Отыз күн – отыз хикая 3
(last modified Sat, 19 May 2018 10:59:08 GMT )
Maм 19, 2018 16:59 Asia/Almaty

Бушр сөзінде тұрып, тәубаға келіп, Алланың пендесіне айналды.

Көшелерде аспаптардың дыбыстары мен адамдардың дауысы, үйдің ішінен күлкі естілді. Кедей жолаушылар сән-салтанатты үйді көріп, оның ішіндегілердің сыртқа шығып жатқан күлкілерін естіп, көшеден өкініп өтті. Үйдің қызметшілері мен нөкерлері кіріп-шығып, қонақтарды күтіп, олардың астарын дайындап беріп тұрды. Күңдердің біреуі асығып, қоқысты үйдің қасына апарып тастамақ болды. Сол кезде Бағдадтың көшелерінен өтіп бара жатқан шиіттердің жетінші имамы – имам Казем (ғ.с.) үйге жақындап тоқтап, күңнен: «Үйдің иесі азат па, әлде біреудің құлы ма?»- деп сұра»ды. Әйел: «Мұндай да сауал бола ма?! Мұндай үйдің иесінің құл емес, азат екені анық емес пе?! Бұл – Бағдадтың ақсүйектерінің бірі Бушрдың үйі. Жоқ, мырза, бұл адам ешкімнің құлы емес, азат»,- деп жауап береді. Имам: «Әрине, егер құл болғанда, осыншама аңғырт болмас еді. Басшысынан қорыққандықтан үйінен у-шу естілмейтін еді»,- дейді.

Күң үйге оралған кезде Бушр одан неге кешіккенін сұрады. Әйел болған оқиға туралы айтып, имамның сөзін қайталады. Бушр имамның айтқан сөзін ести салысымен орнынан тұрып, әйелден: «Ол адамның қандай белгілері болды?»- деп сұрайды. Әйел адамның белгілерін айтқан кезде Бушр оның имам Мұса бен Джафар  (ғ.с.) екенін түсініп, қай жаққа қарай кеткенін сұрады. Ол имамға жету үшін тіпті аяқ киімін де киместен жалаң аяқ көшеге жүгіріп шығып, имамға жетеді. Имамның қолын сүйіп: «Мырза, сіз не дедіңіз?»- деп сұрайды. Хазірет: «Егер құл болғанда, мұндай аңғырт болмайтын еді»,- дедім. Бушр имамның сөзінің мағынасын түсініп, ішінен: «Мен Алланың құлы болғанымда, оған бағынып, күнә жасамайтын едім»,- деп ойлап, имамға: «Мен қазірден бастап Алланың пендесі болғым келеді. Мені кешіріп, Алладан мені кешіруді сұраңыз»,- дейді. Бушр сөзінде тұрып, сол кезден бастап, Алланың пендесіне айналды. Ол оралып, күнәға себеп болатын барлық нәрсені үйінен шығарып, жаман әрекет жасамайтын болды. Тәубаға келіп, сопы ретінде таныстырылды. Содан соң халық оны «Бушр Хафи» деп атайтын болды. «Хафи», яғни жалаң аяқ деген сөз. Ол өзі: «Бақытыма жеткен кезде жалаң аяқ едім, сондықтан өмірімнің соңына дейін жалаң аяқ қалғым келеді»,- деп айтатын.

«Рух әл-Байанның» тәпсірінде: «Бушр Хафидің "Алла елшісін түсімде көрдім. Ол маған: "Неліктен Алланың сені басқа адамдардың арасынан таңдап, жоғары көтергенін білесің бе?"- деп сұрады. Мен білмейтінімді айттым. Хазірет: "Сен менің сүннетіме сай амал етіп, адал адамдарды құрметтеп, бауырларыңа насихат айтып, менің сахабаларым мен әулетімді жақсы көрдің. Сондықтан Алла Тағала сені жоғары мақамға жеткізді",- деп жауап берді",- деп баяндағаны туралы айтылды.

 

 

 

Тегтер