Бірлік аптасы: Пайғамбардың хабары
(last modified Fri, 01 Dec 2017 05:01:11 GMT )
Жел 01, 2017 11:01 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы: Пайғамбардың хабары

Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи: "Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның болмысы исламдық елдердің барлық замандардағы бірлігінің қайнары. Өйткені мұсылмандардың қасиетті тұлғаға деген сенімдері мейірімділік әрі махаббатпен араласқан. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) барлық мұсылмандардың мейірімділігінің ошағы болып, мұсылмандардың жүректері мен исламдық ағымдардың бір-біріне жақын болуына себеп болуда" деді.

Қағбаның аспанында набаваттың күні атқан кезде ешбір адам осы илаһи елшінің надандық пен қараңғылық түнегінде жатқан адамзат үшін көп дәріс беретіні туралы ойламады. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) өзінің иманы, пәктігі және беделімен адамзатты дұрыс жолға нұсқау міндетін өз мойнына алып, тауһид даусын көтеріп, ақиқатқа шөлі қанбағандардың жүректерінде жоғары рухани сана-сезім тәрбиеледі. Алла елшісі өзінің қырағылығымен исламдық үмбетті басқарып, бірлік ұранымен мұсылмандар арасындағы іріткілер мен ыдырауларды тоқтатып, бірлік пен бауырмалдыққа айналдырды. Ұлық Пайғамбар барша халықтың құлағына: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер», - деген хабарды жеткізді. («Әл-Имран» сүресі 103 аят)

Осы күндері Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлап отырмыз. Хазіреттің туған күні туралы шиіттер мен сүнниттердің рауяттарының арасындағы күндерді бірліктің тәтті дәмін тататын күндерге айналдырайық. Сүнниттердің көбі Алла елшісінің туғаны күнін рабиуль аууаль айының 12 жұлдызы, ал шиіттердің көбі аталмыш айдың 17 жұлдызы деп санайды. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, «Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның болмысы исламдық елдердің барлық заманындағы бірлігінің қайнары. Өйткені мұсылмандардың қасиетті тұлғаға деген сенімдері мейірімділік әрі махаббатпен араласқан. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) барлық мұсылмандардың мейірімділігінің ошағы болып, мұсылмандардың жүректері мен исламдық ағымдардың бір-біріне жақын болуына себеп болуда»Егер сенімдер жақын болып, мақсаттар бір болса, мұсылмандардың үлкен жамағатының жүректерін мейірімділік пен бірлік билейді. Бауырластыру және біріктіру жобасы Алла Елшісінің мұсылмандардың ой-өрісі мен сенімдерінің негіздерін өзгерту жолдарының бірі болды. Рауаяттардың бірінде Алла елшісі 740 сахабасымен Нахлие аймағында болған кезде, Жебрейіл келіп: «Алла Тағала  періштелер арасында бауырласу келісімін бекітті», - деді. Сол себепті хазірет те сахабалары арасында бауырласу келісімін бекітті. Алла Елшісі Абубакр мен Омар, Осман мен Әбдәррахман, Салман мен Абузар, Талхе мен Зубайыр, Мааб пен Әбуаюб Ансари, Меқдод пен Амор, Айша мен Хафсе, Умма Күльсүм мен Сафие және басқалар арасында келісім бекітіп, өзі де Әли (ғ.с.)-мен бауырласу келісіміне отырды. («Бухар әл-Анвар», 38 том) Аталмыш келісімнің мықты болғаны сондай, Пайғамбар Ухуд соғысында шәһид болған екі адамды, атап айтқанда Абдолла бен Омар мен Омар бен Джамухты шақырып, бауырласу келісімшартын оқып, екеуі бір қабірге жерленді. («Надж ул-Балаға», әл-Хади сараптамасы)

 

Көңіл бөлетін маңызды мәселе – Алла елшісінің әлемдік хабарды таратуы болып табылады. Ол осы әлемге надандықты жойып, құқыларды қорғау үшін аяқ басты. Осы кезде де материалдық қызықтардың аясында қазіргі кездің надандығы адамдарға ауыр мәселелерді жүктеуде. Сол себепті адамзат руханият, ахлақ, айқын құндылықтар мен хаққа қарай жол нұсқаушыны қажет етеді. Исламның ұлық пайғамбарының туған күні кезінде ең үлкен жақсылық адамзат қоғамына тауһид, ахлақ және әділетті сый ету болып табылады. Бүгін біздің әлем тек ақылға сай тағылымдар арқылы пайда болатын уаһи нұрды қажет етеді. Алла елшісі – достық, азаттық және қауіпсіздіктің қайнары. Дүниені бұзақылыққа итермелейтін ластықтар мен ішкі жамандықтардан өздерін алыстатып, дұрыс түсініктер бойынша, өмір сүретін адамдар хазіреттің жақтастары болып саналады. Егер мұсылман өзінің жеке амалдары мен қоғамдық жұмыстарын Исламның тағлымдарына сай реттесе, ұлық Пайғамбардың хабарын әлемдіктерге жеткізіп, өзі де абырой мен пен беделге жетеді. Осы кезде мұсылмандар арасында исламдық көңіл-күй күн сайын өрістеп, исламдық елдердегі миллиондаған халық белсенді түрде амал ете бастады. Егер осы құдіретті күштер бірігіп, ішінен илаһи және адами құндылықтарға көңіл бөлсе, тек өздері мен Ислам әлемін ғана емес, бүкіл адамзатты әділ әлемнің болуына үміттендіре алады. Алланың соңғы Пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ұлт пен руға байланысты ұпайларды алып тастап, адамдар арасында иманды қарым-қатынас орнатып, әлемдіктерге дінді жоғары деңгейде көрсетті. Осы кемел әрі толық дін Алла мен Пайғамбар тарапынан «Ислам» діні, ал осы Пайғамбардың жақтастары «мұсылман» деп аталатын болды. Тауһид, набават және ақырет – Ислам дінінің негіздері, ал осы негіздерді қабылдайтындар – мұслмандар. Алла елшісінің көзқарасынша, мұсылман болудың әдет-ғұрпы бар, сол себепті Пайғамбардың жақтастары оларды білулері керек.

Исламның ұлық пайғамбарының пікірінше, мұсылман тіл немесе амалымен басқаларға қорлық пен зұлымдық көрсетпейтін және басқалар оның істерінен тыныштыққа жететін адам. Зұлымдық – үлкен күнәлардың бірі. Басқалардың құқыларын бұзу адамдардың тыныштығы мен психикалық теңдігіне теріс әсер етіп, қайшылықтардың ең маңызды себебі болады. Пайғамбар бауырласу рухын жаңғыртып, зұлымдықтың әр түрінен, әсіресе ахлақтық зұлымдықтан алыс болуды насихаттап: «Мұсылман – мұсылманның бауыры, оған қастық жасамаңдар, дұшпандық білдірмеңдер, жаман сөз айтпаңдар»,- деген болатын. Әрине, бауырласу келісіміне отырудан осы қарым-қатынасты сақтап қалу қиынырақ. Исламдық рауаяттарда өзінің діни бауырларын тастап кететіндер қатты сынға алынып: "Егер бауырларың алыстаса, сен олармен қарым-қатынас орнат. Егер сені ұмытса, сен олармен байланысты жандандыр" деп насихатталған.

Қиянат жасау, өтірік айту мен ұрыс-керістер исламдық қоғамның бірлігі мен достастығына және кемелдікке жетуіне кедергі тудырады. Алла елшісі: «Мұсылман – мұсылманның бауыры, сондықтан оған қиянат жасамайды, өтірік айтпайды және оған көмектесуден аянбайды»,- деп айтқан. Қиянат пен өтіріктің сенімді жоятыны айқын. Бір-біріне сенім артпайтын мұсылмандар бір-біріне көметеспейді. Исламдық қоғам бірікпесе, оны дұшпандар билеп, табиғи ресурстарын талан-таражға салады. Рахымды Пайғамбардың мәдениетінде мұсылмандар мұсылман бауырының айнасы болуы керек. Бір жақтан оның ерекшеліктері мен құндылықтарын көріп, оларға бет бұрса, басқа жақтан оның жамандықтарын көріп, ескерту жасап отырғандары дұрыс. Мұсылмандар экономикалық өмірде де бір-біріне көмектесіп, экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, тұрмытарын жақсартып, дамытуы қажет. Осы кезде Ислам әлемі осы мәселені шешуге мұқтаж. Алла елшісі осы туралы: «Мұсылман мұсылманның бауыры, су мен ағаш, тал барша халықтыкі, әрі айналаны көркейтеді. Мұсылмандар экономикалық дамуға жету үшін бір-біріммен әріптестек етулері керек»,- деген болатын. Алла елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның: «Таңды атырған, бірақ мұсылманның ісін шешепеген адам мұсылман емес»,- деп айтқан сөзін баршамыз естідік. Діни мәселелердің мамандары: «Мұсылмандардың мүшкілдері мен мәселелерін экономикалық, саяси және мәдени тұрғыдан қарастыру қажет»,- деп санайды. Еш уақытта олардың мәселелерін шетте қалдыруға болмайды. Құран Кәрімде абырой мен бедел Алланың, Пайғамбарының және мүміндердің сипаттары деп көрсетілген. «Бақара» сүресінің 165-ші аятында да барлық күш-қуаттың Жаратушы қолында екені туралы ескертілген. Мұсылмандардың Алла елшісінің нұрының аясында Ислам, абырой және әділет үшін талпынуы қандай әдемі. Құран Кәрім «Фатх» сүресінің 29-шы аятында пайғамбар мен мұсылмандар жүзінің әдемілігі туралы баяндап:

«Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, бір-бірімен тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресін. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар»,- деп айтады. Осы және басқа да ондаған аяттар мен рауаяттар «исламдық үмбеттің жетістіктері, абыройы мен беделі олардың дұшпанға қарсы бірлігінде» деген хабарды жеткізеді.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының туған күнімен және мұсылмандардың бірлік аптасының басталуымен құттықтаймыз!

 

 

 

Тегтер