Қасиетті қорғаныс апталығы (4)
(last modified Mon, 16 Oct 2017 06:51:38 GMT )
Қаз 16, 2017 12:51 Asia/Almaty
  • Қасиетті қорғаныс апталығы (4)

Соғыстың көптеген әсерлері мен салдарлары болатыны анық. Олардың əрқайсысы ұзақ жылдар бойы, тіпті өмір-бақи қалып қоюы мүмкін. Қирату, жою, адамдарды өлтіру, əлеуметтік толқулар, саясат жəне қауіпсіздік саласындағы өзгерістер – осының барлығы соғыстардың салдарларының қатарына жатады.

Алайда соғыстардың келесі əсері əлеуметтік əріптестік пен өзара көмектесу жəне тілеулестік пен жанқиярлық рухын нығайту мақсатында адамның жан дүниесіне қозғау салу болып табылады. Бұл қасиеттер өте ауыр дағдарысты жағдайда қалыптасу мүмкіндігіне ие болып, мəңгілік сақталатын құндылықтар саналады.

8 жылдық Қасиетті қорғаныс Иран тарихында ешқашан өшпейтін осындай мəңгілік құндылықтарға толы. Бұл кезеңде Исламның ержүрек жауынгерлері батырлық пен қайсарлық танытып, жанқиярлықтарға барды.

Қоғамдар мен елдердің тарихында көптеген қақтығыстар мен соғыстар орын алды.  Неміс қоғамтанушысы Джордж Симель сияқты кейбір теоретиктердің сенімінше, соғыс пен жауластық – әлеуметтік өмірді құрайтын элементтердің бірі. Тарихи шындықтар осы тұрғыдан ғибрат алуға тұрарлық. Олар кейде болашақ ұрпаққа қалыптасқан саяси-әлеуметтік теориялармен түсіндіруге келмейтін сабақ береді. Саддам режимінің Иранға таңған соғысы осындай оқиғалардың қатарына жатады. Басқыншылық соғыста шектен тыс талап етуші зорлықшыл алпауыттар Иракты өз мүдделеріне бола қолдап, Ислам революциясы мен жаңа құрылған ИИР жүйесін құлату мақсатында аймақтық коалициялар құру арқылы Ирактың басқыншы режиміне қолдау көрсетуді күн тәртібіне қойды. Алайда олар өз мақсаттарына жете алмай, Ирактың Баас режимінің диктаторы Саддамның қолданыс мерзімі аяқталғанда оны бір жанған жаңқаға айналдырды. Ақырында Саддам АҚШ пен оның одақтастары тарапынан жойылды. Қазіргі таңда Сауд әулеті режимі осы жоспарды орындайтын құрал әрі аймақта гибридтік соғыстар жүргізудің ошағына айналды. Бірақ тарих оқиғалардың әрдайым күткен бағытта ілгерілемейтінін көрсетеді.

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буш жеті елге шабуыл жасауды мақсат ететінін, сол елдердің бірінің Иран екенін айтқан болатын. Обама да осындай қоқан‑лоққыларды жұмсақ соғыс қалыбында көтерген еді. Енді бүгін Трамп Иранды қауіп көзі деп таныстырып отыр.

Ислам революциясының жетекшісі әрі бүкіл күштердің бас қолбасшысы ИИР армиясы әуе күштерінің қолбасшылары және қызметкерлерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде  АҚШ-тың жаңа Президентінің «Ирандықтар менен қорқуы керек» деген сөзіне тоқталып: «Ирандықтар қоқан‑лоққыдан қорықпайды»,-деді.  

Иран ешқашан қоқан‑лоққы жасаушы және соғысты бастаушы болған емес, алайда егер қоқан‑лоққыға ұшыраса, Иранның жауабы жойқын болады.

Бүгінде көп жағдайда соғыс қайшылықтарды шешудің құралы емес,  ол басқыншылық жасау, бөлшектеу, саяси жүйелерді құлату, тіпті бір ұлтты жою үшін жобаланып, халықтарға таңылады. АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі әрекеттеріне шолу жасағанда Иранның әрдайым АҚШ мақсатының бір бөлігі саналғанын көруге болады. АҚШ әртүрлі тәсілдер мен сюжеттерді пайдалану арқылы үнемі Иранға соққы жасауға талпыныс жасап келді. АҚШ үшін не нәрсенің сылтау болатыны бәрібір. Саддам таңған соғыс немесе бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаға алаңдаушылық тудыру, зымырандық қабілет немесе Иранның лаңкестікке қолдау көрсететіні туралы уәждер – осылардың барлығы АҚШ тұрғысынан Ираннан үркіту және өздерінің мақсаттарына жету құралдары болып табылады.

АҚШ бұл тәсілде жауластық сипаттағы сөздерді қолданып, Иран тарапынан басқа елдердің қауіпсіздігіне қарсы қоқан‑лоққыларға алаңдау кеңістігін қалыптастырады. Бұл үдерісте Сауд Арабиясы сияқты кейбір бағынышты режимдер Трамптың саясаты мен миллиардтаған доллар қару‑жарақ  сатып, оларға көңіл аударуы осы елдер үшін қауіпсіз жағдай тудырады деп ойлайды.  Алайда бұл жалған қиял ғана, өйткені АҚШ ешқашан аймақта қауіпсіздік тудыруды көздеген емес, керісінше аймақта қауіп-қатер мен дағдарыс тудыру жолында әрекет етуде.

АҚШ пен оның одақтастарының Ираннан үркіту толқынын таратудағы мақсаттарының бір бөлігін әскери құрал-жабдықтар сату және ИИР-ның айналасына әскери базалар орнатуынан көруге болады. Соның салдарынан Иранның қауіпсіздік кеңістігіне қатер төніп отыр.

АҚШ өткен 40 жылда әртүрлі сюжеттер, соның ішінде  психикалық соғыстан қатаң қоқан‑лоққыға дейін, тікелей төңкеріс жасаудан жұмсақ соғыс жүргізуге дейін «300», «Қасиетті қорқыныш» және «Қызымсыз ешқашан» сияқты голливудтық фильмдер түсіріп, Иранды қорқынышты етіп көрсетуге күш салды. АҚШ-тың басқару аппаратындағы соғысқұмарлар аймақтағы кейбір араб елдерін бопсалау мақсатымен осы сюжеттерді пайдаланады. Бұл фильмдер мен сценарийлер Иран мен көршілес елдер арасында саяси қақтығыстар мен қауіпсіздікке алаңдаушылық тудыру қабілетіне ие тақырыптарды көтереді. Осы салада Ирактың Иранға қарсы соғысына қатысты құжаттардың бір бөлігіне шолу жасауға рұқсат етіңіздер.

Х.ш.ж.с.б. 1359 жылы 31 шахриварда Саддам бір аптада Теһранға жетемін деген оймен 12 жаяу әскер, 4500 танк пен сауытты көлік, 360 қырғи ұшақ, 400 тікұшақ пен әртүрлі әскери мүмкіндіктерге ие бола отырып, Иранға ауқымды басқыншылық  жасады. Ирактың сол кездегі Премьер‑министрі Тахясин Рамазан Иранға соғыс ашудағы мақсатын Ислам революциясымен күресу деп атап: «Бұл соғыс 1975 жылғы келісім немесе Арвандрудтың жүздеген километрі үшін емес, ИИР жүйесін құлату үшін жасалды»,-деген.   

Батыс жазушысы Антони Х. Кердман: «Ирак өз шабуылының Иранның бірігіп, тұтасуына емес, бөлшектенуіне әкеліп соқтырады деп үстірт ойлаған сыңайлы. Тіпті, Ирактың кейбір басшылары жуырдағы сұхбаттарында олардың Иранға шабуылының әсері осындай боларын және халықтың жүйе мен жетекшіні қорғап, қолдауға көтерілетінін ойламағанын мойындады»,-дейді.

Хавьер Перес де Куэльяр «Иран істеген шара заңды қорғаныс болды ма, жоқ па?» деген сұраққа жауап беріп: «Бұл шара бір ұлттың өз еліне жасалған басқыншылыққа қарсы атқара алатын ең жақсы ісі болғанында күмән жоқ. Екі армияның бір-бірімен соғысу мәселесі бір армияның халықтық қарсыласумен бетпе-бет келген кезінен мүлдем басқа. Иранда дұшпанның басқыншылығына қарсылық халықтық сипатта болды. Бұл Иранның жеңіске жетуінің басты себебі болды. Жеңіс деп айтуға рұқсат етіңіздер, өйткені сіздер шын мәнінде жеңіске жеттіңіздер. Басқыншыға қарсы тұрып, оны кері шегіндіре алдыңыздар»,-деді.

БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысының отыз жыл бұрын айтқан сөздері – тарихи шындық. Ол әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Егер бүгінде ирандық жауынгерлер Қасиетті кесенелерді қорғаушылар ретінде Сирияда ДАИШ-пен күресте алғы шепке шығып, шәһид болып жатса, бұл Қасиетті қорғаныс жылдарындағы сол бір мәңгілік құндылықтардың әлі де жалғасып жатқанын көрсетеді. Мохсен Ходжаджи сияқты шәһидтер осындай ортада өсіп, тәрбиеленген.

Қасиетті кесенелерді қорғаушылардың бірі Мохсен Ходжаджи 2017 жылдың 9 тамызында Сирияда тұтқынға түскеннен кейін ДАИШлаңкестік тобының мүшелерінің қолынан Сирия мен Ирактың шекарасында шәһид болды.

Мохсен Ходжаджи басқа да Қасиетті кесенелерді қорғаушылармен бірге қарсыласу қозғалысының ДАИШ-тың тәкфирлік-сионистік лаңкестерін жеңу үшін оларға ержүректікпен қарсы тұрды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи шілде айында қолбасшылар, жауынгерлер, өнер иелері мен Қасиетті қорғаныс кезіне қатысты мәдени бағдарламаларды ұйыдастырушылармен кездесуінде Қасиетті қорғаныс жылдарының материалдық және адами шығындары болғанымен елдің бүгіні мен болашағы үшін маңызды әсерлерінің барын айтып: «Қоғамда революциялық рухты нығайтып, революцияны сақтау – сол заманнан қалған әсерлердің бірі. Сол бір жанқиярлық джиһадтық әрекет болмағанда, революциялық рухқа қауіп төнетін еді»,-деді.  

Бұл құнды қасиет бір уақыт немесе белгілі бір оқиғамен шектелмейтін, үстемшілдікке қарсы және әділет пен Иран халқының арман-мақсаттарын қамтитын, даму үстіндегі динамикалық әрекет болып табылады. Иран қазір Сирия мен Ирактың территориясында лаңкестік және ДАИШ тобымен күрестің алғы шебінен көрініп, осы ауыр жолдың барлық шығынын Қасиетті қорғаныс жылдарындағы ерік-жігермен көтеріп, революциялық рухты сақтап,  джиһадтық қозғалыспен жалғастырып келеді.  

Тегтер