Ялда салт-дәстүрі – жарық нұр мен өмірге көрсетілетін құрмет
(last modified Wed, 20 Dec 2017 06:10:33 GMT )
Жел 20, 2017 12:10 Asia/Almaty
  • Ялда салт-дәстүрі – жарық нұр мен өмірге көрсетілетін құрмет

Ялда түні – қошемет білдіріп, есен-саулық сұрасатын түн. Ялда түні – күн мен нұрды мадақтайтын түн. Ялда түні – ғашықтардың келер таңның көркем аспанынан жарқын күннің ататындығына үміттенетін түн. Ялда түні – Иран халқының қуанышы мен мерекеci түні. Бұл түн Иран мәдениетінің көне салт-дәстүрінің біріне құрмет көрсету болып табылады.

Ирандықтар мен Иранның мәдени аумағында өмір сүретін күллі халық бірнеше ғасыр бойында жылдың ең ұзақ түні – қыс мезгілінің алғашқы түнін тойлап, түрлі әдет-ғұрыптық және символдық қарым-қатынастарымен оған құрмет көрсетеді.

Ялда түні осы табиғи құбылысқа Иран мәдениетінің ерекше назар аударуының нәтижесі болып,  Наурыз мейрамынан кейінгі Иран халқының ең маңызды мерекесі есептеледі.  

Қыс мерекесінің пайда болу тарихы көне. Бұл мерекенің пайда болу уақыты қысқы революцияның алғашқы күні немесе «Хоррамруздың» күннің тууын құрметтеу күніне дөп келеді.

Аталмыш қыс мейрамы халықтың ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өмірінде зор маңызға ие болды. Сонымен бірге ирандық ауыл халқының арасында кең таралған мейрам.

Ялда түні мейрамының қазіргі уақытқа дейінгі жалғастығының құпиясы бірнеше факторға байланысты. Олардың ең маңыздылары мыналар: Ялда мерекесі табиғатпен етене байланысты және жылдың жаңа маусымының басталуын білдіріп, жүйелі түрде жыл сайын қайталанады; бұл табиғи мереке адамдардың өмір салты мен қызмет түріне, ирандық диқандар мен егіншілердің тіршілігіне байланысты; Иранның көне мәдениеті болмысының мәңгіліктігі мен бейнесі осы мерекенің мәнін құрайды. 

«Ялда» – «дүниеге келу» мағынасын білдіретін арамей тілдік тобына жататын сириялық өлі тілдегі сөз. Ежелгі ирандықтардың наным-сенімдеріне сәйкес, күн күз мезгілінің соңғы түні, яғни азар айының соңғы түні туады. Милади жыл санағы бойынша X және XI ғасырдағы ирандық ғалым, астролог Әбу Райхан Бируни бұл мейрамды «ұлы милад» атап, оның мағынасын күннің тууы деп түсіндірген. «Ұлы миладтың» нақты  уақытын Бируни «Әл-Танбие әл-Ашраф» кітабында Масудиден көруге болады деп жазған. Масуди – милади жыл санағы бойынша X ғасырда өмір сүрген мұсылман тарихшысы, ғалым. Аталмыш кітапта жыл төрт мезгілге бөлінген. Жылдың үшінші мезгілі немесе күз туралы баяндалғанда күздің соңғы түні ретінде қыс революциясына дейінгі түн немесе сириялық алғашқы канун айының 22 күнін (22 желтоқсан немесе дей айының біріне сәйкес келеді) көрсетеді. Бируни дей айының алғашқы күнін «хур» деп те атаған. Алайда, кейбір дереккөздерде «хоррамруз» деп көрсетілген. Фердоуси «ялда» мен «хур руздың» пайда болуын Иранның Пишдади әулетінің патшасы Хушангпен байланыстырады.   

Ялда түні мейрамы «Челле» деп те аталады. Себебі, дей айының алғашқы күнінен бастап бахман айының сонына дейінгі 40 күн «үлкен челле» деп аталады. Қыстың суық кезі осы 40 күнге келеді деп есептеледі. «Челле» кешінде бүкіл халық күннің шығуын күтіп, әпсәналар оқып, мақалдар айтып, жұмбақтар шешіп, «Шахнама» дастанын баяндап, Хафиздың ғазалдарын оқып, Хафиз ғазалдары негізінде жорамал жасап, жаңғақ пен пісте шағумен уақыт өткізеді. Ирандық көне сенімге сәйкес, таңның атуы қараңғылықтың тізгіні мен көлеңкедегі жын-шайтанды жеңіп, жамандық, бақытсыздық пен зұлматты халықтың өмірінен алыстатады.   

Ялда кеші мейрамы

Әрбір мезгіл мен жылдың жаңаруына бал ашып, болашақты болжамдау рәсімі – Иран халқының көне әдет-ғұрыптарының бірі. Ирандық жазушы, зерттеуші Әли Булукбаши: «Бұл рәсім дүниежүзінің көне өркениеттерінде, соның ішінде шумер-вавилон өркениетінде де таралған. Олар «акиту» мерекесінде тағдырлары жөнінде хабардар болу мақсатында бал ашқан» деп жазған. Ялда түні Хафиздің тіліне көмекке жүгініп, оның өлеңдері арқылы бал ашу – ирандықтар арасында кең тараған балгерліктің бір түрі. Халық Хафиздің диваны – ғазалдар жинағы арқылы бал ашып, құпиялардың ашылуы мен келешек тағдырларынан хабардар болу үшін көмек сұрайды. Фердауси жазған «Шахнама» эпостық шығармасының дастандарын оқу да – Ялда түні кең тараған рәсімдердің бірі. Мұнымен қатар бұл кеште Иран халқының арасында тараған өзге де салт-дәстүрлер мен сенімдер көрініс табады. Олар жергілікті аспект пен белгілі бір елді мекеннің айрықша мәдениетін қамтиды.

Алайда күллі ирандықтардың арасындағы бірдей нәрсе – ол отбасы мүшелері мен достар мен таныстардың «ялда» түні бір-бірінің үйлерінде бас қосып, күздің соңғы түнін бірге өткізетіндішігінде. Халық өз ата-бабаларының көне салтымен бұл кеште дастархан жайып, бірге бас қосып, өткеннің жаңаға ауысуын тойлайды. Кейбір аймақтарда бұл дастарханды «Чоре түні дастарханы» атайды. Дастархан Иранның әр аймағының климаттық, әлеуметтік, мәдени тіршілік ортасы мен мәдени салттарына қарай өзгеше болып келеді. Бірақ, жалпы алғанда жергілікті жерде кең тараған күздік азық-түліктер мен тәттілер, әсіресе алма, анар мен қарбыз сынды жемістер әрдайым «Челле» кешінің «аджилі» атымен белгілі жаңғақ,  пістелермен бірге дастархан бетіне қойылаы. Бұл кеште қарбыз бен анардан дәм тату сырлы мағынаға ие. Себебі, қарбыз бен анар қызыл әрі дөңгелек болғандықтан, қыстың қырық күнгі суықтарында жылы күннің символын білдіріп, ирандықтарды соларды жеу алдағы суық мезгілде адамның саулығына көмектеседі деп сенеді. Ялда түнгі дәмнің бірі – күнбағыс пістелері. Күнбағыс дәндерін шағып, жеу тынығу мен жақсы уақыт өткізу мақсатын көздейді. Ал күнбағыс гүлдерінің күнмен ұқсастығы – жақсылықтың белгісі. Иранда «Helianthus annuus» гүлдерінің күнге ұқсастығы мен оның күн нұрының бойымен бірдей бұрылуына байланысты «күнбағар» (sunflower) аталады.

Тәтті дәмдер, сонымен қатар күнбағыс пістелері – Ялда түні дастарханының көркі

Ялда түні парсы әдебиеті мен Иран аумағындағы өнерден кең көрініс тапқан. Өнерпаздар Иран халқының осы салт-дәстүрінің түрлі рәсімдері мен аспектілерін атап көрсеткен. Мысалы, «ялда» сөзін көптеген парсы тілдес ақындар мен жазушылар, соның ішінде Ансари, Моулави Балхи, Хафиз Ширази, Сади Ширази, Аттар Нишапури, Насер Хосроу Кабадиани, Саиб Табризи, Масуд Саад Салман өздерінің өлеңдерінде қолданған. Аталмыш ақындар «ялда» сөзін өз өлеңдерінде «биік және қараңғы» деген ауыспалы мағынада пайдаланған. Өткір қиял мен көркем мінезге ие ақындар «ялда» түнін сұлу қыздың ұзын қолаң қара шашына теңеген. Сади де өз өлеңдерінің бірінде аталмыш поэтикалық дәстүрге назар аударып:

«Әрбір таңда саған қарау – Наурыз.

Сенен жырақта болған әрбір түн – Ялда» деген.

Біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырда Ялда немесе Наурыз сынды мейрамдардың бүгінгі адам үшін қандай жолдауы бар немесе аталмыш мейрамдар халықтың өмірінде қандай әлеуметтік рөл атқарады деген сауал туындауы мүмкін.

Шынтуайтында, біз өмір сүретін бүгінгі әлемде жұмысбасты болып, қарабалас күй кешетініміз соншалықты, тіпті осы жұмысбастылықтың қалың жіптері айналамызды қатты тұсап, олардан босап шығу өте қиын сынды көрінеді. Әлем рационалдық пен ақыл-парасат жолында қадам басып келе жатқанымен, бұл жол адамдарды бір-бірінен ажыратып, қарым-қатынастары мен эмоционалды байланыстардан азды-көпті айырады.  Тіпті, әлеуметтік желілерде халықтыі бір-бірімен жақындай түсетіні туралы уәждер де біртіндеп саябырсып келеді. Уақыт өткен сайын бұл желілер адамның жалғыздығын арттыра түсетінін көрсетті. Соңғы зерттеулерге сәйкес, жалғыз басты адамдар аталмыш желілерде жағдайларының жақсылығы мен өмірлерінің оң тұстарын ғана көрсетеді. Зерттеу нәтижелері аптасына 58 рет бүкіл әлеуметтік желілерін тексеретін адамдардың аптасына 9 рет желілерге кіретін адамдардан өздерін үш есе артығырақ жалғыздықта сезінетінін көрсетті. Мұндай жағдайда, егер адам бар ақыл-парасатымен бүгінгі әлемде тыныш және рухани салауатты өмір сүргісі келсе, кешегі дәстүрлі, бүгінгі прогресшіл адамды дүниеге әкеліп, өз кеңістігінде тәрбиелеген көне қоғамның мәдениетін білуінің қажеттігі сөзсіз. Ялда түні мейрамы және Иранның өзге де мерекелерінің барлығы Иранның көне мәдениеті кезеңінен бастау алады. Олардың әрқайсысы өзінің айрықша символдық салтымен уақыт пен кеңістіктегі тұрақты өмірге мән-мағына сыйлайды. Осы мерекелердің кішігірім рөлі мен қызметі отбасы мүшелері, достар мен таныстардың басын қосып, жанұя және қоғам мүшелері арасында отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынасты күшейтіп, жалғыздықтан алыстатудан көрінуі мүмкін. Алайда, бұл мерекелердің маңызды түрде көрініс табатын келесі рөлі мен қызметі – Иран аумағында өмір сүретін кез-келген тайпа, тіл және діни топтардың бүкіл тап өкілдері арасында мәдени бірлік орнатуы, сонымен бірге, Иранның мәдениеті саласында Иран халқының мәдени және ұлттық болмысын нығайтатыны. Осылайша, Ялда түнінің салт-дәстүрін осы көзқарас тұрғысынан қарастырып, оны баянды етуді бүгінгі адамзат өмірінің қажеттілігі деп есептеуге болады.

 

Тегтер