Діни жетекші көзқарасы: Ораза айт – құлшылықтың сыйы
(last modified Wed, 20 Jun 2018 10:24:29 GMT )
Маусым 20, 2018 16:24 Asia/Almaty

Ораза айт – мұсылмандар бір ай ораза тұтып, басқа да ғибадаттарын сәтті орындаған соң ұлы Аллаға шүкіршілік білдіретін қуанышты күн.

Ораза айттың намазы – мұсылмандардың ең салтанатты амалы, олардың бірлігінің көрінісі. Иранда Ораза айт намазы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің имаматымен өтеді. Ораза айт намазынан кейін ИИР басшылары мен ислам мемлекеттерінің елшілері құттықтап, аятолланың сөзін тыңдау үшін намаз оқитын мекенге жиналады.

Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Рамазан айы мен Ораза айт туралы: «Алла Тағала Рамазан айын өз жаратылыстарының Алланың ризалығына ие болу үшін Оның бұйрықтарына бағыну жолында сайысқа шығатын майдан деп біледі. Ораза айт күні жақсылық жасаушыларға сый берілсе, жамандық жасаушылар зиян шегеді»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи Ораза айт намазы уағыздарының басында барлық мұсылмандарды, сондай-ақ Иран халқын имам Хасан (ғ.с.)-ның хадисіне назар аудартып, Иранның мұсылман халқының биылғы Рамазан айындағы рухани жетістіктеріне ризалығын білдіріп: «Әр жылы осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда рухани дам мен жақсы істердің, адамды Жаратушысына жақындату талпыныстарының артқанын байқаймыз. Дұға оқып, Алламен сырласу отырыстары жылдан-жылға көбірек халықты жинауда. Бұл сайыс – майданның өзі»,- деді. Алпауыт мемекеттер мен олардың ақпарат құралдары әртүрлі тәсілдермен адамдарды руханияттан алыстатып, күнәның ләззаттарына бөлеуге әрекет жасап отырған жағдайда Иран халқының рухани рәсімдер мен ғибадаттарға деген көзқарасы мадақтауға лайық. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Жылдан-жылға біздің халқымыздың руханияты мен Рамазан айындағы көңіл-күйі артып келеді. Иран халқы бұзақылық пен рухани бұрмаланушылықтарға табандылық білдіруде»,- деді. Аятолла Хаменеи Иран халқын жоғары рухы негізінде ояу, ынталы әрі үмітке толы деп сипаттады.

 

Теһрандағы Ораза айт намазы

Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің бастамасымен Палестина халқын қолдау мақсатында Әлемдік Құдс күні деп жарияланған   қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы күні өтетін шеруге  тоқталып: «Ислам республикасының маңызды құбылысы саналатын Құдс күнгі шеру биыл бұрынғыдан ерекше өтті. Ыстық күннің астында, ұзақ күндері ораза тұтып, түндерді ояу өткізген халық  көшелерге шықты. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, елдің қалаларының көбінде шерулерге шыққандардың саны өткен жылдармен салыстырғанда артқан»,- деді.

Расында, Әлемдік Құдс күнгі шерулер мұсылман елдерінің көбінде халықтың жаппай қатысуымен өтті. Бұл туралы аятолла Хаменеи: «Биылғы Құдс күні басқа елдерде де халықтардың бұрынғыдан көбірек қатысуымен өтті. Әртүрлі елдерден келіп түскен хабарлар әртүрлі мемлекеттердің халықтарының Құдс күнін өткізгенін, яғни дұшпанның үгіт-насихаттарына қарамастан, Палестина халқын қолдау мәселесінде мұсылман халықтарының Иран халқына бұрынғыдан бетер жақындағанын көрсетті»,- деп қуаттады.

Құдс күніндегі шеру

Иран халқының дұшпанның қастықтарына табандылық танытуы, күш-қуаты мен тәуелсіздігі және азаттығының басқа халықтар үшін үлгіге айналуы Батыс үкіметтерінің ашу-ызасына себеп болды. Аятолла Хаменеи дұшпанның Иран халқының жігері мен қарсыласуына қарсы әрекеттері сәтсіздікке ұшырады деп санайды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі Дональд Трамптың: «Біз бұл аймаққа жеті триллион доллар жұмсадық, бірақ қолымызға  еш нәрсе түскен жоқ» деген сөзіне тоқталып: «АҚШ Президентінің елінің Батыс Азия аймағына жеті триллион доллар қаржыны босқа жұмсағанын мойындауы – олардың аймақтағы сәтсіздігінің белгісі»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи Иран халқына дұшпанның қастандықтарына, әсіресе экономикалық саладағы қысымдары мен оларды үмітсіздендіру әрекеттеріне қырағы болу қажеттігі туралы ескертіп, дұшпанның айлаларына қарсы тұратын жолдарды ұсынды. Нақтырақ айтқанда, ұлттық өнімді арттыруға талпынуды, қажетсіз тауарлар импортының алдын алуды, жемқорлықпен күресті, үнемдеуді, қажетсіз шетелдік сапарларды азайтуды, бәрінен маңыздысы ұлттық бірлікті күшейту керектегін қуаттады. Аятолла Хаменеи: «Дұшпан елге қарсы тұрған қазіргі кезде барлығыңыз бірігіп, елдің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін жұмыс жасаңыздар»,- деп кеңес берді.

 Ислам революциясының жетекшісі  бірлікті тек Иранның ішінде ғана емес, бүкіл ислам әлемі үшін қажет фактор деп атады. Ораза айт намазының құнұтында оқылатын дұғадан: «Бұл айт өзі мен әулеті үшін Алланың сәлемі мен салауаты тиетін хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) үшін абырой мен мақамының белгісі»,- деп оқимыз. Ислам революциясының жетекшісі  Иранның жүйе басшылары мен ислам елдерінің елшілерімен кездесуінде аталмыш дұғаға назар аудартып: «Исламның ұлық пайғамбары мен мұсылман халықтар, исламдық үмбеттің абыройы мен жоғары мақамының ең маңызды факторларының бірі исламдық үмбеттің бірлігі және қайшылықтардың шешу саналады»,- деді. Аятолла Хаменеи дұшпанның іріткі салу саясаттарына қарсы ислам үмбетінің бірлігін қажет деп атап: «Қазіргі билікқұмарлардың саясаты – мұсылман халықтарының арасында, тіпті бір халықтың ішінде қайшылық тудырып, оларды арандату. Сіздер бұл саясаттың белгілерін көріп отырсыздар. Йемен, Сирия, Ирак және басқа да мұсылман елдеріндегі оқиғалар осы саясаттың белгілері»,- деп қуаттады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи сионистік режимді ислам әлеміндегі, әсіресе Батыс Азия аймағындағы іріткі салудың маңызды факторы деп атап: «Сионистік режим жойылады. Мұны барлық тарихи тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сионистік режим түбегейлі мәселеге ие»,- деді. Расында жойылуға айыпталған бұл басқыншы режимнің түбегейлі мәселесі неде? Аятолла Хаменеи сионистік режимнің бұл негізгі мәселесі туралы: «Сионистік режимнің негізгі мәселесі – оның заңсыз құрылуында. Сионистік режим – заңсыз. Бұл режим жалған негіздер бойынша құрылды. Бір халық, тарихи халық өз елінен күш, зорлық-зомбылық, қырып-жоюшылық, қарулы күштер арқылы қуылды. Палестинаның картасын әлемнің географиялық, тарихи жадысынан алып тастауға бола ма? Бұл іс мүмкін бе? Бүгін аймақтың әлсіз төрт мемлекетін осы режиммен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға мәжбүрлеуде. Бұл қарым-қатынас мәселені шешпейді. Олардың мәселесі оларды заңсыздықтарында.

Палестина мәселесінің шешілуі сионистік режиммен қарым-қатынас орнатып, Палестинаны ұмытқан үкіметтердің қолында емес. Мәселе – халықтардың мәселесінде. Ислам үмбеті сионистік режимнің заңсыз құрылғанын ұмытпайды»,- деді. Бұл кісі сионистік режимді заңды етіп көрсету үшін АҚШ елшілігінің Бейт әл-Мұқаддасқа көшірілуін пайдасыз деп атап: «Жалған негіздерге сүйеніп құрылған бұл режим Алланың көмегі және мұсылман халықтардың жігерімен жойылады»,- деп қуаттады.

 

Израиль қылмыстары

Ислам революциясының жетекшісі біраз жыл бұрын Палестина мәселесін әділ және демократиялық негіздер бойынша, сондай-ақ тарихи оқиғаларға сай шешу үшін ұсынған жолын елдің жүйе басшылары мен ислам елдерінің елшілерімен кездесуінде қайталап: «Дүниежүзінің барлық азат елдері сынды Палестина халқынан, шынайы палестиналықтардан, соның ішінде мұсылмандары, христиандары мен яһудейлерінен сұрау қажет. Сөйтіп,  палестиналықтардың дауыстары, ой-пікірлері бағаланып, олар Палестина елінің мемлекеттік жүйесін анықтауы керек. Содан соң бұл мемлекеттік жүйе бұл аймаққа енгізілген адамдар, яғни сионистер мен басшылары және басқалары үшін шешім қабылдайды»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі жақын келешекте сионистік режим жойылады деп баса айтып: «Егер бұл мақсатқа жетсек, Алланың қалағаны орын алып, бұл аймақтың мұсылман халықтары бірлікке жетеді. Бұл аймақтың қайшылықтарының негізгі факторы – сионист дұшпанның болуы. Осы дұшпан жойылған кезде елдер бір-біріне жақындап, біріге алады. Исламдық жігер ислам үмбетінің бірлігіне байланысты. Ислам үмбеті Алланың көмегімен бірліктің аясында жоғары мақсаттарына жетеді»,- деп қуаттады.

 

    

 

 

Тегтер