Революцияның екінші қадамы 14
(last modified Tue, 23 Jul 2019 15:09:19 GMT )
Шіл 23, 2019 21:09 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 14

Ислам революциясы жеңіске жетсімен Құран мәдениетін елдің жер-жеріне тарату үшін көптеген талпыныстар жасалды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде  қоғамда ахлақ пен руханиятты кеңейту қажеттілігін көп қуаттады және революцияның бұл жетістігін жұмыстарды дұрыс жолға бағыттаушы деп тапты. Әрине бұл салада Құран мәдениетінің кеңеюі маңызды рөл атқарады. Аятолла Хаменеи Исламның бұл теңдессіз мұғжизасы туралы: «Құранда хикмет, нұр, шапағат бар.  Құран    адамның жүрегі мен жанындағы материалдық дүниелік қиындықтардан туындайтын наным-сенімдерді түсіндіре алады»,- деді. Ислам революциясы жеңісінің басынан Құран мәдениетін елдің жер-жеріне тарату үшін көптеген талпыныстар жасалды. Елдің түпкір-түпкірінде Құран ғылымдарымен таныстырып, оларды үйрететін мыңдаған орталықтар ашылды. Мешіттер мен хосейниелер және көптеген үйлер Құранды оқу, оны жаттау және оның түсініктері және  тәпсірімен таныстыру жұмыстармен айналысады. Бұл жұмыстар жылдар бойы халық пен жергілікті және шетелдік сарапшыларды өзіне қарай тартуда.  Халықаралық Құран жарыстары қарилар мен Құранды жатқа білушілер және Құран ғылымы саласындағы әйгілі мамандар үшін маңызды оқиға саналады. Бұл маңызды рухани жарыстың 36-шы кезеңінің өтуі ИИР-дағы Құранның маңыздылығын көрсетеді. Келесі оқиға жүздеген ирандық және шетелдік баспагерлердің қатысуымен өткен Құран Кәрім халықаралық көрмесі болды. Жыл сайын қасиетті рамазан айы кезінде өтетін бұл көрме халықтың Құран тағылымдарына деген сүйіспенділігін білдіреді.

36-шы Халықаралық Құран жарыстары

Иран халқы әрқашан Исламның ұлық пайғамбары әулетіне сүйіспенділік білдіріп, олардың жоғары мақамын құрметтеді. Иранда хазіреттің (с.ғ.с.) көптеген немерелері  жерленіп, халық оларға ерекше құрметін білдіреді. Халық бұл жерлерге жиналып, зиярат жасап, бұл қасиетті жерлердің рухани кеңістігін пайдаланады және шапағат сұрайды.  Бұл қасиетті жерлердің ішінде Алла елшісінің (с.ғ.с.) ұрпағынан шыққан имам Резаның (ғ.с.) Мешхед қаласындағы қасиетті кесеенсі саналады. Жылдар бойы Иранның және басқа елдердің миллиондаған зияратшылары алыстан және жақыннан бұл кесенеге жиналады. Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің рухани кеңістігі зияратшылардың жүректерін нұрландырып, имандарын арттырады. Имам Резаның (ғ.с.) қарындасы хазірет Фатима Масуменің Құм қаласындағы қасиетті кесенесінде де зияратшылар, руханиятты іздеушілер жиналады. Пайғамбар (с.ғ.с.) ұрпағының қоғамда руханиятты кеңейтуге тигізген маңызды рөлін теріске шығаруға болмайды.

Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі

Иран халқы Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне сүйіспенділігін көрсету үшін оларға тек зиярат жасаумен шектелмей,  бұл тұлғалардың туған күндерін тойлап, шәһид болған күндерінде аза рәсімдерін өткізеді. Бұл рәсімдер халықтың жаппай қатысуымен мешіттер мен басқа діни жерлерде, сондай-ақ үйлерде өтеді. Ораза айт, Ғадир хом, Құрбан айт, Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсаты мен туған күніне байланысты рәсімдер ирандық қоғамда рухани кеңістіктің кеңеюіне көптеген әсерін тигізеді.  Әрине имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктерінің атасы хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) дінің жаңдандыру  және зұлымдық, әділетсіздік пен бұзақылыққа қарсы үшін көтеріліске шығып, шәһид болулары – Ислам тарихының маңызды оқиғасы. Исламның ұлық пайғамбары немересінің шәһид болатынын алдын ала айтып: "Хусейннің шәһид болуы адамдардың жүрегін жаралайды. Олар бұл күнді еш уақытта ұмытпайды",- деген болатын. Иранның мұсылман халқы   әлемнің бүкіл халықтары үшін үлгі болған ержүректілік пен жанкештілік оқиғасын  еш уақытта ұмытпай, аза рәсімдер өткізеді. Пехлеви кезіндегі тыйымдар жойылғаннан бері халық жыл сайын мұхаррам айы басталсымен аза рәсімдерін өткізе бастайды. Имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің адал серіктері шәид болған Ашура күні халықтың уайым-қайғысы жоғары деңгейіне жетеді. Кербала шәһидтерін еске алып, аза тұту уайым-қайғыға толы болғанымен, әділет талап ету, зұлымдықпен күресу, Аллаға иман келтіру, дін жолындағы жанкештілік, адалдық, иман және шәһид болуды талап ету сынды исламдық құндылықтарды еске салады. Негізінде мұхаррам Иранның қоғамында руханият пен ахлақ және исламдық құндылықтар  дамитын ай болып табылады.

Имам Хусейнге (ғ.с.) арналған аза рәсімі

Имам Хусейнның (ғ.с.) ерлігі Иранның рухани кеңістігігне ерекше әсерін тигізді.  Жылдар бойы хазіреттің миллиондаған ғашықтары, әсіресе жастар имамның шәһид болған күнінің қырықы Арбағин кезінде үлкен шеруге қосылу үшін Иракқа аттанады. Бұл шеру имам Хусейнның (ғ.с.) жоғары армандарына табанды болу мен бірлікті  көрсетуді мақсат етіп, Ирактың әртүрлі қалаларында, әсіресе Наджафтан Кербалаға дейін созылады. Ирактағы Арбағин күніне арналған рәсімдер оған қатысушыларға, қай елден болсада, рухани әсерін тигізеді. Қажылық тек қажыларға ғана емес, бүкіл қоғамға рухани әсерін тигізеді. Имам Хомейни әрқашан мұсылмандардың көбінің қажылық сынды рәсімдерге қатысуларын мұсылмандар арасындағы бірлікті нығайту және Ислам дұшпандарынан алыстауды қуаттайды. ИИР саудиялық басшылардың қастықтарына қарамастан өз мақсаттарына жетуге талпынуда.  Ирандағы бірліктің келесі белгісі – жұма намазға қатысушылардың артуы.  Бұл саяси-діни рәсім революциядан кейін дамып, әр апта сайын жұма намазының имамдары исламдық және саяси мәселелерге тоқталады. Халықтың бұл  жиындары халық арасындағы бірлік пен руханиятты арттыру үшін маңызды рөл атқарады.     

Арбағин шеруі

Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде Иранда руханияттың кеңеюінің кейбір белгілеріне тоқталып: "мешіттер мен басқа діни жерлер дамыды. Итиакафқа қатысу үшін мыңдаған жастар, ұстазадр мен студенттер, әйел мен ер тіркеледі. Елді абадтауға мыңдаған басидждер (халық ерік күштері) өз еркімен қатысады. Намаз, қажылық, ораза, зияратқа жаяу бару мен әртүрлі діни рәсімдер, сондай-ақ уәжіп және мұстахаб садақа беру барлық жерлерде, әсіресе жастар арасында дамып, күннен күнге сапасы да артуда",- деді. Өткен қырық жылда Батыстың  бұл тұрғыда күрт құлдырап, шектен тыс материализм мен өрескелдікке бет бұрғанына қарағанда ИИР-дағы руханият пен ахлақтың дамуының ерекше маңызды екенін жақсы байқалады. "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінен: "Иранның жетістіктері Батыста күннен күнге ахлақи құлдырау артып, ер мен әйел ахлақ пен руханияттан алыстаған  жағдайда орын алды. Бұл Ислам революиясы мен исламдық жүйенің келесі мұғжизасы",- деп оқимыз. Басқаша айтқанда Иранның Ислам революциясы Батыстың ақпарат үгіттеріне керісінше әлемге руханият пен ахлақты таратады. Аятолла Хаменеи: "Дамыған ақпарат құралдар руханият пен ахлаққа қарсы органдар үшін өте қатерлі мүмкіндіктер беріп отыр. Дұшпандар  дәл осы кезде әртүрлі құралдарымен балалар мен жасөспірімдерге теріс әсер ету үшін әртүрлі  құралдар пайдалануда",- деді.    

 

 

Тегтер