Революцияның екінші қадамы 11
Ислам діні зорлық-зомбылықты айыптағандай, оған бағынуды да айыптайды. Үстемшілдік, яғни өзін артық санау, шындықты қабылдамау және тәкаппарлық.
Ислам революциясының зорлық-зомбылық пен үстемшілдікке қарсыласуы исламдық және Құран мәдениетінен тамырланады. Ислам діні зорлық-зомбылықты айыптағандай, оған бағынуды да айыптайды. Үстемшілдік, яғни өзін артық санау, шындықты қабылдамау және тәкаппарлық. Ислам революциясының жетекшісі: «Үстемшілдік, яғни өздеріне қарап, қаржы, қару-жарақ және үгіт-насихаттық мүмкіндіктерін көріп, өздеріне басқа елдер мен басқа халықтардың істеріне, олардың меншіктеріне араласуға рұқсат ететін дүниежүзінің құдыреті немесе құдыреттері. Үстемшілдік деген осы»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ үстемшілдікке қарсыласу туралы: «Үстемшілдікке қарсыласу, яғни бір халықтың үстемшіл құдырет, үстемшіл адам немесе үстемшіл үкіметтің араласуы мен зорлық-зомбылығына бағынбау»,- деп сөзін жалғады.
Аятолла Хаменеи өзін басқадан артық санау, шындықты қабылдамау, зұлымдық, қылмыс пен алдап-арбауды үстемшілдіктің кейбір ерекшеліктері деп атап, ИИР-ның оған қарсылығының себебі туралы: «Ислам жүйесінің үстемшідікке қарсыласуының себебі не? Атап кеткен ерекшеліктерімен үстемшілдік ИИР сынды исламдық жүйені төзе алмайды. Ислам республикасы үстемшілдікке наразылық білдірудін нәтижесінде құрылып, Ислам революциясы Ирандағы үстемшілдікке қарсылық білдіру болғандықтан исламдық жүйе үстемшілдіктің қисының дағдарысқа тіреді»,- деді. Әр адам, топ және үкіметте үстемшілдік пен зорлық-зомбылық байқалуы мүмкін. Бірақ олар басқа халық пен елдерге кең әсерін тигізбейді. АҚШ үкіметі өзінің әскери, саяси және экономикалық күшіне сүйеніп, сондай-ақ үстемшіл және билікқұмар ерекшеліктерімен әлем елдері үшін үлкен қатер болуда. Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-ты қазіргі әлемдегі үстемшілдіктің ең үлкен көрінісі деп санап: «АҚШ – үстемдік. Бұл тек біздің мәселе емес, дүниежүзінің мәселесі, ислам әлемінің мәселесі. Америкалықтар әлемнің барлық аймақтарына үстемдігін көрсетуде»,- деді.
Иран халқы шахқа қарсы көтерілісін бастап, бұл күресте жеңіске жеткен соң Ислам тағылымдарына сүйеніп, әр зұлымдыққа қарсылығын жариялап, үстемшілдер, әсіресе АҚШ-қа қарсы табандылық білдірді. Вашингтон Пехлевидің басып-жаншу үкіметінің ең үлкен қолдаушысы болып, Иранға араласу мүмкіндігін пайдаланып, елдің ресурстарын талан-таражға салды. Сондықтан Ислам революциясының жеңісі Пехлеви режимінің құлауымен бірге АҚШ-тың үлкен сәтсіздікке ұшырауы болды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Иран халқы революциясының ағымында АҚШ-қа тәуелді үкімет мен халыққа қиянат жасаушыны (шахты) елден қуып жіберді. Иран халқы осы кезге дейін әлемнің билікқұмарларына елдің істеріне араласуларына рұқсат етпеді»,- деді. Алайда АҚШ үшін Ислам революциясының Иранды билеп-төстеуші үкіметтердің араласуынан босатуы, сондай-ақ аймақ пен әлем деңгейіндегі АҚШ-тың билеп-төстеу саясаттарына қарсыласуы қатерлілеу болды. Ислам революциясының көсемі имам Хомейни үстемшілдікке қарсы күреске маңызды рөл атқарып, Иран халқының АҚШ қастықтарына қарсыласуы артты.
АҚШ пен одақтастарының ызасына себеп болған келесі мәселе тіпті исламдық емес елдер халықтарының ирандықтардың үстемшілікке қарсы ұстанымы мен Америкаға қарсы табандылығын үлгі тұтулары саналады. Ислам революциясы жетекшісі өз мәлімдемесінде Иран Ислам революциясының айбыны туралы: «Әлемдік зорлық-зомбылық жасау артқан сайын, үстемшілерге қарсы табандылық та күн сайын артуда. Өткен қырық жылдағы үстемшілерге бағынбау және революция мен оның құндылықтарын қорғау Иран мен ирандықтардың, әсіресе бұл елдің жастарының ерекшелігі саналады»,- деді. негізінде Иран Ислам революциясы әр үстемшіл жүйеге, әсірісе АҚШ-қа қарсы тұру үлгісіне айналып, бұл билеп-төстеуші үкіметтін Иранға қарсы дұшпандылығының артуымен қарсыласу құдырет те артты. Иран халқының үстемшілердің қастықтары мен қоқан-лоққыларына қарамастан олардың зорлық-зомбылығына қарсы табандылығы Палестина, Ливан, Ауғанстан, Йемен, Ирак, Сирия және Бахрейн сынды елдер халықтарының бағынудын орнына қарсыласу жолын таңдауларына себеп болды. Ислам революциясы жетекшісі сан рет қуаттағандай, дұшпандарға қарсыласу олардың артқа шегінуіне себеп болады. Ал бағыну мен артқа шегіну керісінше дұшпанның арсыздығына әкеледі. Сөйтіп, өткен қырық жылда ішкі үстемшілдік пен бөгделердің зорлық-зомбылығымен күресу майданы күшейіп, «исламдық қарсыласу» деп аталған үстемшілдірге қарсы күштер құрылды.
Аятолла Хаменеи үстемшілдікке қарсы қарсыласуды былай деп сипаттайды: «Қарсыласу, яғни дұрыс жолды таңдау, бұл жолмен алға ілгерлеуді бастау, кездесетін қиындықтармен күресу және тоқтамай, шындық жолымен алға ілгерлеуді жалғастыру. Әрине әр жолда кедергілер кездеседі, бірақ табандылықты немесе бұл кедергі жеңуді сайлаған әлде ақылмен оларды айналып өтетін адам, өз жолын жалғастырады»,- деді. Ливанның Хизболла партиясының басқыншыл сионистік режимге қарсы қырағы табандылығы 2000 жылы бұл режимнің әскерилерінің Ливаннан шығуларына және 2006 жылы қайтадан сәтсіздікке ұшырауларына себеп болды. Сондай-ақ кейбір палестиналық басшылардың сионистермен бітімге келу жобасы сәтсіздікке ұшыраған соң палестинаның ХАМАС пен Исламдық жиһад топтары өз қарсыласуы және күресімен сионистік режимді қауіп-қатерге тіреп, сан рет бұл режимнің шабуылын нәтижесіз қалдырып, 2005 жылы Газа секторын азат етті. Йемен халқының саудиялық және эмираттық басқыншыларға қарсыласуы осы кезге дейін елдің билігінің олардың қолдарына түсуіне кедергі болуымен бірге шапқыншыларға үлкен зардап келтірді. Ирак пен Сириядағы қарсыласу бұл екі елдің халықтары үшін маңызды жеңістіктер әкеліп, ДАИШ лаңкестік тобы мен оның батыс және араб қолдаушыларының ұтылуларына себеп болды. 2011 жылдан осы кезге дейін Бахрейн халқы әл-Халифа үстемшіл режиміне қарсы күресіп келеді. Режимнің басып-жаншулары халық қарсыласуын осалдатпады. Аятолла Хаменеи исламдық қарсыласу майданының бұл ерліктері мен жеңістеріне шолу жасап: «Бүгін қарсыласу майданы өткен қырық жыл кезеңінің ең мықты әрі бірлік жағдайдында. Бұл аймақ пен әлем деңгейінде байқалып, шындық болып табылады. Қарсыласу майданына қарсы шепте үстемшіл жүйе орналасты. АҚШ пен сионистік режимнің құдыреті қырық жылдан бері төмендеуде»,- деп қосты.