Манама отырысының әртүрлі тұрғыларына шолу 1
Бахрейнның астанасы Манамада маусымның 25-26 күндері америкалық "Ғасыр мәмілесі" деп аталған жобаның іске асырылыуының бірінші қадамы саналатын экономикалық отырыс өтеді.
"Ғасыр мәмілесі" жобасының негіздері
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ басшыларының ең маңызды дағдарыстарының бірі Палестина-Израиль дағдарысы болды. Бірақ еш уақытта бұл қайшылықты шеше алмады. Өйткені АҚШ арағайындық жасаған кезде, еш уақытта бейтарап қалмай, үнемі Израиль режимі мен оның қылмыстарын қолдады. Америкалықтар Палестина-Израиль дағдарысын шешу үшін көптеген жобалар ұсынды, бірақ олар қақтығысты шешуге немесе азайтуға әсерін тигізбеді. Дональд Трамп билік басына келгеннен бері өзінің ең маңызды мақсаттарының бірі ретінде Палестина-Израиль дағдарысын шешуді жариялады. Сондықтан Дональд Трамп үкіметі "Ғасыр мәмілесі" деп аталған жобаны ұсынды.
"Ғасыр мәмілесі" жобасының Палестина-Израиль дағдарысына байланысты америкалық басқа жобалардан айырмашылығы оның біржақты әрі нәсілшіл болуын бұрынғы жобалармен салыстыруға келмеуінде. Құдсты, Сирияның Голан жоталары мен Йордан өзенінің батыс жағалауындағы еврейлер қалашықтарын Израильдің меншігіне тапсыру, Палестинада армиясының болмауы мен Палестинаны толық қарусыздандыру, сондай-ақ қарсыласу топтарын жою, палестиналық босқындардың оралу құқыларына немқұрайдылық таныту және босқындарды Иорданияда орналастыру Израиль режимінің мүддесіне қызмет ететін "Ғасыр мәмілесі" жобасының маңызды негіздерінен. Бұл негіздерге керісінше Палестина үшін экономикалық жобалар мен араб елдері тарапынан инвестиция тартуды ұсынып, Израиль саясаттарының салдарынан, әсіресе Газа секторында 13 жыл бойы қоршауда қалып, адами апатпен бетпе-бет келіп отырған палестиналықтар "Ғасыр мәмілесі" жобасын қабылдайды деп ойлайды. БҰҰ-дағы АҚШ-тың бұрынғы өкілі Никки Хейли сионистік режимнің "Israel Hayom" газетіне берген сұхбатында: "Бұл жоба Израильдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына зардап келтірілмейтіней жоспарланды. "Ғасыр мәмілесі" жобасы мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың көзақарасынша, сионистік режимнің қауіпсіздігі барлық нәрседен жоғары",- деді.
Манама конференциясының мақсаттары
Алдағы күндерде, 25-26 маусымда Манамада конференция өтеді.
Бұл отырыстың мақсаттарын екі топқа, жарияланған және тыс мақсаттарға бөлуге болады. Жарияланған мақсаты – Палестина үшін шетелдік инвестиция тарту. Вафиқ Ибрахим Ливанның "Әл-Банна" газетінде басылып шыққан мақаласында: "Бұл отырысқа деген наразылықтарды азайту үшін экономикалық тақырыпқа қатысты "Палестиналықтар үшін алтын мұрсат", "Палестина жеріндегі ірі инвестициялар", "Табысты аймақ экономикасын құру" сынды ұрандар кеңінен баяндалды",- деді. Бұл ұрандардың мақсаты қоғамдық пікірді алдау. Сондықтан бұл конференцияда шекара, Бейт әл-Мұқадастың жағдайы, палестиналық босқындардың тағдыры немесе сионистік режимнің қауіпсіздік талаптары сынды тақырыптар талқыға салынбайды. Ақ үйдің мәлімедемесінде бұл отырыс экономикалық конференция деп аталып, әртүрлі елдер экономика министрлері мен сауда компаниялары басшыларының қатысуы қуатталды.
Манама отырысының жарияланған мақсатымен бірге негізгі мақсаттары саналатын тыс мақсаттары да бар. Оларға "Ғасыр мәмілесі" жобасын жариялау мен оны іске асыру, араб елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды бір қалыпқа келтіру және Иранға қарсы мақсаттарды қарастыру кіреді. Манама экономикалық отырысының ең маңызды мақсаты "Ғасыр мәмілесі" жобасын жариялау мен оны іске асыру болып табылады. Америкалық "Ғасыр мәмілесі" жобасы осы кезге дейін ресми жарияланбағанымен оның кейбір ең маңызды негіздері, атап айтқанда Құдсты Израильге тапсыру мен Сирияның Голан жоталарын Израиль меншігі деп жариялауды іске асырды. Бұл жобаның келесі негізі - астанасы Абу-Дис аулы болатын Палестина мемлекетін құру, Палестина мен қарсыласу топтарын толық қарусыздандыру және Йордан өзенінің батыс жағалауындағы еврейлер өмір сүретін қалашықтарды Израильге тапсыру. Әрине бұдан бұрын Палестинаға бірақатар ұпайлар беру қарастырылды. Осы кезде "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асыру саласындағы Йордан өзінің батыс жағалауын Газа секторына қосу және бұл екі аймақтың жағдайын жақсарту, палестиналық босқындарды әртүрлі елдерде орналастыру мен оларға басып алынған жерлеріне оралуға тыйым салу, сондай-ақ кейбір палестиналықтарға сионистік азаматтық беру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды бөлімдері қаржыны қажет етеді. Сондықтан бұл конференция "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асыру үшін халықаралық көмектерді тартуды көздеп отыр. АҚШ-тың "Вашингтон пост" газеті: "АҚШ жобасы палестиналықтар үшін көптеген экономикалық ұпайлар беруді қарастыруда. Бірақ оларға толық егемендікке ие мемлекет құруға рұқсат берілмейді",- деп жазды.
Негізінде АҚШ араб елдерінің көбі қаржысын қамтамасыз ететін Манама экономикалық отырысын өткізіп, "Ғасыр мәмілесі" жобасын араб елдерімен қабылданды деп көрсеткісі келеді. Бұл отырыс Дональд Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асырып, оның қаржысын қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі сынды бай араб елдері үшін арнайы есеп-шот ашқанын білдіреді. Манама отырысына байланысты Трамптың Сауд Арабиясы сынды елдерге кемсітушілік білдіріп, тек сауда мақсатпен қарайтыны байқалуда. Өйткені Трамп негізінде бұл мемлекеттермен тек материалдық құрал ретінде санасады. АҚШ Палестина үшін инвестиция тартуын бұдан бұрын Палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыспен қамту агенттігіне (UNRWA) жіберетін қаржы көмегін тоқтатқан жағдайда іске асырмақ болып отыр. Негізінде Трамп UNRWA-ға жіберетін қаржы көмегін араб елдерінің экономикалық көмектерімен айырбастауды көздеуде. Яғни іс жүзінде палестиналықтарға сондай қаржы көмек түспейді. Манамадағы экономикалық отырыстың ең маңызды мақсаттарының бірі - араб елдерінің Израилмен қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру. Кейбір иврит ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл отырысқа Израиль қаржы министрі Моше Калхун басқарған израильдік топ шақырылды. Сионистік режим сыртқы істер министрлігі Исраиль Кац 16 маусымда Нью-Йорктегі «Иерусалим пост» конференциясының аясында: «Израиль Манама конференциясына қатысады. Сондықтан барлық шаралар мен үйлестіру жұмыстар жүзеге асырылады»,- деді. осыған орай «Манама конференциясы кейбір араб елдердің «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жобаны қабылдауымен бірге Тель-Авив пен араб үкіметтерінің қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру саласындағы жаңа қадам. Дональд Трамп билігі кезіндегі АҚШ үкіметінің ең маңызды мақсаттарының бірі арабтар мен Израиль қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру және тіпті бұл қарым-қатынастарды әшкере ету болып саналады. Бұл тақырып ақпан айында Варшавадағы басқосуында қарастырылды және Манама отырысының жұмыс кестесіне енгізіліп, отырыстың негізгі мақсаттарының бірі болмақ. Манама отырысының негізгі мақсаты "Ғасыр мәмілесі" жобасын жүзеге асыру және арабтар мен Израильдің қарым-қатынастарын бір қалыпқа келтіру болғанымен, бұл отырыста өткен 30 айда өткен Батыс Азияға байланысты отырыстардағындай Иранға қарсы мақсаттар да талқыға салынады. Ливанның "Әл-Банна" газеті бұл туралы: "Манама отырысы Палестина мәселесі шешу және Иранға қарсы тұрақты дұшпандылық тудыру тақырыптарға негізделген израильдік-араб коалиция құруды көздейді",- деп жазды. Араб НАТО-сын құру сәтсіздікке ұшырығанымен, АҚШ пен оның одақтастары өздерінің Иранға қарсы мақсаттарын әр отырыста қарастыруда.