Діни жетекшінің көзқарасы: Жоғары соттың мақсаты – әділет тарату
(last modified Tue, 03 Jul 2018 10:28:13 GMT )
Шіл 03, 2018 16:28 Asia/Almaty

Қасиетті Ислам дінінде төрелік ету ерекше маңызға ие. Өйткені, әділ әрі адал төреші қоғамда Ислам негіздерінің бірі саналатын әділетті тарата алады.

Жаратушы "Ниса" сүресінің 58-ші аятында: "Негізінен Алла Тағала сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, естуші әрі қырағы",- деп қуаттайды. Исламның құндылықтарына сүйенген  ИИР-ның Конституциясында төрелік ету мен Жоғары сот органдарының, сот билігінің маңызы қуатталды. Оның 156-шы негізінің басында: "Сот билігі жеке адам мен қоғамның құқықтарын қолдайтын тәуелсіз орган",- деп айтылған. Иранның Конституциясы бойынша, Сот билігінің басшысын, яғни Жоғары сотты діни жетекші сайлайды. Осыдан бірнеше күн бұрын «Сот билігі аптасына» орай, Жоғары сот пен сот төрағалары Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесіп, хазіреттің ақыл-кеңесін тыңдады.

Сот төрағалары аятолла Хаменеимен кезедсті

Кездесудің басында Ислам революциясының жетекшісі «Сот билігі аптасын» ИИР-ның  басқа  арнайы күндері сияқты "Алла жолындағы шаһадат" деп атады. Өйткені, бұл апта 1981-ші жылдың маусым айының 28 күні ИИР-ның бірінші Жоғары соты аятолла Бехешти мен басқа ондаған жоғары лауазымды тұлғалары мұнафықтардың қолынан шәһид болуына байланыысты "Сот билігі аптасы" деп аталды. Аятолла Хаменеи ИИР сот басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде сот органының мақсатын жан-жақты әділетті қорғау деп атап: "Сот органы әділеттің көрінісі болуы керек. Халық құқығы бұзылса, кімде-кім қылмыс жасаса, сот бар деп ойлауы керек. Халық сот органдарын пана тұта алатындықтарына сенімді болуы керек. Бұл үлкен мақсатқа жету үшін заңдарды сақтау керек. Заңды сақтау – қоғамдық өмірдің негізі. Сот органдары міндеттерінің бірі – заң бұзушылармен күресіп, заңның бұзылуын тоқтату",- деп баса айтты.

ИИР-нің бірінші Жоғары соты аятолла Бехешти

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің келесі бөлімінде сот органының міндетін мемлекеттік  жауапкершілік деп атап: "Төрелік етіп, дұшпандықты шешіп, заң бұзушыларды соттау – үкімет атқаратын іс. Егер бұл іс дұрыс орындалса, нәтижесі халықтың ризалығы болады. Егер дұрыс атқарылмаса, халық реніш пен алаңдаушылық білдіреді",- деді. Сондықтан сот билігінің дұрыс әрекет етуі ИИР үшін өте маңызды. Осыған орай аятолла Хаменеи бұл органда басталған өзгерістерді маңызды деп бағалап, олардың жалғасын жылдамдатуды сұрады. ИИР сот билігі өзінің басты мәселесін сыбайластық жемқорлықты, сондай-ақ, елдің жүйесі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірушілермен күресу деп санауына байланысты шетелдік ақпарат құралдары мен кейбір ішкі ағымдардың әртүрлі үгіт-насихаттары және тіл тигізушіліктлерімен бетпе-бет келді. Ислам революциясының жетекшісі: "Бүгінде сот билігі бөгделер мен өз азаматтарымыздың адасушылықтарына, сондай-ақ, ақпараттық және үгіт-насихаттық қысымдарға душар болып отыр. Сол себепті, дұрыс хабар жеткізіп, теріс насихаттарға қарсы тұру барлық басшылардың міндеті",- деді.

Әділетті тарату - Жоғары соттың мақсаты

Аятолла Хаменеи сот билігіне қарсы теріс үгіт-насихатпен күресу жолдарының бірі ретінде халықты дер кезінде хабардар етіп, халықтың сеніміне ие болу деп атап: "Қоғамдық ой-пікірдің алдында қарапайымдылық пен жанашырлық білдіріп, мейіріммен сөйлесу керек. Қоғамдық ой-пікірдің сеніміне ие болу өте маңызды. Үгіт-насихат жүргізудің тәсілі бар. Бұл – бір өнер, сіздердің ең маңызды жұмыстарыңыздың бірі. Мықты адамдарды жинап,  жоспар құрып, жобалаңыздар. Бір-екі күн немесе бір ай үшін емес, бұл жұмыс ұзаққа созылуы керек",- деп қуаттады.  Діни жетекші халықтың сеніміне ие болу үшін сот билігін соттардың жұмыстарына бақылау жүргізуге міндеттеп, жұмысты шынайы атқару қажеттігін баса айтты. Аятолла Хаменеи халықтың сеніміне ие болып,  сот органдары  адал жұмыс атқаруы үшін тәжірибелі адамдарды жұмысқа алып, заңды бұзған соттарды жазалап, халыққа жариялау қажеттігіне тоқталып: "Сот билігінің реформаларын үзбей жүргізу қажет",- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі экономикалық мәселелерге қатысты сыйбайлас жемқорлықпен күресу мен бұл салада қауіпсіздік орнатуды сот  билігінің маңызды мәселсі деп атап: "Сот билігінің экономикалық мәселелер саласында іске асыруды көздеп отырған жұмыстарының бірі сыйбайлас жемқорлықпен күресу болады. Сот билігі қауіпсіздікті бұзушыларға шара қолданады. Иранда экономикалық бұзақылық кейбір ақпарат құралдары таратып отырғандай кең тарамаған. Үкіметтік, халық пен кәсіпкерлер арасында қоғамдық бұзақылық жоқ, қаржы бұзақылығы көп емес. Дегенмен, олармен шынайы күрес жүргізу қажет",- деп қуаттады.

Адам құқығы туралы уәж айтатындардың  ИИР-на қарсы үгіт-насихаттары мен күдік-күмәндарына жауап қайтару – сот билігінің келесі міндеті. Аятолла Хаменеи: "Адам құқығы мәселесіне қатысты біздің сұрақтарымыз бар",- деп, адам құқығы туралы уәж айтатындардың кейбір қылмыстарына тоқталды.

Діни жетекші 20-шы ғасырдың ортасындағы франциялықтардың Алжир халқының азат қозғалысына қарсы қылмыстары мен солардың салдарынан  Алжир халқының бір миллионының өлгеніне сілтеме жасады. Діни жетекші франциялықтардың Алжирдегі  қылмыстары туралы: "Франциялықтардың Африка мен Алжир және тағы басқа аймақтарда жасаған қылмыстары туралы оқыған кезде адамның жаны түршігеді.  Мәселен, батпақ жерге мұнай мен басқа нәрсені төгіп, ауылдың әйелдері мен балаларын соған қарай қуып, оларға қарай оқ жаудырған. Сол кезде адамдар қорқып, батпаққа қарай жүгірген кезде оны өртеген. Бұл апат франциялықтардың қолымен жасалған болатын",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі 1919-шы жылғы британиялық әскерилердің Джаллианвал бағында үнді халқын қырғанына тоқталып: "Үндістанда бір бақта алты мың адам шеруге  жиналған кезде ағылшындықтар келіп, оларға оқ жаудырып, бірнеше сағаттың ішінде оның бәрін қырып салды",- деді.

АҚШ-тың да қысқа тарихындағы адам құқығына қарсы қылмыстары қызыл және қара нәсілділерді өлтіруі мен қатар басқа халықтарға қарсы қылмыстармен де танымал. Сол себепті аятолла Хаменеи Сирия, Йемен және Мьянма апаттарына тоқталып: "Олар – адам құқығы туралы уәж айтатындар. Біздің де адам құқығы туралы айтатын сөзіміз бар. Біз адам құқығы туралы өтірік айтатындарды айыптаймыз",- деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңында елдің сот билігіне табыс тілеп, олардан Алланың көмегімен халықтың мүдделері мен жүйеге сай   адал қызмет етуді сұрады.

 

 

 

Тегтер