Жетекші көзқарасы: Құран – илаһи мықты арқан
(last modified Sat, 05 May 2018 15:19:52 GMT )
Maм 05, 2018 21:19 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Құран – илаһи мықты арқан

Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңі өткен сәуір айының 19-25 күндері аралығында Теһранда өтіп, сайыс аяқталған соң әдеттегідей сайысқа қатысушылар Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесіп, хазіреттің Құранға қатысты ақыл-кеңестерін тыңдады. Аятолла Хаменеи кездесуде ислам әлемінің қазіргі жағдайында Құранға сай ғамал етудің қажеттігін қуаттады.

Құран – илаһи шексіз білімнің теңізі. Әрбір мұсылман өз мүмкіндігіне сай осы илаһи үлкен мұғжизамен қарым-қатынас орнатып, сүйіспеншілік білдіруге талпынады. Қарым-қатынас орнату жолдарының біріне Құранды әдемі әрі жүрекке қонымды дауыспен қырағат ету жатады. Сол себепті Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы жылдардан бастап, Құранды қырағат ету және жаттау салаларында сайыстар басталып, біртіндеп ең сенімді халықаралық Құран сайысына айналды. 

Құран сайысына қатысушылар аятолла Хаменеимен кездесті

Халықаралық Құран сайысының 35-ші кезеңіне қатысқан қарилар мен хафиздермен кездесу қасиетті кітаптың нұрлы аяттарын қырағат етумен басталды. Содан соң аятолла Хаменеи сөз сөйлеп, ислам үмбетінің Құранды қажет ететіндігіне тоқталып: «Құран мәселесі – біздің өте маңызды мәселелеріміздің бірі; ислам әлемі мен ислам үмбетінің мәңгілік мәселесі. Біз Құранға сүйенуіміз керек. Егер ислам үмбеті Құранды пайдаланбаса, соққы көреді. Біз бүгінде Құранды қажет етеміз. Ислам қоғамы мен ислам үмбетінің дұрыс өмір сүру жолы – Құранға сай ғамал етуі»,- деді. Хазірет кездесуге қарилар мен хафиздердің қатысуына назар аударып, оларға: «Құранды оқып, оның заңдарын сақтау, Құранды жаттап, осы бұл басқосуда оқу – басты мәселе. Бұл оны түсініп, оған сай ғамал етудің бастамасы. Сіздер, жастар Құранның тағылымдарын жеке және қоғамдық өмірлерің үшін пайдаланып, соған сай ғамал етуге талпыныңдар»,- деді.

Құран – адамның әртүрлі жеке және қоғамдық салаларындағы жол нұсқаушысы. Алайда саяси және қоғамдық салаларда Құранға сай ғамал етпеу көптеген зиян келтіреді. Өкінішке орай, қазіргі таңда шамамен барлық исламдық үкіметтер Құран тағылымдарына немқұрайдылық танытып, қате саясат ұстануда. Ислам революциясының жетекшісі: «Бүгін біздің исламдық аймақ соғыс, азамат соғысы және қантөгістер мен көптеген қысымдарға куә болуда. Кейбір мемлекеттердің ақылсыз және артта қалған үкіметтері басқа елдерге қарсы соғыс ашып, қылмыс жасауда. Бүгінде Йеменнің халқы қандай қиындықтарды бастан кешуде. Олардың үйлену тойлары азаға айналып, үстерінен бомбалар жауып, көшелер  мен базарлардағы, мешіттер мен басқа мекендердегі қарапайым халық қырылуда. Ауғанстан мен Пәкістанның жағдайы, Сириядағы соғыс, – мұның барлығы біздің, мұсылмандардың мүміндермен арадағы ислам бірлігі мен бауырластыққа көңіл аудармауынан туындап отыр. Біз Құранға сай ғамал етпейміз. Егер Құранға сай ғамал етсек, ғиззатымызға ие боламыз. Бұл – мұсылмандарды бақытты ететін жол»,- деп баса айтты. Құранға сай ғамал ету ғиззат пен абыройға, бұл қасиетті кітапқа сай ғамал етпеу адасушылық пен дағдарыстарға, соғыстарға себеп болады. Құранға сай ғамал ету берекесінің үлгісін ИИР-нан байқауға болады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Біз Ислам республикасында шамамен 40 жыл бойы үстемдікке қарсы тұрып, ілгеріледік. Біз Ислам республикасын жойғысы келгендердің қастандықтарына қарамастан, тамыр жайып, мүмкіндіктерміз бен құдыреттерімізді арттырып, алға ілгеріледік»,- деді.

Аятолла Хаменеи Құранды мұсылмандар бірлігінің негізі деп таныстырады. Өйткені, барлық мұсылмандар оған сенімді. «Әл-Имран» сүресінің 103-ші аятында: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер,  жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша, Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді»,- деп айтылған. Аятолла Алла елшісінің хадисын пайдаланып, Құранды илаһи дін санап, хадистың жалғасын тәпсірлеп: «Нұрдың қадір-қасиеті не? Нұр кеңістікке жарық береді, адамға жол көрсетеді, адам көру мүмкіндігіне ие болып, қырағы болады. Нұр болмаса, көз көрмей, оның пайдасы болмайды, өйткені ешбір жерді көрмейді. Біз ақылға, әртүрлі мүмкіндіктерге, ойлану қабілетіне иеміз. Бірақ егер нұр болмаса, олардың барлығы бізге көмектесе алмайды. Нұр қажет. Бұл нұр –Құран»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл нұрлы хадистің келесі бөліміне тоқталып, Құранды жүректер мен исламдық қоғамлардың дерттерінің емі бола алады деп атап: «Исламдық елдердің артта қалуына назар аударыңыздар. Исламдық елдердің көбінің кәпірге бағынып отырғанын көріп отырсыздар. АҚШ Президентінің арсыз түрде «Егер біз болмасақ, кейбір араб мемлекеттері тіпті бір аптаға өздерін сақтап қала алмайды» деп айтуы мұсылмандардың әлсіздігінен. Бұл – ауру, қорлық ауруы. Қорлықтан жаман ауру жоқ. Бұл Құраннан алыстауға байланысты. Біз бұл аурудың емінен айырылдық»,- деді.

Құран: «Кім кұрмет қаласа, негізінде бүкіл кәдір-құрмет Аллаға тән...»,- деп қуаттайды. («Фатыр» сүресі, 10-шы аят). Бірақ, өкінішке орай, сырт көзге исламдық болып көрінентін Сауд Арабиясының үкіметі сынды кейбір үкіметтер ғиззатын АҚШ-тың қасынан іздейді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңіне қатысушылармен кездесуінде сөйлеген сөзінің келесі бөлімінде «Инфал» сүресінің 72-ші аятында назар аудартып, мүміндер арасындағы достық пен бауырластықты қуаттап: «Қасиетті «Инфал» сүресінің соңғы аяттарында мүміндердің бір-біріне жақындығы баса айтылған» деді.

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, исламдық мемлекет мұсылман емес үкіметтерге көмектеседі. «Инфал» сүресінің 73-ші аятынан: «Ал сонда кәпірлер де біріне-бірі дос. Егер бірлеспесеңдер, жер жүзінде фитна және зор бүліншілік болады»,- деп оқимыз.

Аятолла Хаменеи «Фатх» сүресінің соңғы аятын мүміндердің бір-біріне жабысып, дұшпанның алдында қатаң ұстаным білдіру қажеттігінің куәсі ретінде оқыды. Бұл аяттың басынан: «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді...»,- деп оқимыз. Аятола Хаменеи Құранның бұл аяты туралы: «Кәпірдің алдында табанды болу қажет. Кәпірге қарсы мықты бөгет сынды тұру керек. Мұсылмандар АҚШ пен әлемнің басқа зорлық-зомбылық көрсетушілеріне қарсы тұруға міндетті. Егер бұл мәселеге назар аудармаса, еген шек пен шекараны анықтамаса, қорлық көреді, бұзақылық пен артта қалушылыққа тап болады. Өкінішке орай, бүгін айтылған жайт орын алуда»,- деді.

Ислам револциясының жетекшісі қарилар мен хафиздердің алдында сөйлеген сөзінің соңында мүміндер арасындағы достық пен кекшіл кәпірлер арасындағы дұшпандықты қуаттап: «Егер Құранға осындай көзқарас, осындай сезіммен қарайтын болсақ, ислам әлемінің ертеңі бүгінінен әлдеқалай жақсы болады. Сонда АҚШ ислам елдері мен исламдық үмбетке қарсы қоқан-лоққы көрсете алмайды. Егер Құранға сүйеніп, одан айырылмаса, адам мықты бола алады. Егер сіздер бір жолдан өтіп бара жатып, оған табанды болсаңыздар, құлау қатерінен алыстайсыздар. Бұл – Алланың жібі, егер оған жабыссаңыздар, құлау қатері жойылады. Иншалла ислам әлемі күннен күнге оған жақындайды»,- деді.

 

 

 

Тегтер