Революцияның екінші қадамы 17
(last modified Fri, 30 Aug 2019 03:40:52 GMT )
Там 30, 2019 09:40 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 17

Ислам революциясының қырық жылдығына байланысты Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеидің «Революцияның екінші қадамы» деп аталған мәлімдемесінде Иранның экономикасына ерекше назар аудартылды.

Аятолла Хаменеи бұл салада екі тақырыпқа, атап айтқанда өткен қырық жылдағы экономикалық даму, сондай-ақ көптеген жетістіктерге қарамастан осы кезге дейін шешілмеген кемшіліктер мен әртүрлі мәселелерге тоқталды. Әрине олар болмағанда, осы күні Иранның экономикасы одан сайын алға ілгерген болар еді.

Ислам революциясының жетекшісі бұл мәлімдемесінде: «Ислам революциясы бізге осал, тәуелді әрі  жемқор экономикадан құтқарылатын жолды көрсетті. Бірақ осал әрекеттер елдің экономикасын сыртқы және ішкі дағдарыстарға тіреді. Дұшпанның енгізіп отырған санкциялары мен тудырып отырған күдік-күмәндері  сынды сыртқы дағдарыстар ішкі қиындықтар шешілген жағдайда әсерсіз қалады немесе әсері азаяды.  Ішкі қиындықтарға құрылымдық жетілмегендік және басқарудың әлсіздік жатады»,- деп жазды. Басқаша айтқанда хазірет экономикалық құдыретті және нәтижесінде Иранның ұлттық экономикасын арттыру үшін құрылымдық жетілмегендік мен басқару қиындықтарды шешуді талап етуде. Діни жетекші өз мәлімдемесінде ИИР экономикалық мақсаттарының толық орындалмауларының маңызды себептерінің бірі ретінде кейбір басшылардың революцияның қырық жылдық кезеңінде оның ағымына немқұрайдылық танытулары деп санайды. Аятолла Хаменеи елдің экономикалық жағдайынан, оның осал әрі мықты жерлерінен толық хабардар болып, өз мәлімдемесінде кейбір мұнайға тәуелді болу, елдің көптеген мүмкіндіктерін аз пайдалану, экономикалық саясаттын тұрақсыздығы мен басты мәселелерге қажет көңіл бөлмеу сынды тақырыптарға тоқталды. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімедемесінде елдің экономикалық дамуын жылдамдату және бұл жолдағы қиындықтарды шешу туралы: «Қиындықтарды шешетін жол қарсыласу экономикасы болып табылады. Қарсыласу экономикасы саясаттарын жүргізу үшін барлық салаларда бағдарламлар жоспарланып, билік пен басшылар оларды қадағалап, іске асырулары қажет»,- деп көрсетті. Бұл кісі мәлімдемесінің жалғасында бұл маңызды экономикалық жобаның кейбір факторлары туралы: «Елдің экономикасын ішкі әлеуетке сүйендіру, ұлттық өнім мен білімді өндіру, экономиканы халықтық ету мен елдің мүмкіндіктерін пайдалану мәселені шешетін жолдардың кейбіреулері»,- деп атады. Ислам революциясының жетекшісі «қарсыласу экономикасы» жобаны 2014 жылдың ақпанында ұсынған болатын. Қарсыласу экономикасы өз күші мен Иранның экономикалық және адами әлеуетіне  сүйенуді қарастырады. Ішкі күштер мен мүмкіндіктерге, сондай-ақ бұл үлкен жұмыстарды іске асыруға қажет қырағылыққа сүйену -қарсыласу экономикасының маңызды негіздері. Өткен қырық жылдағы әртүрлі, олардың ішінде экономика саласындағы үлкен жетістіктер халық пен басшылар сырттан көмек күтпей, «өзіміздің қолымыздан келеді» деген ұранға сенім артып, әрекеттенген жағдайда мүмкін болды. Бұл имам Хомейни баяндаған және оған сүйеніп, революция жеңіске жеткен, сондай-ақ кейін аятолла Хаменеи қуаттаған ұран.

Қарсыласу экономикасы сүйенетін және діни жетекші өз мәлімдемесінде  тоқталған келесі маңызды мәселе Ирандағы адами және материалдық қордың көптеген мүмкіндіктері болды. Бұл мәлімдемеде: «Елдің үміттендіретін ең маңызды әлеуеті терең иманға ие дарын әрі қабілетті адами күштері болып табылады.  Елі үшін еңбек етуге дайын жастары 15-40 арасындағы 36 миллион және жоғары білімге ие 140 миллион азаматы мемлекеттің ешбір материалдық байлықпен салыстыруға келмейтін қоры саналады»,- деп айтылды. Діни басшының пікірінше, материалдық және табиғи ресурстар маңызды болғанымен, оларды дұрыс пайдаланатын еңбекқор жастар қоры өте маңызды. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде аятолла Хаменеи: «Елдің материалдық байлықтары тізімі өте көп, сондықтан оларды пайдалану арқылы ұлттық қорды арттырып, елді бай әрі мұқтажсыз етіп, қазіргі қиындықтарды шешуге болады. Жер асты байлықтары, Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы географиялық орналасу, ұлттық ірі нарық, 600 миллион жамағатқа ие 15 елмен шекаралас болу, теңіз жағалау, ауылшаруашылық пен бау өнімдері үшін құнарлы жерлер, түрлі әрі ірі экономика елдің мүмкіндіктерінен саналады. Мүмкіндіктердің көбі осы кезге дейін қолданылмады.  Иран қол тигізбеген табиғи және пайдаланлымаған адами қор тұрғыларынан әлем бойында бірінші орында»,- деп жазды.

Қарсыласу экономикасының мақсаты – елдің адами күштері мен көптеген материалдық мүмкіндіктерін пайдаланып,  Иранды әлемнің ең ірі экономикалық құдыретіне айналдыру. Мұндай экономика кәсіптің дамуы, экономика мен ұлттық өнімнің артуы, жұмыс орындарының ашылуы, қоғамдық әділетке сүйенген тұрмыс пен экономиканың алға ілгерлеуіне себеп болады. Қарсыласу экономикасының маңызды мақсатының бірі аятолла Хаменеимен үнемі сыналып отырған мұнайға тәуелді болуды толық тоқтату немесе азайту болып табылады. Аятолла Хаменеи  бұл туралы: «Біз мұнайды пайдаланба демейміз. Бірақ шикі мұнайды сатуға сүйенуді азайту қажет. Мұнайды одан өнімдер шығарып сату керек»,- деді. Иранның бұл саладағы кемшіліктері дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың бұл елге қысым көрсетіп, мұнай кірістерінің алдын алу үшін мұнай саласына  санкцияларын енгізуіне себеп болды. Әрине қарсыласу экономикасының мақсаттарына жету үшін нақты бағдарламалар мен жолдар белгіленуі керек. Діни жетекшіенің мәлімдемесінде бұл жолдар анықталды. Олардың кейбіреулері жергілікті күшке сүйену, бөгделерге үміт артпау, білім мен әділетке ерекше назар аудару, сондай-ақ жемқорлықпен күресу деп аталды.

Қоғамдық әділеттілік - қарсыласу экономикасының маңызды ерекшелігі

Қарсыласу экономикасында жұмысшылар, инвесторлар, мамандар, өнім өндіретін әр адамның, яғни халықтың рөліне маңызды назар аудартылды. Өткен жылдар бойы басшылардың ішкі өнімді қолдау қажеттілігі көп қуатталды. Осы кезде ИИР ғылыми тұрғыдан әлем бойында қолайлы орында орналасты. Бұл ғылыми дамулар ішкі өнімнің сапасы мен санының артуына әсерін тигізуі керек. Халық тұрмысының жақсаруы таптық айырмашылықтар дейгейін азайтуды көздеуі тиіс. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде әділетті орнату үшін саяси және экономикалық жұмқорлықпен күресу қуатталды.

ИИР осы күні ғылым мен технология, әскери, саяси және мәдени салаларда ықпалын тигізе алатын мемлекет саналады. Аятолла Хаменеидің елдің экономикалық негіздерін нығайту және қарсыласу экономикасы арқылы қиындықтарды шешу сынды стратегияларын іске асыру ұлттық құдыретті арта алады. Бұл кісі «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл туралы: «Елдің тәуелсіз экономикасын нығайту, яғни жергілікті өнімні саны мен сапасын арттыру, оларды әділет негіздеріне сай тарату, ысырап жасамай қажет мөлшерде тұтыну, ақылды билік жүргізу өткен жылдарды сан рет қуатталды»,- деді.

 

Тегтер