Имам Хусейн (ғ.с.) – бірліктің негізі
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i39035-Имам_Хусейн_(ғ.с.)_бірліктің_негізі
Имам Хусейн (ғ.с.) өтірік пен айлаларға қарсы тұрып, барлық жүректерді толқытқан үлкен жанкештіліктің үлгісін көрсетіп, шәһид болды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қызыл қаны адамдарға жаңа дем беріп, шындықты жандандырып, зұлымдықты жою үшін үлкен бірлікке себеп болды. Имам Хусейн (ғ.с.) – жүректерді өзіне тартып, адамдарды шындыққа шақыратын үлкен оқиғаның бастаушысы.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 15, 2018 12:59 Asia/Almaty

Имам Хусейн (ғ.с.) өтірік пен айлаларға қарсы тұрып, барлық жүректерді толқытқан үлкен жанкештіліктің үлгісін көрсетіп, шәһид болды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қызыл қаны адамдарға жаңа дем беріп, шындықты жандандырып, зұлымдықты жою үшін үлкен бірлікке себеп болды. Имам Хусейн (ғ.с.) – жүректерді өзіне тартып, адамдарды шындыққа шақыратын үлкен оқиғаның бастаушысы.

Имам Хусейн (ғ.с.) зұлмат пен бұрмаланушылықтар  халық пен басшыларды шырмаған кезде дұрыс жолға нұсқайтын шырақты көтерді. Аяқтар тура жолмен қадам баспай, немқұрайдылық барлық жерге таралып, барлық нәрсені мағынадан кенде етті. Ақиқаттың күні батып, биік таулардың артынан зұлымдық көрініп, халық сенімді негіздерге сүйенудің орнына күнә мен күдік таралған кеңістікте өмір сүріп жатты. Сол кездегі жағдайда дін мен өмірдің, басшылық пен басқа істер бұрыс мағынаға ие болып, үкіметтің лас қолдары барлық сұм қарым-қатынастарды сырт көзге әдемі көрсетуге талпынды. Барша өтірік пен айлалардың үстіне шындықтың киімін кигізуге әрекет жасады деген ой туады. Ең надан басшы Язид билікті өз қолына алып, дұрыс жолда қадам басудың орнына халыққа бақытсыздық әкелген кезде имам Хусейн (ғ.с.) көтеріліске шығып, өз міндетін орындауға шешім қабылдады. Ол көтеріліске шығып, қараңғылыққа қарсы тұрып, немқұрайдылық дуалдарын қиратып, Құдайға ғашық болу туралы дастандарын оқып, ұйқыдағы ұйымдарды оятты. Имам Хусейн (ғ.с.) өтірік пен айлаларға қарсы тұрып, барлық жүректерді толқытқан үлкен жанкештілікті көрсетіп, шәһид болды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қызыл қаны адамдарға жаңа дем беріп, шындықты жандардырып, зұлымдықты жою үшін үлкен бірлікке себеп болды. Имам Хусейн (ғ.с.) осы күнге дейін жүректерді өзіне тартып, адамдарды шындыққа шақыратын үлкен оқиғаның бастаушысы болды.

Имам Хусейнді (ғ.с.) тек мұсылмандарға ғана қатысты деп айтсақ, қателескеніміз. Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің қырқы «Арбағинінің»  жылдығы рәсімдеріне, әсіресе бұл күнге қатысты шеруге еуропалық, америкалық және шығыс азиялық мемлекетттерден әртүрлі діндер мен мазхабтардың өкілдері қатысады.  Кербала жолында зияратшыларға қызмет көрсететін «Иса бен Мәриям» атты керуен мен хосейние – солардың үлгісі. Келесі үлгі Арбағин рәсімдеріне қатысатын Қытайдың буддалық «Траим» компаниясының жұмысшылары болды. Олар имам Хусейн (ғ.с.)-ды құрметтеп, бірнеше күн жұмыстарын тоқтатып, салауаттық аялдамасын орнатып, Кербалаға қарай жаяу жолға шыққан зияратшыларға қызмет етеді. Олар аялдамаларда халыққа су, шәй мен жеміс таратып, зияратшылар өз қажеттіліктерін қамтамамсыз ете алуы үшін ұялы телефондарын  зарядтайды. «Траим» компаниясының директоры: «Имам Хусейн – біздің үлкен тұлға. Біз имам Хусейннің кім болғанын және қандай оқиға болғанын білеміз. Біз өзімізді зияратшылармен бір санап, олардың қайғысына ортақпыз»,- деді. Олар – әлемнің түкпір-түкпіріндегі имам Хусейн (ғ.с.) ғашықтарының мұсылмандардан басқалар да бола алатындығының кішкентай үлгілері. 

 

Диана Транко – Техас штатында христиан отбасында дүниеге келіп, тәрбие көрген Ислам дінін қабылдағандардың бірі. Имам Хусейнге (ғ.с.) ынтық ол: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісінің мақсаты ақиқатты жандандыру болды.  Ол діннің негіздері мен адамгершілікті ояту үшін бүкіл нәрсесін құрбан етті. Бұл тақырып терең жолдауға ие және менің мұсылман болуымның ең маңызды дәлелі болды. Менің ойымша, имам Хусейн (ғ.с.) – әлемдік тұлға»,- деді.

Кербала мен Ашура тақырыбы тек шиіттерге ғана тиесілі емес, имам Хусейн (ғ.с.) – мұсылмандар бірлігінің факторы. Имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің шәһид болуы исламның ұлық пайғамбары мен Алланың діні   тарихындағы ең үлкен бұрмаланушылықтың  алдын алды.  Имам Хусейн (ғ.с.) өз қанымен исламдық сенімдердің бетіне қонған шаң-тозаңды тазартты. Бұл үлкен женкештілік әртүрлі мазхабтардың мұсылмандарын имам Хусейн (ғ.с.)-ның алдында қарапайым болып, олардың жүректерін бір-біріне жақындатады.

Ауғанстандағы жоғары оқу орындары ұйымының ұстазы, сүннит мұсылман Моулави Абдолазиз Моджахед: «Имам Хусейн (ғ.с.) исламның ұлық пайғамбарының әулетін халифаттан айырғандарға қарсы шығып, ислам үмбетін жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру үшін көтерілді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы ислам әлеміне әсерін тигізіп, исламдық оянуға себеп  болды»,- деді. Ұстаздың көзқарасы бойынша, имам Хусейн (ғ.с.)-ның азаттық талап ету қозғалысы барлық мұсылмандардың бірлігін нығайтып, имам Хусейн (ғ.с.)-ді адамзат бірлігінің қайнары деп мойындатып, хазіреттің көтерілісін баршаның қабылдауына себеп болды.  

 

Аятолла Сейед Реза Садр «Шәһидтер басшысы» кітабында: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы Исламның бірлігін қамтамасыз етіп, шиіттер мен сүнниттерді бір-біріне  жақындатып, Хусейнді Ислам бірлігінің қаһарманына айналдырды. Шиіттер мен сүнниттер имам Хусейнді (ғ.с.) өздерінің басшысы санайды. Екі топ та имам Хусейннің жақтасы, өздерін бақытты санайды. Екі топ та Язидті Исламнан жат адам деп біледі»,- деп жазды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуынан бұрын мұсылмандар арасында терең қайшылық байқалды. Бір топ османдық, келесі топ алави тобына айналды. Имамның азаттық талап ету қозғалысы қайшылықты шешіп, османдықтардың Зохейр бен Қейн Баджали деген танымал тұлғасы  имам Хусейн (ғ.с.)-ға қосылып, имам әскерінің танымал көшбасшысы болды. Қазіргі кезде де имам Хусейн (ғ.с.) – ислам бірлігі мен мұсылмандардың бір-біріне мейірімді болуының    факторы. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббат мұсылмандар арасындағы өзара қастықтарын жойып, жүректерді тыныштандырады.  Кез келген мұсылманды имам Хусейн (ғ.с.)-ның жақтасы болуға шақырсаң, ол ләббейк айтады. Имамнан теріс айналып, Язидке бет бұратын адам жоқ.

Егер хиджридің 61-ші жылы орын алған имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісі ғасырлардан кейін мұсылмандардың бірлігіне себеп болса, неліктен қазір бұл маңызды мүмкіндікті дәл осы жолда пайдалануға болмайды?

Осы ретте Ливан шиіттерінің басшысы имам Мұса Садрға тоқталу жөн болар еді. Ол мохаррам айындағы жиындарда шиіт діндарларымен бірге сүннит ғұламаларын, тіпті христиан ойшылдарын  шақырып, имам Хусейн (ғ.с.) мен Ашура көтерілісі туралы баяндады.   Имам Мұса Садрдың бұл ғамалы оның имам Хусейн (ғ.с.)-ды бір мазхаб пен арнайы топтан жоғары деп санайтынын, Ашураның кең ауқымды екенін көрсетті. Осыған ұқсас істі Нигерия мұсылмандарының басшысы шейх Закзаки іске асырды. Ол көптеген адамдарды имам Хусейн (ғ.с.)-мен таныстырды. Бүгінде Нигерия мен онымен көршілес елдерден имам Хусейн (ғ.с.)-ға ғашық көптеген адамдарды кездестіруге болады.

Егер діни қайшылықтарды сұм құбылыстар санап, имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы  ислам қоғамындағы қайшылықтардың көбін жойды деп ойлайтын болсақ, іс жүзінде имамның жақтастарының қатарына қосылып, исламдық бірлік үшін талпынуымыз керек. Имам Әли (ғ.с.)-ның басшылық құқығынан бас тартып, үнсіздік танытуы, имам Хасан (ғ.с.)-ның ислам үмбетінің мәслихаты үшін Муавиемен бейбітшілік келісімге келуі  және имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы ислам қоғамының мәслихаты мен ахлақи және діни құндылықтарды  қорғау үшін болды. Исламның дұшпандары кез келген мұрсатты мұсылмандардың арасында қайшылық тудыру үшін пайдаланған кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның азаттық талап ету қозғалысына сүйеніп, дұшпанды жақсы танып, кез келген мазхабтағы мұсылман бауырларымызбен бірігіп, оларға махаббат білдіріп, қарым-қатынас орната аламыз.

Қазіргі кезде барлық илаһи діндердің жақтастары имам Хусейн (ғ.с.)-ды үлгі санап, өзара  адамгершілік пен ахлақи ерекшеліктерді жандандыруға талпынуда. Әлбетте, олар діттеген мақсаттарына жетеді.

 

Имам Хусейн (ғ.с.) хиджридің 61-ші жылының Ашурасынан  осы уақытқа дейін адамгершілік пен абыройдың шыңында орналасып, әлемді нұрымен жарқыратуда. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның нұры әлемнің жер-жерінде жарқырап, жүректерді өзіне тартуда. Әлемде имам Хусейн (ғ.с.)-ның: «Алланың діні жолында мені демейтіндер бар ма?»- деген сөзі құлаққа жетеді. «Уа, Хусейн (ғ.с.)! Бізді де шақыр. Біз де Кербаладағы серіктерің секілді жиналып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның Ислам дінін жаңғыртуға өзіңе көмектесеміз».