Діни жетекшінің көзқарасы: Ислам Кеңесінің Мәжілісі – халықтың қадір-қасиетінің негізі
(last modified Thu, 28 Jun 2018 19:32:32 GMT )
Маусым 29, 2018 01:32 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеи: «Мәжіліс – ұлттық ғиззат пен жүйенің күш-қуатының көрінісі. Неге? Өйткені, Мәжіліс – әртүрлі жерлердегі халықтың сайлауы».

ИИР-да заң шығаратын орган Ислам Кеңесінің Мәжілісі маңызды орын мен кең ауқымды ықтиярларға ие. Сонымен қатар Мәжіліс әртүрлі тұрғылардан Ислам революциясының жетекшісімен байланысты. Өйткені, Иран Конституциясының 110-шы негізі бойынша, Ислам республикасы жүйесінің барлық саясаттарын белгілеп, олардың іске асырылуын бақылау діни жетекшінің міндетіне кіреді. Сондай-ақ, діни жетекші үштік биліктің қарым-қатынастарын реттеп, олардың арасындағы ықтималды қайшылықтарды шешеді. Мәжіліс шешімдерінің Конституция мен Ислам шариғатына сәйкес болуын қадағалау міндетіне ие Сақшылар кеңесінің фикхтері (діни заңгерлері) діни жетекші арқылы сайланады. Сол себепті Мәжіліс депутаттарының Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеимен өтетін жыл сайынғы кездесулері ерекше маңызды және діни жетекшінің ақыл-кеңестері елдің заң шығарушылары үшін өте пайдалы бола алады.

Аятолла Хаменеи Мәжіліс өкілдерімен кездесті

Алланың ризалығына ие болу үшін жұмыс жасап, қызмет ету аятолла Хаменеидің Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдерінің алдында баяндаған бірінші тақырып болды. Исламның көзқарасы бойынша, илаһи ниетпен орындалатын әрбір іс ғибадат саналып, екі есе сауапқа ие болады. Аятолла Хаменеи бұл тақырыпты Мәжілістегі халық өкілдері үшін баяндап: «Қызмет етудің мақсаты – Аллаға жақындау. Сіздердің Мәжіліс пен оның басқа органдарындағы   барлық жұмыстарыңыз Алла үшін және Алланың жолында атқарылған болса, шынайы қызмет және Аллаға жақындаудың факторы болып табылады» деді. Бұл істі жүзеге асыру үшін ықылас пен Аллаға  тәуекел ету қажет. Халыққа Алланың ризалығына ие болу үшін қызмет ететін адамдар маңызды міндетке ие болса, Алланың алдында көптеген сауапқа ие болады.

 

Аятолла Хаменеи 

Иран Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің келесі бөлімінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің болмысына тоқталды. Аятолла Хаменеи ИИР жүйесіндегі Мәжілістің орны туралы: «Мәжіліс  – ұлттық ғиззат пен жүйенің күш-қуатының көрінісі. Неге? Өйткені, Мәжіліс –  әртүрлі жерлердегі халықтың сайлауы»,- деді. Сөйтіп, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері әртүрлі тұрғыдан ең жақсы адамдар болады. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің  «Мәжіліс – халықтың қадір-қасиетінің факторы» деген сөзін еске салып, имамның сөзін сараптап: «Мәжіліс халықтың қадір-қасиетінің негізі. Бұл халықтың қадір-қасиеті өте көп. Мәжіліс күдік-күмәннің, өзімізді төмен сануымыздың, үмітсіздік пен сенімсіздіктің көрінісі болмауы керек. Мәжіліс ұлттық мүмкіндіктерге үмітсіз болмауы керек»,- деді.

Діни жетекшімен  кезедсуге қатысқан Мәжіліс өкілдері 

Ислам революциясының жетекшісі өзінің тарихи мәліметтеріне сүйеніп, Иран халқын иман, ғылым, өзіне сенім арту, тұрақтылық пен өздерін құрметтеудің көрінісі деп атап: «Егер адам тарихты білсе, бұл халықтың бұрын да, қазір де  беделді екенін көреді»,- деп, ирандық  мәдениет пен парсы тілінің басқаларға, тіпті Иранның басқыншыларына әсер еткені туралы мысалдар келтірді.

Діни жетекші хиджри қамаридің жетінші ғасырында моңғолдардың елді басып алып, халықты қырып-жойған шабуылдарына тоқталып: «Моңғолдар бұл жерлерді басып алып, баршаға белгілі әрекеттерін іске асырды. Алайда, нәтижесі не болды? Моңғолдар өздерінің өркениеті мен өздерінің мәдениеттерін бұл елге қабылдата алмады. Керісінше, бұл өркениет, ирандық мәдениет оларға әсерін тигізіп, иман, дін, мәдениет пен өнердің дамуына себеп болды. Бұл – Иран. Бұл – біздің тарихымыз»,- деді.

Діни жетекші Ислам революциясы дұшпандарының Иран халқына қарсы әртүрлі қастықтары мен қысымдарды қолдануына тоқталып. «Бүгін бұл халықты  қырық жыл бұрынғы, революцияның басындағы жағдайымен салыстырыңыздар. Бұл халықтың күш-қуаты, айбыны, дамуы, білімі мен халықаралық деңгейдегі белсенділігін революцияның басындағы кезеңімен салыстыруға болмайды. Күннен күнге алға ілгеріледі, халық деген – осы. Сіздер осы халықтың қадір-қасиеттерінің нәтижесіздер. Сондықтан қалай әрекет ету туралы біліңіздер. Бұл – иман мен ғылымға ие, тәуелсіз, өзінің ерекшеліктерін білетін халық»,- деді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдерімен кездесуінде Мәжіліс шешімдерінің сапасын арттыруға қатысты ақыл-кеңес берді. Хазірет халықтың мәселелерін шешу мен елді ілгерілету үшін Мәжіліс заңдарының сапасын маңызды деп атап: «Заң шығару үдерісінің сапасын күннен күнге арттыру керек.  Яғни, әр кезеңде, жыл сайын заң шығарудың сапасы бұрынғы кезең мен алдыңғы жылдан жоғары болуы қажет»,- деп, ислам Кеңесі Мәжілісінің заң бекіту сапасын жоғарылату саласында кеңес беріп, басты мәселелерді анықтаудың маңыздылығын қуаттады. Сондай-ақ, Мәжіліс өкілдерінің уақыттарының шектеулі екенін, сондықтан қажет әрі маңызды заңдарды жылдамырақ бекіту қажеттігін баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Мәжілістің басты мәселелерінің бірі ретінде елдің экономикалық мәселелерін шешу деп атап, әсіресе мұқтаж адамдарға жедел көмек көрсету қажеттігіне тоқталып: «Заң халықтың мәселелерін шешуді мақсат етуі керек. Ішкі басты мәселелерді шешу қажет. Бірінші кезеңде қоғамдағы әлсіз халықтың, әлсіз таптардың мәселелері шешілуі керек»,- деді. Хазірет сонымен бірге байлық пен мүлікке иелерінің заң шығаруға ықпал етпеуі керектігін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі

Әрқашан білікті мамандармен ақылдасатын аятолла Хаменеи Ислам Кеңесі Мәжілісінің сапасын арттыру үшін мамандардың пікірін пайдалану қажеттігі мен оның маңыздылығы туралы: «Кейде бір мәселе, бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше адамның жылдар бойы жұмыс жасағынын, ойланғанын байқайсыздар. Егер бұл адаммен оның жұмысы туралы ақылдассаңыздар, ол бір қысқа ғана сөзбен дұрыс жолды көрсетеді..»,- деді. Діни жетекші бұл салада ислам Кеңесі Мәжілісінің зерттеу орталығын жақсы әрі сындарлы кәсіби орталық деп бағалады. Ислам революциясының жетекшісі  сондай-ақ: «Мәжіліс заң шығаруда, әсіресе отбасы саласында заң шығарған кезде  Батыс мәдениеті, Батыстың өмір сүру тәсілінің ықпалына түспей, ислам тағылымдарын өз үлгісі деп қалыптастырғаны жөн»,- деді. Аятолла Хаменеи Мәжілістің халықаралық келісімдерді бекіту міндетіне тоқталып: «Бұл келісімдерді көбінесе алпауыт мемлекеттер өз мүдделеріне сай реттейді. Сондықтан біздің мүддемізге сай болатыны немесе болмайтыны туралы білмейтін келісімдерге қосылмауымыз керек. Мәжіліс заңдарды тәуелсіз түрде қабылдауға міндетті. Мәселен, лаңкестікпен немесе ақшаны жылыстатумен дербес түрде күресу туралы заң шығаруға міндетті»,- деді.

Аятолла Хаменеидің халық өкілдерімен кезедсуіндегі тоқталған келесі мәселе олардың революцияшыл әрекет ету қажеттігі болды. Діни жетекші бұл тақырыпты түсіндіріп: «Революцияшыл әрекет ету ойланбау әрекет ету дегенді білдірмейді. Керісінше, ақылға сай, әрі ойланып әрекет ету – жиһадтық ғамал. Мәжіліс өкілдерінің барлық жұмыстарынын иман мен революцияшыл ынта байқалуы керек. Ислам революциясының жетістіктері мен жүйенің негіздерін қорғау Мәжіліс өкілдерінің антына кіреді. Менің ойымша, исламдық жүйенің негізгі тіректерінің бірі болып табылатын ислам Кеңесінің Мәжілісі осы уақытқа дейін жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Революцияның мақсаттарына жолында қадам басу қозғалысын күшейтіңіздер»,- деп баса айтты.

АҚШ-та мигранттар перзенттері аналарынан бөлінуде

Ислам революциясының жетекшісі халықтың болмысы мен исламдық жүйе органының бірлігін революция дұшпандарының қиянаттары мен қастықтарына қарсы тұру үшін қажет фактор, ал зорлық-зомбылық пен зұлымдықты олардың болмысы деп атады.  Аятолла Хаменеи Трамптың мигранттардың балаларын ата-аналарынан айыруына тоқталып: «АҚШ-тағы бірнеше мың мигрант баланы аналарынан бөлу жай іс емес. Бұл – өте үлкен мәселе. Сол балалардың көз жастарын тіпті теледидар арқылы көру мүмкін емес. Бұл үлкен мәселе. Олар саясат үшін қалайша мұндай қиянатқа барып, бірнеше мың баланы аналарынан айырады? Міне, олар – осындай»,- деді.

Аятолла Хаменеи билеп-төстеуші үкіметтердің дұшпандығының себебі туралы: «Олар әділет талап ететін, Ислам туралы ойлайтын, зорлық көргендерді қорғайтын адамдардың қарсылық білдіргенін қаламайды. Оларға қарсы табандылығымызды сақтап, Иран халқы Алланың көмегімен илаһи табыс, құрмет пен халалды сақтап, илаһи ғиззатымен АҚШ пен оның одақтастарын жеңетіндігіне сенімді болуы керек»,- деді.