Имам Хусейн (ғ.с.) – бірліктің өзегі
Арбағин – мұсылмандар өз бірлігі мен айбынын ең жақсы түрде көрсететін илаһи күндердің бірі.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ның «Арбағинінің» (имам Хосейннің қырқы) жылдығына бірнеше күн қалды. Сарқырап ағып жатқан өзенге теңеуге болатын Ирактың Кербала қаласына жеткізетін жолдар қасиетті қалаға қарай ағылған халыққа толы. Олар сафар айының 20-шы жұлдызында имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктері шәһид болған күннің қырқы «Арбағиннің» жылдығында хазіреттің қасиетті кесенесіне жеткілері келеді. Шамамен 20 миллионға жуық жамағаттың қалың нөпірінен барша имамның қабірін жақыннан зиарят ете алмайтындықтан, олар алысырақ тұрып, сәлем беріп, зиарятнама оқуды қанағат тұтады. Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның кейбір ғашықтары көлікпен немесе жаяу басқа уақыттарда, зияратшылардың саны азырақ кезде хазіретті зиярат ете алатындықтарын біледі. Алайда олар мұндай рәсімге не нәрсенің маңыздылық пен салтанат сыйлайтынын біледі: милиондаған зияратшының бір мезгілде, жаяу-жалпылай қиындықтарға төзуі міндетті түрде көп сауапқа себеп болады.
Арбағин үшін жолға жаяу шыққандардың "Хусейнге деген достық пен махаббат бізді бірге жинады" деген қысқа, бірақ әдемі әрі мағынаға толы ұраны баршаны қызықтырады. Бұл шындық арбағинге қатысты барлық рәсімдерден байқалады. Хазірет – қасиетті кесенеге зиярат ету үшін исламдық және исламдық емес елдерден жиналған миллиондаған адамның бірлігінің орталығы. ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейни бұл мәселеге басқа тұрғыдан қарап: "Ислам бірлік үшін көптеген үгіт-насихат жасап, соларды жүзеге асырып, Ашура мен Арбағин сынды бірлікті нығайтатын күндерді ұсынды. Құран Кәрімде де халықтарға, соның ішінде мұсылмандарға бөлінбей, бірлікті сақтау қуатталды",- деген болатын. Арбағин – мұсылмандар өз бірлігі мен айбынын ең жақсы түрде көрсететін илаһи күндердің бірі.
Арбағин шеруіне қатысу үшін жиналған және әртүрлі жағдайларымен бұл жерге келе алмаған жүздеген миллион халық неліктен имам Хусейн (ғ.с.)-ға қатты ынтық? Себебі, хазірет – ерекше адам. Ол – Алла елшісінің (с.ғ.с.) немересі, хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның перзенті. Ол – өз уақытының ең артық, ең білімді әрі ең тақуа тұлғасы. Исламның ұлық пайғамбары сан рет халықтың арасында имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.)-ды мадақтап, имам Хусейн (ғ.с.) туралы: "Хусейн – дұрыс жолды көрсететін шырақ, құтқаратын кеме",- деп айтқан болатын. Мұндай адамның әсіресе апатты жағдайда шәһид болуы барша үшін, әсіресе Алла елшісі мен хазіреттің жақтастары үшін өте ауыр тиеді. Сондықтан ғасырлар өткенімен, шиіттер имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдері мен жыл сайын Арбағин шеруін өткізіп, хазіреттің жанкештілігі мен мақсаттарына табандылықтарын білдіреді.
Имам Хусейн (ғ.с.)-ды тек шиіттер ғана мадақтамайды. Сүннит мазхабының мұсылмандары да хазіретті еске алып, құрмет көрсетіп, тіпті Арбағин шерулеріне қатысып, зияратшылар үшін қызмет етеді. Олар имам Хусейн (ғ.с.)-ның өзінің материалдық мүддесі үшін көтеріліс жасамағанын біледі. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның Керабала даласында жасаған ерлігі Алланың бұйрығын орындап, Исламды қорғап, халықты ояту мақсатын көздеді. Хазірет өзінің өсиетнамасында: "Мен зұлымдық немесе бұзақылық үшін көтеріліс жасаған жоқпын. Мен тек ата-бабамның үмбетін өзгерту үшін әрекет еттім. Мен жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді, сондай-ақ, атам пайғамбар мен әкем Әли бен Абиталебтің тәсілі бойынша ғамал етуді мақсат етемін",- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасиетті мақсаты Язид бен Муавие Ислам дінін жойғысы келген кезде дінді жаңдандыру болды. Сондықтан, мұсылмандардың барлығының өздерін хазіретке борыштар деп білгені жеткілікті. Хазірет бұл жолда тек өзі өмірін ғана емес, перзенттерін, бауырлары мен басқа жақындарын және ең жақсы серіктерін құрбан еткенімен, Язид сынды имансыз және бұзақы адамның билігін қабылдаған жоқ. Сүннит мазхабы жақтастарының Арбағин шеруіне қатысуы шиіттер мен сүнниттер арасындағы байланыстарды нығайтып, оларды имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның жақтастары етеді. Ауғанстанның сүннит дінтанушыларының бірі әрі "Машал" жеке жоғары оқу орнының ұстазы Моулави Абдолазиз Моджаһед: "Хазірет Хусейн (ғ.с.)-ның азат қозғалысын мадақтау барлық мұсылмандардың бірлігін арттырады. Имам Хусейн (ғ.с.) – адамзаттың бірлігінің қайнары. Хазіреттің көтерілісін барша қабылдайды",- деді.
Имам Хусейн (ғ.с.) Кербаладағы көтерілісімен адамзатқа азаттық пен жанкештіліктің сабағын беріп, үстемдікпен күресуді үйретті. Бұл құндылықтар тек мұсылмандарға ғана тиесілі емес. Барлық адамдар бұл құндылықтарды үлгі ете алады. Сол себепті христиандар, үнділер, зәрдуштер, тіпті дінді қабылдамайтындар да имам Хусейн (ғ.с.)-ды құрметтеп, оны өздеріне үлгі тұтады. Ирактың танымал христиан діни қыметкері Джозеф Ильяс Арбағин рәсімдеріне қатысып: "Ирактың христиан аза тұтушылары шиіттер сынды жаяу жүріп, басқа мұсылмандармен бірге пайғамбар әулетіне адалдыққа ант берді",- деді. Ол христиан аза тұтушыларының үлкен тобының Кербалаға жеткеніне тоқталып, хазірет Иса мен имам Хусейн (ғ.с.)-ды бір-біріне өте жақын деп атады. Ирактық христиандардың бірі Петрас имам Хусейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдеріне қатысып, мұсылмандар мен христандардың арасындағы бірлікті қалыптастыруға көптеген талпыныс жасағаны үшін алған сыйлығын көрсетіп: "Біз мұхаррам айымен сәйкес келгені үшін үш жыл бойы хазірет Исаның туған күнін тойлаған жоқпыз",- деді.
Мұсылман еместер де имам Хусейн (ғ.с.) кесенесіне зиярат жасауға келген адамдарға қызмет ету үшін шатырларын дайындады. Мәселен, хазірет Иса бен Мәриям шатырының мүшелерінің көбі христиандар. Олар мұсылман және саебин бауырларымен бірге қызмет етуде. Өздерін хазірет Яхьяның жақтастары деп санайтын саебиндер Иран мен Ирактың оңтүстігінде өмір сүреді. Олар да имам Хусейн (ғ.с.)-ды жақсы көреді. Ирактың саебин азаматтарының бірі Абу Ансар күнделікті әйелі мен қызы көмек көрсететін хазірет Руғайенің шатырына көмектесуге барады. Бұл шатырда оның әйелі мен қызы шиіт әйелдерге зияратшыларға тамақ пісіруге көмектеседі. Мұндай жайттар көптеп кездеседі. Осы салада айтатын қызық жайт, Еуропа мен АҚШ-та Арбағин шеруіне қатысатын адамдарды «Еуропаның Арбағин керуені" атты мекеме тіркейді. Биыл 1200 адам Арбағин рәсімдеріне қатысуға аттанады. Бұл адамдар рәсімдерге қатысу үшін жеке немесе туристік компаниялар арқылы келеді. Имам Хуесйн (ғ.с.) Арбағинінің үлкен шеруіне жету саласындағы көңіл күй Алланың имам Хусейн (ғ.с.)-ның болмысында қалыптастырған болмысынан туындап отыр. Хижри қамаридың 61-ші жылғы теңсіз соғыста сырт көзге жеңілген адамның жоғары мақсаттары қазіргі таңда 20 миллион адамды өзінің қасиетті кесенесіне зиярат етуге жинадйы. Бұл илаһи махаббат адамға "Саф" сүресінің "Олар, Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де, Алла нұрын тамамдайды",- деп айтылған сегізінші аятын еске алады. Арбағин шеруі кезінде зияратшылардың арасында ерекше достық қатынас орнатылады. Бұл үлкен жиынды халық басқарып, көбірек сауапқа ие болу үшін Кербала шерушілеріне қызмет етушілер бір-бірінен озуға талпынады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл үлкен рәсімді илаһи нығметтердің бірі деп атап: "10 мың, 50 мың адамды бір жерге жинау үшін дүниеде қандай үгіт-насихаттың жүргізілетінін өздеріңіз білесіздер. Соңында бұл іс дұрыс орындалмайды. Ал Арбағин рәсімдеріне кедергілерге қарамастан, ләззат алып, қонақүйде жатып демалу үшін емес, 80 километрді жаяу өту үшін тек Ираннан 2 миллион адам Кербалға келеді. Бұдан бірнеше есе артық адам Ирактың өзі мен басқа аймақтардан жиналады. Бұл илаһи оқиға, илаһи құбылыс. Мұндай жиын осы жолдағы махаббатты білдіреді. Бұл ерекше махаббат пен қырағылықтың бірге болуы л әулиелердің Аллаға ғашық болуы сияқты сезім",- деді. Исфаһанның жұма намазының уақытша имамы Мұхаммад Тақи Раһбар Арбағинге миллиондаған адамның жиналуының себебі туралы: "Біз бұл рәсімдерге тек мұсылмандардың ғана емес, христиандар мен басқа діндердің жақтастарының жиналатынын көреміз. Бұл мәселе имам Хусейн (ғ.с.) жолдауының әлемдік жолдау екендігінің белгісі. Хазірет көтерілісінің жолдауы адамдардың болмысына әсер етіп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әрбір адамды қызықтырады",- деді. Сондықтан, имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) өзінің ерекшеліктері және көтерілісімен шиіттер мен сүнниттерді, тіпті мұсылман еместерді біріктіретін өзек. Мұны Арбағин шеруі растайды.