Бүгін имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күні
(last modified Wed, 06 Nov 2019 06:15:00 GMT )
Қар 06, 2019 12:15 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күні

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 260 жылы, милади жыл санағы бойынша 873 жылдың осы күні Аббаси басшыларының бірінің қастандығы салдарынан шәһид болды.

 

 

Хиджри қамари жыл санағы бойынша 260 жылы, милади жыл санағы бойынша 873 жылы Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) әулеті ұрпағының бірі имам Хасан Аскари (ғ.с.) дүние салды. Әлемнің барша мұсылмандарына имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

 

 

 

Умайе мен Аббаси әулетінің халифалары билік еткен кезде Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің халық арасындағы интеллектуалды және рухани ықпалының алдын алуға талпынды. Өйткені бұл тұлғалардың халық арасында болуы билік басындағыларға залым саясаттарын іске асыруға шынайы кедергі болды. Аббасилер имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскариге (ғ.с.) шектеулерін арттырып, азап-қорлықтарын күшейтті. Аббаси халифалары толық бақылауға алу үшін имам Хасан Аскариді (ғ.с.) әкесімен бірге халифат орталығы Самерраға әкелді.

Аббаси басшыларының арасында Мотамед имам Хасан Аскари (ғ.с.) мен хазіреттің жақтастарына басқалардан көбірек зорлық-зомбылық көрсетіп, имамды біраз уақыт қамауда ұстады. Мотамед билікқұмар адам еді. Ол егер имам Хасан Аскари (ғ.с.) халық арасында тағылымын еркін таратып, хабардар етуді жалғастыратын болса, хазіреттің жақтастары ерте немесе кеш оны билік басынан құлататынын білді. Басқа жақтан Мотамед пен Аббаси әулетінің басқа басшыларының құлағына Пайғамбардың (с.ғ.с.) рауаяты жеткен болатын. Бұл рауаят бойынша, имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) әлемнің түкпір-түкпірінде әділет орнататын перзенті болады. Сондықтан имам Хасан Аскари (ғ.с.) қатты бақылауға алынды. Имам бұл туралы: «Умайе мен Аббаси әулеттері екі себептен бізді нысанаға алды: біріншіден,  Ислам халифаты мен үкіметі оларға тиесілі емес екенін білді. Олар біздің билікті заңды иелеріне қайтару үшін көтерілетінімізге алаңдады; екіншіден, хадистерден зорлық-зомбылық жасаушылардың билігін біздің құтқарушымыз жоятынын жақсы білді. Олар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің құтқарушысын дүниеге келтірмеу үшін әулеттің ұрпағын өлтіруге талпынды. Бірақ Алла Тағала тіпті кәпірлер ұнатпаса да құтқарушының орнын жасырды»,- деді.

 

Ирактың Самеррасындағы "Аскарейн" кесенесі (имам Хади (ғ.с.) мен имам Хасан Аскаридің (ғ.с.))

 

Аббаси әулеті басшыларының Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне қарсы бүкіл дұшпандығы  имам Хасан Асқаридің (ғ.с.) басшылығына, мейірімділігі мен Ислам мемлекетінің қиындықтарын шешуіне кедергі болған жоқ. Хазірет өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымы және саяси және идеологиялық күрестерінің жетекшісі болды. Имам Хасан Асқари (ғ.с.)  кезінде Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мектебі хазіреттің серіктерінің арқасында хадистерді таратушы, бұл мектептің оқушылары білім іздеп, Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті мен ислам шариғатының шақырушыларына айналды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өз заманының саяси жағдайының қиындықтарына қарамастан Исламның шариғатын қорғап, бедғаттармен күресті. Ғылыми талпыныстар, таза исламдық ойды түсіндіру, әлем шиіттерінің қарым-қатынас желісін құрып, оларды он екінші имамның ғайып уақытына дайындау имам Хасан Асқаридің (ғ.с.) маңызды іс-шараларының қатарын құрады.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Аллаға құлшылық пен ғибадат жасау саласында алда болды. Имамның серіктерінің бірі Абухашим Джафари: «Намаз уақыты келген кезде имам жұмыстарын тоқтатып, ешбір істі намаздан артық санамады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) Алланың алдындағы ғибадат пен қарапайымдылықтың көркем көрінісі болды. Тарихта Аббаси үкіметінің бірқатар қызметкерінің, әсіресе абақтыдағы бірнеше күзетшінің имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) Алламен сырласуы кезіндегі көңіл-күйін көріп, имамның пәктігін түсініп, бақытқа жететін жолға түскені айтылған.

 

Құмда жасалған имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) кесенесінің жаңа зарихы

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) ең жомарт адамдардың бірі болып, халықты діни құқықтарымен таныстырып, кедейлер мен мұқтаждардың құқықтарын қорғау үшін исламдық аймақтардың көбінде уәкілдерін белгілеген болатын. Имам ақыл-кеңестімен халықты өмірдің қиындықтарымен бетпе-бет келген жағдайда да ғиззат пен сабыр сақтауға шақырды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) серіктерінің біріне: "Мүмкіндігінше ешкімге жалынба. Өйткені әр күн үшін жаңа ырзық беріледі. Өтініштер адамның қадір-қасиетін жояды. Алла көмектесу үшін сабыр сақта. Нығметтердің уақыты белгілі. Сондықтан піспеген жемісті пайдалануға асықпа",- деген ақыл-кеңес берген болатын. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) бүкіл ақыл-кеңесінде жақтастарын ойлануға шақырып: "Ойланғандар қандай жақсы. Ойлану саналы өмірге себеп болып, даналық есіктерінің кілттері болып табылады",- деді.  Ақылмен ойланып, шындықты көруге талпынбағандар қиямет күні соқыр болады.  Имам бұл шындықты Исхақ бен Исмаил Нишабури үшін өз хатында: "Уа, Исхақ! Алла Тағала өзің мен өзің сынды илаһи қырағылыққа иелерге өз нығметін сыйлады. Уа, Исхақ, бұл дүниеден соқыр болып озғандардың ақыретте де соқыр  болып, адасатынын біліп қой. Уа, Исхақ, көздер соқыр болмайды, ойламағаннан кеудедегі жүректер соқыр болып қалады",- деп жазды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) ойланудың маңыздылығы жөнінде: "Ғибадат намаз бен оразаның көп болуы емес. Ғибадат Алланың ісі туралы көп ойлану",- деген.  

Соңында Мотамед имам Хасан Аскари (ғ.с.) сынды адамның қасында болуына төзе алмай, жақындарының бірі арқылы имамды уландырып, өлтірді. Имам у салдарынан бірнеше күн төсек тартып жатып қалды. Бұл кезде Мотамед сарайының дәрігерлерін имамға жіберді. Хиджридың 206 жылының раби ал аууал айының 8 жұлдызында имам Хасан Аскари (ғ.с.)  таң намазы кезінде шәһид болды. Имам әкесінің пәк қабірінің қасында жерленді.                          

 

Алдыңғы қатарда солдан оңға қарай: имам Хади (ғ.с.), имам Хасан Аскари (ғ.с.) және Нарджес Хатунның қабірлері; жалғыз тұрған қабір Хакиме Хатундікі.

Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) бауыры Джафар Казаб деп танымал болған Джафар бен Әли өзін имам деп таныстырғысы келіп, халифаға 20000 динар жіберіп, одан: «Уа, мүміндердің әмірі! Бауырымның орнын маған бер»,- деп жазды. Имамға деген кегі мен дұшпандығына қарамастан халифа: «Бауырың Хасан Аскаридің дәрежесі біз тарапымыздан емес, Алла тарапынан. Біз әрқашан оның қадір-қасиетін төмендетуге талпындық, бірақ пәктігі, жақсылықтары, білімі мен ғибадатына байланысты оның ұлылығы артты. Егер бауырыңның жақтастарының алдында сондай қадір-қасиетке ие болсаң, біздің растауымызды қажет етпейсің. Егер олай болмаса, біздің қолымыздан еш нәрсе келмейді»,- деп жауап жазды. Халифаның бұл сөзі Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті жаққан шырақтың еш уақытта сөнбей, адамзатты әрқашан құтқаратынын көрсетті. Алла елшісі: «Менің әулетім хазірет Нұхтың кемесі сынды. Бұл кемеге мінген әрбір адам құтқарылады, одан қалып қойған адам батып кетеді»,- деген болатын.

 

 

 

Тегтер