ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 3
(last modified Mon, 08 Jan 2018 12:03:29 GMT )
Қаң 08, 2018 18:03 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың ақпараттық жарнамалары: құрылуынан құлдырауына дейін 3

ДАИШ телеарна мен желілерді өз идеяларын тарату үшін пайдаланып, жаңа адамдарды өз қатарына қызықтыру үшін әртүрлі тілдерде мәліметтер жариялады. Соңында қоғамдық желілер арқылы Еуропадан Азияға дейінгі елдердің, сондай-ақ, Сирия мен Ирактың және тағы да басқа елдердің жастары алданып, ДАИШ лаңкестерінің қатарына қосылды.

Сыншылар мен ақпарат саласының мамандары 2015 жылдың қаңтар айындағы ДАИШ-тың иорданиялық ұшқышты өртеп жіберу көрінісін ең заманауи бейне түсірілім деп атап,  оның профессионалды жеті камера арқылы түсірілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұдан бұрын 2014 жылғы Ирактағы Спайкер базасындағы әуе күштері түлектерін өлімге жазалау көріністерін де еске салуға болады. Сол көріністерде ДАИШ-тың қолынан жүздеген адам өліп, олардың мәйңттері өзенге лақтырылды. Ұқсас жайт кейін Мысыр мен Ливияда байқалды. Сөйтіп, ДАИШ өзінің ақпараттық жарнамасын бастап, телеарналар жарнаманы жалғастырды. Олар өз байланыстарын пайдаланып, басқа ақпарат құралдарымен қарым-қатынас орнатып, ешбір қаржы жұмсамай-ақ, өздеріне қажет мәліметтерді таратты. Ақпарат құралдары ДАИШ-тың жарнамасын тарату үшін бір-бірімен бәсекеге түсті. Нәтижесінде өзін танымал еткісі келген ДАИШ мақсатына жетіп, олардың қылмыстарының бір бөлігі ақпарат құралдарының арқасында олардың мақтан тұтатын құралына айналды.

 ДАИШ тірідей өртеп жіберген иорданиялық ұшқыш Мааз әл-Касасаба

Алайда бұл тақырып тек телеарналарға ғана қатысты емес, әлеуметтік желілер де маңызды рөл атқарды. Өйткені, ДАИШ желілерді өз идеяларын тарату үшін пайдаланып, жаңа адамдарды өз қатарына қызықтыру үшін әртүрлі тілдерде мәліметтер жариялады. Соңында қоғамдық желілер арқылы Еуропадан Азияға дейінгі елдердің, сондай-ақ, Сирия мен Ирактың және тағы да басқа елдердің жастары алданып, ДАИШ лаңкестерінің қатарына қосылды.

Саудиялық мұнайдың ақшалары ДАИШ-тың және Ирак пен Сириядағы басқа лаңкестер мен уаһабшылардың мақсаттарын ақпарат құралдары арқылы тарату үшін үлкен көмек болды. ДАИШ лаңкестерінің заманауи технологияларды пайдалануы туралы мәліметтер бойынша, Сауд Арабиясы ДАИШ-тың ақпараттық жұмыстарына көмектесу үшін бір топ маманын телеарна ашуға атсалысуға Мосулге аттандырды. ДАИШ-тың «Фұрқан» ақпарат ұйымы саудиялықтар тарапынан  басқарылды. ДАИШ-тың қарамағындағы  ақпарат құралдарының басшылары саудиялық салафиттерден сайланды. Өйткені, олар араб тілін еркін меңгергендіктен Абу Бакр әл-Бағдадидың басшылығын дәлелдеуге талпыныс жасап, пайда көрмек болды. Кувейттегі теледидар тілшісі Ахмад Сами: «Бір сурет әсіресе бейнематериал мен наным-сенім және ой-пікірді жеткізетін құрал болса, әсері мың сөзден артық болады. Бұл ДАИШ-тың мақсатына жету жолындағы пайдаланатын әдістерінің бірі болды. Кейбір ақпарат құралдары мақсатты түрде немесе аңдамай оларға мақсаттарына жетуге көмектесті. Аймақ елдерінің телеарналары мен ақпарат құралдары арқылы ДАИШ халықтың үйлеріне енді.

АҚШ пен сионистік ақпарат құралдар ДАИШ-ке қызмет етуде

Бұл топ 2014 жылдың соңында компьютерлік ойын шығарып, ойында дұшпанға қарсы пайдаланатын әскери жолдарды көрсетті. Ойынның аты «Өткір семсер» болды. Ол баршаға танымал компьютерлік GTA ойыны сынды жобаланып, ойыншыға жарып жіберу, оқ ату және шабуыл жасауды ұсынады. Ойынның қаһармандары ДАИШ лаңкестері, дұшпан ирактық және америкалық күштер болып таныстырылды. Дәл сол кезде Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттер сол жайында хабар таратып, ойынды түсіндірді. Сауд Арабиясының Мәдениет министрлігінің қарамағындағы «Аджил» газеті хабарды таратып: «Бұл ойынды  шығарудың мақсаты ДАИШ лаңкестерінің рухын көтеру, кішкентай балалар мен жасөспірімдерді Батыспен күресуге үйрету және қарсыластарының жүрегінде үрей тудыру болды. Ойын «Сендер ойнайтын ойын қазір соғыс майданында орын алып жатқан жайт» деген ескертумен басталады.  ДАИШ қысқа жарнамалар түрінде бұл ойынның кейбір бөлімдерін ғаламтор кеңістігінде таратты. Оның айқын ерекшелігі жастарды Батыспен күресуге жігерлендіріп, ДАИШ-тың қарсыластары мен дұшпандарына қарсы әрекет жасауда. Бұл ойын ДАИШ-тың қарсыластарына қарсы пайдаланатын тактикалары мен тәсілдерін көрсетеді. Жарылыс көріністеріне толы ойын жарылыс, әскери әрекеттер және атыспен басталып, бүкіл ойын бойы ДАИШ мүшелерінің дауыстары естіледі. Ойынның кейіпкерлері «Аллаһу Акбар!» деп айқайлап, ДАИШ лаңкестері сынды әрекет етіп, қарсыластарын бауыздап, көліктерді жарумен болады. Ойын барысында компьютердің бетінен ДАИШ-тың белгісі кетпейді.

ДАИШ түсірген компьютерлік ойынның көрінісі

Бұл лаңкестік топ ұялы телефон үшін де араб тілінде «Фаджр әл-Башаер» деп аталатын бағдарлама шығарды. Бұл бағдарлама пайдаланушының ықтиярына ДАИШ-ке қатысты ең жаңа хабарларды ұсынады. Бағдарлама сондай-ақ көптеген хабарларды басқаларға жіберуге мүмкіндік береді. ДАИШ тобы оқырмандарына  көбірек әсер ету үшін фильмдерін шығарған кезде компьютерлік ойындардың тактикаларын пайдаланды. Өткен жылы ДАИШ халықты қырып-жою мен ирактық күштерге шабуыл жасау туралы бейнематериалын компьютерлік ойындар түрінде шығарды. Фалуджедегі қақтығыстарда ДАИШ лаңкестерінің бірі GoPro арнайы камерасын бас киіміне байлап, ирактық күштерге қарсы атысты әртүрлі тұрғылардан түсіріп, компьютерлік ойын түріндегі бейнематериал дайындап таратты. Бұл бейнематериал соғыс майданы мен ДАИШ лаңкестерін көрсетумен басталады.  Жалғасында қақтығыстар, ғимараттардың жарылысы мен атыстар көрсетіледі.

 ДАИШ лаңкестерінің ақпарат құралдарындағы белсенділігі әлемнің жер-жеріндегі ақпарат қызметкерлерінің бұл топтың қауіп-қатеріне көңіл аударуына себеп болып, олар ДАИШ-ты адамзатқа қарсы қоқан-лоққы деп атады. Польшаның ойын шығаратын студияларының бірі Destructive Creations ДАИШ-тың 2020 жылы Еуропаға шабуыл жасайтынын хабарлады. Бұл студия 2016 жылдың сәуір айында жеке компьтерлер үшін ойын шығарып, нарыққа ұсынып, саяси топтардың біріне айналды. Өнім «ДАИШ-тен қорғаныс» (IS Defense) деп аталды. IS Defense ДАИШ лаңкестік тобының 2020 жыл билікті өз қолына алғаннан кейінгі салдарлар мен Африканы басып алуын, содан кейін өз жерлерін кеңейту үшін Еуропаға шабуыл жасайтынын көрсетеді.

«ДАИШ-тен қорғаныс» (IS Defense) компьютерлік ойын

Бұл ойында адам НАТО әскерилерінің бірі ретінде лаңкестік топпен соғысып, ДАИШ-ты қаланың іші мен сыртындағы әртүрлі жерлерге  ДАИШ-ты кіргізбеуге талпыныс жасайды. Бұл ойынның көптеген кемшілігі болғандықтан соншалықты әсер етпегенімен, ақпарат құралдарының лаңкестік топтан қорқуын көрсету оның мақсаттарының бірі болды.   Destructive Creations-тің директоры Ярослав Зелинский өз елінің  Głos Gminny газетіне берген сұхбатында: «Менің ойымша, ДАИШ-тың Еуропаға шабуыл жасайтыны – шешілген мәселе. Шабуыл жақын арада орын алады. Олар Таяу Шығыс соғысынан шаршап, Еуропаны басып алуды көздейді. АҚШ жылдар бойы Солтүстік Корея мен Иранды Еуропа үшін ең үлкен қатер деп таныстыруда. Негізінде бұл мемлекеттер емес, ДАИШ – шынайы қауіп-қатер тудырушы»,- деді.Әрине ДАИШ-тың Еуропаға шабуыл жасауының уақытын белгілеп, мәселені аталмыш ойында көрсету кейбір адамдар үшін қиял болып көрінер, бірақ өткен уақыт ДАИШ бүлігінің Еуропаға жеткенін көрсетті. 2020 жылдан бұрын бұл лаңкестер Батыс ақпарат құралдарында көрінуімен бірге Еуропаның көшелерінде де көрінді.  

 

 

Тегтер