Рамазан – қасиетті ай 8
Қасиетті рамазан айының келуімен әлемнің әртүрлі аймақтарында, әсіресе исламдық елдерде ерекше көңіл-күй орнатылады.
Түркия - 82 миллион жамағатының 98 пайызын мұсылмандар құрайтын исламдық мемлекеттердің бірі. Қасиетті рамазан айы басталмастан бұрын Түркияның барлық мешіттері бұл айды күтіп алуға дайындалады. Мешіттердің айналасында жарық шамдармен «Он бір айдың сұлтаны», «Рамазан қош келдің!» және «Рамазан айының берекесі» деп жазылған сөйлемдерді көруге болады. Бұл елдің Аюб мешіті, Сулеймание мешіті, Мимар Синан мешіті және Көгілдір (Сұлтан Ахмад) мешіті рамазан айында безендірілетін үлкен мешіттер. Рамазан айында мұсылмандар бұл мешіттерге намаз оқуға және Қадір түнінің рәсімдерін өткізуге жиналады.
Түркиядағы ежелден келе жатқан рәсімдердің бірі қала мен ауылдардың көшелеріне мұсылмандарды сәрелерін жеп, намаз оқуға оятатын адамдардың шығу рәсімі табылады. Түркияда ауызашар кезінде көшелерде дастархан жайылып, халықтың бірлігіне және бір-бірне жақындауына себеп болуда. Ауызашар дастархандарында көже, көкөніс, зәйтүн мен басқа дайын тамақтармен үнемі жаңа піскен нан қойылады. Ораза айт мейрамы Түркияда үш күн өтіп, халық бұл мейрамға бірнеше күн бұрын дайнадала бастайды. Ораза айттан бір күн бұрын кенселердің жұмыс сағаттары қысқартылады. Мейрам күндері барлық үкіметтек орталықтар және тіпті мұражайлар мен туристік мекендер демалады. Халық Ораза айт күні мешіттерде айт намазаны оқиды, содан соң бір-бірлерімен кездесіп, жағдайлары туралы сұрауды бастайды.
************************
Рамазан – Алланың ең сүйікті айы, күнәләр кешірілетін, Құран түсірілген және Жаратушының қонағы болатын айы. Тәжікстанда бұл ай достық, махаббат, көмек айы ретінде танымал. Тәжікстан халқы кектерін ұмытып, кешірім мен татуласуды басты тақырып етеді. Бұл 7 миллион 200 мың халқы бар елдің 95 пайызы мұсылмандар. Қасиетті рамазан айы тәжік мұсылмандардың пікірінше ғиабадат жасап, Алламен сырласу үшін жақсы мұрсат. Олар Құран мен намаз оқу және арнайы өлеңдер айтумен рамазан айының көріністерін сақтап, өз балалары мен жас буындарына жеткізеді. Тәжікстандағы рамазан айының арнайы рәсімі «Раббе ман» өлеңің айту рәсім. Бұл рәсім ауызашардан кейін балалар топ-топқа бөлініп, көшелерге шығып, үйден үйді жағалап, үй иесін рамазан айын құттықаған соңАлланы мадақтап, Оған алғыс айтып, кешірім мен береке сұрайтын мәтіні бар «Раббе ман» өлеңді айтады. Үй иесі оларға сыйлық береді. Тәжіктердің пікірінше, рамазан өлеңдерін айту халықтың Ислам дінің тарату талпынысы болды.
Бұл елдің мұсылмандары басқа мұсылмандар сынды Қадір түнің құрметтеп, бұл түнде күнәләрін кешіруді сұрайды және Алланың уәдесі бойынша, бұл түнде тәубе еткен адамдардың күнәләрі кешіріледі деп сенеді. Тәжікстан халқы Ораза айт мейрамын діни және ұлттық рәсімдерімен тойлайды. Бұл елдің мұсылман халқы мешіттерге жиналып, Ораза айт намазын оқып, Алланы мадақтап, дұға жасайды. Тәжікстан халқының келесі бір рәсімі, егер бұл күні дүниеге ер бала келсе, «Рамазан» және егер дүниеге келген бала қыз болса «Сумаие» деген есімдермен аталады. Бұл тәжіктер үшін бұл ұлы мейрамның маңыздылығын көрсетеді.
******************
Араб мемлекеттерінде қасиетті рамазан айында араб мәдениетінің әсері байқалады. Арабтардың әдемі рәсімдерінің бірі араб тілдес елдердің көбінде «Мосахарати» деп аталатын сәресі кезінде халықты ояту рәсім болып табылады.

Ливанда қасиетті рамазан айының басталуымен күндіз, ауызашар кезінде және түнгі кезде халық бір-бірін зиарат етуге барады.
Ливандықтардың дастарханы әлем бойында тамағы және тәттілерінің түрлілігімен танымал.
********************
Сауд Арабиясында рамазан айында мыңдаған мұсылман таң білінсімен умра рәсімдері мен ғибадаттарын орындауға кіріседі. Иша намазынан кейін Аллаға сырыларын айтып, дұға жасайды. Сауд Арабиясы халқының рамазан айындағы тамағы құрма, араб кофесі және тартылған ет пен балық.
Сауд Арабиясы мұсылмандары бір ай ораза тұтқан соң, Ораза айтпен құттықтап, көшелер мен алаңдарыңда жаппай айт намазына қатысады. Ораза айт күні Сауд Арабиясыының барлық қалалары безендіріліп, зиаратшыларды күтіп алуға дайындалады. Көшелер, алаңдар, саябақтарға түрлі-түсті шырақтар ілінеді. Сондай-ақ құрма ағаштары әртүрлі шамдармен безендіріледі. Ораза айт кезінде Сауд Арабиясында 15 күн демалыс жарияланып, бұл елдің халқы оларды сапарлары мен демалуларына пайдаланады.
بر پایی جشن و شادمانی در عربستان به مناسبت عید فطر
Біріккен Араб Әмірлігінде ежелден келе жатқан рәсім бойынша, қасиетті рамазан айы шағбан айының ортасынан тойланады. Бұл елде шағбан айының ортасында "Алланың құқығы" деген мереке өтеді. Бұл күні балалар үстіне алтын жіппен тігілген арнайы киімдерін кіип, рәсімге қатысады. Бұл мереке қасиетті рамазан айына дайындалу мерекесі саналады.
Біріккен Араб Әмірлігі халқы ауызашар кезінде қонақ шақырады. Сондай-ақ мағриб азаны кезінде бір аймақтың адамдары бірге жиналады. Осыған орай рамазан айында бұлелде әдемі көріністі байқауға болады. Әртүрлі аймақтарда көптеген шырақтар жағылып, мешіттер безендіріледі. Рамазан айының соңғы күдері Біріккен Араб Әмірлігі халқы жаңа киім сатып алып және үйінің кейбір жиһаздарын өзгертіп, Ораза айт мейрамын қарсы алады.
******************
Ресей мұсылмандары бұл елдің шамамен 147 миллион халқының 20 пайызын құрайды. Ұл елдің мұсылмандарының көбі Кавказ, Татарстан және Башкирияда өмір сүреді. Бірақ Ресейдің шамамен барлық үлкен қалаларында мешіттер бар және рамазан айында мешіттерде ауызашар рәсімі өтіп, діни қызметкерлері сөз сөйлейді. Ауызашар дастарханы Ресейдің әртүрлі аймақтарында өзгеше, бірақ олардың барлығында шәй мен құрма таратылады. Мәскеу мен Санкт-Петербург сынды ірі қалаларда мұсылмандар жамағат намаз бен қарапайым ауызашарға қатысады.
Рамазан айындағы Ресейдегі ең кеңінен таралған әрі халық жақсы көретін рәсім – ауызашар беру. Ресейдің мұсылман емес халықтары рамазан айын мұсылмандардың ауызашарлары арқасында таниды.
Рамазан шатырларын құру 2006 жылдан бері Мәскеуде өтетін ең әдемі рәсімдердің бірі. Бұл шатырларда ауызашар, Құранды жатқа білетіндердің жарысы, Ресей мұсылмандары өмір сүретін аймақтардың әдет-ғұрыптарымен таныстыру, балалар арасындағы әртүрлі жарыстар мен бұл айдың тағамдары көрмесі өтеді. Сондай-ақ мұсылман еместерді Ислам дінімен таныстыру – Мәскеудегі рамазан шатырларларының келесі жұмысы.