Ирандағы адам құқығының жағдайы (2)
Әйелдердің орны мен құқықтары Өткен бағдарламада айтып өткеніміздей, ИИР Конституциясында әйел мен еркек болғанына қарамастан, барлық адамдардың құқықтарына жоғары орын берілген.
Осы аяда ИИР-да Ислам революциясының жеңісінен кейін әйелдің орны нығайып келеді. Бүгінде Иран қоғамында әйелдердің орны аймақтағы басқа елдерден, әсіресе Батыстың материалистік қоғамындағы жағдайдан әлдеқайда жақсы. Ирандағы әйелдерге көзқарас ислам мен ақлаққа негізделген. Бұл Ирандағы әйелдің жағдайын басқа елдерден өзгешелендіреді.
ИИР әйелдердің мәдени, әлеуметтік және саяси-экономикалық жағдайын жоғарылатуға өзінің ұлттық саясатын белгілеу, заң шығару және бағдарлама жасаудағы негізгі элемент ретінде көңіл аударып келеді. Әйелдердің орнына көңіл аудару туралы Иранеың тіпті «Алтыншы даму» бағдарламасында да айтылған. Биылғы жылдың басынан бастап орындала бастаған Иранның «Алтыншы даму» бағдарламасында бір тармақ әйелдердің әлеуметтік салалардағы орнын нығайту және барлық салаларда олардың заңдық құқықтарын орындауға арналған. Мұнымен қоса, исламдық Иранда әйелдердің орнына ерекше назар аударатын әртүрлі заң қабылданды. Осы аяда Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі «Алтыншы даму» бағдарламасын талқылаған кезде оған бір бап қосып, зейнетақы қорлары немесе әлеуметтік қамсыздандыруға қарасты мемлекеттік және қоғамдық органдарды, ұйымдар мен компанияларды 20 жыл жұмыс істеген әйелдердің зейнетке шығу туралы өтінішіне келісім беруге міндеттеді.
Әйелдердің оқуы
ИИР Конституцияның 3-ші, 30-шы және 43-ші баптарына сәйкес қоғамның мәдени дамуы, тегін қоғамдық оқуды қамтамасыз ету, халықтың бәрінің, соның ішінде әйелдердің білімін жоғарылату жолында ауқымды шаралар атқарды. ИИР ғылыми-университеттік білім беруді кең тарату арқылы халықтың, әсіресе әйелдердің әртүрлі әлеуметтік тобының білімін жоғарылатуға себеп болды.
2015-2016 жылдары әйелдер мен қыздардың мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары мен медициналық университеттерде оқуы артып келеді. Мысалы, 2015 жылы Ирандағы студенттер арасындағы қыздар 45,9 пайызды құраса, 54,1 пайызын ер адамдар құрады. 2016 жылы 46,1 пайызын әйелдер, 53,9 пайызын ер адамдар құрады. Бұл Иранда әйелдердің білім алу үдерісінің арту үстінде екенін көрсетеді.
Әйелдердің университеттердегі ғылыми кеңестерге қатысу үдерісі де артып келеді. 2015-2016 жылдары Ирандағы ғылыми кеңестердегі әйелдердің үлесі бір пайызға артты. Мемлекеттік және жеке меншік университеттердегі әйелдердің ғылыми дәрежелері арту үстінде. 2015 жылға дейін Иранда шамамен 8 мемлекеттік зерттеу орталығы мен 6 жеке меншік зерттеу орталығы әйелдердің қатысуымен тәуелсіз жұмыс істеп тұрды.
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрлігінің ғылыми-технологиялық зерттеу институтының статистикалық мәліметіне сәйкес, Иранда әйелдер жүргізген зерттеулер көңіл аударуға тұрарлық болған. Мысалы, 2015 жылғы білім беру саласындағы статистика бойынша, әйелдер 1699 зерттеу жүргізген. Әйелдер мен жанұяның маңыздылығы туралы мәселеде осы жылы әйелдер тарапынан 16252 зерттеу жүргізілген. Бұл жағдайлар ИИР-ның әйелдерді оқытып, олардың ғылыми саладағы орнын жоғарылатуға көңіл бөлетінін көрсетеді.
Әйелдердің саяси белсенділігі
ИИР әйелдердің саяси белсенділігі мен шешім қабылдауға қатысуын тең құқық пен міндет деп белгілеген. Бұл құқыққа ИИР жүйесінің 20 жылдық перспектива құжаты мен Әйелдердің құқықтары мен жауапкершіліктерінің жарғысында ерекше назар аударылған. Иранның билік құрылымы мен саяси сахнаға қатысуының жайттары қатарына әйелдердің министр және Президенттің орынбасары лауазымдарына, Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі, судья, басшы, қала мен ауыл әкімі лауазымдарына тағайындалуы жатады.
Иранның қазіргі Президенті Хасан Руханидің үкіметінде әйелдердің саяси рөліне көбірек көңіл бөлінуде. Руханидің үкіметінде 3 әйел Президенттің орынбасарлары, 1 әйел Президенттің азаматтық құқық істері жөніндегі арнайы көмекшісі ретінде жұмыс істейді. Мұнымен қоса, 2015 жылы алғаш рет бір әйел ИИР-ның Малайзиядағы елшісі болып тағайындалды. Марзия Афхам Иранның Малайзиядағы елшісі ретінде қызмет атқарып жатыр. Мұнымен қоса, атқару органның барлық мекемелерінде, министрліктерде, облыс әкімшіліктері мен басқармаларда, ИИР Телерадио бірлестігі мен Иранның Қарулы күштерінде кеңес немесе әйелдер ісі жөніндегі департамент қарастырылған.
Әйелдердің Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі үлесі де артып келеді. Тіпті, Мәжілістің бірінші кезеңінен тоғызыншы кезеңіне дейін әйелдердің үлесі 450 пайызға өсті. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің қазіргі оныншы кезеңінде әйел депутаттардың саны 18-ге жетті. Мәжілістің 9-шы кезеңімен салыстырғанда әйелдердің құзыры екі есе артты.
Жынысына қарай кемсітуге тыйым салу
ИИР Конституциясының көптеген баптарында жынысына қарай кемсітуге тыйым салу қажеттігін қуатталған. Иран Конституциясының үшінші бабының 9-тармағында үкімет баршаға қатысты жөнсіз кемсітушілікті жоюға шара қолдануға міндеттелген. Конституцияның үшінші тарауының 14-ші тармағында заң алдында әйел мен еркектің тең екендігі айтылған. Иран Конституциясының 19-бабында да Иран халқының тең құқыққа ие екені, тіл мен этнос деген тақырыптарда кемсітушілікке ұшырамау қажеттігі айтылған. Сонымен қатар, ИИР Конституциясының 20-бабында барлық адамдар әйел немесе еркек болғанына қарамай, тең заңмен қорғалады. Исламдық қағидаларды сақтай отырып, оларда барлық гуманистік, саяси‑экономикалық, мәдени-әлеуметтік құқықтардың бары айтылған.
Келесі бағдарламада ИИР-дағы балалардың құқықтарына егжей-тегжейлі тоқталамыз.