Отыз күн – отыз хикая 2
Рамазан - мүміндердің дұғалары орындалатын ай.
Бір жылы Мединеде құрғақшылық болды. Халықтың өнімдері мен малына құрғақшылық қатты әсер етіп, халықтың тұрмысы қиындықтармен кезігіп, Алладан рақым жаңбырын сұрайды. Халық Аллаға жалбарынып, Одан жаңбыр сұрау үшін намаз оқуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, олар Медине қаласының сыртына, кең далаға шығады. Мұхаммад бен Шуваид: «Мен басқа адамдармен бірге жаңбыр сұрайтын намаз оқу үшін далаға аттандым. Халықтың арасынан олпы-солпы киінген бір ер адамды байқадым. Ол бұрышта намаз оқып тұрды. Оның амалы менің көңілімді аударды. Оның Аллаға не айтып тұрғанын білейін деп, оған жақындап, қасына тұрдым. Ол намазын оқып болып, дұға оқуға кірісіп, Алламен қарапайым түрде сөйлесіп: «Уа, Алла! Өзіңмен ант етемін, дәл қазір бізге жаңбыр жібере гөр!»,- деп тіледі. Мұхаммад бен Шуваид сөзінің жалғасында: «Оның қарапайымдылығы мені таңғалдырды. Ол қолын жоғары көтеріп, Алламен еркін сырласып, қажеттіліктері туралы айтты. Ол дұғасын аяқтамай, қолын әлі де аспанға қарай көтеріп тұрған кезде ауа-райы өзгеріп, күн күркіреп, жаңбыр басталды. Нөсер жаңбыр жауып, халық тасалайтын жер іздеді. Әлгі ер адам да бір бұрышқа орналасты. Мен оның не істейтінін көргім келіп, одан қалмай, артынан ердім. Ол қайтадан қолын жайып, дұға тілеп: «Уа, Алла! Егер жаңбыр жеткілікті деп ойласаң, оны тоқтат»,- деп сұрады. Бір мезгілде ауа-райы тынышталып, жаңбыр тоқтап, күн ашылды. Халық қуанып, үйлеріне оралды. Ер адам да қайтты. Мен де соңынан еріп, оның үйінің қайда екенін көріп алдым. Келесі күні оның үйіне барып, есігін қағып, одан мен үшін дұға тілеуді сұрадым. Ер адам: «Мен сіз үшін дұға тілейтіндей кім едім?»- деді. Мен: «Мен кеше сізді бақыладым. Мұндай дәрежегі жету үшін не істедіңіз?»- деп сұрадым. Ол басын төмен салып, ақырын әрі қарапайым түрде: «Өмірім бойы Аллаға бағынып, оның істе дегенін орындап, істеме дегенінен алыстадым. Өзімді қорғап, жамандық жасамадым. Бұл жолы Алладан жаңбыр сұрадым. Ол маған жаңбыр жіберді»,- деді. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 96-шы аятында: «Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, сақсынса еді, әрине оларға көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар жасынға шығарды. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық»,- деді.
Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала мұқтаж пендесінің өзіне қарай жайған қолын бос және үмітсіз қалдыруға ұялады»,- деген болатын.