Ережеп айының 10 жұлдызы – имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні
(last modified Sat, 16 Mar 2019 10:01:24 GMT )
Нау 16, 2019 16:01 Asia/Almaty
  • Ережеп айының 10 жұлдызы – имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан имам Джавадтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз.

Қасиетті ережеп айының 10 жұлдызы – илаһи тұлғаның туған күні. Хиджри қамаридің 195 жылының ережеп айының бұл күні Медине қаласында Исламның ұлық пайғамбары ұрпағының бірі имам Мұхаммад Тақи (ғ.с.) дүниеге келді.  «Джавад» – имамның лақап аттарының бірі. Өйткені, ол жомарт тұлға болып, мұқтаждарға көп көмек көрсеткен. «Джавад» – Алланың есімдерінің бірі және «міндетсімей кешіру» дегенді білдіреді. Жаратушы көмектеседі, бірақ орнына еш нәрсе алмайды, ешнәрсе сұрамайды. Бұл илаһи есім имам Мұхаммад Тақидың (ғ.с.) болмысын сипаттайды. Сондықтан білім алып, берекеге ие болғысы келген адам хазіреттің есімін есіне алса, өміріне береке кіреді.

 

Имам Реза (ғ.с.) достары мен жақындарының арасында сан рет: «Біздің достарымыз үшін бұл ұлымнан берекелі ешкім болмайды»,- деген болатын.  Имамның Ибн Эсбат және Аиад бен Исмаил деген екі серігі: «Күндердің бірінде имам Резаға (ғ.с.) келдік. Хазірет сол кезде кішкентай бала болған Мұхаммад Тақиды (ғ.с.) алып келді. Біз «Бұл «жақсылық пен берекенің баласы» деген баланың өзі ме?» деп сұрадық. Хазірет «Иә. Исламда бұл баладан берекелі бала дүниеге келген жоқ» деп жауап берді»,- деп естеріне алатын. 

Имам Казем (ғ.с.) шәһид болған соң өздерін «Вақфие» деп атаған топ материалдық мақсаттарына сүйеніп, хазірет Резаның (ғ.с.) имаматын теріске шығарды. Мұнымен қатар имам Реза (ғ.с.) 48 жасына дейін балалы болмады. Бізге жеткен Алла елшісінің көптеген хадисінде пәк имамдардың он екі адам екендігі, олардың имам Хусейннен (ғ.с.) таралатыны айтылды. Сондықтан ұрпақсыз қалу имам Резаның (ғ.с.) имаматына қатысты күдік-күмән тудырды. Перзент болмаса, имам болу мүмкін емес. Имам Реза (ғ.с.): «Менің балалы болмайтыным туралы қайдан білесіздер? Алламен ант етемін, кеш емес, Алла Тағала бір күні маған ұл бала береді. Бұл бала шындық пен жалғандықты бір-бірінен алыстатады»,- деп жауап беретін. Имам Резаның (ғ.с.) бұл болжамдары хиджри қамаридің 195 жылының ережеп айының онында орындалып, велаят пен имаматтың жарқын жұлдызы дүниеге келді. Имам Мұхаммад Тақи дүниеге келген кезде имам Реза (ғ.с.): «Алла Тағала маған теңізді ортасынан бөлген Мұса бен Имранға ұқсас перзент сыйлады»,- деді.

Имам Джавад (ғ.с.) әкесі имам Резадан (ғ.с.) кейін ислам үмбетінің басшылығын өз мойнына алған кезде сегіз жастағы бала еді. Дәл осы мәселе адамдардың көбіне күдік тудырды. Алайда, имам кез келген жағдайда, тіпті бір күндік сәби болса да, имам саналады. Хазірет Исаның оқиғасы да осындай болды. Исраил әулеті хазірет Мәриямға: "Бүгін ғана дүниеге келген баламен қалай сөйлесеміз?"- деп сұраған кезде хазірет Иса: "Мен Алланың пендесімін, маған Кітап берілді. Мен пайғамбар болып сайландым. Мен болған жерде береке болады, маған өлгенімше намаз оқу мен зекет төлеу насихатталды",- деді.

 

Имам Джавадтың (ғ.с.) бала болуы хазіреттің әртүрлі сынақтардан өткізіліп, әртүрлі ғылыми пікірталастарға қатысуға шақырылуына себеп болды. Дұшпандар ғылыми пікірталастар ұйымдастырып, имам Джавадты (ғ.с.) сұрақтарына жауап беруге мәжбүрлеп, кішкентай бала олардың кейбіреуіне жауап қайтара алмайды деп ойлады. Бірақ, дәл сол пікірталастар имаматтың айқын белгісі саналатын имамның ғылыми тұрғыдағы тереңдігін көрсетті. Аз уақытта имамның білімі Мединеден Хорасанға, Мысыр мен ислам қоғамының түкпір-түкпіріне жетіп, бұл мәселе Аббаси басшыларының имамды Мединеден Бағдадқа, өз билігінің орталығына шақыруына себеп болды.

Күндердің бірінде Аббаси халифасы Мамун имам Джавадпен (ғ.с.) ресми кездесуінен бұрын балалар ойнап жүрген мекеннен өтеді. Балалар Мамун мен оның нөкерлерін көріп, қорқып, қашады. Балалардың арасында болған имам Джавад (ғ.с.) орнында қалады. Мамун баланың қасына жақындап: «Басқа балалар сияқты сен де неге қашпадың? Біздің жолымыздан неге кетпедің?»- деп сұрағанда имам: «Уа, халифа! Сенің алдыңнан ашатындай, жол аса тар емес. Сондай-ақ, сенен қашатындай қылмыс жасаған жоқпын және сен қылмыс жасамаған адамды жазалайды деп ойламадым» деді. Мамун одан сайын таңғалып, баланың есімін сұрайды. Хазірет: «Мұхаммад»,- деп жауап береді.

  • Әкең кім?
  • Әли бен Мұса.

Мамун басын шайқап, кетіп қалады. Далаға жеткен кезде аспандағы құсқа көзі түседі. Қаршығаны аспанға жібереді. Біраздан кейін қаршыға оралып, тұмсығында шала-жансар балықты тістеп келеді. Мамун құстың аспаннан тірі балық әкелгеніне таңғалды. Ол балықты қолына ұстап, балалар ойнап жатқан жерге оралады. Балалар қайтадан қашып, имам Джавад қайтадан орнында қалады. Мамун: «Уа, Мұхаммад! Менің қолымда не екенін айта аласың ба?»- деп сұрайды.

Хазірет: «Алла Тағала теңіздерді жаратты, олардың үстінен ауаға бұлттарды көтерді. Сол бұлттармен бірге өте ұсақ балықтар жоғары көтерілді. Патшалардың қаршығалары оларды аулап, патшалар оларды алақандарына жасырып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) немерелерін сынағысы келеді»,- деп жауап береді. Имамның ақылы, білімі мен қисынына таңғалған Мамун ішінен наразы болғанымен, сырт көзге имам Джавадты (ғ.с.) мақтап: «Дұрыс айтасың, әкелерің мен Жаратушың шындықты айтқан»,- дейді.

 

Имам Джавад (ғ.с.) саяси тұрғыдан қиын жағдаймен бетпе-бет келгенімен басқа пәк имамдар секілді Аббаси басшыларының зұлымдығы мен алдап-арбаушылықтарына  үнсіз қарап қалмады. Хазірет тіпті ең ауыр жағдайда да халыққа шындықты айтты. Сондықтан Мамун хазіретті бақылау үшін қызы Умма ул-Фазлді имам Джавадқа (ғ.с.) тұрмысқа берді.  Мамун бұл шешімімен имам Джавадтың (ғ.с.) үйіндегі барлық істі өз бақылауына алып, имамды өз сарайына жақын деп көрсетіп, халықтың алдында имамның абыройына нұқсан келтіргісі келді. Имам мен қызының үйлену тойына өлең айтып, музыкалық аспапта ойнайтын өнерпазды шақырды. Ол өнерін бастаған кезде имамның: «Құдайдан қорық»,- деген даусы естілді. Имамның бұйырған даусы сазгерге қатты әсер етіп, қолынан аспабы түсіп кетеді. Бұл оқиғадан кейін бұл адам еш уақытта қолына аспабын алып, оны өлең айтуға пайдалана алмаған.

Сондай-ақ, Мамун қызы балалы болып, өзі Пайғамар (с.ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) ұрпағынан шыққан немеренің атасы болуды көздеді. Бірақ, Мамун арманына жетпеді, қызы балалы болмады. Имам Джавадтың (ғ.с.) перзенттері Самане Мағрибие деген ардақты әйелден туды.

 

 

 

  

 

 

Тегтер