"Бірлік аптасына" арналған қысқа хикаялар (2)
Топтамамыздың бүгінгі бөлімінде Абдулла ибн Абидің жікшілдік тудыру әрекеті мен Исламның ұлық пайғамбарының осы мәселені шешу жолы жайлы баяндаймыз.
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймыз.
Күлдің астындағы шоқ
Х.ж.с.б.алтыншы жыл еді. Мәдине тұрғындарына бір хабар жетеді. Біреулер хабардың рас болуы екіталай десе, басқалар "Харестің мұндай қателік жасауы әбден мүмкін" деп айтып жатты. Бұл Бани әл-Мұсталақ тайпасының басшысы Харес ибн Аби Зерардың қару-жарақ дайындап, мұсылмандармен соғысу үшін күш жинап, дайындалып жатқаны туралы хабар еді.
Исламның пайғамбары жеткен хабардың растығына көзі жетуі үшін Борайда ибн әл-Хусайб атты серіктерінің біріне осы мәселені зерттеп, білу үшін Бани әл-Мұсталақ тайпасына баруды бұйырады.
Борайда тайпаның арасына жасырын еніп, Хареспен сөйлесіп, оның шешімінен хабардар болады.
Сосын Борайда Мәдинеге тез қайтып: "Уа, Алланың елшісі, бұл хабар рас екен. Харес мұсылмандармен соғысу үшін дайындалып жатыр",- дейді.
Пайғамбар серіктерімен бірге Бани әл-Мұсталақ тайпасына қарай жол тартып, бір шұңқырдың маңында олармен бетпе-бет келеді. Соғыс басталып кеткенімен ұзаққа созылмайды. Себебі, дұшпандардың көбі өліп, олардың әскері жеңіліске ұшырайды. Сондықтан соғыс отын өршіту бүлігі басылады. Алайда пайғамбардың серіктері тағы бір бүліктің дайындалып жатқанынан хабарсыз еді. Екі адамның айқайлаған дауысы естіледі. Олардың әрқайсысы өз тайпасынан көмек көрсетуді сұрап жатқан еді.
Мұсылмандар біртіндеп олардың айналасына жиналып жатты. Бір мұхаджир мен бір ансар тайпасының өкілдері арасында бір кішігірім мәселеге қатысты келіспеушілік туып, жәһілдіктің соқыр сенімдері қайта жанданды. Сәт сайын мұсылмандардың бір-біріне тарпа бас салып, исламнан хабарсыз жәһілдік кездегідей бір-бірімен соғысып, қан төгу қаупі төнді.
Алланың елшісі мұсылмандардың қақтығысы мен келіспеушілігін естіп, оларға: "Бұл екі адамды жайына қалдырыңдар. Көмек сұраған бұл айқайға қатты өшпенділік сіңіп кеткен, сондықтан одан жағымыз иіс шығып жатыр. Бұл айқай жәһілдік кезеңіне қайта шақыру секілді. Бұл адамдардың жүрегінен жәһілдіктің сұм әсері кетпеген",- дейді.
Бірақ бұл оқиғаның басы ғана еді. Бани әл-Мұсталақ тайпасының соғысында ешқашан басқа соғыстарға қатыспаған, джиһадқа шығуға құлшыныс білдірмеген мұнафеқиндердің көп бөлігі тек соғыс майданының жақындығына байланысты мал-мүлікке қол жеткізу мақсатында ғана ол хазіретпен бірге сыртқа шығатын. Мединедегі мұнафеқиндердің басшысы Абдулла ибн Аби де басқа мұнафеқиндер секілді олжаға қол жеткізу үшін ғана бұл соғысқа қатысқан болатын. Ол алауыздық бүлігінің басылғанына қатты ашуланған еді. Абдулла күлдің астындағы шоқты қайта тұтандыру үшін ансарларға барып, ашуланған күйінде: "Біз өзіміз кінәліміз. Мұхаджирлерге Меккеден орын беріп, оларды дұшпаннан қорғап қалдық. Енді басымызға не күн туса да соған лайықпыз» дейді. Абдулланың сөздері біртіндеп пайғамбардың серіктерінің санасына әсер ете бастады. Ансарларды ашуландыра алғанына көзі жеткен Абдулла сөзін жалғастырып: "Мұхаджирлер пайғамбардың айналасынан алыстағанша оларға қайырымдылық жасамаңдар. Алланың атымен ант етемін, мықты әрі ардақты Медине халқы ретінде әлсіз мұхаджирлерді қаламыздан қуып шығуымыз керек",- дейді.
Абдулла өз сөздерімен мұсылмандар арасында келіспеушіліктің қаншалықты етек жаюына себеп болғанын көргенде қуанышқа бөленді. Бірақ, қуанышы ұзаққа созылмады. Зейд ибн Арқам атты жас мұсылман оған қарсы шығып: "Құдайдың атымен ант етемін, мұндағы әлсіз әрі пәс адам – сенсің. Өз туыстарының арасында ешқандай беделі мен орны жоқ – сенсің. Алайда, қымбатты Мұхаммад – мұсылман. Мұсылмандардың жүректері мейірім мен махаббатқа толы",- дейді. Зейд пайғамбардың жанына барып, Абдулла ибн Абидің сөздерін Алланың елшісіне жеткізеді.
Өз басының қатерге ұшырағанын сезген Абдулла ибн Аби Исламның қлық пайғамбарының жанына келіп: "Мен ешқашан мұндай сөзді айтқан жоқпын",- дейді. Кейбіреулер оның сөзін растап, қолдау көрсетеді. Пайғамбар қос тараптың осы айтылған сөздері мен қақтығыстарды ұмытатындай іс жасауы керек болды. Сол себепті хазірет серіктеріне жолға шығуға бұйрық береді. Пайғамбардың жолдастарының бірі ол хазіреттің жанына барып: "Уа, Алланың елшісі! Қазір жолға шығатын кез емес. Неліктен мұндай бұйрық бердіңіз?",- деп сұрайды. Сонда пайғамбар: "Абдулланың айтқан сөздері мен оның өршіткен отынан хабарың жоқ па?",- деп сұрайды.
Сонда ол: "Уа, пайғамбар! Аус және хазраджа тайпалары сіз Мәдинеге көшпестен бұрын Абдолланы Мәдиненің басшысы ретінде сайламақ болған. Алайда, исламның пайда болуымен оның жағдайы өзгеріп, халық одан алыстады. Ол сізді өз жеңілісінің себепкері санайды",- дейді.
Мұсылмандардың әскері жолға шықты. Исламның сарбаздары бір тәуліктен астам уақыт бойы жол жүріп, тек намаз оқу үшін ғана тоқтаған еді. Екінші күні күн қатты ысып кетті. Мұсылмандар бұдан артық жол жүруге шамалары келмей, әскерге тынығуға бұйрық береді. Мұсылмандардың шаршағаны соншалықты, салт аттарынан түскеннен кейін бірден ұйқыға кетіп, жүректеріндегі барлық ащы оқиғалардың барлығы ұмытылып, қайшылықтардың оты да су басқандай басылады.
«Әнфал» сүресінің 46-аяты:
"وَأَطِیعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِیحُکُمْ وَاصْبِرُوا إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِینَ"
"Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге".