Малайзияның "Ұлттық майдан" партиясының сәтсіздікке ұшырауының себептеріне шолу 1
Малайзияның 14-ші парламенттік сайлауында "Ұлттық майдан" партиясының сәтсіздікке ұшырады.
Малайзия билігінің басындағы "Ұлттық майдан" партиясы елдің 14-ші парламенттік сайлауында Махатхир Мохамад басқарған "Үміт альянсынан" жеңіліп, 60 жылдан кейін биліктен қол үзді. Махатхир Мохаммад бұрын "Ұлттық майдан" партиясы басшыларының бірі болғанымен соңғы жылдары Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Наджиб Разақтың жұмысын сынап, наразылық білдіріп, қаржылық жемқорлығы әшкереленген соң, аталмыш партиядан шығып, "Үміт альянсы" деген коалиция құрып, бұл жолғы сайлауда Наджиб Разақ басқаратын "Ұлттық майдан" партиясынан басым түсті. "Ұлттық майданның" сәтсіздікке ұшырауының себептеріне қатысты әртүрлі, соның ішінде Махатхир Мохаммадтың жеке бас сипаттарымен қатар Наджиб Тун Разақтың жұмыстары мен әлеуметтік желілердің сайлау науқанына қатыстылығы сынды пікірлер айтылуда. Әрине, басты мәселе Малайзия қоғамында үлкен ықпалға ие Махатхир Мохамадтың қадір-қасиеттері екендігіне күмән тумайды.Саяси мәселелердің маманы Мак Керди Ларедз Махатхир Мохамад Малайзияда реформатор әрі құтқарушы адам ретінде танымал дейді.
Махатхир Мохамад осыдан 15 жыл бұрын билік басынан кетіп, билікті "Ұлттық майдан" партиясының жасырақ басшыларына тапсырып, Малайзияда танымал тұлғалардың ауысып тұруына жағдай тудырды. Бүгінде елдің саяси және экономикалық жағдайы Махатхир Мохамадтың ойындағындай болмай, ол қайтадан сайлауға қатысуға мәжбүр болып, билік басына келді. Малайзияның жуырдағы парламенттік сайлауында "Ұлттық майдан" партиясының жеңілуінің келесі себебі Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі Наджиб Тун Разақтың қаржы жемқорлығының әшкереленуі болды. Ол 2013-ші жылғы сайлау кезінде Сауд Арабиясынан миллиардтаған доллар алуымен бірге, "DB1" деп аталған Малайзияның стратегиялық даму компаниясынан 700 миллион доллардан артық қаржы жымқырумен айыпталуда. Қаржы жемқорлығымен Наджиб Разақ "Ұлттық майдан" партиясына ауыр соққы берді. Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі мен әйелі үшін жемқорлыққа қарсы сотта іс қозғалып, оларға елден кетуге тыйым салынды. Сауд Арабиясының лаңкестік топтарды қолдап, Йемен халқын қыруы Малайзияның наразы халқының Наджиб Разақтың адалдығына күмән тудыруына себеп болды. Саяси мәселелердің эксперті Фарид әл-Атос: "Малайзия халқы араб мемлекеттерінің, әсіресе Сауд Арабиясының ықпалы мен үгіт-насихатына қарсы әрі оны экстремизмге жол ашушы санайды",- деді. "Ұлттық майдан" партиясының сәтсіздікке ұшырауының үшінші себебіне малай емес ұлттардың күнделікті алаңдаушылықтарының артуы мен елдегі ұлттық бірліктің қатерге тірелуі саналады. Малайзияның экономикалық және сауда жағдайларын қолдарына алған ұлттары қытайлық және үнділік азаматтар Наджиб Тун Разақтың ұлттарға қарсы саясаттарына наразылық білдірді. Өйткені, ол малайлықтарға жан-жақты қолдау көрсетті. Негізінде, ұлттары қытайлық және үнділіктер, сондай-ақ, басқа елдерден келгендер бірнеше буындары бұл елде өмір сүргеннен кейін өздерін малайлықтар санап, жергілікті малайлықтармен тең қоғамдық және азаматтық құқықтарға ие болғысы келеді. Осыған орай Махатхир Мохамадтың парламенттік сайлауға ұлттық бірлік және барлық малайлықтар тең құқыққа ие болуы керек деген ұранмен аяқ басқаны жергілікті емес малайлықтарды қызықтырып, оның жеңіске жету мүмкіндігін арттырды. Қаржы жемқорлығы және әкімшілік сыбайластықпен күресу ұраны Махатхир Мохамадтың "Үміт альянсының" жеңіске жетуінің төртінші себебі болды. Ол Малайзиядағы жемқорлықтың күнделікті артуын сынап, елді жемқорлықтан тазартуды талап етті. Бұл ұран Малайзия халқын, әсіресе жұмыссыздық және кемсітушілік мәселелерімен бетпе-бет келіп жүрген жастарды қызықтырды. Саяси мәселелердің маманы Эзам әл-Тамими Наджиб Тун Разақ сотталса, оның қаржылық жемқорлығының Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігімен байланысты болуы туралы көбірек мәліметтер ашылады деп санайды.
«Ұлттық майдан» партиясының нәтижеге жетпеуінің бесінші себебі Махатхир Мохамад пен оның коалициясының әлеуметтік желілерді пайдалануы болды. Ол әлеуметтік желілерді пайдаланып, жастар мен қазіргі үкіметтің сыншыларының көбін өзіне тартты. Байланыс пен ақпарат құралдары министрлігі тарапынан жарияланған ресми мәліметтер бойынша, 2018-ші жылы бұл елдегі ғаламторды пайдаланушылардың саны шамамен 20 миллион адам болған. Малайзия халқының саны – 30 миллион адам. Бұл мәліметтер ғаламтордың әсері мен Малайзия халқының әлеуметтік желілерді пайдалану деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Наджиб Тун Разақ ел халқын өз ықтиярындағы теледидар арқылы сайлауға қатысуға шақырған жағдайда, Махатхир Мохамад жолдауын дауыс берушілерге тікелей әлеуметтік желілер арқылы жеткізді. Осыған орай Малайзияның кейбір саяси топтары Махатхир Мохаммадтың сайлаудағы жеңісін әлеуметтік желілердің «Ұлттық майданның» телерадио арналарын жеңуі деп санайды. Өйткені, Наджиб Разақ әлеуметтік желілерден гөрі радио және теледидар арналарын көбірек пайдаланды. Саяси мәселелердің эксперті Ричард Падаки: «Малайлар Наджиб Разақтың жұмысына ашулы болғандықтан, 60 жыл билік басында болған «Ұлттық майданға» дауыс бермеді»,- деді. «Ұлттық майдан» коалициясының Малайзияның соңғы сайлауында жеңілуінің алтыншы себебі ретінде бұл елдің бұрынғы Премьер-министрі Наджиб Тун Разақ пен Махатхир Мохамадтың премьер-министрлігі кезіндегі орынбасары Анвар Ибрахиммен қарым-қатынас орнатуына наразылық білдіру болды. Анвар Ибрахим Махатхир Мохамадтың билігінің соңғы кезінде оған қарсы болғанымен, Малайзияда ықпалды адам болды. Осыған орай Махатхир Мохамад онымен коалиция құрып, жеңіске жеткен жағдайда Анвар Ибрахимнің премьер-министр болуына жағдай жасайтынын жариялады. Сондықтан Махатхир Мохамад сайлауда жеңіске жеткен соң Анвар Ибрахимді абақтыдан босатып, оның жұбайын премьер-министрдің орынбасары етіп сайлады.