Кәсіпкер әйелдердің әлем экономикасындағы құзыры
(last modified Sun, 25 Mar 2018 19:40:08 GMT )
Нау 26, 2018 01:40 Asia/Almaty
  • Кәсіпкер әйелдердің әлем экономикасындағы құзыры

Кәсіпкерлік, инновация және идеяға сүйенген экономикалық жүйеде негізгі инвестиция экономикалық база саналады. Экономика саласы мамандарының көбі кәсіпкерлікті байлыққа ие болудың негізгі факторы санайды.

Қазіргі заманда әлем экономикасының құрылымы бұрынғыдан көп өзгерді. Өткен кезеңде экономикалық құрылымға қаржы мен активтер маңызды әсер ететін. Алайда қазіргі таңда экономикалық базаның орнын инновациялар, жаңа өнімдер мен бағдарламалық активтер анықтайды. Егер осыған дейін әлемнің ең бай адамдары ақшасы көп адамдар болса, бүгінде әлемнің ең бай адамдары – білім мен қабілет, дарынға ие кәсіпкерлер. Кәсіпкерлік, инновация және идеяға сүйенген экономикалық жүйеде негізгі инвестиция экономикалық база саналады.

Экономика саласы мамандарының көбі кәсіпкерлікті байлыққа ие болудың негізгі факторы санайды.Экономикалық дамудың ең жаңа пікірі кәсіпкерліктің елдің экономикалық-қоғамдық дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі әлемнің экономикалық дамуы инновация, дарын және білімді пайдалануға сүйенеді. Ешбір мемлекет даму жолын жылдамдықпен табысты өткере алмайды. Білім тұрғысынан жоғары әлеуетке ие мемлекеттер өнеркәсіптік даму мен жоғары экономикалық-саяси күш-қуатқа ие. Саяси сарапшылардың бірі Шумпитер кәсіпкерлікті экономикалық дамудың моторы деп атап: «Кәсіпкер – дарынды, тәуекелшіл, қырағы және терең ойға ие басшы. Ол таптырмас мүмкіндіктерді қалыптастырады»,- деді. Зерттеулер елдің экономикалық дамуы мен кәсіпкерлер санының тікелей байланысты екенін көрсетті. Кәсіпкерлерінің, одан маңыздысы үздік кәсіпкерлерінің саны көп мемлекет мықты экономикаға ие. Кәсіпкерліктің нәтижесі технологияны дамыту, қоғамды байытып, жұмыс орындарын ашып, тұрмысты жақсарту болып табылады.

Кәсіпкерлік

 

«Кәсіпкерлік» деген термин экономикалық мектептерде шамамен алты ғасырдан бері бұрын пайдаланылып келеді. Уақыттың өтуімен экономикалық саладағы өзгерістермен қатар терминнің маңыздылығы екі есе артты. Кәсіпкерлікке көптеген анықтама беріліп, оның әртүрлі факторлары баяндалды. Бірақ барша оның инновация мен тәуекелшілдікпен байланыстылығын қабылдайды. Бүгінде кәсіпкерлік – ғылыми сала емес, өмір сүру тәсілі. Кәсіпкер – жігерге ие, өзіне сенімді және тәуелсіздік талап ететін адам. Ол алдына мақсат қойып, шындықпен санасады. Күш-қуат, терең ой, шешім қабылдау мен қарым-қатынас орнату қабілетіне ие болу – кәсіпкер адамның келесі сипаттары. Кәсіпкер дағдарыстарға қарсы тұрып, қиындықтардан өтіп, білімді жақсы пайдаланады. Ол зерттеу орталықтарындағы білімді өнім шығаратын білімге айналдырады. Мұрсаттарды пайдаланып, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдерді нарыққа ұсынады. Кәсіпкерлердің көбі өз жұмыстарын шағын   және орташа компаниялар түрінде бастайды. Бұл компаниялар дамыған өнеркәсіптерді дамыту мен жұмыс орындарын ашу  салаларында қомақты үлеске ие, сондай-ақ ірі компанияларға қарағанда олардың икемділігі жоғары болады. Әлемнің ірі компанияларының көбі мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлердің экономикалық базаларына бет бұрады. Бұл компаниялардың іскерлігіне назар аударып, үкіметтердің көбі шағын және орташа бірліктерді орталықтар ретінде дамытып, өнеркәсіптік және технологиялық парктер құруға, оларды тәуелсіз компаниялар  түрінде нарыққа енгізуді қолдайды. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде экономикалық-өнеркәсіптік базаларды орта компаниялар құрайтындықтан олар сол аймақтағы елдердің экономикалық дамуы мен жұмыс орындарын ашуына әсер етеді. Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Үндістан сынды елдердің тәжірибесі кәсіпкерлердің экономикадағы маңызын көрсетеді.

Кәсіпкерлердің әлемдік орталығының статистикасы бойынша, әлемдегі кәсіпкерлік саладағы 2 миллиард 400 миллион  жұмыс күшінің әйелдермен салыстырғанда 50 пайыздан астамын  ерлер құрайды. Бұл көрсеткіш әртүрлі елдерде өзгеше. Мемлекеттердің көбінде кәсіпкерлердің көбі ерлер болғанымен, кәсіпкер әйелдердәі саны артуда.

Кәсіпкерлік жылдамдықпен дамып келеді. Кәсіпкер әйелдер әлемнің елдерінің көбінде назар аударылатын тақырып. Зерттеушілер кәсіпкер әйелдердің белсенділігін ел экономикасында маңызды рөл атқарады деп санайды. Әйелдер  қысқа уақытта кәсіпкерлік салаға еніп, елдердің экономикалық дамуына әсер ететін болды. Мәліметтер әйелдердің экономикалық жұмыстарының әлемнің бүкіл жұмыстарының 25-35 пайызын құрайтынын көрсетті. 2012 жылы әйелдер әлемдегі кәсіпкерліктің экономикалық базалардың іргетасын қалаушыларының 12 пайызын құраса, 2015 жылы бұл мөлшер 18 пайызға артты.

2015 жылдағы Әлемдік экожүйелердің рейтинг нәтижелері бойынша бұрынғы кезеңмен салыстырғанда кәсіпке әйелдердің саны артқан.  Әлемнің 60 елі туралы зерттеулердің нәтижелері бойынша дамушы елдердің көбінде кәсіпкер әйелдердің саны дамыған мемлекеттермен салыстырғанда артық. Латын Америкасы мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде кәсіпкер әйелдердің саны жоғары. Мәселен, Эквадорда әйелдердің 30 пайызы кәсіпкерлікпен айналысады.

Әлемнің кәсіпкер әйелдеріне қатысты пікірталастардың бірі бұл топтың әлем елдерінің экономикасына қызмет етуге ден қою тақырыбына арналған. 2012 жылғы ислам әлемінің ең үздік кәсіпкер әйелі және Теһранның сауда палатасы директорлары кеңесінің мүшесі әрі Иранның бизнесмен әйелдері орталығының басшысы Фатима Моқими бұл мәселе туралы: «Өкінішке орай, әлемдегі әйелдердің экономикалық жұмыстарының көбі қызмет көрсету саласына  шоғырланды. Әйелдердің қызмет көрсету саласын таңдауы олардың көп инвестицияны қажет етпеуіне байланысты. Өйткені, әйелдердің ықтиярында ірі инвестияция болмағандықтан олардың өнеркәсіп пен өнім шығару кәсіптеріне тәуекел ету мүмкіндіктері жоқ. Әлем мүлкінің тек оннан бір бөлімі мен әлем байлығының тек жүзден бір бөлігі ғана әйелдердің ықтиярында. Бұл жайт әйелдердің экономика саласында жұмыс бастау үшін қажет қаржылай қолдаудан кенде екендіктерін көрсетеді»,- деді.

2012 жылғы ислам әлемінің ең үздік кәсіпкер әйелі Фатима Моқими

Кейбір қоғамдардың әйелдердің экономикалық мүмкіндіктеріне немқұрайдылық танытуы мен әйелдердің елдердің экономика салаларына қатысуға қолайлы жағдайдың болмауы кәсіпкер әйелдердің қиындықтарының бірі саналады. Иранның Кәсіпкер әйелдерінің ұлттық одағының атқарушы директоры әрі «Ардан райане» компаниясының атқарушы директоры Мәриәм Хавази ерлермен салыстырғанда кәсіпкер әйелдердің жұмыстарының қиындықтарының бірін әйелдердің қоғамдағы әртүрлі міндеттеріне байланысты деп санап: «Әйелдер, әсіресе кәсіпкер әйелдер перзент тәрбиелеуге, жұбайына қарап, аналық міндеттерін орындауға, отбасын басқарудан бастап, кәсібін басқаруға және қоғамдық міндеттерді қабылдауға міндетті. Сондықтан, жұмыс пен түрмыстың арасында теңдікті сақтау – кәсіпкер әйелдердің өмірлеріндегі маңызды қиындықтардың бірі»,- деді.

Иранның Кәсіпкер әйелдерінің ұлттық одағының атқарушы директоры Мәриәм Хавази

Әлем мемлекеттерінің көбінде әйелдердің экономикалық жұмыстармен айналысуына байланысты заңдардың дұрыс болмауы мен осы уақытқа дейін әйелдердің кәсіпкерлік әлеуеттеріне күдік-күмәннің болуына қарамастан кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің рөлі артуда. Қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері, келісімге келіп, тіл таба білу қабілеттері олардың рөлінің артуына себеп болуда.