Стокгольм келісімі – Йеменде бейбітшілік орнатудың кіріспесі
(last modified Wed, 19 Dec 2018 13:17:51 GMT )
Жел 19, 2018 19:17 Asia/Almaty
  • Стокгольм келісімі – Йеменде бейбітшілік орнатудың кіріспесі

Желтоқсанның алтысы күні йемендік топтардың қатысуымен Стокгольмде басталған Йемен бейбітшілік келіссөздерінің төртінші кезеңі желтоқсанның он үші күні әл-Ходейдағы атысты тоқтату және екіжақтың тұтқындармен алмасуы туралы алғашқы келісімді қабылдап, өз жұмысын аяқтады.

Йемен бейбіт келіссөздерінің келесі кезеңі алдағы 2019-шы жылдың қаңтар айының соңында  БҰҰ-ның бақылауымен басталады деп жоспарлануда. Швециядағы бейбіт келіссөздер салыстырмалы келісімге жетті. Бірақ, Йемен дағдарысын шешуге қатысты бұрынғы кезеңдегі келіссөздер сан рет Сауд Арабиясы мен одақтастарының қастықтары салдарынан сәтсіздікке ұшырады. Қалай болғанда да Швециядағы келіссөз нәтижелерінің қағазда жазылуы Йеменнің шамамен төрт жылға созылған дағдарысын саяси жолмен шешу бағытында жасалған бір қадам болып табылады. Сол себепті БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш Йеменнің батысындағы әл-Ходейдадағы атысты тоқтату туралы келісімді Швециядағы йемендік топтардың келіссөздерінің ең маңызды нәтижелерінің бірі деп бағалап: «Әл-Ходейда туралы маңызды келісім жасалып, портта ортақ күштер орналасып, әл- атыс тоқтатылады»,- деді.

БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі өкілі Мартин Грифтис желтоқсанның 13 күні әл-Ходейдадағы атыстың тоқтатылу жолын жариялап: «Басында әскерилердің Әл-Ходейда, әл-Салиф және Раас Иса порттарынан артқа шегінуі басталады. Содан соң. әскерилер әл-Ходейда қаласынан кейін шегінеді БҰҰ әл-Ходейда портының негізгі бақылаушысының рөлін атқарады. Миллиондаған йемендіктерге қажет гуманитарлық көмек  пен азық-түліктің көбі әл-Ходейда портынан елдің басқа облыстарына жіберіледі» деді. 

 

Швеция келісімі – оң қадам

Әл-Ходейдадағы атысты тоқтату және екі жақтың тұтқындармен алмасуы туралы Швеция келіссөздері мен аймақта тыныштық  орнатуға қатысты  Таиз келісімінің нәтижелері  оларды іске асырылуға байланысты. Алайда, олар сондай-ақ, келіссөздерге қатысқан Рияд тобының өз міндеттемелеріне тұрақты болуымен де баййланысты.

Саяси үдерістегі маңызды мәселелердің бірі Йемен халқының саудиялық коалицияның шабуылдарына қарсы тұрып, оны келіссөздерге қатысуға мәжбүрлеуі саналады. Швециядағы Йемен бейбіт келіссөздерінен бұрын саудиялық коалиция АҚШ-тың саяси және әскери қолдауларына сүйеніп, Йемен халқының әл-Ходейдадағы қарсыласу жігеріне нұқсан келтіріп, келіссөздерде жеңімпаз болу үшін кез келген мүмкіндігін пайдаланды. Бірақ, нәтижеге жетпей, ешбір шартсыз келіссөздерге қатысуға мәжбүр  болды.

Осы салада Йеменнің революцияшыл жоғары комитетінің басшысы Мұхаммадәли әл-Хуси Стокгольм келісімінен бір күннен кейін: "Егер Йемен армиясы мен халықтық комитеттері табандылық білдірмегенде, АҚШ, Сауд Арабиясы  және Біріккен Араб Әмірлігіндегі билік жүйелерінің соғысқұмарлығы әшкереленбейтін еді. Америкалық-саудиялық және Біріккен Араб Әмірлігінің шапқыншылары мен олардың одақтастарының адам құқығы мен халықаралық заңдарды бес мыңнан астам бұзғаны, сондай-ақ, бұл елдің аштық пен холера ауруымен бетпе-бет келуі  Қауіпсіздік кеңесі пен әлем мемлекеттерін Йемендегі қылмыстарды тоқтатуға міндеттетеді.

 

Ансаролланың маңызды екі жетістігі

Бір аптадан астам уақытқа созылған Стокгольмдегі кеңесулер сенім арту мен шиеленісті мәселелерді шешуге негізделді. Бұл талпыныстар егер жалғасатын болса, саудиялық коалицияның Йемендегі әскери шабуылдарының тоқтатылуына қатысты үміттерді арттырады. Әл-Ходейдаға қатысты келісім мен Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз қаласындағы қайшылықтарды азайту келісімі Швециядағы келіссөздердегі йемендік топтардың  ең маңызды жетістіктері саналады.

Стокгольм келіссөздерінен нәтижесінен басқа айтатын жайтқа келіссөздерге Йемен халқының өкілі ретінде қатысып отырған Ансаролла халықтық қозғалысының саяси жеңіске жетуі жатады. Рияд делегациясы бұдан бұрын Ансаролла қозғалысын Йемен халқының заңды өкілі ретінде қабылдамай, сан рет келіссөздердің тығырыққа тірелуіне себеп  болды. Бұл жолы Ансаролла қозғалысы Йемен халқының өкілі ретінде қабылданды. Бұл қозғалыс саудиялық коалицияның шамамен 4 жылға созылған соғысында Йемен халқының мүддесі мен құқықтарын қорғады.

Халықаралық мәселелердің сарапшысы әрі зерттеушісі Сейед Хади Сейед Офоғи Швециядағы йемендік топтар келісімінің Ансароллаға қатысты нәтижесі туралы: "Бұл келісім – Ансаролла қозғалысы үшін саяси жеңіс. Өйткені, бұрын Сауд Арабиясының жақтастары бұл қозғалыстың мүшелерін төңкеріс ұйымдастырушылар деп атайтын. Бірақ, қазір БҰҰ Ансаролланы келіссөздерге шақыруы – Йемен халқы көпшілігі өкілінің ресми қабылдануының белгісі. Ансаролла Йеменнің стратегиялық аймақтарын өз бақылауына алып отыр. Ансаролла қозғалысының келесі жеңісі адами ресурсқа қатысты. Бұл салада әл-Ходейда мәселесі – ең маңызды мәселе. Екі жақтың әскери күштері шығарылған соң әл-Ходейданың ішкі қауіпсіздігін қаланың жергілікті күштері басқаратын болады",- деді.

 

Риядтың қастандықтары

Стокгольм бейбіт келіссөздері ағымындағы үш келісім жарық көргенімен басқа келісімдер үшін жағдай тумады. Рияд тобының ынтымақтастық жасамауы келіссөздердің бұл кезеңінде бұдан көбірек келісімге келуге мүмкіндік бермеді. Йемен астанасы Сананың әуежайы барлық келіссөздердің маңызды тақырыбы болып отыр. Бұл – йемендіктер үшін стратегиялық мәселе.

Сауд Арабиясының қолдауына ие болған Абд Раббе Мансур Хадидің құлаған үкіметі Санадағы халықаралық әуежайды ішкі әуежайға айналдырғысы келеді. Бірақ, Стокгольмге аттанған Ансаролла қозғалысы Сананың халықаралық әуежайын өз бақылауына алатынын қуаттады.  Ансаролла қозғалысы БҰҰ-ның Сана әуежайындағы бақылауымен келісті. Дәл осы екі әртүрлі көзқарас пен Риядтың қалауы Швецияда Сана халықаралық әуежайының бақылауы туралы келісімнің жасалмауына соқтырды.

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің ақпарат министрі Сейфолла әш-Шами Швеция келіссөздері туралы: "Швеция келіссөздері басқа ұқсас келіссөздерге қарағанда дамуға куә болды. Ансаролла қозғалысы Йемендегі соғысты тоқтататын толық келісім бекітіледі деп үміттенген еді.  Өкінішке орай, Мансур Хадидің үкіметі  Риядпен және АҚШ, Сауд Арабиясы  және Біріккен Араб Әмірлігі  басшыларымен ақылдаспай, шешім қабылдай алмайды. Бұл мәселе Швеция келіссөздері үдерісін қиындықтарға тіреді.

 

Йемен халқының азап-қорлықтарын тоқтату қажет

Сауд коалициясының соғысы салдарынан Йемен  шамамен төрт жыл бойы ең қиын адами апатқа тіреліп, бұл жағдай Швециядағы бейбіт келіссөздер мен Йемен соғысын тоқтатуға көзделген шаралардың маңыздылығын екі есе арттырды. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары Марк Локок биыл желтоқсанның 14 күні йемендік отбасыларының көбінің баспанасыз өмір сүріп жатқанына тоқталып, Йеменде миллиондаған адамның аштықпен  бетпе-бет келіп отырғанын мәлімдеді.

Бұл жағдай Йемендегі соғысты тоқтату талпыныстарын екі есе арттыруды талап етеді. Әрі БҰҰ-ның бұл мәселедегі рөлі басқалардан артығырақ болады деген ой туады. БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Мартин Грифтис    Швеция келіссөздерінің алғашқы келісімдерін қадағалап, олардың іс жүзінде іске асырылуын бақылауға алады деп күтіледі.

Халықаралық Қызыл крест комитетінің Таяу Шығыс бөлімінің директоры Фабрицио Карбони Стокгольмдегі Йемен бейбіт келіссөздерінің нәтижелерін маңызды деп атап: "Йемен мәселесі тек саяси жолмен шешіледі. Йемендегі соғысты тоқтату керек. Соғыс тоқтаған кезде шынайы бейбітшілік орнатылады",- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер