Анвар Ибрахим мен әйелінің Малайзияның саяси келешегіндегі орны 2
«Үміт альянсы» мен Махатхир Мохамад арасындағы келісім бойынша, ол екі жыл премьер-министрдің қызметін атқарып, кейін Анвар Ибрахим Парламентке кіріп, қажет жағдайға ие болған соң, премьер-министрлік міндетіне кіріседі.
"Ұлттық майдан" партиясының қарсылас коалицияның жеңісімен аяқталған Малайзияның 14-ші парламенттік сайлауы көптеген таңғалдырарлық жайттарға ие болып, Малайзияда «тарихи сайлау» атанды. 92 жастағы Махатхир Мохамадтың Малайзияның саяси сахнасына қайтып оралып, Премьер-министрлік лауазымға ие болуымен бірге Махатхир Мохамадтың 1998-шы жылға дейінгі премьер-министрлік кезеңінде оның орынбасары болған Анвар Ибрахимді босату Малайзияның 14-ші парламенттік сайлауына қатысты ең маңызды оқиғалардың қатарында саналады. «Үміт альянсының» жеңіске жетуі туралы жарияланған соң Ибрахим Анвар Малайзия патшасы Сұлтан Мохамад бесіншінің сарайына келіп, амнистияға ілінді. Махатхир Мохамад Сот кеңесімен ақылдасып, сот ағымының дұрыс болмауы негізінде Анвар Ибрахимді босатты. Сөйтіп, Анвар Ибрахими ақталып шықты. Яғни, ол Малайзияның келешек өзгерістеріне ықпал ете алатын болды. Малайзия сот төрешілерінің бірі Мохаммад Зидин Диа: «Бұдан бұрын да Анвар Ибрахимді отставкаға жіберетіндей құжаттар болмаған. Оның ісі саяси мәселе болды»,- деді.
Малайзияда реформатор саясаткер ретінде танымал Анвар Ибрахим Махатхир Мохамадпен арадағы қайшылықтарынан кейін 1998-ші жылы Вице премьер-министр лауазымынан отставкаға кетті. Бірнеше рет әртүрлі айыптаулармен бетпе-бет келіп, жалпы алғанда 11 жылын абақтыда өткізді. Махатхир Мохамадқа қарсы «Үміт альянсы» соңғы сайлауда жеңіске жеткенімен, Анвар Ибрахим мен оның «Әділет» партиясының рөлі мен орнына немқұрайдылық танытуға болмайды. Сол себепті Махатхир Мохаммад абақтыда Анвар Ибрахимге қамқорлық білдіріп, сайлауда жеңіске жету үшін онымен ынтымақтастық жасауға талпыныс жасады. Сондықтан Анвар Ибрахимнің Малайзияның саяси өзгерістерінің келешегіндегі рөлі маңызды. Малайзиядағы саяси мәселелердің маманы Яхья Исмаил: «Анвар Ибрахимнің көптіген жақтастары бар. Малайзия халқы оның Парламентке кіріп, содан соң Премьер-министр болып бекітілуін қалайды»,- деді.
«Үміт альянсы» мен Махатхир Мохамад арасындағы келісім бойынша, ол екі жыл премьер-министрдің қызметін атқарып, кейін Анвар Ибрахим Парламентке кіріп, қажет жағдайға ие болған соң, премьер-министрлік міндетіне кіріседі. Анвар Ибрахим ақталған соң Махатхир Мохамад оны министрлер кабинетінің жұмысына қатысуға шақырды. Бірақ, ол жанұясының ортасында болып, әйелі Азиза Ван Исмаилдың Вице премьер-министр міндетін атқаруын қалады. Анвар Ибрахим Малайзияға реформа енгізу үшін осыған дейін билік басында болған Ұлттық майдан партиясымен шынайы күресуді бастағанына назар аударып, Махатхир Мохамадпен ынтымақтастық жасауды өз мақсатына жету үшін орынды мұрсат санады. Анвар Ибрахим қарсыластар 60 жылдан кейін биліктен айырылмас үшін Амано коалициясына қарсы жан-жақты әрекеттерді іске асырады деген нәтижеге жетті.
2013-ші жылғы сайлауда Анвар Ибрахим «Ұлттық майданға» қарсы коалицияны басқарды. Бірақ оны жеңе алмады. Анвар Ибрахим абақтыға түскен соң, «Әділет» партиясында орынбасары болған оның әйелі қарсыластарды басқарды. Сондықтан, Анвар Ибрахим мен оның отбасы Махатхир Мохамадпен ынтымақтастық жасауды қабылдап, қарсыластар коалициясын күшейтіп, өз жақтастарын Махатхир Мохамадқа сенім артуға шақырып, «Үміт альянсының» жеңіске жету факторының бірі болды. Малайзияның жуырдағы сайлауында «Ұлттық майданның» жеңілуімен бұл елдің реформалар үдерісінің жаңа кезеңі басталды. Махатхир Мохамад та екі жылдан кейін отсавкаға кетіп, билікті Анвар Ибрахимге тапсыруға уәде берді. Джонс Хопкинс атындағы университеттің саяси мәселелер эксперті Брегет Уэлш Анвар Ибрахимнің саяси сахнаға шығуы мен Малайзия Парламентінің жұмысына қатысуын бұл елдің өзгеруінің маңызды факторы бола алады деп сараптады. Малайзияны қайта құру саласындағы «Үміт альянсы» үкіметінің бағдарламалары елдің бұрынғы Премьер-министрі Наджиб Тун Разақтың қаржы жемқорлығын әшкерелеу, экономикалық тұрақтылық орнату, қарыздарды азайту, ұлттық ақша рингиттің құнын тұрақтандыру, шетелдік инвесторларды тарту тәсілін өзгерту, жалған дауыстарға қарсы заңды қайта қарастыру және тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы салық заңының күшін жоюды қарастырады. Мұндай мықты бағдарламаның реттелуі Малайзияның жаңа үкіметінің қаржы және әкімшілік бұзақылықтарға қарсы тұру мен елдің экономикалық жағдайын жақсартуды өзінің басты мәселесі ретінде таңдағанын көрсетеді. Көпшілік Анвар Ибрахимнің Махатхир Мохамадпен ынтымақтастық жасауды қабылдауын өте ауыр болды деп санайды. Өйткені, ол өз қиындықтарының ең маңызды себебін Махатхир Мохамад деп санайды. Қалай болғанда да олар Малайзияны құтқару үшін ынтымақтастық жасауға келісті. Саяси мәселелердің сарапшысы Филь Робертсонның айтуынша, Анвар Ибрахимнің абақтыда болуы Малайзиядағы «Әділет» партиясына деген сенімнің төмендеуі мен қайшылықтардың артуына себеп болған. Анвар Ибрахимнің әйелі әрі Малайзия Премьер-министрі Махатхир Мохамадтың орынбасары саяси сахнаға саясаткер емес, саясаткердің әйелі ретінде аяқ басқанын, елінің мүдделерін өзінің жеке мүдделерінен жоғары санайтынын, сондықтан Малайзияның келешегін жақсартуды қалайтын адаммен ынтымақтастық етуге келіскенін мәлімдеді. Саяси топтардың көбінің сенімінше, Анвар Ибрахим – үкіметтегі коалициялық партияларды біріктіріп, олардың бағдарламаларын реттей алатын жалғыз адам. Сондықтан Анвар Ибрахимнің Малайзияның саяси құрылымындағы рөлі өте маңызды. Анвар Ибрахим мен оның отбасы елінің келешегін дұрыс сараптау үшін билік басына оралу сезімдерін келешек өзгерістерді қырағы түрде бағалаумен біріктірді. Малайзияның 14-ші парламенттік сайлауының нәтижелері өткен буын саясаткерлерінің ынтымақтастығын көрсетті. Махатхир Мохамад пен Анвар Ибрахим Малайзия Наджиб Тун Разақ сияқты саясаткерлерге кіріптар болмау үшін саяси қайраткерлердің жаңа буынын тәрбиелеп, оларды саяси өзгерістерге қатыстыруын қамтамасыз ету деген ауыр міндетке ие деген ой туады.