Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі – ақыл мен сүйспеншіліктің көрінісі
(last modified Sun, 05 Nov 2017 14:56:30 GMT )
Қар 05, 2017 20:56 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі – ақыл мен сүйспеншіліктің көрінісі

Иранның танымал ғалымы шәһид Мұртаза Моттахари: Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мәңгілікке жадыларда қалуының сыры қозғалысының қисын мен ақыл және сезімдік тұрғылардан қолдауға ие болуына байланысты.

Хиджри қамаридің 61 жылындағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның Бани Умайенің зұлымдығы мен бұзақылығына қарсы көтерілісі ерлік пен жанкештіліктің көрінісі болды. Сондықтан мұсылмандардың имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктеріне деген мейірімі мен махаббатына себеп болды. Ашура көтерілісінің бұл ерекшелігі туралы Алла елшісі: «Хусейннің шәһид болуы мүміндердің жүректерінде еш уақытта өшпейтін жалынды тұтандырады»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті немересінің шәһид болуынан бұрын жасаған бұл болжауы өткен 1400 жыл бойында шындыққа айналды. Жыл сайын куәсі болып отырған Арбағин күнгі миллиондық үлкен шеру – хазіреттің болжамының анық көрінісі.

Арбағин шеруі

Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның көтерілісі көңіл-күй мен сезімдерге сүйеніп жасалды ма, әлде бұл қозғалыс шындықты талап ету, ақыл мен қисын және келешек үшін болды ма? Ақыл көбінесе пайда, тыныштық және дүниенің әртүрлі ләззаттарын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Ақыл пайдалы болғанымен, кейде дұрыс жолдан бұрмалануы мүмкін. Мәселен, адам ақылын пайдаланып, көптеген қылмыстарды іске асырып, жаппай қырып-жоятын қарулар жасап, халықтарды отаршылыққа түсірді. Алайда Ислам діні көзқарасындағы ақыл адамгершілік пен исламдық жоғары құндылықтарға сүйеніп, адамды дүние мен ақыреттегі бақытқа жеткізеді. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Ақылдың екі түрі бар: бір түрі ақыретті, келесі түрі бұл дүниеде өмір сүруді ойлайды. Исламдағы даналық дүниелік ақылдан жоғары әрі кемел. Ол тек материалдық мүдделерді ғана емес, барлық халықтың бұл дүние мен о дүниедегі тұрмысы мен бақыты туралы ойлайды»,- деген.

 Әрине, имам Хусейн (ғ.с.) өз қозғалысы мен көтерілісін дүниелік мүддеге емес, уаһи, ақыл мен діни кемеңгерлікке сүйеніп жасады. Ирандық танымал философ доктор Ғоламхосейн Динани: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ды ақылдың көрінісі деп білемін. Илаһи әулиелер мен пайғамбарлар – ақылдың көрінісі. Егер ақыл физикалық түрде көрінетін болса, пайғамбарлар мен әулиелердің болмысынан көрінеді»,- деді. Сондай-ақ, ирандық келесі ғалым Абдолхосейн Хосроупанаһ ашуралық даналық туралы: «Егер адамның ақылы ақыретті ойламай, тек дүниелік тұрмысты ғана ойлайтын болса және адам ақылын пайдаланып, бағдарлама жоспарлап, көбірек пайда тауып, билікке ие болуды көздесе, мұндай даналық Ашураның даналығына жатпайды»,- деді.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы басынан бастап даналық және қырағылықпен бірге болды. Хазірет Муавиенің іс-әрекеттерін бақылауына алып, оның діннің мағынасын өзгертіп, өзі мен ұлының үкіметінің негіздерін күшейтуді көздейтінін білді. Бұл саясатты жалғастыру исламдық қоғамды ішінен күнәға итермеледі. Имам Хусейн (ғ.с.) қоғамның жағдайын жақсы біліп, атасы Алла елшісінің дүниеден өтуінен кейінгі жарты ғасырдан кейін халықтың көбінің дұрыс жолдан бұрмаланып, бұзақылыққа шармалғанын және Ислам дінінен тек сыртқы көріністерінің қалғанынан хабардар болды. Язид сынды бұзақы адамның билік басына келуі қоғамның жағдайының апатқа жақындағаны туралы ащы шындықты жеткізді. Мұндай жағдайда илаһи және исламдық даналық үнсіздік танытуға болмайды деп санап, халықтың дінін құтқаруды өздерінің жеке мүдделерінен жоғары деп санады. Имам Хусейн (ғ.с.) бұл қисын мен даналыққа табанды болды.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кесенесі

 Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) көтерілісі үдерісінде әрқашан тек өзінің дүниелік мүдделері туралы ойлап, бұл өмірді жақсы көріп, хазіреттің барша халықты зорлық-зомбылықтан босататын  көтеріліс қажет деген қисынын түсіне алмайтын адамдармен кезікті. Тіпті имамның өзінің кейбір достары жанашырлық білдіріп, Кербалаға  бармауға, басқалары хазіретті Язидтің билігін қабылдап, тұрмысын жақсартып, тыныштықта өмір сүруге шақырды. Доктор Динани бұл адамдар туралы: «Кербалада имам Хусейн (ғ.с.)-ның қасында болмағандар мен хазіретке көмектеспегендер – жоғары мақсаттар туралы ойламағандар, тек өздерінің ақылдарына шырмалған адамдар»,- деді. Хазірет исламдық даналықтың негізі бойынша Язид бен Муавие сынды бұзақы адамның билігіне адалдық жариялауды қорлық санады. Хазірет еш уақытта қорлықты қабылдамай: «Мен өлімді бақыт,  қорлықта өмір сүруді бақытсыздық санаймын»,- деп айтқан болатын.

Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) қырағылығымен Язидтің билігін қабылдауға қарсылық білдірген соң Меккеге барып, бұл қалада төрт айдан астам уақыт бойы ислам әлемінің әртүрлі аймақтарынан қасиетті қалаға жиналған зияратшыларға Бани Умайенің  арсыз мақсаттарын әшкерелеп, өз көтерілісінің мақсаттарын мәлімдеді. Хазірет Амави әулетінің оны өлтіргісі келетіндігінен хабардар болғаннан кейін Меккеден Куфеге аттанды. Имам Хусейн (ғ.с.) исламдық міндеттеріне сай адамдарды өзіне қосылуға жігерлендіріп, жолының дұрыстығын дәлелдеу үшін теріске шығарылмайтын дәлелдер ұсынды. Кейбір адамдар имамның қисынын қабылдап, керуеніне қосылды. Бірақ, адамдардың көбі  хазіреттің сөзінің дұрыстығын түсінгендерімен шолақ ойлары мен пайдақұмарлықтарына сүйеніп, әртүрлі сылтаулар тауып, хазіретке қосылмады. Имам Хусейн (ғ.с.) Ашура күні де дұшпанды насихаттаудан бас тартпады. Хазірет исламдық даналықты пайдаланып, оларды дұрыс жолға нұсқап, қантөгістен алыстатпақ болды. Бірақ, олардың бірнешеуінен басқасы соғыс арқылы   байлық пен билікке жету туралы ғана ойлады.

Имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған тәзие

 Имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктерінің шәһид болуы ерлік пен мистикалық мағынаға ие болды. Олар өз жолдарын хабардар түрде, терең ойлайтын ақылдары мен кемеңгерліктеріне сүйеніп, таңдаған болатын. Ашура шәһидтері Алланың олардың орындары мәңгілік жәннәтта деген уәдесіне иман келтіріп, Амави үкіметінің олардың қанын төгу арқыл құлдырау жолына түсетіндігіне кәміл сенген болатын. Имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктері бүкіл тарихтағы азаттық пен шындық талап етушілер үшін үлгі болды. Басқа жақтан хазіреттің отбасының тұтқынға түсуі Ашура көтерілісінің мақсаттарын насихаттауға, керісінше Язид бен Муавиенің залым үкіметін әшкерелеуге себеп болды. Бұл жоғары мақсаттарға тек Аллаға тәуекел ету арқылы ғана жетуге болады. Исламдық ойшылдардың арасында баяндалатын келесі мәселе «Ашура көтерілісінің даналығы мен қисыны оның махаббатына қайшы ма?»  деген мәселе болып табылады. Кейбіреулер Ашура көтерілісі ақылдан кенде сезімдерге сүйенді деп ойлайды. Өйткені, соңы шәһид болу болып табылатын көтеріліске ақыл бұйрық бермейді. Ұстаз Ғоламхосейн Динани бұл туралы: «Жаратушыға жеткізетін ең тура жол болып табылатын ақыл мен махаббаттың үйлесімділігі тариқат деп айтылады. Тариқатта махаббат пен ақыл бір-бірінен бөлінбейді. Махаббат пен ақыл бір тиынның екі беті»,- деді. Ол: «Имам Хосейн (ғ.с.) махаббатың арқасында келген ақылдың көрінісі.   Бұл даналық махаббаты. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның ақылы – махаббаты, хазіреттің махаббаты – оның ақылы»,- деді.

 Сонымен, егер материалдық даналықта жанкештілік, шәһәдат, адалдық, ғиззат, зұлымдыққа қарсы болу сынды мәселелерге орын жоқ болып, бұл істерді сезім мен көңіл-күй және қисынсыз толқумен байланысты санаса, әрі келешек туралы ойлайтын жан-жақты исламдық даналықта осы адами жоғары ерекшеліктер дұрыс және қисынды саналады. Илаһи уаһидің аясында ақыл мен махаббат екі қанат сынды адамның дамуы мен кемелдікке жетуіне себеп болады. Бұл Ашураның мәңгілік оқиғасында ең жақсы түрде байқалған шындық болды. Сондықтан, доктор Динани: «Менің көзқарасымша, егер адам жеткілікті кемелдікке жеттім деп санаса,  Ашура – ақыл махаббатқа, махаббат ақылға айналатын үлкен оқиғаның жылдығы. Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісіндегі кемеңгерлік пен сезімдер және хабардарлық бірігіп, адамдардың болмысына әсер етіп, тіпті мұсылман еместер үшін үлгіге айналды. Иранның танымал ғалымы шәһид Мұртаза Моттахари: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның мәңгілікке жадыларда қалуының сыры қозғалысының қисын мен ақыл және сезімдік тұрғылардан қолдауға ие болуына байланысты»,- деген болатын.

 

 

 

Тегтер