"Бірлік апталығы" – Ислам әлемін жақындату үшін жағдайды арттыратын мұрсат (3)
Имам Хомейни мұсылмандардың бірлігі үшін үстемшілдікке қарсы тұру мен мұсылмандарға күш-қуат беруді қуаттады.
Мұсылмандардың бірлігі мен тұтастығы және олардың арасындағы ықпалдастықтың қажеттігі қасиетті Ислам дінінің тағылымдары мен Құран Кәрім кеңестерінің бірі. Құран Кәрім "Хужурат" сүресінің 10-шы аятында: "Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер",- деп айтылған.
Діни, саяси қайраткер әрі мистик болған Иранның Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейни Құран мектебі мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің үздік жақтастарының бірі болып, мұсылмандардың бірлігі ислам әлемінің өркендеуіне себеп болады деп санады. Мұсылмандардың бірлігі тақырыбы имам Хомейнидің ойында бұрыннан жүрген мәселе болатын. Имам Хомейни мұсылмандардың бірлігі мен әртүрлі ислам мазхабтары жақтастарының жақындасуы мұсылмандардың күшеюі мен ислам әлемі мәселелерінің шешілуіне ұластырады деп санады. Имамның көзқарасы бойынша, мұсылмандар арасындағы бірлік оларды әлемдегі үстемшілдікке соққы беріп, Исламның адамзатты құтқаратын тағылымдарын тарата алатын біртұтас үмбетке айналдырады.
1979 жылдың ақпан айында Иранның Ислам революциясы жеңіске жетіп, дұшпандар мен сәтсіздікке ұшырағандардың Иран халқының арасына қайшылық тудырып, арандату әрекеттері күшейді. Олар ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтар тудырып, Ислам революциясын бұрмалау үшін көп әрекеттенді. Исламның ұлық пайғамбарының туған күні кезеңін "Бірлік апталығы" деп атау имам Хомейнидің жік тудыру үшін ілік іздеп жүрген дұшпандарға қарсы қабылдаған парасатты шешім болды.
Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни өз жолдауында сүннит мұсылмандар Исламның ұлық пайғамбарының туған күні санайтын раби ал-аууал айының 12 жұлдызы мен шиіт мұсылмандардың рауаяттары бойынша хазіреттің туған күні раби ул-аууал айының 17 жұлдызы аралығын "Бірлік аптасы" деп атады. Бұл маңызды жолдау 1981 жылдың 28 қарашасында бекітілді. Сол күннен бері Иран мен Ислам әлемінің түкпір-түкпірінде бұл күндері исламдық конгрестер мен жиындар және Алла елшісінің туған күніне арналған рәсімдер өтеді.
Имам Хомейни мұсылмандардың бірлігі туралы маңызды баяндамасында: "Ұлтшылдықтан гөрі сүнниттер мен шиіттер арасындағы алауыздық және мұсылман бауырлардың арасында қайшылық пен дұшпандық насихатты қоздыру қауіптірек әрі қайғылы. Құдайға шүкір, Иранның Ислам революциясы ағымында екі таптың арасында ешқандай қайшылық байқалған жоқ. Барша достық және бауырластық сезімдерімен бір-бірінің қасында бейбіт өмір сүріп жатыр. Иранда жамағаты көп сүннит мұсылмандар елдің әртүрлі аймақтарында өмір сүреді. Олардың бізді бауырлары, біз де оларды бауырларымыз деп санайтын көптеген ғұламалары мен шейхтері бар. Олар да қылмыскерлерге, сионизм мен АҚШ-қа тәуелділерге қарсы. Ислам мемлекеттерінде өмір сүретін суннит бауырлардың алпауыт шайтан құдыретке тәуелді болудың мұсылмандар мен Исламға жақсылық әкелмейтінін білгендері жөн. Сондықтан мұсылмандар олардан алыстап, олардың үгіт-насихаттарын тыңдамауы керек. Мен бауырластық қолымды әлемнің бүкіл мұсылмандарына ұсынамын",- деген болатын.
Сүннит және шиіт мұсылмандарының көптеген діни ортақ тұстары көп: бір Алла, бір Пайғамбар (с.ғ.с.), Құран Кәрім, шариғаттағы көптеген мәселелердің ұқсастығы, бір құбыла, қиямет күніне деген сенім, тіпті сүннит бауырлардың көбі хазірет Әлидің (ғ.с.) ұлылығын қабылдайды. Сүннит бауырлардың көбі және олардың танымал ақындары имам Әлидің (ғ.с.) мейірім, ықыласы, адалдығы, батылдығы және Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге болуын мадақтайды.
"Бірлік апталығы" исламдық елдердің кең ауқымды ынтымақтастығымен өтсе, дұшпандардың бүкіл қастықтары залалсыздандырылады. Бұл кезеңдегі ислам жиындары мен бірлік конгресі мұсылмандардың бауырластығы мен ынтымақтастығына себеп болып, Ислам әлемінің дағдарыстарын шешетін мұрсат бола алады. Қазіргі кезде өкінішке орай кейбір исламдық мемлекеттер, әсіресе өзін қасиетті кесенелердің қызметшісі санайтын, сондай-ақ Қағба, Алла елшісінің кесенесі мен хазірет Ибраһимнің тасы орналасқан Сауд Арабиясы заңсыз Израиль режимі мен АҚШ үкіметінің дұшпандық саясаттарына ең көп қолдауды көрсетіп отыр. Негізінде исламдық елдердің бірлігі аясында Ислам әлемінің Палестина тақырыбы сынды мәселесі шешіліп, Йемен, Ирак, Бахрейн, Сирия және басқа елдерде дағдарыс тумаған болар еді.
Егер исламдық елдердің шешімімен мұсылмандар бірігіп, ынтымақтастық жасаса, әлемдік үстемшілдер мұсылмандардың күш-қуатымен санасып, өздеріне исламдық елдердің мұнай қорлары мен басқа табиғи ресурстарына шабуыл жасауға рұқсат етпейді. Исламдық елдер көптеген табиғи байлыққа ие. Әлемнің бүкіл энергиясының 70%, табиғи ресурстарының шамамен 65% мұсылман елдердің қолында. Бүгінде Таяу Шығыс аймағы әлемдік геополитикаға әсер етіп отырған маңызды аймақ. Тек мұсылмандардың бірлігі исламдық елдерге күш-қуат пен айбынын қайтара алады. Исламдық бірлік мұсылмандарға күш-қуат беруімен бірге мұсылмандардың ғылыми, мәдени, экономикалық және басқа салалардағы дамуына көмектесіп, олардың дамуына жеткізеді. Исламдық елдердің табиғи байлығына сүйеніп, бұл елдердің арасында ортақ ақша жүйесі орнатылғанда осы кезде әлемнің экономикалық теңгерімі өзгеше қалыптасып, әлемдік байлық тек бірнеше үкіметтің қолына түспейтін еді.
Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи де бірліктің Ислам әлемінің қажеттіліктерінің бірі деп атап, исламдық мазхабтардың жақтастарына: "Дұшпандар бізді бір-біріміздің алдында жаман көрсетуге талпынады. Бұл дұшпанның ісі. Бір-бірімізді дұрыс әрі жақсы тануға себеп болатын әрбір әрекет ислам үмбетінің күшеюіне себеп болады.
Мұсылмандардың бірлігі жөніндегі жүрекке қонымды дауыс исламдық Ираннан естілгеннен бері "Бірлік апталығы" кезінде әртүрлі басқосуларға куә болып келеміз. Бұл басқосуларға әртүрлі исламдық елдердің мұсылман бауырлары мен қарындастары жиналады. "Бірлік апталығы" жетістіктерінің бірі әртүрлі исламдық мазхаб жақтастарының бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, ортақ шешім қабылдауы болып табылады. Бұл жиындар тәкфиршілер мен экстремистік ой-пікірлердің туын көтерушілердің оқшаулануына себеп болады.
Маңызды басқосулардың бірі «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясының өтуі. Бұл конференция жыл сайын бірлік тақырыбына негізделіп, басталады. 300-ден астам шетелдік саяси, мәдени, діни және қоғамдық қайраткерлер жиналған бұл конференция әлемдегі шиіт және сүннит ғұламаларының ықпалдастығын нығайтады. Осы кезде әлемнің көптеген тұлғалары, соның ішінде Еуропаның мұсылман ойшылдары мен үстемшілдік пен сионистерге қарсы ұстанымдарға ие қайраткерлер «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясына қатысуға ынта танытуда.
Ислам әлемінің проблемалары зұлымдық пен зорлық-зомбылық көргендерге қолдау көрсету болып табылады. Бүгінде Палестина мен заңсыз Израиль режимінің шындығы баршаға белгілі болып, бүкіл діндердің шынайы жақтастарының әділет талап еткен дауысы көтерілді. Биылғы жылдың "Бірлік апталығы" кезінде қарашаның 14-16 аралығында Теһранда "Әл-Ақса мешітін қорғау саласындағы үмбеттің бірлігі" деген тақырыпта «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясы өтеді. Бұл ірі конференция үшін төрт негізгі комиссия құрылды. "Әл Ақса мешітін қорғау" деген тақырыпта мамандырылған 15 отырыс өткізу конференцияның күн тәртібінде қарастырылды.
Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні және "Бірлік апталығымен" құттықтап, Алладан мұсылмандардың бірлігі үшін көбірек жағдай тудыруды сұраймыз.