Есірткі заттары - адамзатқа төнген қауіп (1)
Есірткі заттары бірнеше ғасырдан бері алуан түрлі формада адамзат қоғамында таралған. Есірткі заттары мен оны түрлі елдерде пайдалану мәселесінің тарихы тереңде жатыр. Есірткі заттары жайлы бағдарламамыздың топтамасы барысында есірткі заттарының өткені, қазіргі кезі мен келешегі жайлы сөз қозғап, осы бүлдіргі заттың неліктен және ғаламдық мәселеге қалай айналғанын баяндаймыз.
Қолдағы бар деректерге сәйкес, адамзат баласы алғаш реті есірткі заттарымен шамамен б.з.б. 4000 жылы таныс болды. Б.з. бірінші ғасырда өмір сүрген римдік ғалым Плиний көкнәрдің «апиын» атты қою шіресін алғаш ұсынған болатын. «Апиын» атауы санскрит тіліндегі "ahipena" сөзінен шыққан «шіре» деген мағынаны білдіретін "opos" сөзінің түбірінен алынған.
Есірткі заттары алғашқыда дәрі ретінде қолданылды. Содан кейін біртіндеп көңіл көтеру мақсатында пайдаланыла бастады. Уақыт өте келе есірткі заттарының алуан түрін пайдалану емдік тұрғыдан шығып, қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың үлкен қасіретіне айналған. Есірткі жиырмасыншы ғасырда әлемдік шекаралардан өтіп, барлық жерге жаппай таралып, қоғамның барлық топтары арасында кең қолданысқа ие болды. Есірткі заттарының жаппай таралуы үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың назарын бұрынғыдан бетер өзіне аударып, есірткі заттарын асыра пайдалану және есірткі заттарының контрабандасымен күресуді бақылайтын халықаралық конвенциялар БҰҰ мен әлем мемлекеттерінің бағдарламаларына есірткі заттарымен күрес, оның контрабандасы және нашақорлықтан емдеу бағытында жетекшілік етті. БҰҰ-ның "Әлемдік әрекет" бағдарламасы есірткі заттарын "бақытсыздық" деп атап, әлем мемлекеттерінен онымен шынайы түрде күресуді сұрады.
Бүгінде халықаралық құрылымдар әлем халқын көкнәр гүлінің өнімдерінен аман сақтап қалу үшін өте белсенді түрде әрекет етуде. Бірақ әлемдік қауымдастықтың талпыныстарына қарамастан, есірткі заттарының халықаралық контрабандасы күннен-күнге артып барады. Мемлекеттердің онымен күресудегі әрекеттері мен іс-шаралары еш нәтиже бермеді. Қазіргі таңда есірткі заттары әлемдегі негізгі төрт дағдарыстың және ең табысты заңсыз сауданың бір түрі саналады. Сол себепті есірткі заттарымен күрес әлемдік берік шешімді қажет етеді.
Әлемдегі есірткі заттарын пайдалануға бетбұрыс үдерісіне жасаған шолу есірткі заттарын пайдалану салдарынан орын алып жатқан өлім жайттарының ең жоғары көрсеткішінің Солтүстік Америкаға тиесілі екенін көрсетіп отыр. Бұл аймақта 1 миллион адамның ішінде 164 адам есірткі затын қолданғандықтан жан тапсырады. Солтүстік Америкадан кейінгі орындарда Тынық мұхиты елдері мен Африка орналасқан. Бірнеше онжылдық бұрын есірткі заттары жайлы мәлімет героин, наша, апиын, апиын шіресі мен құрғақ күйігімен шектелетін. Алайда біртіндеп есірткі заттары мен апиын тектес кокаин жапырағының сығындысынан алынатын жаңа есірткі түрлері де есірткі заттарының қатарына қосылды. Бұл заттарды пайдалану, әсіресе каннабис (марихуана) пен MDMA-ны (экстази) пайдаланудың ауруды уақытша басудан жасанды шаттық күйге бөлеу мен психикалық қозуды тудыратын әсерлері де бар.
Есірткі заттарын кең пайдалануға қатысты алаңдаушылықпен қоса әлемде өндірістік есірткі заттарының жаңа түрлері шығып жатыр. Өкінішке орай, бұл жағдай нашақорлар санының артуы, есірткі өндірісінің дамуы мен оны тарату және контрабандасының жыл сайын жеңілдеуіне себеп болды. Есірткі заттарының заңсыз саудагерлері кез келген жағдайда әлемдегі нашақорлар санын арттыруды көздейді. Олар жасырын зертханаларда "crack" секілді есірткі заттарын түрлі химиялық реакциялардан өткізіп, нашақорларды көбірек көлемде есірткі пайдалануға ынталандыру үшін есірткі өнімін өзгертуді, оны пайдаланудың жолын жеңілдетуді, қоюлығын арттырып, жаңа қаптамалар жасауды көздейді.
оңай түрде көбірек есірткі енгізе алатынын көрсетті. Сол себепті есірткі заттарының контрабандистері жаңа әдістерді пайдаланып, есірткі заттарын жаңа формада, жаңа атаумен нарыққа кіргізеді.
Иранның Есірткі заттарымен күрес жөніндегі штабының баспасөз хатшысы Парвиз Афшар осы мәселеге қатысты өте күшті есірткі заты сіңген ылғалды майлық түріндегі жаңа есірткінің түріне қатысты ескерту жасады. Бұл есірткінің түрі нашадан 20-80 есе күшті әрі әсерлі болып келеді. Сондықтан оның галлюцинациялық әсерлері адамды қысқа мерзім ішінде өлімге жеткізеді.
Ирадағы Есірткі заттарымен күрес жөніндегі штабтың баспасөз хатшысы ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ылғал майлықтың тигізетін әсері марихуананың (каннабис) әсеріне ұқсас келеді. Алайда оған қарағанда өте күшті әрі әсерлі. Дәл сол себепті оның галлюцинациялық әсерлері нашамен салыстырғанда он есе артық. Қазіргі таңда есірткінің бұл түрі ылғалды майлық түрінде шығып жатыр. Бірақ, психобелсенді заттардың (NPS) болашақта әтір немесе хош иісті заттар түрінде сауық-кештерде ұсынылатын ықтималдығы бар",- деді.
Бұл заттарды үнемі пайдалану уақыт өте келе адамның миында көптеген өзгеріс тудырады. Есірткі дәл осындай өте күшті болғандықтан бұл заттар дәстүрлі дәрі-дәрмектерге қарағанда қысқа мерзімде адамдардың барлық қабілеттерінен айрылып, тіпті жан тапсыруына себеп болады.
Есірткі заттары үшін шекара деген ұғым жоқ. Ол тәуелділікке айналып, адамзат қауымдастығының басына түскен сор болды. Есірткі заттары әлемдегі көптеген әлеуметтік бақытсыздықтардың себебі саналады. Тіпті, кейбір қоғамдарда бұл бақытсыздық дағдарысқа айналып, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруде.
Есірткі заттарының Батыс елдерінен тыс қоғамдарда етек жаюының жалпы алғанда экономикалық қиындықтар мен қалыптан тыс өмір сүру шарттары және әлеуметтік мәселелерден туындайтын өзіндік себептері бар. Есірткі заттарын ұзақ мерзімдегі тұрақты шайқас ретінде адамзат баласының физикалық, гигиеналық, психикалық, әлеуметтік және мәдени саулығына қауіп төндіреді деп айтуға болады. Героин және кокаин секілді дәстүрлі есірткі заттарын пайдалану әлемнің кейбір жерлерінде төмендеп жатқанда рұқсат етілген дәрілер мен жаңа өндірістік психоделиктерді пайдаланудың артып жатқанын айтуға болады. БҰҰ да ең жоғары халықаралық ұйым ретінде өзінің баяндамаларында әлемдегі есірткі заттарының жағдайына қатысты алаңдаушылық білдіріп, есірткі заттарымен күресу туралы конвенциялардың мақсаттарына жету үшін халықаралық деңгейде жаппай әріптестік жасауды сұрады.
Ең соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлемде нашақорлыққа ұшыраған адамдардың саны 240-300 миллионға жетеді. БҰҰ-ның 2015 жылғы әлемдегі есірткі заттарының жағдайы туралы есебі нашақорлыққа ұшыраған адамдар санының 2011-2014 жылдар аралығында 240 миллионнан 247 миллонға артқанын көрсетіп отыр. Олардың ішіндегі 29 миллион адамның жағдайы өте ауыр деп хабарланды. БҰҰ Есірткі заттары мен қылмыс жөніндегі кеңсесінің маманы және есірткі заттарын пайдалану ісі бойынша сарапшы Томас Питчс жастар арасында есірткі заттарын пайдаланудың маңыздылығына тоқталып: "БҰҰ-ның 2015 жылғы есебінде нашақорларды емдеу мәселесіне көп көңіл бөлінді. Бірақ, соған қарамастан кейін әлемдегі сансыз нашақор адамның ішінен тек 6 миллион адамның өзіне қажет дәрі-дәрмекті қабылдап жатқаны белгілі болды",- деді.
БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон есірткі заттарынан туындайтын қауіп-қатердің әлемдік аспектілерге ие екенін айтып: "Есірткі заттарының контрабандасы әлемнің көптеген жерлерінде тынышсыздық пен тұрақсыздықтың отын өршітеді",- деді.
Көптеген сенімді есептерге сәйкес, әлемдегі лаңкестік топтардың басым бөлігі өз әрекеттерінің қаржы қажеттіліктерін заңсыз экономикалық келісімдер, әсіресе есірткі заттарының контрабандасы арқылы қамтамасыз етіп отырады.
Есірткі заттарының өндірісі мен заңсыз саудасы қазіргі таңда әлемдік қауымдастықтың үлкен алаңдаушылығына себеп болып отыр. Маусымның жиырма тоғызын «Есірткі заттарымен күрес күні» деп белгілеу осы мәселеге байланысты жасалған шынайы ескерту және аталмыш сұм құбылыспен күресудің маңыздылығын еске салады. Есірткі заттары – адамзат қоғамын құрдымға жеткізетін фактор. Бұл құбылысқа қатысты алаңдаушылықтың артуы әлемде нашақорлық деңгейін арттыру мақсатында есірткі заттары өндірісінің күрделенуі мен оның жаңа белгісіз түрлерінің нарыққа енуімен байланысты болып отыр.