Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі "Жаратылыс көктемі" тақырыбы 2
Көктем – бүршік атып, гүл жаратын маусым. Аңғарлардан, төбелер мен таулардан – барлық жерден гүлдердің хош иісі сезіледі.
Көктемнің жанға жайлы ауасынан самал жел ұйқысынан оянып, жерді қозғап, оған жаңа дем береді. Бау-бақша тамырының бүлкілі ағаштарды жаңа өмірге шақырады. Бұл әдемі табиғат – жаратылған әлемдегі Алланың ең салтанатты көріністерінің бірі. Оны тамашалап, Аллаға қарай жол табуға болады. Табиғатты терең танып, Жаратушының айбынын тамашалауға болады. Адамның болмысындағы танып-білу тақырыбы оның ойлану қабілетімен байланысты. Адам ойланбаса, еш нәрсені танымайды; танып-білу адамның сезімінен тысқары емес.
Хазірет Әлидің (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағедегі» сөздерін зерттеу адамның қабылдау құрылымындағы байқау факторының ерекше орынға ие екенін және адамды дұрыс жолға нұсқауға көмектесетінін көрсетеді. «Наһдж ул-Балағе» мектебінде қырағылығын пайдаланатын адамдар сабыр мен білімге ие болды. Сондықтан адамның бұл қабілетін пайдаланып, сол арқылы білімге ие болу адамды сыртқы көрегендігімен бірге ішкі көрегендігіне жеткізе алады. Сондықтан хазірет өз сөзінде бақылаудың екі түріне назар аудартты. Бақылау көз және жүрек арқылы жүзеге асады. Адам болмысында жүрекпен бақылау жүргізіп, құпия әлем мен Жаратушының мақсаттарын түсіне алады. Түсінік пен білім хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздерінде қырағылық деп аталды. Хазіреттің пікіріне сәйкес, адамның құндылығы оның білімі мен қырағылығына байланысты. Иман қырағылық нұрымен қатар жүрген кезде мүмін үшін пайдалы болады. Бұл мәселені Құраннан да байқауға болады. Құран адамдардың болмысында көру және ояну сезімдерін арттырады. Құран жұлдыздармен безендірілген түнгі аспанның сұлулығына тоқталып: «Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік»,- деді. («Хижр» сүресі, 16-шы аят).
Хазірет Әли (ғ.с.) да табиғаттың таңғалдырарлық көрінісі туралы айтып, баршаны қырағылыққа шақырды: «Алланың жаратылыстарының белгілеріне ешбір тірексіз жаратылған аспандар жатады. Ол аспандарды Өзіне бағынуға шақырды; олар ешбір шартсыз бағынды. Егер аспандар Оның Жаратушы екенін мойындап, Оған бағынбағанда, еш уақытта аспандарды ең жоғары әрі періштелер орналасқан, сондай-ақ, пенделерінің пәк сөздері мен адал амалдары көтерілетін мекен етіп жаратпайтын еді. Жұлдыздарды далада адасқан адамдарға жол көрсететін құрал ретінде жаратты. Түннің қараңғы перделері жұлдыздар мен айдың нұры мен жарығына кедергі бола алмайды». (182-ші құтпа).
Хазірет Әли (ғ.с.) келес бір сөзінде былай деді: «Жаратушы өзінің құдыретімен терең сулдардың астынан шуылдаған толқындарының арасынан құрғақ жерді жаратты. Содан соң қабаттарын жаратып, бір-біріне қосылған жеті аспанға бөлді. Аспандар Оған бағынып, өздеріне белгіленген мекенде орналасты. Жерді теңіздер мен мұхитқа жиналатын сарқыраған көгілдір сумен толтырды. Теңіздер Оған бағынып, ағымын тоқтатты. (202-ші құтпа).