Отыз күн – отыз хикая 5
(last modified Mon, 21 May 2018 10:25:01 GMT )
Maм 21, 2018 16:25 Asia/Almaty

Хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Сафуан бен Мехранның оқиғасы

Сафуан бен Мехран бай адам болды. Ол түйе бағып, түйелерін халыққа мүліктерін тасымалдауға немесе сапарға шығуға жалға беретін. Сол кездегі Аббаси халифасы Харун әр-Рашид те сапарға шыққан кезде Сафуаннан түйелерін жалға алатын. Аббасилердің бесінші халифасы Харун әр-Рашид айбынды әрі қу халифалардың бірі болды. Сафуан бен Мехран шиіттердің жетінші имамы хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның жақтастарының бірі болды. Күндердің бірінде имам  Мұса бен Джафар (ғ.с.) Сафуанды шақырып:

  • Сенің барлық жұмысың жақсы, бірақ бір жұмысың дұрыс емес,- дейді.

 Сафуан:

  • Мырза, менің қай жұмысым дұрыс емес. Айтыңыз, мен бұл істі енді қайталамайын,- деп сұрайды.

Хазірет Мұса бен Джафар (ғ.с.):

  • Сен түйелеріңді  Харунға жалға бересің. Бұл ісің маған ұнамайды.
  • Мен түйелерімді күнә жасалатын сапар үшін жалға бермеймін. Харун әр-Рашид қажылыққа барғысы келгендіктен түйелерімді қажылық сапары үшін сұрады. Мен онымен бірге бармаймын және өз қызметшілерімді де жібермеймін.
  • Түйелеріңді жалға бергеніңнің ақшасын қашан аласың? Ақша ол сапардан келгенше жұмсалмайды ма?
  • Ақшаның бір мөлшерін сапардан бұрын, қалғанын сапардан оралған соң аламын.
  • Яғни, қайтып келгенде саған ақшасын төлесін деп, оның тірі келуін тілейсің. Солай емес пе?
  • Әрине, солай.
  • Залымдардың тірі қалғанын тілейтін адамның өзі солардың бірі саналады,- дейді хазірет.

Сафуан қатты алаңдап, қорқынышқа бой алдырып: "Мен Харун әр-Рашидке түйелерімді жалға беріп, бір жақтан оның ісін жеңілдетіп, екінші жақтан оның тірі болғанын ойлап, ең маңыздысы бұл ісіммен ақыретімді жойып жүр екенмін" деп ойлайды. Сондықтан Сафуан залымдардың бірі болмас үшін барлық түйелерін сатып жіберді. Харун әр-Рашидке Сафуанның барлық түйелерін сатып жібергені туралы хабар жеткен кезде ол Сафуанды шақыртып: "Түйелеріңді сатқаныңды естідім, Бұл ісіңнің себебі не?"- деп сұрайды. Сафуан: "Мен қартайдым, түйелерімнің соңынан ере алмаймын. Қызметшілерім де өз міндеттерін  дұрыс орындамайды. Сондықтан оларды сатуға мәжбүр болдым",- деп жауап береді. Харун әр-Рашид: "Жоқ, олай емес. Мен сенің түйелеріңді неге сатқаныңды білемін. Сен бұл істі хазірет Мұса бен Джафардың бұйрығымен орындадың. Егер сенімен ежелден дос болмағанымда, сені өлтіретін едім"- дейді. Алла елшісі: "Қиямет күні "Залымдар мен олардың қолдаушылары немесе олар үшін жағдай жасағандар, оларды қолдап сөйлегендер қайдасыңдар? Олар да залымдарға жатады",- деген сөз естіледі» деген. Сондай-ақ, келесі бір сөзінде: "Залымды қолдап, оған көмектескен әрі оның залым екенін білген әр адам исламнан шыққан саналады",- деп айтқан болатын.

 

Тегтер