Рамазан – қасиетті ай 21
Рамазан айының 21 жұлдызы – хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған түні.
Аллаға ант етемін имандылық белгілері мен дұрыс жолға нұсқайтын тіректерге нұқсан келтіріліп, Жаратушы мен жаратылыстардың арасындағы қарым-қатынас әлсізденді. Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) көкесінің ұлы шәһид болды. Бұл қайғылы хабар Куфенің көшелеріне таралып, әлемге үлкен бақытсыздық туралы жариялады. Адамгершіліктің жетім қалғаны туралы хабарлады. Хазірет Адам перзенттерін қадірлемеу Алланың адамзатты құтқару үшін жаратқан ең мықты тірегінің құлдырауына себеп болды. Содан соң жер бетіндегі адамзат тарихының сағаттары қараңғылыққа қарай бет бұрды.
Хазірет Әли (ғ.с.) төсек орнынан тұрмаған екі күнде Куфе тынышталмады. Кезінде имам Әлидің (ғ.с.) қадірін түсінбей, хазірет үшін қиындық тудырған халық, осы кезде хазірет Әлисіз (ғ.с.), оның махабаты мен ержүректілігі, әділеті мен мықты ерік-жігері және өткір қылышысыз, нұрлы болмысысыз қалай өмір сүретіндеріне алаңдаушылық білдіруде. Басқа жақтан имам Әлидің (ғ.с.) адал достары мен серіктері алаңдап әрі көздері жасқа толып, имамның үйінің алдында жиналды. Ғадир хомды және Пайғамбардың (с.ғ.с.) "Мені басшы деп санаған әр адам үшін, Әли оның басшысы" деген сөздерін ұмытпағандар алаңдаушылық білдіруде. Олардың алаңдаулары куфеліктердің алаңдауларынан өзгеше. Олар хазірет Әлисіз (ғ.с.) адамзат тарихының келешегі қандай болады деп ойлануда. Хазірет Әлидің (ғ.с.) үйіне жиналғандардың арасында басқалардан көбірек имамның махаббаты мен мейіріміне бөленген Куфенің жетімдері мен кедейлері болды. Көздерінен жас аққан және түстері қашқан балалар "жетімдер әкесінің" емі үшін бір кесе сүттерін алып келді. Бірақ олардың үміттері орындалмады. Хазірет төсек тартып жатқан екі күнде үйдің сыртында алаңдап жиналған адамдарға имамаен кездесуге рұқсат етілді. Адамдар бір-бірлеп имаммен амандасты, удың әсерінен әлсізденген имам халыққа: "Сұрайтын сұрақтарын болса, өлгенімше менен сұраңдар, бірақ қысқа сұраңдар",- деді. Бірде есінен танып, бірде есін жиып жатқан хазірет Әли (ғ.с.) үмбетті дұрыс жолға нұсқауды жалғастырды. Бұл екі күнде көптеген халық имамның үйіне ағылды. Кейбір серіктері хазіреттің өмірінің соңғы сәттерінде бұл кісіні зиарт ете алды. Олардың бірі Хабиб бен Амру юолды. Ол: "Үйге енген кезімде хазіреттің қыздарының бірінің жылап отырғаның көріп, мен де жыладым. Ауладағы халық үйдің ішінен естілген жылаған дауыстарға төзе алмай, қосылып жылады. Имам Әли (ғ.с.) көзін ашып: "Егер менің көргенімді, көрсендер, жыламас едіндер",- деді. Мен хазіреттен не көргені туралы сұрадым. Имам: "Мен Алланың перштелерін, аспандардың періштелерін көрдім. Барлық пайғамбарлар сапқа тұрып, менімен сәлемдесуде. Қасымда отырған Пайғамбарды (с.ғ.с.) көрдім. Алла елшісі "Әлижан, тезірек кел. Сені күтіп отырған дүние қазіргі дүниеңнен артық" деп мені шақырып отыр",- деп жауап берді.
Емші имам Әлиді (ғ.с.) емдей алмайтыны туралы айтқан соң, хазірет перзенті имам Хасанды (ғ.с.) шақырып: "Еш уақытта илаһи тақуалықты ұмытпаңдар. Өлгенше Алланың дінімен бірге болуға талпыныңдар. Барлығың бірге Алланың жібіне жабысыңдар. Аллаға иман келтіру арқылы бірігіп, бір-біріңнен ажырамаңдар. Алла елшісінен «Намаз бен ораза халыққа өзгеріс енгізеді. Дінді жоятын бұзақылық пен қайшылықтар» деп естігенмін. Сондықтан жақындарың мен туыс-тумаларынды ұмытпаңдар. Алла Тағала аштар, жетімдер мен баспанасы жоқтардың басшысы. Көршілеріңмен жақсы қарым-қатынас орнатыңдар. Алладан қорқыңдар! Құран туралы, Құранға сай амал ету саласында басқаларға сендерден озуға мұрсат бермеңдер. Алладан қорқыңдар. Намаз туралы: намаз – діндеріңнің тірегі. Алладан қорқыңдар! Жаратушының үйі Қағба туралы: еш уақытта қажылықты тоқтатпаңдар. Егер Қағба бос қалып, қажылық орындалмайтын болса, қайтадан мұрсат болмайды, дұшпаннан жеңіліп қаласындар. Алладан қорқыңдар! Рамазан айы туралы: бұл айдың оразасы – тозақ отының қалқаны. Жақсыға жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді ұмытпаңдар. Одан тартынсаңдар, жамандар сендерді билеп, сендерге зұлымдық жасайды. Жақсы жұмыстарды бір-біріңмен жарысып жасаңдар, ал күнәлар, сондай-ақ, дұшпандық пен кек тудыратын нәрселерге қатысты ынтымақтастық жасамаңдар» ,- деп кеңес беремін» деді. Бұл хазірет Әлидің (ғ.с.) өсиетнамасының тек бір бөлімі. Бұл өсиетнама адамзат қоғамы үшін адамгершілік жарғысы, ғибадат пен кемелдікке жетудің нұсқасы болды. Хазірет Әлидің (ғ.с.) өсиетнамасын оқымаған және оған сай амал етпеген адам қаншама зардап шекті!
Имам өсиетінің соңында есінен танып, көзін қайта ашқан кезде, немересі имам Хасанмен (ғ.с.) кебіні мен өзін жерлеу туралы сөйлесіп, өзін түнделетіп, Куфенің сыртында жасырын жерде жерлеуді сұрады. Бұл өсиет дүниеқұмарлардың Пайғамбардың (с.ғ.с.) бауыры әрі орынбасарына деген терең дұшпандылығының белгісі. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін мешіттердің мінберлерінде жылдар бойы оған тіл тигізгендердің бұл теңдессіз тұлғаның қабірін бұзып, оған тіл тигізу ықтималы болды. Бірақ Алланың қалауымен хазірет Әлидің (ғ.с.) мейеті аман қалып, есімі мен жолы да мұсылман және мұсылман еместердің арасында танымал болып, жарқырап, еш уақытта ұмытылмады.
Содан соң хазірет перзенттеріне қарап: "Жуырда әр тараптан сендерге қарсы қастықтар жасалады, бұл үмбеттің мұнафықтары ежелден келе жатқан кектерін сендерден алмақ болады. Сондықтан сендерге сабыр тілеймін, сабырдың соңы – жақсылық",- деді. Содан соң имам Хусейнге (ғ.с.) қарап: "Уа, Аба Абдолла! Бұл үмбеттің шәһиді – өзіңсін, сондықтан саған тақуалық пен сабыр сақтауды тілеймін",- деді.
Бұл сөздерінен кейін имам ес-түсінен айырылды, біраздан кейін есін жиып: "Осы кезде Алла елшісі, көкем Хамза, бауырым Джафар қасыма келіп: "Біздің қасымызға тез кел, біз сенің қасында болуға асығудамыз",- деді",- деп айтты. Содан кейін өз отбасын шақырып: "Барлығыңды Аллаға тапсырдым, Алла баршаны дұрыс жолға нұсқасын және дұшпанның қастықтарынан қорғасын",- деп тіледі. Олар: "Сөз жоқ, бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. ("Саффат" сүресі, 60-шы аят) және "Шынында Алла, тақуалармен, сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге". ("Наһл" сүресі, 128-ші аят) деген аяттарды айтты. Маңдайынан тер шыққан имам Алланы еск алып, зікір айтып, Құбылаға қарай бұрылып, көздерін жұмып, Алланың жалғыз болуы және хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи пайғамбаре кенін куә етіп, мәңгі дүниеге кетті.
Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған соң, хазіреттің ұлы имам Хасан бен Әли (ғ.с.) халықтың алында Алланы мадақтап: «Бұл түнде бұрынғы адамдар оның ақиқатына жетпеген және келешек буындар да ол сынды болмайтын тұлға дүниеден озды. Ол соғысқа шыққан кезде оң жағында Жебрейіл және сол жағында Микаил бірге жүрді. Алламен ант етемін әкем хазірет Мұса бен Имран дүние салған және хазірет Иса аспанға әкетілген, сондай-ақ Құран түскен түнде шәһид болды. Ол өзінен кейін алтын-күмістер қалдырмады, тек жинап жүрген 700 дирхамы қалды. Уа, Мүміндердің Әмірі, Алла Өзіңе риза болсын. Алламен ант етемін, өмірі әр жақсылықтың кілті болды. Егер халық өзіңізді қабылдағанда, Алланың нығметтері төгілетін еді. Бірақ халық нығметті бағалай алмай, ақыреттің орнына дүниені таңдады»,- деді.