңызды көріністерінің бірі имам Хосейн (ғ.с.)-ды еске алу бұл кезеңде ерекше дамып, шамамен кемел деңгейіне жетті. Имамдар мен Кербала шәһидтері туралы өлеңдер шығарып, орындау, имамдар мен шәһидтерді мадақтау ақындар үшін үлкен мақтаныш болды. Жыл сайын мұхаррам айында халық қалалардың көшелері мен алаңдарына шығып, бұрын-соңды болмаған аза рәсімдерін өткізді. Сафави патшалары және олардың басқарған Тахмасп І патша (930-984 ж.ж.) діни өлеңдерге ерекше көңіл бөлді. Тахмасп кезеңінен суфизмнің әсерінің азаюы және шиіттерге деген сүйіспеншілік парсы өлеңдеріне өз әсерін тигізді. Сафави сарайы мен оны басқарған Сафави патшасы ақындарды пәк имамдар туралы өлеңдер жазуға шақырды. Мысал  ретінде Мұхташам Кашаниды атауға болады. Мұхташам Кашани имам Хосейн (ғ.с.) туралы мәңгілік қалатын өлең жазып, оның өлеңі осы кезге дейін мұхаррам айының аза рәсімдерінде айтылуда.

Тарихи құжаттар бойынша Афшария мен Зандия кезеңдерінде бұрынғы кезеңдердің аза рәсімдерінің әр түрі кеңінен таралды. «Тазиехани» рәсімі Каримхан Зандтың билігі кезінде басталды. Айта кететін жайт, Каримхан билігінде елшілердің бірі қасына келіп, Кербала оқиғасы туралы қайғылы әңгімені баяндайды. Оны естіген соң Каримхан Кербала оқиғасы мен оған қатысқан 72 адамның тағдыры туралы көрініс көрсетуді бұйырды. Бұл көрініс «тазие» деп танымал болды. Басында бұл көріністер жол қилыстары мен қаланың негізгі алаңдарында қойылды. Бірақ, кейін базарлар, керуенсарайлар мен жеке адамдардың үйлері мен арнайы мекендер –  «текиелерде» көрсетілетін болды. Арнайы мекендер (текиелер) бірінші рет Қаджар билігі кезінде салынып, аза тұтудың басқа түрлері мазмұны, сапасы және өткізу тәсілі тұрғыларынан бұл кезеңде кемелдікке жетті. Мәселен, бұл кезеңде «шабиһхани», яғни ұқсас сахналарды көрсету әдісі пайда болып, тазиеханиді көрсететін арнайы мекендер салынды. Шамси күнтізбесінің 1247-ші жылы Қаджар әулетінің Насреддин патшасының бұйрығымен бір мың адам сыятын «үкімет текиесі» салынды. Қаджар кезеңінде имам Хосейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдерінің көптеген түрі таралды.

 

Қаджар әулетінен кейін билік басына Реза Пехлеви келгеннен кейін аза тұту рәсімдері бәсеңдей бастады. Бұл кезеңде текиелер жабылып, аза рәсімдеріне тыйым салынды. Мұндай әрекеттер аза рәсімдерінің үйде аптасына немесе айына бір рет өткізілуіне себеп болды. Пехлеви І, яғни Мұхаммад Реза Пехлеви діни рәсімдер мен мұхаррам айының он күндігімен күресе алмады. Көпшіліктің пікірінше, Ислам революциясының іргетасы 1960 жылдары, әсіресе 1963 жылдың мұхаррам айында қаланды. Сонымен қатар 1978 жылдың Тасуа мен Ашура күндері Теһран мен Иранның түкпір-түкпіріндегі миллиондаған халық қатысқан шерулер Пехлеви режимінің негіздерін толығымен әлсіретті. Нәтижесінде, патшалық үкімет құлап, келесі жылдың басында Иран Ислам революциясы жеңіске жетті. Революцияның жеңіске жетуі шиіттер мен Ашура сүннеттері жақтастарының тамырларына жаңа қан жібергендей болды. Сол кезден осы уақытқа дейін Иранның әртүрлі жерлерінде аза рәсімдері өтуде.

Айта кететін жайт, ирандықтар аза рәсімдерін мешіттер, текиелер, хосейниелер сынды діни мекендер мен үйлерінде, сондай-ақ, діни ғұламалардың кеңселерінде өткізеді. Бұл рәсімдер Құм, Машһад, Кашан, Исфаһан, Ардабил сынды көптеген басқа да қалаларда халықтың жаппай қатысуымен өтеді.