Революцияның екінші қадамы 16
(last modified Wed, 28 Aug 2019 20:28:44 GMT )
Там 29, 2019 02:28 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 16

Экономика – әр елдің дамуы, халқының тұрмысы мен тынышты және күш-қуатына маңызды әсерін тигізетін фактор.

Экономика – әр елдің дамуы, халқының тұрмысы мен тынышты және күш-қуатына маңызды әсерін тигізетін фактор. Осыған орай Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи әрқашан Иранның экономикалық дамуының қажеттілігін қуаттады. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде де бұл тақырыпқа ерекше назар аудартылды. Аятолла Хаменеи экономиканың маңызы туралы: «Экономика – маңызды мәселе. Күшті экономика – елді  билеп-төстеушілерге бағындырмайтын фактор. Осал экономика - билеп-төстеушілер мен дұшпандардың араласуларына жол ашушы фактор. Кедейлік пен байлық адамзаттың материалдық және рухани тұрғыларына әсерін тигізеді. Әрине экономика – исламдық қоғамның басты мақсаты емес. Бірақ ол - мақсатқа жеткізетін құралы»,- деді. Сондықтан Иран Ислам революциясының ең маңызды мақсаттарының бірі  дамуы мен экономикаға сүйенген әділетті орнату болды.  Ислам революциясының жетекшісі «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Маңызды  экономикалық және азаматтық инфрақұрылымдарды алға ілгерлеткен революцияның жемісінің бірі, яғни ғылым мен технология күннен күнге артуда»,- деп қосты. Әрине бұл мақсатқа жету жолында Иран экономикалық санкциялар және бұл елге қарсы Саддам режимінің сегіз жылдық соғысы сынды қиындықтармен бетпе-бет келді. Алайда оларға қарамастан ел басшылары тұрмыс пен экономиканың дамытуға талпынды. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінен: «Әртүрлі қиындықтарға қарамастан Ислам республикасы күн сайын алға ілгерлеуде. Өткен қырық жылда Иранның үлкен жетістіктері мен жарқыраған табыстарының куәсі болдық. Иран халқының қырық жылдық дамуының айбыны Франция, Кеңес Одағы мен Үндістан революцияларының ұқсас уақыттарымен салыстырған кезде айқын байқалады»,- деп оқимыз.

Иран Ислам революциясының ағымына барша халық қатысқанымен, қоғамның орта табы мен материалдық тапшылықпен бетпе-бет келген тұрмысы төмен таптың рөлі артығырақ болды. Революциядан кейін қоғамдағы кедейшілік пен халық көпшілігінің  тұрмыс пен медицина және гигиена салаларындағы әртүрлі қызметтерден мақрұм болуларына байланысты қалалар мен ауылдарда қоғамның еңбекқор табына қызмет көрсетілу басталды. Аятолла Хаменеи өз мәлімдемесінде: «Тағұт режимнің кезінде елдің қызметі мен кірістерінің көбі астанада өмір сүретін белгілі топтың немесе елдің кейбір жерлеріндегі олардың жақындарының қолында болды. Көптеген қалалар, әсіресе алыс жерлерде орналасқан ауылдар мен аймақтар халқы  инфрақұрылым мен  қызметтің негізгі қажеттіліктерінен мақрұм болды. Ислам республикасы әлем бойында халыққа көрсететін қызметті қалалардан алыс аймақтарға жеткізу мәселесінде ең табысты жүйелердің бірі саналады»,- деп жазды. ИИР-ның қажет қызметті мақрұм аймақтар мен мақрұм халыққа жеткізуіне байланысты жетістіктерді әртүрлі мәліметтерден көруге болады. Иранның адам дамуы индексі басқа елдер арасында ең жоғары өсімге ие болып, революцияға дейінгі 143-ші орыннан 60-шы орынға көтерілді. Осы кезде Иранда таптық айырмашылық төмендеп, адамның өмір сүру ұзақтығы 54 жастан 76 жасқа артты.

Иран Ислам республикасы өзінің қырық жылында халық пен басшылардың талпыныстарымен елдің бүкіл қалалары мен ауылдарын электр тоқпен және ауылдарының 80 пайыздан астамын ауыз сумен қамтамасыз етті. Сондай-ақ Иран әлемнің ең ірі газ қорына ие болып, осы кезде қалаларының 97 және ауылдарының 81 пайызына газ құбырын жеткізді. Басқа жақтан ауыл тұрғындарының денсаулығына назар аударылып, олардың 95 пайызы бастапқы медициналық қызметтермен қамтылды. Революциядан кейінгі қырық жылда жол салу дамып, осы кезде бұл елде 210 мың километр жол салынды. Тоқ және сумен қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқаратын бөгеттер саны бұрын 19 болса, осы кезде 172 жетті. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Салынған жол мен тұрғын үй, іске қосылған өнеркәсіптік орталықтар, ауылшарушылық істеріне өзгеріс енгізу, елдің ең алыс аймақтарына электр тоқ пен су жеткізу, дәрмен орталықтары мен университеттер, бөгет, стансалар ашу және ұқсас жұмыста расында мақтан тұтатын жәйт. Әрине мұның барлығын бөгде және жергілікті қара ниеттілер мойындамайды, бірақ бұл шындық. Алла мен халықтың алдында шынайы ықыласыпен жұмыс жасайтын басшыларға сәттілік тілейміз»,- деді.

Ирандағы ауылшарушылығының дамуы

Пехлеви режимінің қате саясаттарының салдарынан Иранның ауылшарушылығы құрдымға қарай жылжып, шарулардың 30 пайызы жұмыссыз қалды. Бірақ өткен қырық жылда ауылдар мен шаруалардың жағдайына көмек көрсетіліп, ауылшарушалық өнімі бес есе артты. Кейбір өнімдер экспортталып, халықтың бидай, арпа, күріш қажеттіліктерінің 90 пайызы елдің алқаптарынан қамтамасыз етіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) 2017 жылы Иранды 20 миллион тонна өнім өндіретін Батыс Азиядағы екінші ірі астық өндірушісі деп жариялады. Ауылшаруашылығымен қатар бау-бақшаның дамуы, елді әртүрлі жемістермен қамтамасз етуімен бірге шетелге де экспортталады. Балық аулау кәсібі де дамып, революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 35 есе артып, бір жылда 1100000 тонна балық ауланады. Шах режимі көптеген үгіт-насихатымен Иранды индустриялы елге айналдырды деп уәжденді. Көптеген шетелдік көмектерге қарамастан ішкі жеке өнім (ІЖӨ) тек 16% құрады. Осы кезде тәуелділік кезеңі аяқталғаннан қырық жылдан кейін шамамен жүз мың ірі және кіші өнеркәсіп орталықтардың іске қосылуымен Иранның өнеркәсібі 70 миллиард доллар кірісімен ұлттық ІЖӨ 40% құрайды. Елдің пайдалы қазбаларын өндіру мен өңдеумен айналысатын кейбір ирандық өнеркәсіптер осы секторда үлкен үлеске ие. Иран мыс өндіретін және экспорттаушы ел болып, мыс қорының  4% ие. Иран сонымен бірге жыл сайын 400 000 тонна алюминий өндіріп, әлем елдері арасында 14-ші орында. Иран жыл сайын 22 миллион тонна болат өндіреді.  Цемент өндірісінде Иран жылына 60 миллион тонна цемент өндіріп,  үшінші ірі өндірушісі саналады.

Мыс кені

Иранның үлкен мұнай қорына байланысты бұл стратегиялық материалға тәуелді салалар едәуір кеңейіп, әртүрлі өнімден өндіретін болды. Бұған Иранның мұнай өңдеу және мұнай химиясы салалары жауапты. Осы кезде жыл сайын мұнай химия өнеркәсібі 60 миллион тонна өнім шығарып, оның жартысын экспорттайды. Иранның газ өндірісіне көптеген инвестиция салынып, күн сайын 800 миллион текше метрден астам газ өндіреді. Газдің бір бөлімі Иранның 30 электр стансасын отынмен қамтамасыз етеді. Иран кен қорларының байлығына байланысты «әлем қорлары жәннәті» деген лақаб атқа ие болып, кен байлығына ие үшінші мемлекет саналады. аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Иран әлем халқының бір пайызына ие болып, дүниежүзі кен қорының 7% ие»,- деп жазды. Бұл қордың құны 700 миллиард долларды құрайды. Иран темір, мыс, алтын, күміс, қорғасын және басқа маңызды кен өнімдер қорына  ие. Иран мұнай және газ бай қорымен танымал. Ислам революциясының жетекшісі өткен қырық жылдағы Иранның кейбір экономикалық жетістіктеріне, атап айтқанда инфрақұрылымдар, құрылыс, транспорт пен тасымалдау, өнеркәсіп, кен, медицина, ауылшарушалық, су мен басқа салалардағы мыңдаған жобаларға тоқталып, мұнайдан басқа өнімдер экспортының 60 есе, өнеркәсіптердің сапасы саласынан ондаған есе  артуын, монтаж өнеркәсібінің жергілікті технологияға айналуы, әртүрлі инженерлік салалардың, әсіресе қорғаныс саласының дамуын қуаттап: «Мұның барлығы революцияның нәтижесіндегі халықтың ортақ еңбегінің арқасында мүмкін болды»,- деді.

 

Тегтер