Нұр мен наурыз
(last modified Thu, 29 Mar 2018 17:12:34 GMT )
Нау 29, 2018 23:12 Asia/Almaty
  • Нұр мен наурыз

Режеп - адамның өзіне көңіл бөліп, кемшіліктерін анықтап, оларды жойып, кемелдікке жетуге талпыныс жасау үшін жақсы мұрсат.

Жыл сайын көктем ауа-райының жылуы, түн мен күннің теңесуі, қыстың аяздары мен суық түндердің аяқталуымен басталады. Бірақ бұл жылы табиғаттың көктемі рухани көктеммен тұспа-тұс келді. Табиғаттың суығы көктемдегі ағаштардың бүршік жаруы, бұлбұлдардың әні мен жерде көк шөптің шығуымен кетіп, мұздар дұғалармен ериді.

Әсем режеп айының ғашықтары мен ғарыштағылар сопылардың жүрекке қонымды дұғаларын тыңдап, періштелер режепке «ләббейк» айтқандарды тіркейді. Намазхандардың зікірлерінің дауысы Жаратушының айналасындағы кеңістікті толтырады. Жетінші аспанның төбесі безендіріліп, мүміндер режеп айының нұрға толы күндерін Алланы еске алып өткізуде.

Режеп айының дұғасы

Бұл жолы көктем режеп айының нұры және жарығымен безендіріліп, Алланың рақымы Оның ғашықтарының жүректерін  жұбатты. Режеп күнінің жылуы Жаратушының  пенделерінің  жүректерін жібітіп, нұры намазхандарды ойландырды. Мүміндер ораза тұтып, жер-жерден дұғалар мен тәкбірлер естілуде. Режеп айының таңы шындықты талап ететіндерді тыныштықтан айырып, сәжделері мен ғибадаттарын орындайтын мекендер Алланың адал пенделерінің мекендеріне айналды.

Режеп - құлшылық айы

Қазір режеп айының нұрлы күндері жалғасуда. Қамари айының 13-14-15 күндері «ақ күндер» деп аталады. Өйткені, бұл күндері аспандағы айдың толуына болуына байланысты түндер жарық болады. Рауаяттар бойынша, режеп, шағбан және рамазан айларындағы итикаф кезеңі – дұғалар қабыл болып, орындалатын уақыт. Режеп айы –  ерекше үш айдың біреуі, олардың рухани көктемі. Көктемде табиғат жаңарып, адам мейірімді Алламен сырласады. Режеп айы – адам ілгерілейтін ай. Бұл айда өзгеріс әкелетін көктем сынды адамға рухын тазартуға мұрсат беріледі.

Режеп айы – рухтың кемелдікке жету көктемінің басталуы.Итикаф – құлшылықтың ең айқын көрінісі. Бұл күндері мұсылмандардың көбі мешіттерге жиналып, жүректерін шаң-тозаңнан босатып, тоухид үйіне айналдырады. Итикафтың маңыздылығын Исламның ұлық пайғамбарының: «Режеп айының ортасында, яғни 13-15 күндері ораза тұтып, түндерінде түн намазы үшін оянатын әр адам дүниеден тәубеге келіп кеткендей болады» деген сөздері білдіреді.

Режеп көктемінің нұрлы күндері адамның өзіне көңіл бөліп, кемшіліктерін анықтап, оларды жойып, кемелдікке жетуге талпыныс жасау үшін жақсы мұрсат. Итикаф күндері өзінің ерекшеліктерімен адамдарды мейірімді Аллаға бет бұруға жігерлендіреді. Кейде адам Жаратушымен сырласу үшін бүкіл материалдық дүниеден алыстап, өзімен жеке қалып, көз жасын жасырмай болмысынан шаң-тозаңды шығаруға талпыныс жасауы керек. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Кім өзінің ғашығымен сырласқысы келмейді?! Тіпті, илаһи пайғамбарлар рухани қажеттілікке көңіл бөліп, мейірімді Алламен сырласу үшін мұрсаттарды пайдаланады. Ең жақсы мұрсаттардың бірі – итикаф кезеңі",- деп айтылған.

Режеп айында жүректер илаһи зейнеттермен безендіріліп, ластықтардан тазарады. Режеп айы – өмір кітабының ғибадаттың хош әтіріне толы жаңа кезеңі. Бұл кезеңнің қадірін жақсы білетін адам құнды мұрсатты көбірек әрі шынайы пайдалануға талпынады. Итикаф кезіндегі адамның ең жақсы ғибадаты ойлануы, Алла мен өзін тануға талпыныс жасауы болып табылады.

Хазірет Әли (ғ.с.) ойлану туралы: «Ойлану адамды жақсылық жасауға жігерлендіреді»,- деген болатын. Итикаф кезеңі – адамның немқұрайдылық таныту жағдайынан шығып, ойлануы және қырағылықпен өз өмірін жалғастыру үшін жақсы уақыт. Адам Алла, дін, дүние, табиғат, қиямет туралы ойланып, өз іс-әрекеттеріне есеп жүргізіп, жаннат пен оның нығметтері туралы ойланады. Адамды тәрбиелейтін әрі көптеген ерекшеліктерге ие бұл кезең үшін көптеген амалдар қарастырылған. Ол амалдар үлкен екі мақсатқа ие.  Құран Кәрім ғибадаттың мақсатын иман келтіру және нәпсіні тазарту деп көрсетеді. «Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды» («Шамс» сүресі, 9-шы аят). Келесі бір аятында: «Шынында иман келтіргендер құтылды» («Муминун» сүресі, 1-ші аят), сондай-ақ, «Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар»,- деді. («Жұма» сүресі, 10-шы аят). Екінші мақсаты – Алладан басқадан алыстауға үйрену. Итикафқа қатысатын адам бұл кезеңде дүниеден алыстап, бүкіл уақытын ғибадат жасап өткізіп, өз дұғаларында Алладан: «Уа, Алла! Жаратылыстардан алыстап, кемел өзің мен өзім туралы ойлануға көмектесе гөр»,- деп сұрайды.

Итикаф – рақым жаңбыры күнәлардан тазарту үшін жауатын, жүректі нұрландырып, рухқа тыныштық сыйлайтын кезең.

Итикаф кезеңінің көп қуатталған келесі амалы – ораза тұту. Бұл ғибадаттың маңыздылығы сондай, имам Бақер (ғ.с.): «Режеп айының итикаф күндерінде ораза тұтатын адамға Алла Тағала ораза тұтқан әр күні үшін бір жыл ораза тұтып, түндердің ояу өткізгеннің сауабын тіркейді. Ол қиямет күні тозақ отынан аман қалатындардың қатарына кіреді»,- деген. Имам Садық (ғ.с.) та бұл айдың ерекшелігі туралы: «Қиямет күні келген кезде «режеп айында ораза тұтып, оны пайдаланғандар қайда?» деген Алланың дауысы естіледі. Сол кезде үлкен жамағаттың ішінен жүздері нұрланған, бастарында асыл тастармен безендірілген тәждері бар бір топ шығады. Олардың әр қайсының оң жағынан мың періште, сол жағында мың періште құттықтайды. Сол кезде Алланың: «Пенделерім, ұлылығым және ғиззатыммен ант етемін! Сендерді құрметтеп, көптеген сый беріп, аяқтарыңның астынан бұлақ сарқырап жатқан орынға орналастырамын. Сендер бұл жерде мәңгіге қаласындар, өйткені сендер өз еріктеріңмен мен ұлы ай деп санайтын айда ораза тұттындар»,- деген дауысы естіледі. Содан соң Жаратушы періштелерге: «Періштелерім, пенделеріме жаннатқа бастайтын жолды көрсетіңдер»,- дейді»,- деп айтқан болатын. Имам Садық (ғ.с.) сөзінің жалғасында: «Бұл сый режеп айының басында, ортасында немесе соңында бір күн ораза тұтқан адам үшін»,- деген болатын.

Исламның ұлық пайғамбары режеп айының ұлылығы мен маңыздылығы туралы: «Жебірейіл маған келіп: «Әлиге әр айда үш күн ораза тұтсын деп айт. Бірінші күн он мың жылға, екінші күн отыз мың жылға, үшінші күннің маңыздылығы жүз мың оразаға теңеледі»,- деді. Мен: «Бұл ерекешелік тек мен үшін ғана ма, әлде барша халық үшін бе?»- деп сұрадым. Жебірейіл: «Алла Тағала бұл үш күнді сен және бұл үш күнде ораза тұтатын әрбір адам үшін сый етті»,- деп жауап берді. Мен бұл үш күннің қай күндер екенін сұрадым. Жебірейіл:  «Итикаф кезеңі, яғни  әр айдың  13-14-15 күндері»,- деді»,- деп айтқан болатын. Мүнәжәт пен құлшылықтың көктеміне сәлем! Пенделерін қабылдайтын режеп айының итикаф күндеріне сәлем! Аллаға ғашықтарды қонақ ететін күндерге сәлем! Алланы еске алып, зікір айтушылардың куәсі болып отырған режеп айының сәттеріне сәлем! Илаһи мейірім мен махаббат жауатын, пенделері мен Жаратушысы бір-біріне жақындайтын, ғибадат жасаушылар түндерін ояу өткізетін режеп айына сәлем!

 

Тегтер