Иран Ислам революциясының жылдығы 5
Батыс Азия – халықаралық ойыншылардың көбін қызықтыратын ең маңызды аймақтардың бірі. Геополитикалық және геостратегиялық жағдайы мен үлкен энергетикалық қоры бұл аймақтың маңыздылығын екі есе арттырған ең маңызды факторлардың қатарына жатады.
ИИР аймақтың ең маңызды мықты ойыншыларының бірі ретінде аймақтық тәртіп пен Таяу Шығыстың саяси, экономикалық және қауіпсіздік жағдайына маңызды рөл атқарады. Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін Батыс пен араб мемлекеттері Иран мен аймақтың қауіпсіздігіне қарсы әртүрлі қастықтарды іске асырды. Бір жақтан, АҚШ-тың аймақтағы әскери араласуы осы елдің аймаққа көбірек араласуына себеп болса, басқа жақтан аймақтың қауіпсіздігін сындарсыз бәсекелестікпен кезіктірді. Иранның сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің басшысы Сейед Камал Харрази бұл туралы: «Батыс Азия аймағы мемлекеттерінің қауіпсіздік жағдай мен алаңдаушылықтарының бір-бірімен араласып кетендері соншалықты, оларды бір-бірінен ажырату қиын. Яғни, аймақ елдерінің ұлттық қауіпсіздігі бүкіл аймақтың қауіпсіздігіне сүйеніп қалыптасады»,- деді. Алайда, аймақ қауіпсіздігінің келешегі ресми үкіметтер мен аймақта пайда болған жаңа күштер арасындағы келісімдерге қатысты. Сайд Зареидің пікірінше, Ирандағы Ислам рволюциясының жеңісі аймақтың болмысына әсер еткен: «Қазіргі таңда Иран аймақта мықты орынға ие. Оны ешбір нәрсе өзгерте алмайды. Бұл жағдай Иранның ішкі, геополитикалық және мәдени мүмкіндіктеріне сүйеніп, Иран орталығы саналатын майданға тәуелді болып отыр» деді. Иранның стратегиясыынтымақтастық пен бейбітшілік орнату.
Иран Президенті Иран, Ресей және Түркия Президентерінің 1396 жылдың азар айындағы кездесуінде: «Иранның аймақтағы стратегиясы бәсекелестікке емес, ынтымақтастыққа, қарсыласуға емес, әріптестік жасауға, бөгде үкіметтерді емес, халықтардың жігерін қолдауға, соғысқұмарлыққа емес, бейбітшілік талап етуге сүйеніп, қалыптасты. ИИР Сирия халқы мен үкіметінің лаңкестермен күресуге көмек сұраған дауысына оң жауап берген бірінші үкімет болды. Біз халықаралық лаңкестікке қарсы шынайы күресуді және аймақтың басқа елдері сұраса, оларға да көмектесуге дайынбыз». Әрине, ИИР-ның барлық талпыныстары халықаралық заңдар мен БҰҰ жарғысына, сондай-ақ заңды ынтымақтастықтарды дамытуға сәйкес орын алды.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қасиетті кесенелерді қорғаған шәһидтер мен шекарашы шәһидтердің отбасыларымен кездесуінде: «АҚШ басшылары Ислам революциясы жеңісінің басынан Ислам республикасы жүйесін өзгерткісі келді. Бірақ, Иран халқына соққы бере алмады, керісінше біздің халық оларға соққы берді»,- деді. .АҚШ Президентінің бос сөздері жаңа мәселе емес, өйткені исламдық жүйе басынан бастап, әртүрлі қастандықтармен кезікті. Бірақ Иран халқының қаскүнемдері еш нәтижеге жетпеді. Исламдық жүйе жас көшет болған кезеңде де оған зиян келтіре алмады. Бүгінде көшет мықты ағашқа айналды. Иранның сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің басшысы Сейед Камал Харрази 1396 жылдың тир айының 29 күні сөйлеген сөзінде: «Аймақ тынышсыздықтарынан кімнің пайда көретінін анықтау қажет. Егер, Иран Сирия мен Иракқа көмектеспегенде, Бағдад пен Дамаск ДАИШ-тың қолына түсетін еді. Егер Дамаск пен Бағдад құлағанда, сіздер еуропалықтар үшін қауіпсіз болады ма? Лаңкестікпен күресу үшін оның тамырын кесіп, қаржы көздерін жою қажет. Лаңкестікке қарсы соғыс әлі аяқталған жоқ, қоқан-лоққылар жалғасуда.