АҚШ күн өткен сайын әлемде оқшаулануда (2)
Дональд Трамптың біржақты саясаттары АҚШ-тың әлемде күн өткен сайын оқшаулана түсуіне себеп болды. Бұл Ақ үйдің жуырда барлық шындықтарға қайшы айтқан таңқаларлық уәжінде Трамп саясаттарының АҚШ-тың әлемге жетекшілік ету тағына қайта оралуына себеп болатынын айтқан жағдайда орын алды. Бұл уәж баршаны таңқалдырып, тіпті кейбір сарапшылардың келемежіне ұшырады.
Сонымен қатар, әлемдегі ірі мемлекеттердің жоғары басшыларының басым бөлігі, атап айтқанда Вашингтонның еуропалық серіктестерінің Трамптың саясаттары мен Трамптың күннен-күнге артып бара жатқан оқшаулануына қатысты алаңдаушылық білдіруі Ақ үйдің айтқан уәжінің негізсіз болғанын көрсетеді. Трамп түрлі жайттарға қатысты бұзақылық пен өзімшілдік әрі біржақты әдісін ілгерілету арқылы маңызды халықаралық мәселелермен, соның ішінде "Ортақ қадам" бағдарламасымен байланысты мақсаттарын жүзеге асыруды көздеп отыр. АҚШ өзін әлемдік полиция санап, күш көрсету арқылы және ауыр күшті, яғни әскери күш пен жартылай ауыр күш, яғни экономикалық күшті пайдаланып, санкциялар жариялау арқылы әлемдік деңгейдегі мәселелерді шешуге міндетті деп сандырақтап отыр. Қазіргі таңда көп полюстілікке бағыт алған халықаралық жүйедегі өзгерістер АҚШ әрекеттерінің халықаралық ортаның шындықтары мен әлемдік үдерістерге негізделмегенін көрсетті. АҚШ-тың бұл әдісі бұл елдің халықаралық сахнада оқшаулануының одан бетер артуына соқтырады. Бүгінгі бөлімде АҚШ-тың әртүрлі салалардағы жалғыз қалуының кейбір көріністерін талдаймыз. Бізбен бірге болыңыздар.
АҚШ-тың жалғыз қалуы көріністерінің бірі өткен жылы Италияда, биыл Канадада өткен G7 тобы басшыларының отырыстары барысындағы Трамптың әшкере жанжалы мен жалғыз қалуы болды. Трамптың әдеттен тыс ұстанымдары бұл топтың ішіндегі дамыған ірі өнеркәсіптік мемлекеттердің арасында үлкен қашықтықтың пайда болуына себеп болды. Нәтижесінде, қазіргі таңда сарапшылар G7 тобын "6+1" тобы деп атап жүр. Трамп өзі мен Канада, Франция мен Германия басшылары арасында текетірестердің туындауымен Канадада өткен G7 тобы басшыларының отырысы аяқталғаннан соң бұл елден кеткеннен кейін Канада премьер-министрі Джастин Трюдонның сөзіне білдірген реакцияда аталмыш отырыстың қорытынды мәлімдемесін қолдаған сөзін қайтып алып, бұл топ пен оған мүше елдерге ауыр соққы тигізді. Негізінде Трамп өз шешімдері және әрекеттерімен бірнеше он жылдықтан бері АҚШ пен Еуропа арасындағы үзілмейтін сауда-экономикалық және қауіпсіздік қатынастарды нығайтып келген байланысты бірнеше жылдың ішінде біртіндеп жоюды көздеп отыр. Бұл АҚШ-тың Батыс әлеміндегі жалғыз қалауына соқтырады дегенді білдіреді. Әзірше АҚШ-тың G7 тобынан шығу мәселесі шындап көтерілмегенімен, Трамптың өткен бір жарым жылдың ішінде жасаған әрекеттеріне байланысты бір күні Трамптың халықаралық міндеттемелерді назарға алмау үдерісінің жалғасында АҚШ-тың осы топтан шығуына шешім қабылдайтын болса, G7 тобына мүше алты мемлекет таң қалмайтын болады. Франция президенті Эммануэль Макрон бұл мәселеге қатысты: "Мүмкін Трамп өзінің жалғыз қалатындығына аса мән бермейтін шығар, бірақ біз тіпті G6 тобы ретінде де шынайы топ болып қаламыз. АҚШ өзінің әлемдік сахнадағы рөлін кемітсе, бұл АҚШ-тың экономикасы мен беделіне теріс әсерін тигізеді. Трамптың өзі де мұны біледі",- деді. Еуропа елдерінің басқа басшылары да осыған ұқсас пікір ұстануда. Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкердің айтуынша: "G7 тобының соңғы отырысы Трамптың "Алдымен АҚШ" идеясының "Тек қана АҚШ" идеясына айналғанын көрсетті". Юнкер АҚШ-пен сауда-саттық қақтығыста еуропалықтардың мықты позиция ұстануын сұрап: "Бұл акула мен алтын балықтың күресі емес. Бұл – бір акуланың басқа акулаға қарсы күресі",- деді. Юнкердің айтуынша, Еуропа одағы әлемдік сауданың үштен бір бөлігінің өкілі саналады. Трамптың бұл салада одақтасы жоқ. Трамп бұл салада бізге кемсітуші көзқараспен қарайды. Трамптың Еуропа мен АҚШ арасындағы қайшылық тудырып отырған мәселелерге қатысты ұстанымы оның бұл мәселелерге қатысты артқа шегінбеуімен қоса, еуропалықтар мен Канадаға қарсы шараларын, әсіресе сауда саласындағы қақтығыстарға байланысты олардың АҚШ-қа экспорттап отырған тауарлары мен өнімдеріне тарифтерді арттырумен қоқан-лоққы жасағанын көрсетіп отыр. Бұл текетірестер мен қайшылықтардың артып, қос тарап арасындағы сауда соғысына ұласуы мүмкін дегенді білдіреді.
АҚШ-тың жалғыз қалуының келесі көрінісіне Вашингтонның Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде мойындауы мен өз елшілігін осы қалаға көшіруде жалғыз қалуы жатады. Трамп 2017 жылдың желтоқсанның алтысы күні Вашингтонның Құдсты Израильдің астанасы ретінде ресми түрде мойындап, өз елшілігін осы қалаға көшіретінін мәлімдеген болатын. Ресейдің Стратегиялық зерттеулер институты басшысының кеңесшісі Елена Супонинаның пайымдауынша, Дональд Трамп Құдсты Израильдің астанасы ретінде мойындауы арқылы отпен ойнап отыр. АҚШ Конгресі 1995 жылдың қазан айында АҚШ елшілігін Құдсқа көшіру туралы заңжобасын бекіткен болатын. Алайда, АҚШ-тағы түрлі үкіметтер сол кезден бүгінгі таңға дейін қоғамдық пікір мен басқа елдердің реакциясынан қорқып, Конгрестің осы жобасын іске асырудан бас тартып келді. Трамптың бұл саладағы бастамасы оның Израильдің заңсыз тілектеріне деген ерекше көзқарасын көрсетіп отыр. Италяндық сарапшы Стефано Бонеллиори Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне тоқталып: "АҚШ бұл әрекетімен Палестина мен Израиль мәселесіне қатысты арашыл әрі бейтараптық уәжден бас тартып, мазлұмдардың алдында залымдарды ашық түрде қолдайтынын көрсетті",- деді. Сионистік режим 1967 жылдан бастап Құдсты басып алумен айналысып келеді. Трамп өзінің сайлауалды науқаны кезінде берген уәдесінде тұрып, АҚШ-тың бұрынғы президенттерін өз уәделерін орындамаумен айыптады. Осындай әрекеттер Палестинаның ішінде болсын, араб-мұсылман елдері немесе халықаралық деңгейде болсын бұрын-соңды болмаған реакциялар тудырды. Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини осы мәселеге қатысты реакциясында Вашингтон тарапынан қабылданған біржақты шешімдерді әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа зиянын тигізіп, Палестина мәселесін шешуге бағытталған талпыныстарды нәтижеге жеткізбейтінін айтты. Сондай-ақ, Қауіпсіздік кеңесінің еуропалық мүшелері, яғни Франция, Германия, Швеция, Ұлыбритания мен Италия бұрын-соңды болмаған шара арқылы Трамптың әрекетіне қатысты ортақ мәлімдеме жариялап, оны Қауіпсіздік кеңесінің қарарларына қайшы және аймақ қауіпсіздігі үшін пайдасыз деп сипаттады. Бірнеше ай өткен соң АҚШ-тың бірқатар серіктестері ғана өз елшіліктерін Құдсқа көшіріп, Трамп бұл салада саяси тұрғыдан масқараға ұшырады.
Сонымен қоса, АҚШ-тың оқшаулануы Вашингтонның палестиналық қарсыласу қозғалысын айыптауға жасаған талпынысынан көрініс тапты. Қауіпсіздік кеңесінің маусымның бірі, жұма күні өткізген отырысы барысында Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын назарға алмастан, Палестина исламдық қарсыласу қозғалысын (ХАМАС) кінәлі деп таныған АҚШ-тың ұсынған қарары бұл халықаралық ұйымның барша мүшелерінің қарсылығына тап болды. Ұсынылған қарарға тек АҚШ-тың өзі ғана оң дауыс беріп, соның нәтижесінде бұл мәселе күн тәртібінен алынды. Ресейдің СІМ мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Палестина жайлы ұсынған қарарының қабылданбағанына сілтеме жасап: "Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшенің бірде-біреуінің оң дауыс бермеуі тағы да АҚШ-тың жалғыз қалғанын көрсетті",- деді. Бұл мәлімдемеде АҚШ-тың басқа мемлекеттермен кеңеспей, тек өзінің оң дауысына ие болған біржақты әрі ақылға қонбайтын жобаның алғашқы нұсқасын ұсынғаны айтылған. Шынтуайтында, халықаралық қауымдастық тағы да АҚШ-тың бұл аймақта тұрақты, әділ әрі ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу талпыныстарға қалай нұқсан келтіріп, жағдайды тығырыққа тірегеніне куә болды. Жоғарыда аталған отырыста БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі Палестина мәселесіне қатысты ұсынылған екі қарардың алғашқы нұсқасы бірнеше сағат бойы талқылағаннан кейін дауыс берген. Сионистік режимнің қылмыстары жөніндегі Кувейт тарапынан ұсынылған бірінші алғашқы нұсқаға 10 оң дауыс, 4 қалыс дауыс пен АҚШ-тың 1 қарсы дауысымен вето жарияланды. ХАМАС тобы Израильдің Газа секторында жасаған қылмыстарына кінәлі деп танылған АҚШ тарапынан ұсынылған екінші қарардың алғашқы нұсқасы 11 қалыс, 3 қарсы және АҚШ-тың өз-өзіне берген бір оң дауыспен қабылданбады. Вашингтонды масқара етіп, қорлаған бұл жеңіліс Трамп үкіметінің ең ірі халықаралық ұйым, яғни БҰҰ деңгейіндегі күн сайын артқан жалғыздығының белгісі болды.
АҚШ-тың жалғыз қалуының келесі көрінісіне Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференциясына бойкот жариялау түріндегі біржақты әрекет жатады. АҚШ пен Израильдің Женевада Сирияның Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференцияға жетекшілік етуіне қарсылық білдіргеннен кейін АҚШ үкіметі біржақты әрекетімен бұл конференцияға бойкот жариялады. АҚШ пен сионистік режимнің қарсылықтарына қарамастан, Сирия мамырдың жиырма сегізінен бастап шамамен бір ай уақыт БҰҰ-на қарасты Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференцияның кезеңдік басшысы міндетін мойнына алды. Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференция теңдік принциптері негізінде жұмыс жасайтын 65 мүшеден тұрғандықтан АҚШ пен оның одақтастары оның мүшесі саналатын Сирияның бұл конференцияға басшылық етуіне кедергі жасай алмады. Бұл мәселе АҚШ-тың халықаралық сахнадағы күннен-күнге артып бара жатқан жалғыздығының белгісі саналады. АҚШ Дамасктің бұл жайтты Сирия үкіметі мен оның қатерлі әрі қабылдауға келмейтін әрекеттерін қарапайым етіп көрсету үшін құрал ретінде пайдаланатыны туралы уәж айтты. Вашингтонның бұл пайымы БҰҰ-на мүше егемен мемлекеттер жайлы принциптер мен ережелерге қайшы. Сирияның Қарусыздану жөніндегі халықаралық конференциясына басшылық етуі Башар Асад басқарып отырған Сирия жүйесі үшін жетістік әрі оған әлемдік деңгейдегі сенімнің белгісі саналады. Швециялық сарапшы Аорон Лондтың айтуынша, Башар Асад оны биліктен кетіруді көздеген дұшпандарды стратегиялық тұрғыдан сәтсіздікке ұшыратты.
АҚШ-тың оқшаулануының тағы бір маңызды мысалына Вашингтонның "Ортақ қадам" келісіміне қатысты жалғыз қалуын атауға болады. Трамп 2018 жылы мамырдың сегізі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығатынын мәлімдеп, Иранға қарсы ядролық санкцияларды күшіне енгізетінін тағы баса айтты. Осылайша, оның бұл әрекеті "Ортақ қадам" келісімінің басқа тараптарының, атап айтқанда Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР мен Германияның қатаң қарсылықтарына ұшырады. Еуропа одағының
Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини бірден Трамптың бұл әрекетіне қарсылық білдіріп, Еуропа одағының Иранмен "Ортақ қадам" шеңберіндегі ынтымақтастығын қуаттады. Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей мен ҚХР да "Ортақ қадамда" қалатындықтарын мәлімдеді. Бұл мәселеге қатысты Трамп тіпті Канадада өткен G7 тобының отырысында да жалғыз қалған болатын. Трамп өзінің біржақты әдісін жалғастыру арқылы "Ортақ қадам" келісімінің басқа мүшелерінің, яғни Ресей мен Қытайдың мүдделері мен талап-тілектеріне назарға аудармауымен қатар, Трамп Вашингтонның еуропалық серіктестерінің "Ортақ қадамдағы" көзқарастары мен мүдделерін мүлдем елемей отыр. Трамп АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығатынын мәлімдеу арқылы ауыр тарихи жауапкершіліктен қашып, АҚШ-тың әлемдегі оң әрі ықпалды алып держава ретінде рөл атқара алмайтынын көрсетті. Ақ үй маусымның он бесі күнгі мәлімдемесінде АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуын АҚШ-ты әлемдік сахнадағы жетекшілікке қайтаруға бағытталған Дональд Трамп үкіметінің жетістіктерінің бірі екенін айтты. Ақ үй бұл мәлімдемесінде "Ортақ қадамды" "біржақты" келісім деп атап, оның АҚШ үшін ешқандай пайда әкелмеген мәлімдеді. Трамп өзінің қисынсыз сөзінде АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуы Иранның аймақтағы белсенділіктерінің бәсеңдеуіне себеп болды деген уәж айтты. Ақ үй мен Трамптың АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуының нәтижелері мен салдары туралы бос уәждері шынайы ақиқаттарға толығымен қайшы. АҚШ үкіметі өзін сырт көзге надан етіп көрсетіп, халықаралық қауымдастық пен өзінің еуропалық серіктестерінің арасында жалғыз қалған АҚШ-тың қазіргі жағдайына дәлелді себеп келтіру үшін "басты алып қашу" атты саясаты шеңберінде осы уәждерді айтып отыр.