Араб НАТО-сы жобасы: эр-Рияд сионистік режимге қызмет етуде (1)
(last modified Tue, 16 Jan 2018 07:57:57 GMT )
Қаң 16, 2018 13:57 Asia/Almaty
  • Араб НАТО-сы жобасы: эр-Рияд сионистік режимге қызмет етуде (1)

Араб НАТО-сы – Иранның аймақтағы заңды ықпалының таралуына кедергі келтіру мақсатында дайындалған әскери-қауіпсіздік жоба.

Бағынышты араб елдерінің 2011 жылғы исламдық оянудың салдарларынан қорқуы, кейбір саяси наразылықтар мен қайшылықтардың туындауы, аймақта гибридтік соғыстардың жүргізілуі және қарсыласу өзегінің жеңістері Сауд Арабиясы сияқты бағынышты араб елдерінің АҚШ-тың идеясы болып табылатын "Араб НАТО-сы" жобасын орындауға көбірек ынта танытуына себеп болды.

"Араб НАТО-сы" жобасындағы негізгі мақсаттардың реті төмендегідей: арабтың бітім майданы, сионистік режим мен АҚШ деген үштік арасында стратегиялық одақ құру, Иранның аймақтағы ықпалын шектеу, Ираннан үркіту, Иранды араб әлеміне қауіп төндіретін экспансист ел ретінде көрсету, Палестина мәселесін ұмыттыру, қарсыласу өзегін әлсірету, Парсы шығанағы маңында орналасқан араб режимдерінде тұрақтылық пен қауіпсіздік  орнату, сионистік режимнің аймақтық елдермен қарым-қатынасын жөндеу, қару-жарақ сату нарығын ашу, лаңкестікпен күрес сылтауымен елдердің ішкі ісіне араласу.

Араб коалициясын құру жобасы біраз уақыттан бері, яғни 2017 жылдың ақпан айынан бастап АҚШ Президенті Дональд Трамп тарапынан көтеріліп келеді. Трамп 2017 жылғы Сауд Арабиясына сапарында 40-тан астам араб елінің басшылары қатысқан жиналыста "Араб НАТО-сы" атты жобаны жариялап, оны орындауды қалайтынын білдірді. Дональд Трамп өзінің одақтастарымен, соның ішінде Мысыр, Иордания, Сауд Арабиясы мен БАӘ-мен келіссөздер өткізіп, осы елдер арқылы араб әскери коалициясын құрып, сионистік режиммен қауіпсіздік саласындағы мәліметтермен алмасып, ортақ дұшпандарымен, яғни Иранмен күресуге талпынды. Сонымен қатар, Трамп үкіметі Мысырдың басшыларынанбіріккен араб әскери одағының армиясын қабылдауды сұрап, Мысырды бұл коалицияның НАТО ұйымы сияқты бола алатындығына сендірді, яғни осы коалицияға мүше әрбір елге жасалған шабуыл бүкіл мүше елдерге төнген қауіп болып табылады. Алайда, бұл коалиция Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы – НАТО-ның көлемі мен қуатына жетпейді.

АҚШ әскер және барлау тұрғысынан қолдау көрсетуді ұсынды. АҚШ басшыларының айтуы бойынша, АҚШ пен сионистік режим ортақ қорғаныс жасалатындай осы коалицияның бір бөлігі емес. Басқа сөзбен айтқанда, АҚШ пен сионистік режимнің шабуыл жасауы араб елдерін араласуға міндеттемейді, керісінше, бұл мәселе де айқын. "Араб НАТО-сының" күштері әдетте Мысыр, Иордания, Марокко, Сауд Арабиясы, Судан мен Парсы шығанағы маңындағы елдердің шағын тобының сарбаздарынан тұрады. Оның штабы Мысырда орналасады деп көзделген. Бұл ұйымның жетекшілігін Сауд Арабиясы өз міндетіне алады. Араб НАТО-сын құру идеясы болашақтағы дағдарысқа реакция білдіруге дайын болу үшін көп ұлттан тұратын күштердің әріптесуі дегенді білдіреді.

Трамп 2017 жылғы аймаққа сапарында сионистік режим мен Парсы шығанағы маңындағы елдердің ауқымды қарым-қатынасын дамыту қажеттігін қуаттап, араб елдері мен сионистік режимнің байланысын жөндеу немесе әріптестігін кеңейту арқылы Иранның аймақтағы ықпалына кедергі болып, "Араб НАТО-сы" деп аталатын жобаны орындауға күш салды. Трамптың Сауд Арабиясы мен Тель-Авивке сапарларының мақсаттары аймақтық күштермен бірлесіп, қарсыласу өзегімен, әсіресе Сирия және Иранмен күресу; сионистік режим, Сауд Арабиясы, Парсы шығанағы маңы елдері мен араб елдерінің қарым-қатынасын дамыту; Иранға қарсы коалиция құру; сионистік режимді қолдау және оның қауіпсіздігін кепілдендіру болды. Мысырдың әскери сарапшысы Мұхаммад Шахави "Араб НАТО-сы" жобасы туралы: "Трамптың Иранның аймақтағы ықпалымен күресу үшін Араб НАТО-сын құруға бағытталған талабы Мысыр Президенті Абдул Фаттах әс-Сисидің 2015 жылы Шарм ул-Шейхтегі араб конверенциясында сөйлеген сөзімен үйлеседі. Бұл конференцияда әс-Сиси арабтардың ұлттыққауіпсіздігін қорғау үшін арабтардың ортақ  күшке ие болғанын қалайтынын білдірген болатын" деді. Мысырдың сарапшысының пікірі бойынша, Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағы маңы елдерінде ортақ бір дұшпан бар: ол – Иран. Мысыр араб елдерінің қауіпсіздігін сақтау үшін ортақ араб күшін құра алады. Бұл ортақ күш араб үмбетінің мүддесіне сай келеді.

Кейбір есептер бұл жобаның америкалық-сионистік сипатынан хабар береді. Тіпті, "Араб НАТО-сы" жобасы АҚШ-тың Ирактан шыққаннан кейінгі Вашингтонның Парсы шығанағына арналған жобасы саналады. The Wall Street Journal газетінің 2017 жылдың 15 қаңтарында араб қайраткерлеріне сілтеме жасап жазуына сәйкес, Дональд Трамп үкіметі бір әскери одақ құру және сионистік режиммен қауіпсіздік саласында ақпарат алмасу арқылы ортақ дұшпан – Иранға қарсы тұру үшін араб одақтастарымен сұхбаттасып жатыр. Америкалық осы газет "АҚШ-тың Мысыр, Иордания, Сауд Арабиясы және БАӘ-мен осы коалиция жайлы кеңесулері жалғасуда. Трамп үкіметі  Мысырдан арабтардың бірлескен әскери күштерін  қабылдауды сұрады. Бұл коалиция НАТО ұйымы сияқты болмысқа ие бола алады",-деп жазды.

2014 жылдың басынан сионистік режим мен Сауд Арабиясының өкілдері өздерінің ортақ жауы Иран жайлы сұхбаттасу үшін бес құпия кездесу өткізді. Эр-Рияд пен Тель-Авивтің өкілдері Вашингтонда АҚШ-тың сыртқы қатынас кеңесінде өздерінің құпия да болса, айқын дипломатиясын жария етті. Сионистік режим мен Сауд Арабиясының басшылары – Беньямин Нетаньяху мен Малек Салман Таяу Шығыстағы оқиғалар мен өзгерістерді бақылап отырған режимдер болып табылады. Өйткені, олардың ортақ мақсаты – исламдық Иранның аймақта күш пен ықпалға ие болу қатерімен күресу.

Өзін қасиетті қалалардың қызметшісі әрі ислам әлемінің жетекшісі санайтын Сауд әулеті сионистердің басып алынған Палестина жеріндегі қылмыстарына қатысты әрдайым пассивті рөл атқарды. Сионистік режимнің басшылары да Иранды өздерінің аймақтағы стратегиялық жауы деп таныстырып, Сауд Арабиясы сияқты Иранның ядролық державаға айналуынан және өздерінің аймақтағы тежегіш қуатынан айырылып қалудан қорқады. 

Америкалық жазушы Грэм Е. Фуллер осы жөнінде: "Эр-Рияд бүгінде Иранды Араб патшалығына төнген жаңа қауіп ошағы деп сипаттауға күш салып жатыр. Олар Иранмен парсы елі болғандықтан емес, одан маңыздысы, шиіт болғаны үшін жауласады",-деп жазады. Патша әулеті кеңесшілерінің бірі Сауд Арабиясының алаңдаушылықтарын былай деп жеткізді: "Шиіттер Сафави әулетін қайта жандандыруды немесе басқаша айтқанда, Пәкістан, Иран, Ирак, Ливанды, ақырында Сауд Арабиясын біріктіретін "Шиіттік Жарты Ай" құруды көздейді".

Араб коалициясын құру талпынысында Йемен соғысы осы коалиция үшін практикалық сынақ саналады. Бұл соғыс Иранның Йеменде хусилер мен Ансаролла қозғалысына билікті алып беру арқылы Баб ул-Мандеб пен Қызыл теңізге ықпалын жүргізуінің алдын алу мақсатында орын алды. Ливан Хезболласы мен ХАМАС-тың басып алынған Палестина жерінде күшке ие болуы сионистік режимнің Таяу Шығыстағы саясаттарының қызыл сызығы болып табылады. Башар Асад үкіметі осы екі топтың қорғаушысы ретінде әрдайым сионистер үшін қатер төндіріп келеді. Саудиялықтар АҚШ Иракты басып алған 2003 жылдан бері Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс аймағында Иранға қарсылықта сионистік режиммен жақтасу саясатын ұстанады. Әл-Каида лаңкестік тобы мен солардың қолдауымен құрылған сүнниттік әсірешілдерқарсыласу өзегінде Иранның одақтастары болып табылатын Ирактағы шиіт күштері және Сирияда Башар Асад үкіметімен күресу үшін құрылған. Өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күйттеген сионистік режимнің күткенінің өзі осы болды. Бұл режим Иранға қарсы экстремистік лаңкестік топтардың қысымымен аймақта Ливан Хезболласы мен ХАМАС-ты әлсіретіп, басып алынған жерлердің қауіпсіздігін кепілдендіруге болады деп ойлайды.

Иранның Баб ул-Мандеб бұғазы арқылы Йеменге ықпал етуі де сионистік режим мен Сауд Арабиясы үшін қауіп саналады. Сионистік режим армиясының зейнеттегі қолбасшысы Шимон Шапраның айтуынша, Сауд Арабиясы мен Израильдің аймақта ұқсас қиыншылықтары мен түйткілдері бар. Олардың басты нүктесі – Иранның Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы ықпалы. Сондықтан, Йемен соғысы мен Иранға қарсы араб коалициясын құру Сирия соғысы, Иранның ядролық мәселесі мен "Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті" атты ДАИШ ұйымын құру сияқты жобаның бір бөлігі болды.

Осылайша, Сауд Арабиясы бастаған араб елдері аймақтың бірлігі мен біртұтастығын ойлап, мұсылмандар мен аймақ елдерінің мүддесінқамтамасыз етудің орнына Батыстың Иранмен ядролық келісімі жасалғаннан кейін араб әлемінің ең үлкен дұшпаны саналатын коалицияға қосылды. Бұл коалицияның мақсаты – Иранның ықпалы және құдіретімен күресу. Сондықтан, кейбір араб елдері осы уақытқа дейін арабтарға қарсы бірнеше соғыс ашқан қатерлі дұшпанды анықтаудың орнына Иранға қарсы жұмылып, сионистік режимнен төнген қатердің орнына Иранның қаупін тануға күш салып жатыр деп айтуға болады. 

Тегтер