Ислам әлеміндегі дінсіздіктен құтылу саласындағы бірліктің рөлі
Бірлік – ислам әлемінің маңызды тақырыптарының бірі. Бұл мәселенің маңыздылығы ислам үмбетінің тағдырына үлкен әсер етуіне байланысты.
Қазіргі жағдайда бірліктің діннен бездіретін ағымдарға әсер етуі мұсылман ойшылдары мен ғұламалары ерекше назар аударып отырған тақырыптардың бірі. Бірақ бірліктің дінсіздіктен құтылу мәселесіндегі рөлін зерттеуден бұрын ислам қоғамындағы бұл тақырыптың маңыздылығына тоқталу қажет.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан алты жыл бұрын Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы және өкілдерімен кездесуінде билеп-төстеуші жүйенің әшкере жобаларының алдында қырағы болудың маңыздылығына тоқталып, исламдық сенімдердің маңыздылығын төмендетіп, Иран халқы мен басқа мұсылман халықтардың арасында атеистік ой-пікірлерді таратуды Ислам діні дұшпандарының мақсаттарының бірі деп атады. Аятолла Хаменеи ислам елдерінің жастарына ықпал ету саласында Батыстың ақпарат құралдарының кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуіне сілтеме жасап: «Әртүрлі бұзақылықты таратып, діни сенімдерге күдік-күмән тудыру билеп-төстеуші жүйелердің Иран халқы мен аймақтағы исламдық ояну үдерісіне қарсы жобаларының қатарына кіреді. Осыған орай Исламның әйгілі ғұламалары мұсылмандардың мүмкіндіктеріне қарай бірлік туралы Құран негіздері мен Исламның ұлық пайғамбарының жолына қолдау көрсету қажеттілігін қуаттайды. Үмбеттің бірлігін сақтап, Исламды сұм, дінсіз ағымдардан қалай құтқаруға болады?
Құран Кәрім мен хадистердегі көзқарас бойынша, адамзатты құтқаратын жалғыз жол саналатын таухидтік тәсілден ауытқу надандыққа, яғни дінсіздікке оралу болып саналады. Сондықтан, Құранның пікірі бойынша, надандық белгілі уақыт пен арнайы мекенге қатысты емес. Таухид негізінен шыққан әрбір қоғам бұл мәселеге шалдығуы мүмкін. Франциялық шығыстанушы, «Араб әдебиеті тарихы» кітабының авторы Регис Блачер: «Надандық – ислам пайғамбары қалыптастырған ілім мен уаһиге қарсы надандық емес. Надандық негізінде қатыгездік, үстемдік, тәкаппарлық пен басқа құбылыстарды білдіреді»,- деп жазған болатын.
Надандық пен дінсіздік Исламға дейінгі немесе заманауи кезеңде ортақ болмысқа ие. Діннен безген, надан, атеистік ағымдардың ортақ ерекшелігі Аллаға деген шынайы иман, қисын мен ақылды ұмыттырып, іс-әрекеттерді ырымшылдыққа қарай итермелейді. Бұл мәселе қай уақытта және қай жерде пайда болса да қоғамдағы үлкен ырымшылдыққа себеп болады. Өкінішке орай, дінсіздік ислам үмбетң үшін қоқан-лоққыға айналды. Дінсіздік кейде қантөгіс пен халықты жаппай өлтіру, кейде кертартпа, мәдени тұрғыдан артта қалуға сүйенген ойлар мен наным-сенімдер түрінде байқалады. Алайда, дінсіздіктен тамырланған барлық ағымдардың ортақ нүктесі адамзатты жою жолына түсіру болып табылады. Хазірет Әли (ғ.с.)-ның «Наһдж ул-Балағе» кітабындағы құнды сөзінде надандық мәдениеті мен перғауындардың әдет-ғұрыптарына қарсы тұру халықтың арасында пайғамбар әулеті кезінде кең таралды. Надандық пен дінсіздікті қайтару кезеңі деп атауға болатын соңғы жылдары өкінішке орай, тайпалық надандық пен тәкфіршіл-сионистік ДАИШ лаңкестік тобының негізгі демеушілері болып отырған кейбір мемлекеттер ақшалары және адастыратын үгіт-насихаттарымен әртүрлі экстремистік топтар құрып, діннен үркіту саясатымен уаһабшы-тәкфиршіл ойларды таратып, аймақ пен әлемді дағдарысқа тіреді.
Қасиетті Ислам дінінен ауытқыған бұл ағым илаһи діннің тағылымдарын бұрмалап, сұм тәкфиршіл құбылыстың пайда болуына соқтырған бедғаттарды қалыптастырды. Өзіне әрбір мұсылманды кәпір деп санауға рұқсат ететін бұл қатерлі ой-пікір қатігез лаңкестік топтар мен ұйымдардың құрылуына себеп болды. Олардың бірі ДАИШ тобы болды. Құрылғанынан құлдыраған күніне дейін негізсіз сылтаулармен мыңдаған мұсылманды өлтіріп, зорлық-зомбылықты таратқан бұл топ ислам дінінің рақымды жүзін жиіркенішті етіп көрсетуге әрекет жасады. Негізінде дінсіздікті таратушылар жалған сенімдерді тарату мақсатында экстремизмге бет бұрды. Ислам әлемінің қас дұшпандары сионистер сынды бұл ағымдарды қолдап, ислам әлеміндегі қайшылықтарды күшейтті. Адамды тәрбиелейтін ислам мектебі илаһи діннің жақтастарына адамзатты құтқарып, бақытқа жеткізетін жолды ұсынды. Бірақ, кейбір надан және дұрыс жолдан тайғандар өздері мен басқаларды надандыққа шырмады. Дінсіздіктен құтқарылу үшін хабардарлық, нәпсінің тазалығы мен бірлік қажет.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Теһранда «Ислам бірлігі» 30-шы конференциясының қонақтарымен кездесуінде: «Бүгін аймақта бір-біріне қайша келетін екі жігер: «бірлік жігері» және «іріткі жігері» қалыптасты»,- деді. Аятолла Хаменеи Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының илаһи тағылымдарына сүйенуді ислам әлемінің қайшылықтарын шешетін жол деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі отаршылар мен үстемшілердің мұсылмандар арасында іріткі тудырып, оларды әлсірету үшін әрекет жасайтындығын еске салып: «Ислам әлемі бүгінде көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бірлік пен ынтымақтастық, және исламдық орталықтарға сүйеніп, мазхабаралық қайшылықтардан өту қиындықтарды шешетін жол болып табылады»,- деп баса айтты. Бірлік тек Аллаға иман келтіру мен шынайы сенімдердің аясында ғана қалыптасады. Сол себепті діни істердегі қайшылықтарды ислам діні қабылдамайды. Ислам дінінің илаһи тағылымдары дінсіз ағымдардың адамзатты адамгершілік пен илаһи құнды сенімдерден алыстататынын және адамның өз болмысындағы гауһар тасына немқұрайдылық танытуына себеп болатынын көрсетті. Өкінішке орай, дәл осы үдерістер дінсіз топтардың надандығына сүйеніп, әскери күшті қолданып, Йемен сынды елде мыңдаған жазықсыз адамды қыруға немесе ДАИШ сынды лаңкестік топты құрып, ислам елдерінде қан төгіп, мұсылмандардың бастарын кесуге себеп болды. Дәл осы дінсіз әрі надан ой-пікірлер тайпалық надандық кезінде ырымшылдыққа сүйеніп, қантөгіс пен соғысқа себеп болса, бүгінде шаһуат пен тәкаппарлықтан туындаған сұм мақсаттарына жету үшін ислам елдеріндегі мұсылман бауырларын қыруға жеткізді. Ливанның исламдық ұйымының басшысы Мұхаммад Хызр бұл туралы: "Ғұламалар мен ойшылдар ғылыми ынтымақтастық орнатып, қоғамдық ой-пікірді надандық ырымшылдықтан алыстатсын. Өйткені, дәл осы ырымшылдықтар ислам әлемінің қазіргі проблемаларының негізгі себебі болып отыр",- деді. Ливандық ойшыл мұсылмандардың бірлігін әлемдегі қазіргі дағдарыстарды жеңетін жол деп атап: "Бұл бірлік Құран тағылымдары мен хадистерге сүйеніп, жеңіске жетеді",- деді. Мұхаммад Хызрдың пікірінше, мазхабаралық қайшылықтарға қарсы тұрып, исламдық бірлікке жету үшін бір апта емес, бірнеше апта қажет. Сондықтан, ислам әлемінің ойшылдары мен ғұламалары осы жолда қадам басқандары жөн.