Арбағин-5: Хусейннің қырқы күнінің жылдығы
Бүгін, сафар айының 20 жұлдызы Хусейн бен Әлидің (ғ.) қырқының жылдығы – «Арбағин». Бұл күні мұсылмандар ұлы адамның шәһид болғанын азат тұтады.
Бүгін, сафар айының 20 жұлдызы Хусейн бен Әлидің (ғ.) қырқының жылдығы – «Арбағин». Бұл күні мұсылмандар ұлы адамның шәһид болғанын азат тұтады.
«Арбағин» – Хусейн бен Әли (ғ.) мен оның адал серіктерінің Ашура күні шәһид болғанын еске түсіретін күн. Имам Хусейннің (ғ.) «Арбағині» ислам діні мен Құран үкімдерін берік сақтау үшін өзіндегі барды пида етіп, ақиқат пен шындықты талап етуді өзінің басты ұраны етіп алған адамдардың ержүректігі мен жанпидалығын көрсетеді.
Аһл-е Бейтті сүйетін мұсылмандардың бірі Атия былай дейді: "Біз Джабер бен Абдулламен имам Хусейннің(ғ.) қабірін зиярат ету үшін Кербалаға бардық. Джабер Евфратқа жетіп, алдымен ғұсыл құйынып, таза киім киді. Содан қасиетті қабірге қарай бет алды. Ол қадам басқан сайын Құдайды еске алып отырды. Қабірдің жанына келгенде: "Атия, қолымды алып, қабірдің үстіне қойшы»,-деді. Джабердің қолы қабірге жеткені сол еді, есінен танып қалды. Есін жиғанда "Уа, Хусейн! Уа, Хусейн! Уа, Хусейн!" деп үш мәрте айтты. Содан соң "Ей, дос! Дос деген жауап бермей ме?" деп сұрап, артынан өз сұрағына өзі жауап беріп: "Мойынының тамырлары кесіліп, басы денесінен ажырап қалған адам қалай жауап береді? Сен Хейр ул-набиин мен сейіт ул-мурсалиннің ұлы екеніңе куәлік етемін"-деді. Джабер шәһидтердің қабірлеріне көз тіккен күйі олармен былай сәлемдесті: "Хусейн қабірінің жанына түсіп, байыз тапқан аруақтарға сәлем! Сіздер намаз оқыдыңыздар, зекет бердіңіздер, жақсылыққа үндеп, жамандықтан жирендірдіңіздер, дінсіздер мен діннен ауытқығандармен күрестіңіздер, өле-өлгенше Құдайға ғибадат еттіңіздер деп куәлік беремін". Содан соң "Пайғамбарға набоват жүктеген Алланың атымен ант етейін, біз де сіздер көрген қиындыққа ортақпыз"деді". Атия: "Ей, Джабер, қалай ортақ боламыз? Біз ол кезде болған жоқпыз ғой, қиындық көрмедік, қылыштаспадық. Бұл адамдар жандарын берді, бастары денелерінен кесіліп алынды, балалары тұтқынға түсті",-деді. Джабер: "Ей, Атия, Алла елшісінен (с.ғ.с.) "Бір топты жақсы көретін адам олармен қайта тіріледі. Біреудің ісін жақсы көретін адам оның ісіне ортақ болады" дегенін естіп едім",-деді.
Бұл сөз пайғамбардың сахабаларының бірі Джабер бен Абдулла Ансаридің дертке толы жүрегінен шығып, аузымен айтылды. Ол Кербала шәһидтерінің қабірлерін зиярат ету үшін сол қасиетті жерге қадам басты. Кербалаға жеткен кезде Ашура оқиғасынан 40 күн өткен екен. Хазірет Саджад(ғ.) пен хазірет Зейнаб (с.) имам Хусейннің(ғ.) басқа да жақындарымен бірге сол кезде Джабермен кездескен. Джабер имам Саджадты(ғ.) құшағына алып, ұзақ жылаған. Джабер имам Хусейннің(ғ.) қабірінің жанында сол хазіреттің әулетімен бірге үш күн қалып, аза рәсімін өткізген.
Ашура оқиғасынан кейін имам Хусейннің(ғ.) жанұясы одан кейінгі ояну қозғалысының басты қозғаушы күші болған. Язид өзінің сырттай жеңгеніне масаттанып, Куфа мен Шамда жұртқа оларды бөтен адамдар ретінде көрсетіп отырған. Алайда хазірет Саджад(ғ.) пен хазірет Зейнаб(с.) көптеген ақиқаттың бетін ашып, халықтың пайғамбар әулетімен танысуына себеп болды. Бұлар бір жағынан Кербала тұтқындарының азабы мен дертіне шипа болды, екінші жағынан халықты оятып, Кербаладан кейінгі қозғалысқа жағдай жасаған маңызды тұлғалар болды. Сондай қозғалыстар мен көтерілістер Бани Умайенің билігі құлағанға дейін жалғасты. Куфаның билеушісі Абдулла имам Саджад(ғ.) пен хазірет Зейнабтың (с.) халықтың алдында сөйлеген сөзіне ашуланып, имам Саджадқа(ғ.) өлтіремін деп қоқан-лоққы жасаған кезде имам оған: "Зиядтың ұлы, сен бізді өліммен қорқытасың ба? Шәһид болудың біз үшін қасиеті іс екенін білмейсің бе? Халайық, мен Әли, Хусейн бен Әлидің (ғ.) ұлымын. Мен қадір-қасиетін таптап, мал-мүлкін талан-таражға салған, жанұясын тұтқынға алған адамның баласымын. Мен ешкімге зұлымдық та, қулық та жасамаса да, Евфрат өзенінде басын кесіп алған адамның баласымын. Егер Алланың елшісі сіздерге "Менің перзенттерімді өлтірдіңіздер, олардың қадірін аяққа таптадыңыздар. Сіздер менен емессіздер" десе, қай беттеріңізбен оған қарайсыздар?",-деді.
Хазірет Зейнаб (с.) халықтың санасынан жәһілдік пен адасушылықтың перделерін сыпырып, оларды ұйқыдан оятуға, сонымен қатар пайғамбар әулетінің қоғамдағы өзекті рөлін түсіндіруге тырысты. Ол пайғамбар сыйлаған рәсімдерге қатысты адамдардың жауапкершілігін еске салды. Хазірет Зейнаб (с.) қабілетті жетекші әрі насихаттаушы ретінде ойластырылған шаралар жасап, имам Хусейн(ғ.) шаһид болғаннан кейінгі оқиғаларды имам мен оның жолының ақиқаттығы баршаға айқындала түсетіндей басқарды. Ол имам Хусейн(ғ.) көтерілісінің мақсаттары мен себептерін баяндап, қисын мен дәлелді пайдаланып, қоғамдық пікірдің назарын осы хақ талап етуші көтерілістің әртүрлі қырына аударды. Хазірет Зейнаб (с.) өз сөзінде: "Ей, Язид! Қазір бізге аспан мен жерді әр тараптан тарылтып, бізді тұтқындар құсатып анда-мұнда апардың. Бұдан кейін біз Құдай алдында қор болып, сенің қадірің артты деп ойлайсың ба? Онда асықпа! Құдайдың сөзін есіңнен шығарып алдың ба? "Кәпірге айналып, бұлқынған адамдар оларға мұрсат берсек, пайдаларына жарайды деп ойламасын. Олар күнәларын арттыра түссін деп мұрсат бердік. Олар қор болатын азап дайындап қойдық" деген».
Оның Куфа мен Язидтің сарайында сөйлеген сөздері сол замандағы ислам қоғамының жағдайына жан-жақты жасалған сараптама еді. Сараптама ең әдемі сөздер және ең терең әрі әсерлі ұғымдармен баяндалды. Хазірет Зейнаб (с.) халықтың ақылға салып, қазылық етуін көздеді. Ол имам Хусейннің(ғ.) белгілі бір аймақ пен бір дәуірге тиесілі адам емес екенін жақсы білген. Сондықтан Хусейн бен Әлидің (ғ.) қозғалысын жапа шеккен халықтарға шабыт беретін оқиға болып, тарихта мәңгілікке қалуы үшін оның барлық қырын жеріне жеткізе түсіндіріп беруі тиіс болатын. Солай болды. Хазірет Зейнаб (с.) өзінің биік рухы мен мығым күшімен имам Хусейн(ғ.) қозғалысының дәптерін ашық ұстады. Тіпті қазір де барлық ұрпақ үшін Хусейн қозғалысының ісі әрі ашық, бұрынғыдай шабыт береді. Ол Язид алдындағы құтпасының соңында: "Ей, Язид! Қандай айлаң болса, қолдан. Жаныңды аямай, бар талпынысыңды жаса. Бірақ Алламен ант етейін, бұл талпыныстарыңның бәрі халықтың жадынан бізді жоя алмайды. Біздің уәһи шырағымызды сөндіре алмайсың, біздің мәртебемізге зиян келтіре алмайсың. Бұл оқиғаның масқара дағы ешқашан сенен кетпейді. Сенің пікірің мен дауысың әлсіз, сенің үкіметінің уақыты өлшеулі. Жаршы "Залымдарды Құдайдың қарғысы атсын" деп жар салған күні халқың бытырап кетеді" деген.
Имам Хусейннің(ғ.) қанмен жазылған жолдауының таралуы Кербала көтерілісіне ұлылық сыйлып, оның шынайы мақсаттарын айқындап берді. Тіпті бүгінде Кербала оқиғасы белгілі бір уақытпен шектелетін тарихи оқиға емес, тарих бойында азаттық сүйетін адамдардың адами құндылықтарды сақтап, мерейлі де азат өмір сүру үшін көңіл аударып келетін көтеріліс саналады. Залымдардан жапа шеккен мүміндер бар кез келген жерде Кербала оқиғасы қайталанып отырады. Бүгінде адами құндылықтардың барлығын өздерінің заңсыз мүдделерін сақтау үшін ойыншыққа айналдырып, өздерін әлемнің талассыз иесі санайтын адамдар шын мәнінде Язидтің жәһілдік зұлым тәсілін жалғастырып жатыр. Олар қорлыққа төзбейтін, өз құқықтары үшін жан аяп қалмайтын адамдарға қарсы шығып отыр. Бұл адамдар – Хусейн бен Әлидің (ғ.) жолы мен қозғалысын жалғастырушылар.
Бүгін имам Хусейннің(ғ.) қабірін зиярат ететін күн. Имам Хусейн(ғ.) зияраты орындалатын барлық күндердің арасында «Арбағин» зияраты айрықша ерекшеліктер мен артықшылықтарға ие. Тіпті имам Хасан Асгяри(ғ.) оны иманды адамдардың белгілерінің бірі деп атап: "Мүмінде 5 белгі бар: күнделікті бес уақыт намаз (уәжіп және мұстахаб), «Арбағин» зияраты, оң қолға сақина тағу, сәжде кезінде маңдайды жерге тигізу, намазда "Бісмилла ир-рахман ир-рахимді" дауыстап айту",-деген.
Имам Хусейн(ғ.) мен оның адал серіктерінің қырқына орай сіздерге көңіл айтып, оларға сәлем жолдап: "Ей, Хусейн, сәлем бердік. Сенің ең жақсы пайғамбарлардың ұлы, тақуалардың көшбасшысы және жұмаққа лайық әйелдердің бірегейінің перзенті екеніңе куәлік етемін. Таза өмір сүріп, адал жан тапсырдың. Бірақ мүміндердің жүректері сенен айырылғаны үшін сыздайды. Саған және сенің жолыңда жан қиған пәк жандарға сәлем",-дейміз.