Аспандық жолдаулар 2
(last modified Thu, 17 May 2018 12:59:01 GMT )
Maм 17, 2018 18:59 Asia/Almaty

Бүгінгі бөлімде шынайы мүміннің иманы мен бойындағы қасиеттеріне анықтама беруді жалғастырамыз.

Өткен бағдарламамызда Құранның өмір кітабы екенін және бір топтың міндетті және тыйым салынған қағидалар арқылы біздің ғамалдық және саналық бағыттарды анықтағанын, осы салада мүміндер мен иман келтіргендердің жауапкершілігінің Құранның басқа оқырмандарымен салыстырғанда әлдеқайда көбірек екенін, олардың басқалар үшін үлгі болуы керектігін айттық. Құран Кәрімде "یا ایها آمنوا" "Ей, иман келтіргендер" деген сөйлеммен басталатын 90-ға жуық аят бар. Осы мәселеге байланысты иман қандай мағынаны білдіреді деген алғашқы сауал туындайды.

Түсіндірме сөздікте "иман" наным-сенім, адамның жүрегінде, яғни адам болмысының тереңіне тамыр жайған сенім деген мағынаны білдіреді.

"Бәдәуилер: “Иман келтірдік” деді. Мұхаммед (с.ғ.с) оларға: “Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: “Мұсылман болдық” деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді...",- деген (Хужурат сүресі, 14-аят). Сондықтан, сөзбен иман келтіргенін мойындау исламды қабылдаудың белгісі саналады. Бұл қасиет мұсылмандардың басым бөлігін қамтиды. Ал шынайы иман исламға деген сенім адамның жүрегіне енген кезінде қалыптасады. Мұндай иман рухтандырып, әрекетке итермелеп, жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Бұдан бөлек, иман саналы түрде қырағылық және таныммен бағыттас болуы тиіс. Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с): "Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ, серік қатушылардан емеспін",- деп айтуды бұйырды (Юсуф сүресі, 108-аят). Осындай иманның түбінен іске асырылатын міндеттер шығады. Дәл сол себепті Құранның көптеген аяттарында "иман" жайлы сөз көтерілген кезде, лайықты әрі игі істер немесе олардың мысалдары келтірілген.

Бұл тақырып Құранда ерекше орын алып, «Аср» сүресінде иман келтіріп, өздерінің іс жүзіндегі жауапкершіліктеріне берік болғандардан басқа барлық адамдардың зиянкес екенін айтуы айтарлықтай дәрежеде маңызды саналады:

 
"Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер олар зиянға ұшырамайды". (Аср сүресі, 1-3 аяттар).
Бұл саладағы тағы бір маңызды жайт мынада: Исламның құнды мәдениетінде ғамалдың сапасы оның санынан әлдеқайда маңызды саналады. Басқаша айтқанда, жасалатын ғамалдың көптігі маңызды емес, оның сапасы маңызды саналады. Құранда осы мәселе жайлы: "Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол тым үстем, аса жарылқаушы",- деп жазылған. (Мүлк сүресі, 2-аят).
 

Аяттың мәтінінде "احسن عملا" яғни «ізгі амал» деген ұғым кездеседі. Имам Садық (ғ.с) осы аятты түсіндіруде былай дейді: "Құдай "اکثر عملا" яғни, «Қайсың көбірек ғамал жасайсыңдар» деп айтпады, керісінше «Қайсысың ізгі ғамал жасайсыңдар» деді".

Құранда назарға алынған келесі бір маңызды мәселе иманның барлық илаһи тағылымдар мен аяттарды қамтуы саналады. Иман жайлы сөз көтеріп, бірақ илаһи аяттардың бір бөлігін қабылдап, кейбіреуін ерекше әрі шектеулі көзқарастар арқылы қабылдамауға болмайды. Құранда бірнеше көзқарас сынға алынып, былай деп айтылған: "...Және де олар: “(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де, кейіне қарсы келеміз” дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды" («Ниса» сүресі, 150-аят).

Сондықтан Құранда айтылған иман жүйелік көзқарас, яғни холистикалық немесе тұтас қабылдау көзқарасы болып табылады. Иман туралы сөз айтып, бірақ атомистік көзқарасты, яғни бөліп қарау көзқарасын ұстану мүмкін емес. Басқа сөзбен айтқанда, аяттардың бір бөлігіне иман келтіріп, олардың басқа бөлігін тәпсір арқылы немесе үстіртін және бұрмаланған көзқарастар арқылы теріске шығарып, оларға сай ,амал етуден бас тарту мүмкін емес. Себебі, Құран бүкіл әлемде ешнәрсе оның назарынан тыс емес, адамның ашық әрі жасырын қажеттіліктерінен толық хабардар, ешбір адам және ешбір ғылыми-академиялық орталықтың оның шынайылығы мен беріктігіне кішкентай болса да нұқсан келтіре алмаған ең дана, бәрін білетін және көреген Алла тарапынан түсірілген.

Құран Кәрімде иман ұғымы жайлы айтылған соңғы мәселе таза әрі шынайы иман саналады. Іс жүзіндегі жауапкершіліктер туралы мәселе көтерілгенге дейін қандай адамның шынайы иманға ие екенін, кімнің мұнафық секілді тек иманды болып көрінетінін анықтау мүмкін емес болар. Адамдарды танудың ең игі өлшемі саналатын Құранда былай деп жазылған: "Шын мәнінде, сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер сосын күдіктенбей; Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне, солар шыншылдар" (Хужурат сүресі, 15-аят).

Бүгінгі бағдарламамызды қорытындылай келе, иман мен сенім адамның жүрегі мен болмысының түбіне енген сәтте қалыптасып, ғамалдық және іске асырылатын жауапкершіліктерді саналы түрде тудыратын кезде құнды болады деп айтуға болады.

Алланың бізді осындай адамдардың қатарына қосатындығына деген үмітпен сіздермен келесі бағдарламамызда кездескенше қоштасамыз.

 

Тегтер