Мұнафеқин лаңкестік тобы – АҚШ-тың саясаттарын іске асыратын құрал 1
(last modified Mon, 23 Jul 2018 08:02:05 GMT )
Шіл 23, 2018 14:02 Asia/Almaty

2018-ші жылдың маусым айының 30 күнгі өткен жылдардағыдай «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Батыс және араб, сонымен қатар еуропалық мемлекеттердің жалдамалы азаматтарының қатысуымен Францияның астанасы Парижде жиналуы бұл қылмыскер топтың халықтық емес әрі тәуелді болмысқа ие екенін көрсетті.

Жыл сайын көптеген қаржы бөліп, басқосуға қатысатын Батыс саясаткерлері «Мұнафеқин» тобының көмегімен Иранның Ислам республикасы жүйесін құлату туралы тағы әңгіме жүргізді. Бұл қиял Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері шамамен 40 жыл өткенімен өзгерген жоқ. Алайда олардың қалауына қайшы Ислам республикасы жүйесі Батыс пен оның аймақтық одақтастарына, сондай-ақ сионистік режимге қарсы табандылық танытуда. Иранның Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының бұрынғы мүшесі Аббасәли Мансури Арани «Мұнафеқин» лаңкестік тобының жыл сайын Францияда Иранға қарсы жиналуының мақсаттары туралы: «Мұнафеқиндер жыл сайын осындай басқосулар өткізеді. Олардың аймақтағы белсенділігі бұрынғы Саддамның БААС режимі сынды  Израиль мен АҚШ-тың қолдауына ие тыңшылық ету болып табылады»,- деді. Осыдан бірнеше жылға дейін Еуроодақ пен АҚШ-тың лаңкестік топтар тізіміне тіркелген «Мұнафеқин» лаңкестік тобы өткен жылдары Батыс саясаткерлеріне ақша төлеп, бұл тізімнен шықты. Содан бері жыл сайын босқындардың қажеттіліктерін пайдаланып, Еуропаның әртүрлі қалаларында жиналады. Сол жиындарда Батыстың екінші дәрежедегі саясаткерлері көп ақша алып, бұл лаңкестік топты қолдап, сөз сөйлейді. «Мұнафеқиндер» көптеген ирандықтарды өздерінің қолдаушылары ретінде көрсету үшін жыл сайын көптеген мұқтаж студенттерді, әртүрлі елдердің босқындарын, тіпті, кейбір үйсіз адамдарды еуропалық қалаларға сапар шегу, тегін тамақтану және жиындарға қатысқандары үшін ақша төлеу сияқты уәделер беріп жинайды.

Батыстықтардың «Мұнафеқин» лаңкестік тобына үміт артуы бұл топтың болмысы мен қылмыстарын әшкерелеуге көмектеседі. Негізінде, Батыс үкіметтерінің, әсіресе АҚШ-тың лаңкестікпен күрес саласындағы екіжүзділігі олардың өткен 30 жылда «Мұнафеқин» лаңкестік тобына қолдау көрсетуінен байқалады. Бұл мемлекеттер «Мұнафеқин» лаңкестік тобының әрекеттеріне куә бола тұра, өздерінің ішкі заңдарына қайшы «Мұнафеқин» лаңкестік тобына пана берді. Топ Францияда ел полициясының қорғауына ие. Аталмыш топ лаңкестік топтар тізіміне енгізілгенімен, оларға еуропалық мемлекеттердің көбінде жиналып, митинг өткізуге рұқсат берілген. Сондай-ақ, батыстықтар бұл топтың әрекеттері мен адам құқығын бұзушылықтарын сан рет көргенімен, олардың қолына түскен адамдарды құтқаруға әрекет жасаған емес. Ирак басып алынған соң «Мұнафеқин» лаңкестік тобы америкалық әскерилердің қолдауына ие болды. Бұл лаңкестік топ тіпті  Иранның ядролық саласына да тыңшылық жасады. Эксперттердің көбі «Мұнафеқин» лаңкестерінің   белсенділігін заңсыз деп атады. Бірақ, АҚШ олардың мәліметтерін Иранның ядролық жұмыстарына қарсы айғақ-дәлел деп атады.

«Мұнафеқин» лаңкестік тобы 1960-шы құрылғанымен оның мүшелерінің қаржылары шектеулі болды. Бұл топ 1979-шы жылғы Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін жағдайды өз мүддесіне пайдаланып, мүшелерінің санын арттырып, 1981-ші жылдан бастап, Ислам республикасы жүйесіне қарсы қарулы күресті мақсат етіп, Иранның мыңдаған азаматы мен басшыларын өлтірді. Мәліметтер бойынша, 1980-ші жылдар мен одан кейінгі кезеңде бұл топтың қолынан 17 000-нан астам адам шәһид болды. Келесі кезеңде бұл топ 15 жылдан астам уақыт бойы Иранға қарсы таңылған соғыста Ирактың БААС режимімен ынтымақтастық жасап, Иранға қарсы әрекеттерге барып, Ирак халқын басып-жаншыды. «Мұнафеқиндер» БААС режимімен ынтымақтастық жасаған кезде Иранның мыңдаған азаматы мен Ирактың ондаған мың халқы бұл топтың лаңкестік әрекеттерінің  құрбаны болды. Сол ынтымақтастықтың мысалы ретінде  1991-ші жылғы Ирактың оңтүстігіндегі шиіттер көтерілісі мен «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Ирактың солтүстік аймақтардағы  халқын басып-жаншуға қатысуын атауға болады. Мұнафеқиндер БААС үкіметінің соңында Ирак диктаторы Саддамның арнайы армиясына айналып, бұл лаңкестік топтың басшылары өздері мен бұл топтың ыдырамауын Ирак диктаторының қолдауымен ғана мүмкін санады.

2009-2012 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің лаңкестікке қарсы күресті үйлестірушісі Данил Бенджамин «Politico» басылымындағы мақаласында «Мұнафеқин» лаңкестік тобының бұрынғы әрекеттері мен мыңдаған ирандық азаматтың, соның ішінде аятолла Бехештидің шәһид болуына тоқталып: «Мұнафеқин лаңкестік тобының лаңкестік топтар тізіміне қосылуына осындай әрекеттері себеп болды»,- деп жазды. «Мұнафеқин» лаңкестік тобының Иран мен Ирак халықтарына, әсіресе Саддам режимі құлағаннан кейінгі қылмыстарын әшкерелеу аталмыш топтың АҚШ пен Еуропадағы лаңкестік топтардың тізіміне енгізілуіне себеп  болды. Бірақ олардың, әсіресе Иранның ядролық жұмыстарына тыңшылық жасау және Батыс Азиядағы АҚШ-тың мақсаттарын алға ілгерілету кезіндегі сионистік режиммен ынтымақтастық етуі, сондай-ақ, бұл топты Иранға қарсы қысым көрсету мен кейбір ішкі мақсаттары үшін пайдалану Вашингтонды Батыс Азия мен Ирандағы кейбір бағдарламаларын осы лаңкестік топ арқылы іске асыру мүмкіндігі туралы нәтижеге жеткізді. Сондықтан 2012-ші жылы бұл лаңкестік топты әртүрлі елдердегі лаңкестік ұйымдар тізімінен шығару үдерісі басталды. Данил Бенджамин «Мұнафеқин» лаңкестік тобын лаңкестік топтар тізімінен шығару үшін америкалық басшыларға көп  қаржы төлегендеріне тоқталып: «Вашингтонда ақша барлық күнәларды кешіреді. «Моджахедине халқ» (Мұнафеқин) ұйымы қолдаушыларын күдік тудыратын қаржы ұсыныстарымен қызықтырды»,- деп жазды. «Мұнафеқин» лаңкестік тобының ең маңызды қолдаушысы саналған Саддам режимі құлап, бұл топтың Ирактағы қылмыстық әрекеттері әшкереленген соң Ирак халқының жиіркеніштері артып, мұнафықтардың бұл елде қалуына мүмкіндік қалдырмады. Сондықтан АҚШ мұнафықтарды Ашраф базасынан Либерти базасына, кейін Албанияға ауыстыру үдерісін бастады.

АҚШ-тың  «Мұнафеқин» лаңкестік тобын басқа мемлекетке ауыстыруының мақсаты бұл топты өзінің тыңшылық және лаңкестік әрекеттерін іске асыруға, сондай-ақ, Иранның Ислам республикасы жүйесін құлату сынды әрекеттерін іске асыруға пайдалануды көздеуі болды. Нәтижесінде Албания Еуропадағы «Мұнафеқин» лаңкестік тобының тұрақты мекені ретінде таңдалды. АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Роберт Торичполи  Албанияның «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мекені ретінде сайлануының маңызды себептерінің бірі ретінде Албания мен АҚШ арасындағы мықты қарым-қатынастарды атап: «Тирана мен Вашингтон арасында тіпті басқа мәселелерге қатысты да жақсы қарым-қатынас орнатылған. Сондықтан бұл салада ашық келіссөздер өтті»,- деді. Албанияның бұрынғы Премьер-министрі Сали Бериши 2013-ші жылы «Мұнафеқин» лаңкестік тобының 210 мүшесін паналатуға әзірлігін жариялады. Бұл топтың мүшелерін Албанияға ауыстыру Эди Рамидің премьер-министрлігі кезінде де жалғасты.  2013-ші жылдың мамыр айында «Мұнафеқин» мүшелерінің алғашқы 15 адамдық тобы Албанияға аттанды. Албания ақпарат құралдары мен саясаткерлерінің бұл мәселеге үнсіздік танытуы «Мұнафеқин» лаңкестік тобының барлық мүшелерінің сол елге аттанып, сол жерде тұрақты орналасуы туралы мәселенің көтерілуіне жеткізді. 2014-ші жылдың ақпан айының 14 күні сол кездегі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Албания сапары «Мұнафеқин» лаңкестік тобының 3000 мүшесінің Тиранаға көшуі туралы келісімге себеп болды. The Associated Press бұл сапар туралы: «Керри Албания сапары кезінде елдің басшыларын Вашингтонның көзқарасын қабылдатуға талпыныс жасады. Оның мақсаттарының бірі Балкан аймағында орналасқан бұл мемлекетке Иракта орналасқан «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелерін қабылдау туралы келісімге келу болды»,- деп жазды.

Сөйтіп, «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелерін Албанияға көшіру үдерісі артып, 2017-ші жылдың желтоқсан айының соңына дейін соңғы мәліметтер бойынша бұл топтың 3250 мүшесі Албанияда орналасты. Мұнафеқин лаңкестік тобының басшылары өздерін «Пентагонның қонақтары» деп атап, бұл мәселені ең үлкен жетістік санайды. Алайд,а  Тиранадағы лаңкестік топтың негізгі құрбандары Албания мен оның халқы болып отыр.