Исламның ұлық пайғамбарының пәктік туралы илаһи сөздері
Пәктік барлық илаһи пайғамбарлардың басты ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелік адамды ғылым тұрғысынан надандық, қателік, жеңілдік, күнә мен ақылсыздықтан, амал тұрғысынан жаман істерден сақтайды.
Кез келген заманда илаһи пайғамбарлар мен олардың шындықтарына қарсы тұрып, олардың пәктігіне күмәнданып, оларды сынап, оларға наразылық білдірген адамдар болды. Негізінде Құран Кәрімде: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жебірейіл) үйретті»,- деп айтылған. («Нәжм» сүресі, 3-5-ші аяттары).
«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жебірейіл) үйретті»,- деп айтылған. («Нәжм» сүресі, 3-5-ші аяттары). Әлемнің Жаратушысы бұл аяттарда өз пайғамбарын қорғап: «Оның айтатыны – Алланы сөздері, өйткені ол кемел иманның көрінісі. Оның наным-сенімі мен амалы күнә мен қатеден ада» дейді. Пәктік барлық илаһи пайғамбарлардың басты ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелік адамды ғылым тұрғысынан надандық, қателік, жеңілдік, күнә мен ақылсыздықтан, амал тұрғысынан жаман істерден сақтайды. Сондықтан амал тұрғысынан пәк адамның ғылым тұрғысынан пәк болмауы мүмкін емес. Өйткені, адам егер халал мен харамды, пәктік пен ластықты, сұрықсыздық пен сұлулықты білмесе, амал тұрғысынан да пәк емес. Сондықтан, пайғамбарлар ғылым мен амал тұрғыларынан қателік пен күнәдән алыс болған. Олар шындықты дұрыс түсініп, түсінген нәрселерін дұрыс орындаған. Кез келген заманда илаһи пайғамбарлар мен олардың шындықтарына қарсы тұрып, олардың пәктігіне күмәнданып, оларды сынап, оларға наразылық білдірген адамдар болды.
Амал тұрғысындағы пәктік – тақуалықтың ең жоғары деңгейі. Тақуалық немесе адамның ықтиярындағы амал саналатын сабыр – иманның жоғары дәрежесі. Өздерін иман мен мағрифаттың жоғары биіктігіне жеткізген адамдар жалған қиялдарының ғылым салаларына әсер етуіне тыйым салуымен бірге шаһуаттың амалдарына әсер етуіне тыйым салып, кемел жігермен алға ілгерілейді. Олар тақуалықтарының арқасында амалдың ішкі тұрғысын сыртын көретіндей жағдайға жетеді. Сондықтан, олар күнәға ластанбауымен қатар, тіпті күнәға жақындамайды. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 10-шы аятында күнәнің ішін өрттің жалыны деп таныстырып: «Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер қарындарын отпен толтырған болады. Сондай-ақ, жалындаған тозаққа кіреді»,- деген. Сондықтан, күнәнің іші мен негізін көрген адам тіпті, ол туралы ойлағысы де келмейді. Тоқтың сымын ұстаса өлетінін білетін адам, ұмытып, оны ұстап, өлуі мүмкін. Бірақ, пәк адам – күнәнің негізінің өрттің жалыны екенін білген адам бұл туралы еш уақытта ұмытпайды. «Наһдж ул-Балағенің» пара туралы 224-ші құтпасында имам Әли (ғ.с.)-ның қызық рауяттарының бірінде: «Бір адамның қараңғы түскен кезде әкелген халуасы жыланның уымен араласқан еді. Мен ол адамға: «Егер зекет немесе садақа ретінде әкелсең, бізге яғни, пайғамбар әулетіне оны алуға болмайды, ал егер жамандық ойлап әкелсең, еш уақытта ойлағаныңа жетпейсің»,- дедім»,- деп айтылған. Имам Әли (ғ.с.) параны улы жылан жегеннен кейін құсып тастайтын тамақ санады. Бұл – екі рет улы жерден өтетін тамақ. Ешбір ақылды адам оны жегісі келмейді. Сондықтан, пайғамбарлар алдарынан күнә және харам іс жасаудың жолдарын жапқан. Адамның әрбір дене мүшесінің құқығы бар. Оларды халал немесе харам жолдар арқылы қамтамасыз етуге болады. Мәселен, құлақ харам музыканы емес, жүрекке жағымды сөздерді естігісі келеді. Көз харам көріністерден емес, әдемі көріністерден ләззат алады. Асқазан харам емес, пәк тамақты қажет етеді.
Адалдық тек пайғамбарлар мен пәк имамдарға ғана тиесілі емес. Кез келген адам тақуалық пен нәпсіні тазарту арқылы адалдық деңгейіне жете алады. Илаһи әулиелердің дұрыс тәлім-тәрбиесін пайдаланған адам білім мәселелерінде қателеспейтін адалдықтың белгілі деңгейіне жете алады. «Әнфал» сүресінің 29-шы аятында: «Әй, мүміндер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды...»,- деп айтылған. Адалдық кейбір басқа кемелдіктер сияқты әртүрлі деңгейлерге ие және барлық адамдарда оның мөлшері бірдей емес. Набават, ресалат және имамат сынды дәрежелерге адам талпынысымен жете алмайды. Құран бұл туралы: «..Алла елшілікті қалай басқаратынын біледі...»,- деді. («Ән’ам» сүресі, 124-ші аят).
Алла Тағала өз елшісін пәк құлы ретінде мадақтайды. Ол Алланың жердегі және аспандардағы халифасы болғандықтан қателіктерден ада. Алайда кейбір аяттар бойынша, кейбіреулер адалдық пен пәктікті маңызды емес деп санайды. Мәселен, «Бақаре» сүресінің 120-шы аятында: «...Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос, не жәрдемші болмас...»,- деп айтылған. Бұл аяттар туралы ойланбау қателіктерге соқтыруы мүмкін. «Мәиде» сүресінің 116-шы аятында Алланың қияметте хазірет Исаға: «Әй, Мәриям ұлы Иса! Адамдарға Алланы қойып, мені әрі анамды екі тәңір етіп алыңдар деп сен айттың ба?»,- дейді. Сол кезде хазірет Иса жауап қайтарып: «Әй, Алла! Сені пәктеймін. Тиісті болмаған нәрсені айту маған жараспайды. Егер деген болсам, сонда Сен оны анық білесің. Сондай-ақ, менің ішімдегіні Сен білесің, мен Сенікін білмеймін. Сен шынайы түрде көместерді толық білушісің»,- дейді. Сұбхан Алла қияметте періштеге арнап, бірақ шын мәнінде пұтқа табынушыларды айыптап, періштелерге: «Халық сендерге табынды ма?»- деп сұрағанда періште: «Сен біздің қамқоршы және басшымызсың, бірақ олар шайтанға бағынды»,- деп жауап береді. Сондықтан, егер бұл аятта пайғамбарды күнәһарлардан алыстатса, дәлелі залым топты қолдауы емес. Алла Тағала бұл жерде хазіреттің де намаз бен ораза және илаһи ахкамды насихаттау уәжіп етілген басқа мұсылмандар сынды кәпірдің талап-тілектерінен тартынуына міндетті екенін және бұл салада баршаның міндеттерінің бірдей екендігі туралы заңды баяндады. «Әли-Имран» сүресінің 60-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Раббыңнан бір хақиқат. Енді күдіктенушілерден болма...»,- деп айтылған.
Исламның ұлық пайғамбарының кешірім сұрауы туралы аят кейбіреулердің пайғамбардың басқалар сынды қателесуі мүмкін деп ойлауына себеп болды. «(Мұхаммад с.ғ.с.) шын мәнінде саған Кітапты Алланың, өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан, қаралықшылдарға болысушы болма. Алладан жарылқану тіле. Негізінен, Алла Тағала аса жарылқаушы, ерекше мейірімді». («Ниса» сүресінің, 105-106-шы аяттары). Кейбіреулер бұл аяттардың тек сыртқы мағынасына назар аударып, пайғамбар қиянат жасаушыларды қолдады деп сараптаған, Бірақ бұл хазіреттің пәктігіне сай келмейді. Пайғамбар (с.ғ.с.) басқа адамдар сияқты міндеттерге ие. Айтылған мәселе хазіреттің пәктігін теріске шығармайды. Негізінде, кешірім сұраудың екі мақсаты бар: немқұрайдылық пен ықтималды қатені шешу немесе жасалған күнәлар мен қателіктерді жою. Алайда, Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің пәк жанұясы туралы «Ахзаб» сүресінің 33-ші аятында: «Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар. Сондай-ақ, намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды»,- деп айтылған. Яғни, бұл пайғамбардың сөзінің хазіреттің амалдары сынды қателіктерден алыс болуын көрсетеді.