"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ықтималды жағдайлар
АҚШ Президенті Дональд Трамп әлемдік қоғамның қалауы мен жігеріне қайшы әрекетінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталған "алтылық" тобы мен Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімді растаудан бас тартып, бұл келісімнің келешегін АҚШ Конгресіне тапсырды.
Бүгінде барша америкалық заң шығарушылар әлемдік қоғам қолдайтын келісімге қатысты қандай шешім қабылдар екен деп, АҚШ Конгресіне көз тікті. Негізінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының АҚШ Президенті немесе АҚШ Конгресі тарапынан расталуы туралы тақырыптың Иран мен "алтылық" тобы келісімінің құжатына ешқандай қатысы жоқ. Басқаша айтқанда, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінен басқа ешбір мемлекет немесе ешбір орган Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелеріне табанды екенін растау құқығына ие емес. Алайда, Барак Обаманың президенттік кезінен АҚШ Конгресіндегі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсылар ядролық келісімді іске асыруға кедергі жасау үшін АҚШ Президентін әр 90 күн сайын Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табандылығы туралы мәлімдеме жасап отыруға міндеттейтін заң бекітті. INARA деп аталған Иранның ядролық келісімін зерттейтін заң бойынша, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуымен бірге басқа үш мәселеге қатысты мәлімет АҚШ Конгресіне тапсырылуы керек. Бұл үш мәселеге "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзды ма?", "Иран ядролық қару шығару саласында талпыныс жасады ма?", сонымен бірге "Иранға қарсы ядролық санкцияларды жалғастыру АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай ма?" деген тақырыптар кіреді. Дональд Трамп жұма күнгі Иран халқына қарсы айыптауға толы сөзінде осыған дейінгі екі ретке қайшы, бұл жолы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын растамайтынын жариялап, Конгрестен бұл келісімге өзгерістер енгізуді талап етті. Трамптың ұстанымына назар аударып, ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы қандай жағдаймен бетпе-бет келеді?" деген сұрақ туады.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының АҚШ Конгресінде қарастырылуының салдарларының біріне күші жойылған санкцияларды қайтарып, ядролық келісімді жоюы жатуы мүмкін. INARA заңы Конгреске АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын растамауы туралы жариялаған уақыттан 60 күнге дейін күші жойылған санкцияларды қайта қарастырып, Иранға қарсы санкцияларды қайта іске асыруға рұқсат береді. Аталмыш заң бойынша әрбір шешім салыстырмалы түрдегі көпшілік дауыспен, яғни 51 дауыспен қабылданады. Осыған орай АҚШ сенаторлары қысқа уақытта кемінде 60 дауысқа ие болып, Иранға қарсы ядролық санкцияларды қайтадан сала алады. Қазіргі кезде республикашылар 52 дауысқа ие. Сондықтан сырт көзге санкцияны қайтадан салып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу олар үшін аса қиын еместей көрінеді. Бірақ өткен бірнеше аптадағы АҚШ өзгерістері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы дұшпандарының Конгрестен өтуі үшін көптеген кедергімен кезігетіндіктерін көрсетеді. Мәселен, өткен күндері АҚШ Сенатындағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсылардың кейбіреуі АҚШ-тың аталмыш келісімнен шығуына қарсылықтарын жариялады. Барак Обама билігі кезінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына соққы беру үшін кез келген құралды пайдаланған Сыртқы қарым-қатынастар комитетінің басшысы сенатор Боб Коркер: "Қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу АҚШ-тың мүддесіне сай емес",- деп жариялады. Дәл осы мәселені Өкілдер Палатасының халықаралық қарым-қатынастар комитетінің басшысы Эд Роуз да көтерді. Тіпті, Конгрестегі Иранға қарсы қатаң ұстаным білдірген сенатор Том Катен де енді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының күшін жоятын шешімге дауыс бергісі келмейді. Сондықтан, Сенаттың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жоятын 51 дауысты жинауы оңай болмайды. Өйткені, АҚШ Конгресі Трамптың уәждеріне қарамастан, әлемдік қауымдастықтың қалауына қарсы қадам жасағысы келмейді.
Егер АҚШ Конгресі 60 күннің ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзатын шешім қабылдамаса, бұл ядролық келісім басқа жағдайлармен кезігеді. Бұл жағдайлар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мәтінін өзгертуден ауқымдырақ болып, АҚШ-тың ішкі заңдарын өзгертуді қарастырады. Мұндай жағдайлардың бірі Иранның ядролық келісімін зерттеу заңына өзгеріс енгізу талпыныстары болады. Аталмыш заң АҚШ Президентін 90 күн сайын Конгреске Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болуы туралы мәлімдеме беруге міндеттейді. Дональд Трамп президенттік билігінің тоғыз айында бұл міндетін үш рет орындап, сәуір мен шілде айларында Иранның табандылығын растады. Бұған қарамастан, Ақ үйге жақын ақпарат құралдары АҚШ Президентінің бұдан бұрын да "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мәтіні мен әрбір 90 күн сайын Обама үкіметінен қалған мұраны растауға наразы екенін жариялады. Сол себепті Трамп үкіметі өткен апталарда Конгресс басшыларымен аталмыш заңды өзгерту туралы пікір алмасу үдерісін бастады. Трамптың Боб Коркерге жасаған соңғы ауызша шабуылы INARA заңының негіздерін дайындаған екі адамның біреуін бұл заңға өзгеріс енгізуге мәжбүрлеуді көздеді. Болжамдар бойынша Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын растамай, дағдарысқа толы осы мәселеден құтылғысы келеді. Келесі мәселе АҚШ үкіметіне көптеген ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге жеткілікті уақытқа ие болуы үшін Ақ үйге берілген 90 күндік мұрсатты 180 күнге арттыру болып табылады. Ақ үйдің мәлімдеме жасау уақытын ұзарту АҚШ Президентінің мәселелерін шешеді деген ой тумайды. Сондай-ақ, АҚШ Конгресіндегі кейбір сенаторлар Дональд Трампты заңға сай әрі президенттік міндеті бойынша "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылу үдерісі туралы Конгреске хабар беріп тұруға мәжбүр деп санайды. Осыған орай кейбір зерттеулер бойынша әсіресе Трамп пен Коркердің арасындағы сөз таласынан кейін INARA заңын өзгертуге қажет 60 дауысты жинау оңай болмайды. Мұндай жағдайда Конгрестің кейбір мүшелері бос отырмай, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптарын өзгерту мақсатында өз жобаларын ұсынды. Мұндай жобалардың бірі Боб Коркер мен Том Катеннің ортақ ұсынысы болды. Олардың ұсынысы бойынша Иранның қашатын кейбір жолдарын жабу қарастырылған. Бұл жоба "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы Иранға қойылған кейбір шектеулерді тұрақтандыруды ұсынады. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында Иранның кейбір ядролық жұмыстары үшін 5, 8, 10, 15 және 25 жыл уақыт белгіленген. Трампты қолдайтын сенаторлар Иран мен келіссөздерге қатысқан еуропалықтарға қысым көрсетіп, кейбір шектеулердің күшін жойылмайтын еткісі келеді. Егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындаса, аталмыш келісім өзінің күшін сақтап, Иран Қосымша протоколға ресми түрде қосылып, нәтижесінде кейбір бақылаулар тұрақты түрде іске асырылатын болады. Келіссөздерге қатысқан америкалық басшылардың айтуынша "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иранның ядролық келісімнен шығу уақыты бір жылдан артатындай болып реттелген. Негізінде, ИИР ядролық қару шығаруды мақсат етпейді. Сондықтан ядролық келісімнен шығу Теһран үшін қиын мәселе емес. Алайда Ақ үй мен Конгрес өкілдерінің көпшілігі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жақтаушыларының алдында күш көрсету үшін тіпті қажетсіз әрі пайдасыз шешімді қажет теді. Бұл шешім Иранға қарсы шектеулерді арттыру немесе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысы жоқ санкцияларды бекіту салаларында орын алады. Қалай болғанда да бұл жағдай да қиындықтармен кезігеді. Келіссөздерге қатысқан Иран мен "алтылық" тобының АҚШ-тан басқа мүшелері келіссөздерді қайтадан өткізуді қабылдамады. АҚШ Конгресі басқа мемлекеттерді келіссөздерді қайтадан жүргізуге мәжбүрлей алмайды. Басқа жақтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына шынайы сызат түсіретін бұл әрекет Конгрестегі демократтардың қолдауына ие болмауы мүмкін. Республикашылар кемінде 8 демократтың дауысына ие болмай, өздері қалаған заңды бекіте алмайды. Алайда, Трамп егер Конгресс немесе әлемдік қоғам оның үкіметімен ынтымақтастық жасамаса, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иранмен жасаған ядролық келісімді жоятынын жариялаумен қорқытты. Мұндай ұстаным Конгрестегі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы қолдаушыларының кейбіреуін Ақ үйді қолдауға қысым көрсетіп, оларды келісімнен құтқару үшін Трамптың көзқарасындағы жобаның мүддесіне дауыс беруге себеп болуы мүмкін. Негізінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты келіссөздер Ақ үй мен Конгрестің біржақты қалауынан өзгеше және америкалықтардың мақсаттарына жететіндігіне кепілдік жоқ. Дәл осы мәселе Конгресс өкілдері арасындағы қайшылықтарды арттырды.
Қалай болғанда да, Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасыына қарсы жанжалды сөздері АҚШ Президентінің келешек ұстанымдарын әшкере етті. АҚШ Конгресі әлемдік қоғамның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына көрсеткен қолдауына немқұрайдылық таныта алмайды. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде АҚШ-тың оқшаулануының алдын алу үшін Дональд Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждерінің ықпалына берілмейді. Бірақ, егер Конгресс "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әлсірету немесе жою саласында қадам басса, АҚШ ИИР-ның реакциясымен кезігеді. Бұл мәселе америкалықтарды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзудан ұстап қалатын ең негізгі фактор саналады.
**************************************