Хазірет Зейн әл-Абидиннің (ғ.с.) шиіттердің мәдениетін таратудағы рөлі
(last modified Sun, 22 Apr 2018 08:12:32 GMT )
Сәу 22, 2018 14:12 Asia/Almaty
  • Хазірет Зейн әл-Абидиннің (ғ.с.) шиіттердің мәдениетін таратудағы рөлі

Шағбан айының 5-ші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының шөбересі имам Саджадтың (ғ.с.) туған күнінің жылдығы.

Шағбан айында Медине қаласында имамат бағының келесі гүлі бүршік жарып, алавиттердің бағы ерекше көңіл-күйге бөленді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның кішкентай, бірақ берекеге толы үйі жүзінен ұлылық байқалған перзенттің нұрымен жарқырады. Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) хиджридің 38-ші жылының шағбан айының бесі күні Медине қаласында әкесі хазірет Аба Абдолла әл-Хусейн (ғ.с.) мен Шаһрбану есімді беделді ананың отбасында дүниеге келді. Ол   әкесі мен анасының қайырымдылығына байланысты хазірет «Ибн әл-Хайратин» деген атқа ие болды. Имам Саджад (ғ.с.) әкесі Кербала оқиғасында шәһид болған соң маңызды рөл атқарды. Хазірет Кербала оқиғасынан кейін 34 жыл өмір сүріп, ислам үмбетін басқарып, әртүрлі жолдармен зұлымдық және надандықпен күресті.

Хазірет Әли әл-Хусейн (ғ.с.)-ның әртүрлі лақап аттары болды. Олардың ішіндегі ең танымалы – «Саджад». Имам Бақер ( ғ.с.): «Әкем Саджад әрбір илаһи нығметті еске алған кезде сәжде жасайтын. Құранның сәжде туралы аяттарын сәжде жасамай оқымайтын. Қиындықпен кезіккен кезде сәжде жасайтын. Намазды сәжде жасамай аяқтамайтын. Екі адамның арасында қайшылық туған кезде Алла үшін сәжде жасайтын. Ол кез келген жағдайда сәжде жасап, сәжденің әсер ететінін анық білді. Сондықтан әкемді «Саджад» деп атайтын»,- деп есіне алатын.

Имам Саджад (ғ.с.)  дүниеге келген соң бірнеше күннен кейін мейірімді анасынан айырылып, сәбидің тәрбиесі әкесінің мойнында қалды. Имам Саджад көкесі имам Хусейн (ғ.с.)-ды ерекше жақсы көріп, оның ахлақтық құндылықтарын үйренді. Әкесінің имаматы басталған кезде имам Саджад (ғ.с.) 12 жаста еді. Ол хиджри қамаридің 61-ші жылы әкесі ислам үмбетінің туын көтеріп, көтеріліске шыққанша,  әкесінен  дін тағылымдарын үйренді. Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) атасы имам Әли (ғ.с.) сынды ғибадат жасап, түн сайын тәкбір айтып, Құран оқитын. Оның дастарханы әрқашан кедей және жетімдердің алдына жайылатын. Ол су мен нанға толы қоржынын иығына асып, жетімдер мен кедейлердің үйлеріне барып, шамамен 300 отбасын су және нанмен қамтамасыз ететін. Бірақ олар өздеріне тамақты кім әкелетінін білмейтін. Хазірет оларға азық апарып, өзі күндіз ораза тұтып, күн батқан соң ауызын арпа нанымен ашатын. Хазірет  өмір бойы дұғалары арқылы халыққа ахлақ пен ерліктің сабағын үйретті. Имам Садық (ғ.с.) бұл тұлғаның иманы туралы: «Аспанның астында Әли бен Хусейн (ғ.с.) сынды бүкіл өмірінде бір тілім харам жемеген, харамға қарай бір қадам баспаған, шындықтан басқаны айтпаған және Алладан басқа үшін амал етпеген адам болған жоқ»,- деген болатын.   

Уаһи жолдауын адамдарға жеткізіп, оны тарату – әр имам мен әрбір діни басшының міндеті. Имам Саджад (ғ.с.) хазірет Әли (ғ.с.) ие болған міндетке ие болды. Негізінде имамдардың міндеттерінің негіздері бірдей, бірақ әрбір кезең мен халықтардың қажеттіліктері әртүрлі. Жағдай мен халықтың қалауы негіздерді өзгертіп, құндылықтарды ауыстыра  алмайды. Бірақ, әдістерді өзгертуге болады. Мәселен, хазірет Әли (ғ.с.) зұлымдық және бұрмалаушылықтармен күресіп, өзінің халифатқа ие болу құқығы туралы халыққа түсіндіру мен ислам үмбетін басқаруда шынайы Исламның идеологиялық, саяси және ахлақи негіздері бойынша іске асыру міндетіне ие болды. Имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) да осындай міндетке ие  болды. Олардың жолдаулары мен мақсаттары бір болғанымен, тарихи құжаттар олардың әрқайсы міндеттерін орындау үшін  өз әдісі мен өз жолын пайдаланғанын көрсетеді.

Шиіттердің төртінші имамының имаматы кезінде Амави үкіметімен қайтадан қақтығысатын мүмкіндік болмады. Халифатты заңсыз тартып алу, Сефейн, Нахраван және Джабал соғыстары, сондай-ақ Муавие мен Язид билігінің зорлық-зомбылығының салдарлары мен имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) мен серіктерінің шәһид болуы мен биліктің күнделікті қысымдары қоғамда үмітсіздік  тудырды. Сондай жағдайда имам Саджад (ғ.с.) өзінен кейінгі имам Бақер (ғ.с.) мен имам Садық (ғ.с.) сияқты өз жақтастарына тәлім-тәрбие бере алмады, не хазірет Әли бен Абиталеб (ғ.с.) сынды билікке қарсы күш көрсете алмады. Мәдениет, саясат пен қоғам салаларындағы бұл екі мәселе ұзақ уақыт бойы  шиіттердің ой-пікірлерінің таралуына кедергі болатын еді. Сондықтан бұл жағдайды өзгертіп, ислам тағылымдары негіздері бойынша мұсылмандардың ой-пікірін тарататын жаңа қозғалыс қажет болды. Имам Саджад (ғ.с.) бұл жолды тапты. Хазірет қоғамның дұрыс жолдан ауытқып, саяси, ахлақи және қоғамдық қысымдармен бетпе-бет келіп, тіпті дем алатын мүмкіндіктің қалмағанын жақсы білді. Сондықтан ол өз наным-сенімдерінің бір бөлігін баяндау үшін дұғаларды пайдаланды. Сонымен қатар қоғамның назарын ғибадат пен Аллаға құлшылық етуге аудартты. Имам Саджадтың (ғ.с.) дұғалары халықтың Алламен қарым-қатынасын қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарды.

Жаратушымен қарым-қатынас орнатып, оны үзбей, онымен сырласу адамның дамуына жағдай жасайды. Алламен сырласу – адамның Алланы қажет етуінің белгісі. Әлемнің Жаратушысына ғибадат ету адамның өміріне әсер етіп, оған тек пайдалы келтіреді. Өйткені, Алла мен Оның ұлылығының алдында басын иіп, рукуһ пен сәжде жасайтындар басқа адамдарға қарағанда өз-өзіне деген сенімділіктің ғиззатын сезінеді. Имам Зейн әл-Абидин (ғ.с.) дағдарыс жағдайында исламдық тағылымдарды дұға арқылы халыққа жеткізіп, өз мақсаттарының көбін дұға түрінде баяндады. Имам Саджад (ғ.с.)-ның дұғалары «Сахифе Саджадие» деген атаумен кітап болып жинақталды. Бұл кітап Құран Кәрім мен «Наһдж ул-Балағеден» кейінгі ең маңызды әрі ең үлкен қазына саналады. Хадисшілердін көбі Исламның ұлық пайғамбары мен имам Әли (ғ.с.)-ның тағылымдарынан нәр алған бұл мағыналы бұлақтан пайдаланды.

Имам Саджад (ғ.с.)-ның дұғалары бұл тұлға өмір сүрген кезеңдегі оқиғаларды сараптайды. «Сахифе Саджадие» – хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің зейнеті ретінде танымал болған имам Саджад (ғ.с.)-ның ой-пікірінің туындысы, мистиканың көрінісі. Бұл кітапты зерттеу арқылы имамның шексіз ұлылығын түсінуге болады. «Сахифе Саджадие» –ислам әлемінің ғұламалары мен ойшылдары әрқашан оған назар аударған бірегей еңбек. Бұл мектептің мұғалімі – төртінші имам. Имам Саджад (ғ.с.) осы кітабімен барлық салада сабақ беріп, әрбір адамды өз қабілеті мен дарынына сай жете алатын биіктігіне жеткізді. Негізінде имам Саджад (ғ.с.) ғибадат михрабында дүниелік  құндылықтарды Жаратушыны тануға себеп болатын жоғары құндылықтармен біріктірген тәлім-тәрбиеге толы мектептің іргетасын құрды. Америкалық ғалым  әрі «Сахифе Саджадиенің» аудармашысы профессор Уилиям Читтик бұл туралы: ««Сахифе» әртүрлі салалар бойынша, атап айтқанда Алланы танудан қоғамдық мәселелерге дейін жауап береді. Имам бұл кітапта исламдық амалдар немесе шариғатқа көп назар аударды. Хазірет Құран мен хадистердегі адамның жеке және қоғамдық өмірі үшін қажет Алланың насихаттары мен бұйрықтарын қуаттайды. «Сахифеде» қоғамдық тағылымдардың көбі, әсіресе ахкамның әділеттің орнатылуын қажет ететіндіг туралы айтылды»,- деп жазды. Осылайша, имам Саджад (ғ.с.) дұға арқылы шиіттердің мәдениетін өз ғасырының шиіттеріне үйретуімен бірге бұл қазынаны өзінен кейінгі шиіттер үшін де естелікке қалдырды.

Әлемнің барша мұсылмандары мен Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне сүйіспеншілік білдіретін азаматтарды имам «Зейн әл-Абидин» – имам Саджад (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығымен құттықтаймыз!

 

Тегтер