Рамазан – қасиетті ай 9
(last modified Fri, 17 May 2019 13:07:31 GMT )
Maм 17, 2019 19:07 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 9

Аустралиялық Аюб Балдачину: «Мен үшін рамазан айы ең жақсы демалыс, Алламен бірге болатын демалыс. Рамазан дүниенің мәселелерінен алыстап, күндері мен түндерін Аллаға ғибадат етумен өткізуге мүмкіндік беретін жалғыз ай".

Қасиетті рамазан айы ғибадат жасап, Алламен сырласу, Құран мен дұға оқу, бұл айдың оразасының берекесінен пайдалану және Жаратушыға жақындау үшін ең жақсы уақыт. Рамазан айының   рухани және мистикалық ерекшеліктері оны басқа айлардан өзгеше етті. Исламдық мемлекеттерде бала кезінен рамазан айымен таныс, сондықтан кәмелет жасқа толсымен ораза тұтуды бастайды. Бірақ Ислам дінің жаңадан қабылдаған, әсіресе исламдық емес қоғамдарда өмір сүретін адамдар үшін өзгеше көрінеді. Олар өз өмірлерінің бірінші рамазаның тәжірибе етіп, бір жақтан бұл айда ораза тұту міндеттерін атқара алама деп алаңдауда, басқа жақтан бұл қасиетті айдың рухани көңіл-күйі оларды өзіне қарай тартады.  

Ислам дінің қабыладған америкалық Саманта Каснич: «Рамазан ерекше күттім, бұл ай туралы көптеген мақалалар мен кітаптар оқыдым. Енді ораза тұтуды кейінге қалдырғым келмеді. Мен рамазан айын Аллаға жақындайтын ай деп білемін»,- деді. Германиялық мұсылман Зейнаб Карин де өзінің бірінші рамазаны туралы: «Рамазан айы басталған кезде, ораза тұту шешім қабылдадым. Басында қиын болады деп ойладым, бірақ таңырқататын күш-қуат сезініп, тіпті жұмысқа баратыныма қарамастан ешбір қиындықсыз ораза тұттым. Алла үшін ғибадат жасап, өзімді Оған жақындата алғаным үшін қуанып, тіпті жаздың ыстығын сезбедім»,- деп есіне алады.

Ислам дінің қабылдаған басқа адамдар да Саманта мен Зейнаб сынды қасиетті рамазан айының ғибадат жасап, Жаратушыға жақындайтын ай екенін жақсы түсінді. Аустралиялық Аюб Балдачину: «Мен үшін рамазан айы ең жақсы демалыс, Алламен бірге болатын демалыс. Рамазан дүниенің мәселелерінен алыстап, күндері мен түндерін Аллаға ғибадат етумен өткізуге мүмкіндік беретін жалғыз ай. Жеке және дүниелік мақсаттарды шетке қойған кезде, өміріміздің  мағнасына ораламыз. Яғни замануи адам өзінің материалдық өмірінде бұл айды қажет етеді»,- деді. Аюб материалдық өмірдің торына шырмалған қазіргі әлемде адамның қасиетті рамазан айының руханиятын қажет ететіні туралы маңызды мәселеге тоқталды. Рамазан айының бееркесінен пайдалану үшін арнайы амалдар мен ғибадаттар қарастырылған. Олардың ең маңыздысы – ораза тұту. Сондай-ақ адам Құран, дұға, намаз оқу және адамды Аллаға жақындататын әр ісімен рамазан айының рухани кеңістігінен көбірек пайдалана алады.

Америкалық жаңа мұсылман Ағзам Насим Джонсон: «Бірінші рамазанымда ісім Құран мен дұға оқу болды. Расында оларды дұрыс немесе қате оқитынымды білмеймін. Рамазан айының күн сайынғы амалдары туралы кітабым бар, мен соған сай амал етемін. Рухани тұрғыдан жақсы сезімге бөлендім, намаз бен Құран оқудан ләззат аламын»,- деді. Ағзам Насимның одандасы Айтен Гацчак те Құран мен намаз оқуды маңызды деп біледі. Ол шөлін Алланың еске алу, Құран және намаз оқумен басады. Оның айтуынша, «шөлдеген кезде Құран немесе көбінде намаз оқып, уақытымды Жаратушымен сырласуға арнаймын. Рамазанның адамды Аллаға жақындататының және оның бұл әлемдегі мақсатын анықтайтының сеземін».

Әрине ораза кезінде адам шөл мен аштықты сезеді. Бірақ оразаны Алла үшін тұтқанынан, қиындықтарға төзіп, адамның рухани күші мен ерік-жігері артады. Крис Дафи: «Ораза тұту маған күш береді. Басында оңай болмады, бірақ адамның денесі өзін жағдайға қолайлы етіп, кейін қуаттың артқанын сезінесін. Ораза қажет нәрсеге шоғырлануға көмектеседі»,- деп айтты. Гацчактың жұмысы науқас және мүгедек адамдарға қамқорлық жасау. Ол: «Ораза тұтуға көп талпынамын, бріақ кейбір күндері қатты қиналамын. Бұл қиындықтарға қарамастан рамазан сабыр сақтауыма көп көмектесті»,- деп сөзін жалғады. Кейбір жаңа мұсылмандар оразаның қоғамдық және саяси тұрғыларына да назар аударады. Мәселен, Зейнаб Карин ханым: «Рамазан айындағы мұсылмандардың арасындағы бірлік пен ынтымақтастық мені қаттықызықтырды. Мен де бұл сезімге ие болдым»,- деп есіне алады. америкалық келесі жаңа мұсылман Халиме Хан оразаның денсаулыққа тигізетін пайдасына олардың ішінде денеден ұлы заттарды шығаруы мен асқазанды демалдыруына тоқталып: «Егер аштықты сезінсеңіздер, әлемнің түкпір-түкпірінде көптеегн халықтың аш екені туралы ойлаңдар»,- деді.  

Бұл айда ораза тұтуларына қарамастан мұсылмандардың ғибадаттарын бірге жиналып  орындаулары тілектестік пен бауырластық сезімге себеп болады. Мәселен румыниялық жаңа мұсылмандар рамазан айын басқа мұсылмандармен қарым-қатынас орнатып, исламдық түсініктерді көбірек  түсіну үшін жақсы мұрсат деп санап, бұл мақсатқа жету үшін көптеген талпыныс жасады. Ауызашар дастарханың жаю мен діни тақырыптарға байланысты жиындар өткізу -жаңа мұсылмандардың барлық мұсылмандарды жинап, олардың араларыңдағы қарым-қатынастарды арттыру үшін жасаған әрекеттері.  Олар исламдық қоғамның келешегі туралы пікірталастар өткізіп, бір-бірлерімен пікірлерімен алмасады. Жаңа мұсылмандардың қиындықтарының бірі отбасылары, достары және әріптестерінің олардың діні және тіпті ораза тұтуларына қарсылық білдірулері болып табылады.  Қытайлық жаңа мұсылман Халим  Абдолла: «Отбасым менің Ислам дінің қабылдағаныма қатты қарсылық білдіріп, мен үйден қуап жіберді. Бірақ жаңа мұсылман отбасым мені қатты қолдады. Олар маған мұсылман болуды, исламдыө өмір сүру тәсілді, намаз бен Құран оқуды үйренуге көмектеседі»,- деді.

Басқа кейбір жаңа мұсылмандар отбасыларының тіл тигізулері мен қастарында мұсылман достарының жоқтығы және өздерінің жалғыз болуларына жабырқайды. Әрине қытайлық жаңа мұсылман Гладис Лим Ин Инның анасы сынды жанұының кейбір мүшелері Исламды қабылдаған баласы мен қызың қолдап, тіпті сәресін дайындап, оларға халал тамақтануға көмектеседі. Аспаз болып жұмыс жасайтын Танзиме Ханның қиындықтары жұмыс орнына байланысты. Ол: «Жұмыс орнымда барлық әріптестерім әдейлеп күлкімен менің алдымда тамақтанады. Мен оларға нәпсімді қадағалып, рухани сыйға жететінім туралы айтып: «Менің шөліме қарамай, менің алдымда су ішесіндер, біра мен өзімді қадағалаймын. Нәтижесінде мен үшін қиын емес»,- деді.

Мұндай жағдайға қарамастан кейбір жаңа мұсылмандар мұсылмандар ортасы, әсіресе мешіттердегі жиындарына, жамағат намаздарға   қатысып, жалғыз қалмауға талпынады. Джонсон бұл туралы: «Мешітке барып, намаз оқитын уақытты асыға күтемін. Ораза тұтқаныма қуаныштымын. Зуһр кезінде көздеріме жас толады»,- дейді. Гацчак та кешке исламдық орталықтардың біріне барып, намаз бен ауызашар кезінде мұсылмандармен бірге болады.

Ауызашар 

Өкінішке орай кейбір мұсылмандардың мешіттер мен исламдық орталықтарға баратын мүмкіндіктері жоқ. Қытайлық Нуреддин Лим Сиа Сиа ұқсас қиындықпен бетпе-бет келуде. Ол: «Дәрігер болуды көздеген студент ретінде оқу кестем тығыз, намаз оқу үшін үнемі мешітке бара алмаймын. Бірақ Құдайға шүкір достарыммен бірге үйде намаз оқимын. Қасиетті рамазан айында Аллаға ғибадат ету үшін өзіміз үшін кішкентай орын дайындадық»,- деп мәлімдеді. Әсіресе мұсылман емес елдерде Ислам дінің жаңдан қабылдағандар өздерін жалғыз сезіну мәселемен бетпе-бет келуде. Бірақ олар Алла мен өздерінің иман күштеріне сүйеніп, қасиетті рамазан айын Жаратушыға жақындайтын және ғибадат жасау үшін ең жақсы мұрсат деп санайды.

 

    

 

 

Тегтер