Діни жетекші қажылыққа жауапты тұлғаларымен кездесті
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қажылар керуенінің уәһи жеріне аттануы қарсаңында қажылыққа жауапты тұлғалармен кездесті.
Аятолла Хаменеи кездесудің басында қажылық пен қажыларға қызмет етуді мақтан тұтарлық іс, ал Иранның Қажылық пен зиярат ұйымының жұмысын жақсы деп бағалағанымен, қажылыққа қатысты жасалған жұмыстарды қажет жұмыстардың тек жартысы деп атады.
Аятолла Хаменеи қажылықты дүние мен ақырет, рухният пен саясат араласқан көрініс деп атап: "Жылдар бойы кейбіреулер руханиятты қоғамның тұрмысынан бөлек деп көрсетуге, яғни дінді саясаттан бөлуге күш салды. Бірақ Ислам республикасы жүйесі құрылған кезде Исламның саясатқа, күнделікті тұрмыс пен мемлекетті басқаруға, ахлақтың күш-қуатын ең жақсы түре пайдалануға көмектесуге қатыса алатыны анықталды»,- деді.
Аятолла Хаменеи қара ниеттілердің халықтың, әсіресе жас буынның ой-пікірін рухани және материалдық өмірдің бірге болуынан бұрмалау әрекеттеріне тоқталып: «Қажылық – рухани және материалдық өмірдің бірлігінің көрінісі. Саясатты исламнан бөлек санайтындар – Ислам мен Құран аяттарын дұрыс түсінбегендер. Құранның қажылыққа, жиһад мәселесіне, қоғамдағы халықтың қарым-қатынасына, ислам билігіне қатысты аяттарының барлығы Исламға қатысты саясаттарға жатады»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі мұсылмандардың қажылыққа жиналу уақытының анық болуын мұсылмандардың бас қосуы үшін маңызды деп бағалап: «Қажылық кезінде дұға тілеп, тәуәп етіп, талпыныс жасап, халықтың жиналуы – маңызды. Егер Алла Тағала халықты қажылыққа шақырып, уақытын белгілемегенде жыл бойында әр адам қалаған кезде және қалаған күнге созып, қажылық міндетін орындайтын еді. Бірақ қажылықтың уақыты белгілі. Белгілі уақытта ислам әлемінің түкпір-түкпірінде өмір сүретін мұсылмандар бір жерге жиналады. Бұл – бүкіл тарих бойында таралған бұйрық. Бұл – Алланың қалауы. Қажылық – исламдық үмбетінің көрінісі»,- деп қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығын қажылықтың маңызды мақсаттарының бірі деп атап, қажылыққа жауаптыларға қажылықтың барлық амалдарында мұсылмандар жамағатымен қарым-қатынас орнатып, түсіністік пен келісімді сақтауға кеңес берді. Аятолла Хаменеи Сауд Арабиясы билігінің басындағылардың мұсылмандар арасындағы түсіністік пен келісімді қаламайтындығын, қасиетті Қағбаның. әл-Харам мен ән-Наби мешіттерінің орналасқан жеріндегі адамдарға ғана емес, бүкіл мұсылмандарға да тиесілі екенін қуаттап: "Ешкімнің қажылықтың шынайы түсінігіне кедергі тудыратын құқығы жоқ. Сондықтан, егер қай үкімет бұл іске
Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің Ирандағы Ислам революциясының жеңіске жеткен алғашқы жылдарындағы жолдауына тоқталып: «Біз, Иран халқы, революция жеңіске жеткен соң имам Хомейнидің жетешілігінің берекесімен қажылықтың жаңа мағынасын түсіндік. Иран халқы үшін қажылықтың жаңа түсінігі айқындалып, қажылықтың мүшріктерден безу мен мұсылмандардың бірлігі екендігі анықталды»,- деді. Аятолла Хаменеи қажылыққа қарсы тұру үшін әлемдік үстемшілдіктің мұсылман бауырлардың арасында қайшылық тудырып, АҚШ-пен бір болу жолын ұстанып отырғанына тоқталды. Хиджри қамаридің 1407-ші жылы әлемдік үстемшілдік пен АҚШ-қа қарсы ұран айтып, мүшріктерден безулерін жариялағандарына байланысты 270 ирандық қажы өлтірілді.
Алла Тағала «Хадж» сүресінің 25-ші аятында: «Шынында, қарсы болғандарға Алланың жолынан, сондай-ақ, біз оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Мәсжет әл-Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа оған жан түршігерлік азаптың дәмін татырамыз»,- деп айтқан болатын. Ислам революциясының жетекшісі осы аятқа сілтеме жасап: «Бұл алдын алу, бұл тыйым салу сіздерге Меккеге баруға тыйым салмайды. Меккеге баруға рұқсат беретін болар, бірақ қажылық түсініктерін өз мүдделеріне пайдалануға рұқсат етпейді»,- деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1394-ші жылдағы, яғни осыдан үш жыл бұрын әл-Харам мешітіндегі апатты еске алып: «Бұл оқиға ұмытылмайды. Иранның қатысуымен шындықты іздейтін топ құрылып, халықаралық қоғамның көмегімен зардап шеккендердің құқықтарын қайтару керек. Қауіпсіздік – Алланың өз үйінде, Мекке мен қасиетті кесенеде белгілеген ерекшеліктерінің бірі. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 125-ші аятында: «Қағбаны адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық»,- деді. Бірақ, өкінішке орай, Сауд Арабиясының билігіндегі режим өздерін қасиетті кесенелердің қызметшісі деп атап, бұл салада ұят әрекеттерді іске асырды.
Қажылық тарихындағы ең ащы оқиға болып тіркелген 2015 жылғы үлкен қажылық кезінде орын алған Мина оқиғасында дүниежүзінің 39 елінің 7 мыңнан астам зияратшысы қаза болып, жарақат алды. Сауд Арабиясының үкіметі оқиғадан шамамен үш аптадан кейін қаза болғандардың санын 7477 адам деп ресми жариялады. №204-ші өткелдің жабық болуы, халықтың бір жерге кептелуі мен Сауд үкіметінің қажылардың жағдайына қасақана немқұрайдылық танытуы бұл оқиғаның орын алуының себептері деп жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, басқа елдерге қарағанда ИИР-ның қаза болған әрі жарақат алаған зяиратшыларының саны көбірек болған. Аятолла Хаменеи Мина апатына қатысты алғашқы реакциясында үш күн аза жариялауымен бірге Сауд Арабиясының басқарудағы қателігі мен бұрыс әрекеттерін апаттың факторлары деп атады.
Аятолла Хаменеи дұшпандардың, ислам әлеміне, әсіресе Палестина мен Йемен мәселелері бойынша мұсылмандарға қарсы шоғырланғанына тоқталып, мұсылмандардың бірлігі мен бірауыздылығының қажеттігін қуаттап: "Америкалықтар "Ғасыр мәмілесі" атаған жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша, басып алынған жерлердің үлкен бөлігі, соның ішінде Бейт әл-Мұқаддас Израильге тапсырылады, босқындардың отандарына оралатын құқықтары болмайды. Оның орнына палестиналықтарға Газа секторының айналасындағы жерлердің бір бөлімі берілетін болады. Палестинаның астанасы Құдстан басқа қала болады. АҚШ-тың Палестинаға қатысты бұл саясаты «Ғасыр мәмілесі» деп аталды. Бірақ олар «Ғасыр мәмілелерінің» илаһи көмекпен еш уақытта іске аспайтынын білуі керек. Палестина мәселесі еш уақытта ұмытылмайды. Құдс Палестинаның астанасы әрі мұсылмандардың бірінші Құбыласы ретінде қалады",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі Исламға еш сенімдері жоқ кейбір ислам үкіметтерінің надандық пен дүниелік қалауларына байланысты америкалықтардың құрбаны болып отырғанын сынап: «Олар нәтижеге жетпейді. Керісінше, илаһи көмекпен ислам үмбеті мен Палестина халқы өз дұшпандарын жеңіп, заңсыз сионистік режимнің Палестина жерлеріндегі тамыры жойылатын күн келеді",- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің соңында қажыларға денсаулық пен қауіпсіздік және қажылықтарының қабыл болуын тіледі.