Хазірет Хадиджаның дүниеден озған күні
(last modified Wed, 15 May 2019 14:39:08 GMT )
Maм 15, 2019 20:39 Asia/Almaty
  • Хазірет Хадиджаның дүниеден озған күні

Беғсаттың оныңшы жылының қасиетті рамазан айының оныңшы жұлдызы Алла елшісі үшін қайғылы күн болды. Бұл күні Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) өмірінің соңғы сәттеріне дейін барлық дүние мүлкін Исламға шақыруға жұмсаған өмірлік серігі хазірет Хадиджадан айырылды.

Исламның алғашқы кезеңің хазірет Хадиджаның маңызды рөліне назар аудармай жасаған зерттеулерді толық деп санауға болмайды. Ол құрайштардың қадірлі және пәк әйелдерінің бірі болды. Алла Тағала хазірет Хадиджаға жоғары ғиззаттың сый етіп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-мен танысуды нәсіп етті.

Әйгілі тарихшылар хазірет Хадиджаны адалдығы мен әділдігі, адамгершілігі мен ілімі үшін мадақтап, «Құрайш бануы» деп атады. Хазірет Хадиджа адамгершілік және ахлақи қадір-қасиеттерімен бірге қаржы жағдайы да жақсы болды. Оның байлығы көп болып, ол әртүрлі аймақтарға  сауда кереуендерін жіберетін. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ақшасы мен байлығы болмағанымен, ол өзінің адалдығы мен адамгершілігі үшін «Амин» деген лақаб атқа ие болды. Мұхаммад (с.ғ.с.) өзінің көкесі Абуталибтың ұсынысы және хазірет Хадиджаның келісімімен оның сауда керуенің басқаруды қабылдады. Хазірет  Шамға жасаған сауда сапарында Алланың көмегімен өзінің басқару қабілеттерін көрсетіп, керуен көптеген пайдаға ие болды. Бұл сапар хазірет Хадиджаға хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) артығырақ танып, бұл екі тұлғаның бірігіп, отбасы құруларына себеп болды. Пайғамбардың көкесі Абуталиб өз ағасының перзенті хазірет Мұхаммадты (с.ғ.с.) былай таныстырды: «Менің бауырымның перзенті Мұхаммадты құрайштардың әр адамымен салыстыратын болсақ, ол әр біреуінен артық. Ол әлемнің өтпелі байлығына ие болмағанымен, оның негізі мен ұрпақтары мәңгі қалады». 

Хазірет Хадиджаның Пайғамбардың (с.ғ.с.) алдындағы қарапайымдылығы мен ұстамдылығы құрайштардың кейбір әйелдерінің айыптарына себеп болды. Оны айыптаған  әйелдер адалдық, аманатқа берік болу және жақсылық деген түсініктерден ада болды.  Олар бай әйелдің кедейге түрмысқа шығуын түсінбеді, хазірет Хадиджаға тіл тигізіп, азаптады. Хазірет Хадиджа олардың наданығына қарсыласып, жұбайының қасында тыныштыққа бөленді. Ол айыптаушыларға: «Араб жерінде Мұхаммад сынды адал және абыройлы адам бар ма?»- деп жауап қайтаратын. Хазірет Хадиджа өмірінің көптеген жылдарын надандық кезеңінде өмір сүргенімен, барлық кедергілерден өтіп, Исламға бет бұрды. Хазірет Хадидажның маңызды ерекшелігі ақиқатты түсініп, Исламға иман келтіруі болды. Халық надандық сүннеттеріне шырмалған жағдайда хазірет Хадиджа қырағылығымен жылдам шындықты түсініп,  Ислам дінің қабылдады. Сол күнгі қоғамда кейбіреулер хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның сөзінің шындық екенін түсінді, бірақ қабылдайтын батылы болмады. Хазірет Хадиджаның жалған әрі ескірген сүннеттерден алыстауға батылы жетіп, ол қырағы әрі ержүрек әйел ретінде Исламға жасырын шақыру жүргізілген үш жылда өзінің бұл дінге иман келтіргенін әшкереледі.

Хазірет Хадиджа өмірінің соңғы үш жылын Меккенің Абиталеб аңғары деп аталған мекенінде басқа мұсылмандармен бірге қоршауда өткізді. Бұл ардақты бану 64 жасында қасиетті рамазан айының оныншы жұлдызында дүние салды. Хазірет Хаджаның дүниеден озуы Пайғамбарды (с.ғ.с.) уайым-қайғыға батырды. Хазірет сол жылды "қайғы жылы" деп атады. Басқа жақтан Алла елшісі үшін хазірет Хадиджаның қызметі мен оған байланысты естелікті өте маңызды болып, хазірет өмірлік серігін мадақтайтын. Табарси бұл туралы: "Пайғамбардың екі адал серігі әрі екі қамқоршысы Хадиджа мен Абуталиб бір жылда қайтыс болды. Сөйтіп Пайғамбар екі қайғының нысанына түсті. Абиталиб пен Хадиджаның өлімі, хадиджа кемеңгер әрі батыл уәзірі болды. Хазірет әйелі Хадиджаның көмегі және қолдауымен көпетеген қиындықтардан өтіп, мейірім мен тыныштыққа бөленді.

Алла елшісі сан рет өмірлік серігінің жанкештілігін есіне алып, оған алғысын айтты. Хазірет Хадиджа дүние салған соң, хазірет біраз уақыт жылап: "Енді Хадиджа сынды әйел табылмайды. Ол Алланың діні жолында мені қолдап, бүкіл мүлкімен маған көмектесті. Сондықтан Алла Тағала мені оған жәннәтқа баратыны туралы хабарлауға міндеттеді",- деді.  

Хазірет Хадиджа өмірінің соңғы сәтінде Алла елшісіне: "Уа, Алла елшісі! Бірнеше өсиетім бар, мен сенің құқыларыңды дұрыс орындамадым, мені кешір",- деді.

Пайғамбар: "Еш уақытта сенің кінәңді көрмедім, бүкіл талпынысыңды жасадын. Менің үйімде қатты шаршадын және мүлкіңді Алла жолында жұмсадын",- деп жауап берді.

Хазірет Хадиджа: "Уа, Алла елшісі! Менің екінші өсиетім – қызымызға қара. (Сол кезде хазірет Фатимаға ишара етті). Ол менен кейін жетім қалады. Құрайш әйелдері оны қорлайтын болмасын. Ешкім оған қол көтермесін, оған қарай айқайламасын, ешкім оны ренжітпесін. Ал үшінші өсиетімді айтуға ұяламын. Оны Фатимаға айтамын, кейін ол өзіңізге айтып береді",- деп, қызы Фатиманы (ғ.с.) шақырды. Хазірет Хадиджа оған: "Жанарымның нұры!  Әкең, Алла елшісіне  анаңның қабірден қорқамын, мені уаһи жіберілген кезде үстіңде болған киімді кигізіп жерлеу туралы сұрағанын айт",- деді". Хазірет Заһра (ғ.с.) бөлмеден шығып, Пайғамбарға анасының сөздерін айтты. Хазірет көйлегін хазірет Хадиджаға беріп жібереді. Хазірет Хадиджа қатты қуанды. Ол қайтыс болған соң Пайғамбар оған ғұсл құйып, кебінің  кигізуді өз мойынына алды. Сол кезде қолында кебіні бар Жебрейіл келіп: "Уа, Алла елшісі, Алла саған сәлемін жіберіп, "ол мүлкін біздің жолымызда жұмсады енді біз оның кебіні мен жерлеуін өз міндемізге аламыз" деді",- деп айтты.

Жақсылардың анасы, мүміндердің анасы хазірет Хадиджаға – сәлем!  Жақсылықты үйреткен мектеп иесіне – сәлем! Сен барлық мүлкіңді Исламның жас көшеті үшін жұмсап, ең қиын жағдайларда өкінбедін. Сен Алламен мәміле етіп, пайдасы көп бүкіл саудалардың арасынан жәннәттің есігін ашатын сауданы сайладын. Илаһи сыйлық мәбәрәк болсын.